Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 23:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9
І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14
1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері......19 - 28
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78

Вложенные файлы: 1 файл

УМУТКУЛОВА диплом 11.04.14.doc

— 385.50 Кб (Скачать файл)

Таңертеңгілік бойжазу жаттығуларын /әрине мүмкіндік болғанша / далада өткізген дұрыс, кейінгі жылдары мектептерде де өткізіліп жүр. Бұл жылдың жылы маусымдарында ғана емес, қыс кезінде де қатал сақталуы тиіс. Жаттығу керіліп- созылудан басталады, олардың түрлері үй жағдайында басқаша да, далада бөлек болады. Ата-аналар өз балаларының таңертеңгілік бойжазу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалап, бақылап отыруы керек.

Бала далаға шыққан бетте жаттығулар жасайтын орынға жеткенше алғашқыда тез жүріп, содан жүгіруді бастап, бара-бара жылдамдықты үдете түседі. Ең әуелі жүруден бастаудың мәні қан айналу процесі мен ішкі мүшелерді жүктемеге даярлайды. 5-10 минут жүгіріп, одан кейін тұрып қалмай, керіліп-созылу жаттығулары басталады. Кеудені кере дем алып, иық, кеуде, белді қозғайтын жаттығуларды орындайды да , содан ары қарай күрделендіре түседі.

Мектепте өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының ең алғашқы бастамасы күнделікті сабаққа дейінгі бойжазу жаттығулары. Мұндай жаттығуларды орындаудың мақсаты- бала ағзасын алдын ала жұмысқа дайындап, жұмыс қабілеттілігін арттыру және олардың сыныпта дұрыс отыруларын қалыптастыру.

Бастауыш мектепте таңертеңгілік бойжазу жаттығуын сынып мұғалімі өткізеді. Оған мұғалімнің мүмкіндігі болмаған жағдайда бұл міндет әр сыныптың сауықтыру жұмысын ұйымдастырушысына жүктеледі. Бұл ретте партаның қасында тұрып орындалатын 15 минуттық жаттығулардың қайталану реті ескеріледі. Содан жаттығулар біртіндеп күрделендіріліп, жүктеме арта түседі. Жаттығулар жүйесі апта сайын өзгеріп тұрады. Жаттығуларды дайындағанда оқушылардың маусымға байланысты киім ерекшеліктері ескеріледі. Сыныптың сауықтыру жұмысын ұйымдастырушысы жаттығуды алдымен өзі орындап көрсетеді. Бұл бойжазу жаттығуларын бастауыш сынып оқушылары араға 10 минут салып 6-8 рет қайталайды.

[Таңертеңгілік бойжазу жаттығулары мазмұнына қарай 4 топқа бөлінеді:

1. Алғашқы жаттығуларды ұйымдастыру  келесі жаттығуларға дайындық  ретінде орындалады.

2. Керіліп-созылу жаттығулары партада  дұрыс отыру мақсатында орындалады.

3. Тыныс мүшелері мен ағзаның  қан айналымына әсер ететін  жаттығулар (орында тұрып аздап  жүру, секіру, жүгіру, отырып-тұру, т.б.)

4. Қол-аяқтың бірдей қимылына, яғни  денені дұрыс ұстауға арналған  жаттығулар.

Таңертеңгілік бойжазу жаттығуларының ойдағыдай өтуі, негізінен ұйымдастырылуына байланысты.

Сергіту жаттығуларын сабақ үстінде мұғалімнің өзі болмаса, күні бұрын дайындаған сыныптың ұйымдастырушысы өткізеді. Сергіту жаттығуларының орындалу уақыты ең көп болғанда 3 аспауға тиіс. Сергіту жаттығулары балалар сабаққа көңіл қоймай , қозғалыс көбейе бастап, шаршағандары байқалған кезде өткізіледі.

Жаттығу кезінде терезені ашып, сыныпты желдету қажет. Балалар үстеріндегі киімдерінің біраз түймелерін ағытады. Содан кейін ғана сергіту жаттығуларын орындайды. Сергіту жаттығулары соңғы үш сабақта міндеттті түрде өткізіледі. Жалпы алғанда сергіту жаттығулары оқуға кедергі болмайтындай етіп ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп мұғалімдері ойынды тәрбие құралының негізі ретінде пайдаланулары керек.

2. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.

2.1. Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері.

