«Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 19:35, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының теориялық аспектілері....................8
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясының экономикалық мәні мен мақсаты.........................................................................................................................8
Қаржылық стратегияның түрлері мен негізгі қағидалары..............................14
Қаржылық стратегияның қалыптастыру кезеңдері мен механизмі................21
2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау..................35
2.1 «Восток Молоко» корпорациясының баланс құрамы мен құрылымын талдау..........................................................................................................................35
2.2 Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау.................42
2.3 «Восток Молоко» корпорациясының іскерлік белсенділігі мен тоқырауға ұшырауын талдау......................................................................................................48
«Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру........51
3.1 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегия матрицасын қолдану.......................................................................................................................51
3.2 «Восток Молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын оңтайландыру.............................................................................................................55
3.3 Жобалық ұсыныстардың экономикалық тиімділігі.........................................59
Қорытынды................................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ........................

Вложенные файлы: 1 файл

касипорннын қаржылық.doc

— 746.50 Кб (Скачать файл)

Қолданылатын несие технологиялық  емес, сонымен қатар экономикалық тиімді болады, тек қаржылық тұтқаның тиімділігінің мәні оң болса. «Восток молоко» корпорациясының 2010 жылы ол –0,34 құрайды. Кәсіпорындарда қаржылық тұтқаның тиімділігін есептеудің әр түрлі әдістері қолданылуы мүмкін. Жалпы кәсіпорын үшін несие тиімді, егер активтердің экономикалық рентабельділігі банктің орташа жылдық пайыздық ставкасынан жоғары  болса.

Айналым активтер бойынша таңдалған саясаттың жүзеге асыру мақсатында жоспарланған жылы есептік жылғы түсім көлеміне қорлардың пайыздық  қатынасы сақталады. Дебиторлық берешек 2010 жыл бойынша түсім мен жылдың (360 күн) күн санының төлемді шегерудің нормативті кезеңіне қатынасы (10 күн) бойынша жоспарланады. Сонымен қатар, дебиторлар төлемді уақытылы жүргізеді деп жоспарланады. Жыл соңындағы ақша қаражаттар қалдығы 2010 жылғы көрсеткіштерге сәйкес аболютті өтімділік коэффициентінің деңгейі бойынша (0,08) анықталады. Осыған байланысты, жыл соңында айналым қаражаттары 723966, соның ішінде дебиторлық борыш – 137 094, ал ақша қаражаттары – 53051.

Айналым активтерін қаржыландыру көздері бойынша таңдалған саясатты жүзеге асыру мен қысқа мерзімді несиенің қажеттілігін анықтау үшін меншікті айналым қаражаттың көлемін оптимизациялау керек. Ол үшін нақты меншікті айналым қаражаттың қажеттілігін жоспарлау қажет.  Осы мақсатта меншікті айналым қаражаттарының кэоффициентінің нормативті мәнін қолдануға болады, ол келесідей анықталады:

Меншікті айналым қаражаттарының қамтамасыз ету коэффициенті = меншікті айналым қаражаттары/айналым активтері. Бұл коэффициенттің нормативтік мәні 0,4-0,5 тең. Бірақ біздің кәсіпорының спецификасына байланысты бұл коэффициенттің 0,5 мәнін сақтау қажет. Кәсіпорның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету жоспары келесідей есептелінеді:

2011 жылға меншікті айналым  қаражаттарының жоспарлы қажеттілігі = 0,5* айналым активтерінің жоспарлы қажеттілігі 2011 жылға = 0,5*723966 = 361983т мың.тг.

2011 жылдың басындағы меншікті  айналым қаражатының нақты мөлшері = 485164 + 55718 - 528070 = 12812 мың.тг.

2011 жылдың соңына  меншікті айналым қаражаттарын жыл басындағы нақты мөлшерімен салыстыру бойынша жиынтық нормативін төмендету = 361983 - 12812= 349171 мың. тг.

Бұл есептеу  нәтижесінде кәсіпорының 2011 жылы меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі болмайды. Сондықтан жоспарлы жылы меншікті айналым қаражаттар қорын қалыптастыруға табыс бағытталмайды. Сонымен қатар жоспарлы жылдағы артық қаражат бөлінбеген табыс ретінде негізгі құралдарды жаңартуға бағытталуы мүмкін.  Сонымен, жоспарлы жылы меншікті айналым қражаттарымен қамтамсыз ету коэффициенті 0,5 құрайды, нәтижесінде бос меншікті қаражаттардың бөлігін инвестицияға жұмсауға мүмкін болады.

Қаржылық саястты жүргізуде несие саясатынан басқа да дебиторлық-кредиторлық берешекті басқаруға көңіл бөлу керек. Осыған байланысты дебиторлық берешекті азайтып, өз өнімін өткізуді көздейтін жеткізушілерді тиянақты таңдап, кредиторлық берешекті негізді түрде арттыруды ұсынамыз. Қалай болғанда да дебиторлық берешек кредиторлық берешектен аз болуы керек.

Дебиторлық берешекті азайту бойынша іс-шаралар мынадай:

  • сенімді сатып алушылармен келісім шартқа отыру;
  • жеңілдіктер көрсету;
  • дебиторлық берешекті өтеу уақыты белгіленген коммерциялық вексельдермен ауыстыру. Вексельдер дебиторлық берешекке қарағанда айналым қаржаттардың ең өтімді түрі болып табылады. Соған сәйкес оларды қолдану бухгалтерлік баланстың құрылымын жақсартуға алып келеді;
  • негізделген факторингті қолдану;
  • күмәнді қарыздар бойынша резервтерді қалыптастыру. Бұл резервтің көлемі басқа да шығындарға жатады және жалпы (бухгалтерлік) табысты төмендетеді, соған сәйкес табысқа салынтын салықты төмендетеді.

Кредиторлық берешектің қозғалысын басқару сатып алушылардан ақшалай түсімдердің аударылғанына байланысты кәсіпорынның төлем мен уақыт мерзімі қойылатындай жеткізушілермен сондай келісім шарт негізінде жүзеге асуы мүмкін. Кредиторлық берешектің қозғалысын басқару дебиторлық берешектің динамикасымен байланыста болуы керек.

Кәсіпорын бойынша мынадай қаржылық стратегиялық мақсат қойылды – табысты жоғарлату мен қаржылық тұтқа тиімділігін қолдану арқылы меншікті айналым капиталы мен тартылған заемдық қаражаттарды оптимизациялау арқылы қаржылық тұрақтылыққа жету. Осы қойылған мақсатқа жету үшін 3.2. бөлімінде кәсіпорынның қазіргі табыстың қанағаттанарлық стратегиясын мини-максимизация стратегиясын таңдауды ұсындық.  Ол үшін кәсіпорынның шығаратын сүт өнімінің бағасын жоғарлатуды ұсынамыз. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде екі өнім бойынша 2011 жылы 228459,5 түсім алуды көздейді, ол 2010 жылмен алыстырғанда 16923 мың.тг. артық.

Сонымен қатар, табысты тиімді бөлу үшін кәсіпорын табысты бөлуде қорлық жинақтауды құру (негігі өндірістік қорларды ұлғайту), әлеуметтік салаға қорлар (өндірістік емес жұмыстардың қорлары) және айналым қаражаттарының қорларын құру арқылы қорлық әдісті қолдануы қажет. Бұл қорларға табыстан аударымдардың көлемі мүмкіндіктер мен қажеттіліктерге байланысты жоспарлану қажет. 

Айналым активтер бойынша таңдалған саясаттың жүзеге асыру мақсатында жоспарланған жылы есептік жылғы түсім көлеміне қорлардың пайыздық қатынасы сақталады.

Дебиторлық берешек 2010 жыл бойынша түсім мен жылдың (360 күн) күн санының төлемді шегерудің нормативті кезеңіне қатынасы (10 күн) бойынша жоспарланады. Сонымен қатар, дебиторлар төлемді уақытылы жүргізеді деп жоспарланады. Жыл соңындағы ақша қаражаттар қалдығы 2010 жылғы көрсеткіштерге сәйкес аболютті өтімділік коэффициентінің деңгейі бойынша (0,08) анықталады. Осыған байланысты, жыл соңында айналым қаражаттары 723966, соның ішінде дебиторлық борыш – 137 094, ал ақша қаражаттары – 53051.

Бұл есептеу  нәтижесінде кәсіпорының 2011 жылы меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі болмайды. Сондықтан жоспарлы жылы меншікті айналым қаражаттары қорын қалыптаструға табыс бағытталмайды. Сонымен қатар жоспарлы жылдағы артық қаражат бөлінбеген табыс ретінде негізгі құралдарды жаңартуға бағытталуы мүмкін.  Сонымен жоспарлы жылы меншікті айналым қражаттарымен қамтамсыз ету коэффициенті 0,5 құрайды, нәтижесінде бос меншікті қаражаттардың бөлігін инвестицияға жұмсауға мүмкін болады.

 


 



Информация о работе «Восток молоко» корпорациясының қаржылық стратегиясын жетілдіру