Бронхит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2015 в 18:02, реферат

Краткое описание

Бронхит - бронхтың қабынуы. Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы.

Этиологиясы: вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма вирустары т.б.), кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да мүмкін.

Вложенные файлы: 1 файл

Бронхит.docx

— 109.69 Кб (Скачать файл)

Бронхит - бронхтың қабынуы. Көп жағдайда респираторлы вирусты инфекцияның асқынуы.  

 

Этиологиясы: вирустар, (парагрипп, аденовирус, қызылша, микоплазма вирустары т.б.),  кейде бактериялар болуы да мүмкін (жұтқыншақтағы тұрақты инфекция ошақтары, интубациядан болған асқынулар), тыныс жолдарына сырттан бөгде заттар түскенде ( химиялық) дамуы да мүмкін. 

 

Икемдеуші жағдайға-салқындық,  лас ауа, темекі түтіні т.б.жатады. 

 

Патогенезі: Вирустар тыныс жолдарының эпителийін зақымдайды. Бронх қабатының кедергілік (барьерлік) қасиетін төмендетеді. Балаларда, әсіресе сәбилерде тыныс жолдарының тарылуы, бронх қабатының ісінуі, ішіне секреттердің жиналуы жиі байқалады. 

 

Клиникасы: Баланың терісі, еріні,  ауыз қуысының шырышты қабаты көгілдірленіп тұрады, тыныс алуы жиілейді, дем алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Көкірек  клеткасы кеңейіп, гипоксияға әкеледі. Кейде қатты жөтелгенде тынысы тарылып, демалысы тоқтап қалуы мүмкін. 

 

Тыңдағанда:Орташа, ірі көпіршікті, құрғақ тұрақсыз сырылдар көкірек кеудесінің екі жағынан да естілуі мүмкін. 

 

Емі: Төсек режимі дене қызуы түскеннен соң  тағы 2-3 күнге тағайындалады.  

 

·         Диета:  Баланың тамағында сүт, өсімдік тағамдары болуы керек. Витаминге бай, құнарлы, сұйықтық жеткілікті болғаны жөн. Әсіресе мүкжидек, итмұрын тұнбасы, боржоми, лимон қосылған шай, бал аралас сүт, таңқурай қосылған шай, жалбыз  беру керек. 

 

·         Антибиотиктер, сульфаниламидтер.  

 

·         Қақырық түсіретін дәрілер-алтей тұнбасы, мукалтин, мия түбірі, бромгексин, перкуссин.     Жөтелді азайту үшін көп беруге болмайды, себебі жөтел қорғаныс реакциясы, қақырық шықпай обструкция болуы мүмкін.  

 

·         Қыздырғыш компресс, қышамен аяққа ванна жасау. 

 

·         В тобының витаминдері 

 

·         Физиоемі-УФО, калий иодидімен, эуфиллинмен кеуде клеткасына электрофорез.  

 

·         Оттегімен демалдыру, ингаляциялар.  

 

Жедел бронхит - бронхтың шырышты қабығының жедел жайылма қабынуы (жедел эндобронхит), сирегірек жағдайда бронхтың басқа да қабықтарының қабынуы болады. Кейде бронх қабығы түгелдей қабынады. Мұны панбронхит деп атайды. Жедел бронхиолитте диаметрі 2 мм-ден аспайтын ұсақ бронхтардың қабынуы өтеді.

Бронхиттің негізгі себептері микробтар – пневмококктер, стрептококктар, стафиллококктар, вирустар және т.б. Жедел бронхитке мұрын-көмей инфекциясымен (гайморит, ринит, тонзиллит) ауыратын адамдар бейім келеді. Жедел бронхит механикалық және химиялық  тітіркендіргіштердің (көмірдің, цементтің, әк шаңының, булардың және дәрілердің) әсерінен де туындайды. Оның ішінде кәсіби факторлардың маңызы аса зор. Жедел бронхиттің дамуына организмнің бейімділігін тудыратын факторлардың (суық тию, шаршау, темекі тарту және ішімдік ішу) да рөлі басым. Клиникасы (басты синдромдар).

1. Жалпы қабыну синдромы: құрғақ жөтел, қақырықты жөтел, кеуденің  ауыруы, везикула тынысының күшеюі, құрғақ сырылдар, эритроциттің шөгу  жылдамдығының (ЭШЖ) аздап көбеюі, орташа  дәрежелі лейкоцитоз, С-реактивті  белок (СРБ), сиал қышқылдары мен  альфа -2- глобулиндердің артуы, рентгенограммада  өкпе суретінің күшеюі.

2. Уыттану синдромы: қызба, қалтырап тоңу, бас ауруы, дел-салдық, әлсіздік, дененің сырқырап ауруы.

3. Бронх бітелуі (обструкциясы) синдромы: құрғақ жөтел, экспираторлық  демігу, кейде тұншығу, көбіне демді  сыртқа шығарғанда естілетін  жайылма құрғақ сырылдар.

4. Тыныс тапшылығы (ТТ) синдромы: әр дәрежелі демікпе, орташа дәрежелі  тахикардия, сыртқы тыныс алу  қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі.

Асқынулары

1. Бронхопневмония;

2. Жедел тыныс тапшылығы (төменгі бронхит пен бронхиолитте);

3. Созылмалы бронхитқа  айналуы (сирек кездеседі).

Емі

Катаралды бронхитте: ацетилсалицил қышқылы (тамақтан кейін 0,5 күнге 3 рет), индометации не метиндол беруге болады (тамақтан кейін 0,025 күнге 3) аскорбин қышқылы (тәулігіне 0,3-0,5 рет), витамин А (ретинол 1-2 дражеде күніне 2-3 рет). Сұйықты көп ішу (лимонмен, таңқурай қайнатпасымен шай ішу). Бактериялық инфекция қосылған жағдайда (іріңді қақырық), антибактериялық дәрілер беріледі: эритромицин (тәулігіне 0,5-тен 4 рет), ампицилин (0,5-тен 4 рет) 5-7 күн бойында, муколитиктер. Обструктивті белгілері болса 2,4% эуфилиннің 5-10 мл ертіндісін венаға егеді. Қыша қағаз, оңқа салу.

 


Информация о работе Бронхит