Сонымен қатар бала денсаулығын нығайтуда дене тәрбиесі пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі, жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастыру, сондай-ақ оқушыларға тәрбие беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

«Дене тәрбиесі » пәні – жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің негізгі түрі. Сабаққа қойылатын маңызды талаптар: оқушыларға жан-жақты да тиянақты білім беруді қамтамасыз ету; бұл орайда лоардың денсаулығын, дене жағынан жалпы дамуы мен қозғалыс даярлығын жетілдіру; сабақтық білімдік және нұсқаулық бағыттылығын ескеру; оқушылардың бойында дене тәрбиесімен өз бетінше шұғылдануға қажетті дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыру.

Бастауыш сыныптарда «дене тәрбиесі» пәні бойынша қойылатын баға оқушының жеке басын жетілдіруге деген құштарлығын көтермелеуі, көрсеткіштерін жақсартуы, белсенділігін арттыруы тиіс, ал денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану оларға қуаныш туғызуы қажет.

Мектептегі дене тәрбиесінің мақсаты- жасөспірімдерді жан-жақты қалыптастыруға бағыт беру, әсер ету. Жасөспірімді жан-жақты қалыптастыру, оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруін көздейді. Ол мыналарды қамтиды: мықты денсаулық, дененің қалыптасуы, дамыған қозғалыс қабілеттерінің үйлесімді деңгейі, дене тәрбиесі саласындағы білімдер мен дағдылар, денешынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге арттырудың себеп-салдары мен меңгерілетін тәсілдері,жеке бастың қабілеттері. [ 2 ]

Денешынықтыру жаттығуларымен және спортпен шұғылданудың сабақ ретінде сыныптан және мектептен тыс түрлерін біріктіретін дене тәрбиесінің жүйесі баланың денешынықтыру жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани қабілетттерін ашу және дамыту, оның қоршаған ортада өзін-өзі айқындауы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:

– денсаулықты нығайту, дене бітімін жетілдіру, денешынықтыруды жан- жақты дамыту.

– қозғалыс әрекетін толық меңгеру.

– қозғалыстың кеңістігін үйлестіру уақыт және күш, тепе-теңдік, ырғақ, дыбысқа тез және дәл жауап қайтару,қозғалыстарды үйлестіру, кеңістікке бағдар ұстау, шапшаңдық-күштілік, қайраттылық және икемділік қабілеттерін дамыту.

– жеке өзінің тазалығы, күн тәртібі, жөніндегі қарапайым білімдерді қалыптастыру, денешынықтыру жаттығуларының денсаулық жағдайына, жұмыс қабілетіне және қозғалыс қабілеттерін дамытуға әсері.

– денешынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға, қозғалмалы ойындарға қосылу, бұларды бос уақытта пайдалану.

– оқушылардың спортпен шұғылдануға қызығушылығы мен икемділігін арттыру.

Сонымен қорыта айтқанда бастауыш сыныпта дене шынықтырудың атқаратын рөлі ерекше. Бастауыш сынып оқушылары үнемі қалыптасып, жетілу үстінде болады. Осы кезде біз олардың дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал ете білуіміз қажет деп ойлаймын. Бала – біздің болашағымыз, тәуелсіз еліміздің тұғырын ұстап тұратын келешегіміз. Дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет боламыз десек ең алдымен ұлт саулығына , бала денсаулығына баса назар аударуымыз керек.

Елбасы Н.Ә: Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауында денсаулық мәселелерін басты назарда ұстап отырады. «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру.» делінген Қазақстан 2030 бағдарламасында.

 Оқушылар дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі. [ 19 ]

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.

Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:

•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.

•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.

Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:

•  оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

•  шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.

•  спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

 Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін  қалыптастыру және жетілдіру;

- қимылдың жаңа түрлеріне баулу  және оны теориялық білімдерімен  байланыстыру;

-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;

-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық  пен жолдастық сезімге, мәдениет  мінез-құлық дағдысына еңбек пен  қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын  тәрбиелеу;

- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру  гигиенасы жөніндегі білімді  хабарлау.

 Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен  тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.

Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.

Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.

Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.

 Дене тәрбиесі бойынша сыныптан  тыс жұмыстардың міндеттері: баланың  денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты  өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.

Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.

Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.

 Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек. [ 6 ]

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру