Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 19:32, реферат
Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады. Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.«Гендер» ұғымының анықтамасы. Гендерлік теңдіктің қалыптасуы.
2.Гендерлік теңсіздік.
3.Әйел мәртебесіне исламның ықпалы.
IІІ Қорытынды
ІV Әдебиеттер тізімі
Гендерлік теңдік стратегиясы білім жүйесіне тиісті бағдарламалар енгізу арқылы балалар мен жастарды зорлық жасамайтын мінез – құлыққа оқып – үйретуді көздейді.
Мемлекеттердің гендерлік саясат қалыптастырудағы халықаралық тәжірибесі ерекше назар аудартады. Есептің мемлекеттік құрылымдар, қоғамық ұйымдар мен саяси партиялар үшін пайдасын тигізетіні сөзсіз, ол біздің елімізде гендерлік теңдікке қол жеткізуге септігін тигізеді.
2. Гендерлік теңсіздік
Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніңе әсері мәселесіне айрықша назар аударылады .Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нетижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы түжырым жасауға болады .
Гендерлік айырмашылықты және теңсіздікті түсіндірудің негізгі үш көзқарасы қалыптасқан. Бірінші көзқарасын ұстанушылар биологиялық негізге сүйеніп, еркектер мен әйелдердің мінез – құлқы айырмасын табиғи жаратылысымен түсіндіреді. Яғни гендерлік айырмашылықтарды табиғи мәнді жайттар анықтайтынын ежелгі қауымда еркектер аңшылықпен, ал әйелдер терімшілікпен айналысуын дәлел ретінде алады. Еркектердің соғысқа бейімділігі биологиялық түп тамырымен түсіндіріледі.
Бұл көзқараспен келіспейтіндер еркектердің жаугершілігі мен жаулаушылық деңгейі мәдениеттен мәдениетке қарай өзгеріп тұратынын тілге тиек етеді. «Табиғи айырмашылықтар» теориясын сынаушылардың дәлелі бойынша, бұл тұжырым хайуанаттардың мінез – құлқына сүйеніп қана шығарылған, яғни антропологиялық немесе тарихи мағлұматтарды келтірмейді. Ал оның мәдени негізін айтуға болады. Мысалы, әйелдер бала күтумен айналысқандықтан, олардың аңшылықпен айналысу немесе соғысқа қатысу мүмкіндігі төмен. Соңғы ғасырдан аса уақыттағы зерттеулер әйелдер мен еркектердің мінез – құлқындағы физиологиялық себептерін анықтай алмады. Биологиялық бейімділік арқылы мінез – құлықтың жыныстық айырмашылығын түсіндірушілер әлеуметтік өзара әрекеттесудің ықпалымен санаспайды.
Қоғамдық ғылымдарда гендерлік
рөлдердің дифференциациясы
Функционалдық теория. Т. Парсонстың ойынша, мұндай дифференциация жағымды функцияға ие, яғни отбасының қалыпты қызмет етуіне жағымды жағдай жасайды, мұнда әке рөлі – аспаптық (отбасы мен сыртқы әлем арасындағы байланысты, отбасының материалды жағдайын ұстап тұру); ал ана рөлі – экспрессивті (отбасындағы қарым – қатынасты реттеу, қамқорлық және эмоционалды қолдау). Бұл теориядағы әйел рөлі оның бала туу мен оларға қарау мүмкіндігінен туындаған.
Конфликті теория. Р.Коллинз гендерлік теңсіздік басты топ (ерлер) және бағынышты топ (әйелдер) арасындағы араздықпен шартталған. Мұндай теңсіздіктің қалыптасуын ол ерлердің әйелдерден үлкенірек және күштірек болуымен, сондықтан оларға сексуалды қысым жасауымен байланыстырады. Оның ойынша, қазіргі уақытта, әйел бағыныштылығының екі факторымен анықталады: 1. материалды бағыныштылықпен; 2. әйелдің алмасу үшін пайдаланылатын жекеменшік ретінде қарау.
Неомарксті теория гендерлік теңсіздік түп – тамырын сексуалды таңдау еркіндігіне мүмкіндік бермейтін капитализмнің өзінің құрылымынан көреді. Осы мақсатпен еңбек нарығында әйелдерге төмен жалақылы екінші сектор бөлінеді. Қажет болғанда, әйелді отбасына қайтару ұранымен олардың санын қысқартуға болады.
Неопсихоаналитикалық теория. Н. Ходоров гендерлік айырмашылықтар гендерлік идеалдардың және гендерлік идентификациялаудың қалыптасуы нәтижесінде пайда болады деп тұжырымдаған.
Феминистік теория:
1. либералды (шектелген) феминизм қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және заңгерлік реформалар негізінде әйелдер мен еркектердің теңдігіне қол жеткізу керек.
2. маркстік (социалистік) феминизм әйелдерді қанау – капиталистік қатынастардың жемісі, әйелдер дискриминациясын жою капиталистік фазаның аяқталуымен байланысты болуы мүмкін.
3. радикалды феминизм әйелдер дискриминациясының себебін қоғамдағы патриархаттың болуы мен бүкіл қазіргі заманғы мәдениеттің андроцетризмінде көрді.
Гендерлік айырмашылықтардың
Гендерлік айырмашылықтар биологиялық жаратылыспен шарттаспайды, оларды жасайтын мәдениет. Бұл көзқарас бойынша гендірлік теңсіздікті тудыратын себеп, ол – еркектер мен әйелдерді қоғамдағы әр түрлі рөлдерге дайындауы болып табылады.
Функционалистер гендерлік әлеуметтендіруді ұл балалар мен қыздардың «жыныстық рөлдерді» меңгеруі ретінде қарайды. Осы рөлдерге сәйкес еркектер ержүрек болып, ал әйелдер – нәзік болып қалыптасады. Ұл балаға әдетінше айтатын сөздер мынандай: «Ұл бала жыламайды!» деп жұбатады немесе «Сен ондай батылсың!» деп мақтайды, немесе «Сен қыз емессің, қуыршақ ойнайтын!» деп ұрысады. Сондықтан ұлдар мен қыздар өз мінез – құлқын күтілетін жыныстық рөлдерге сәйкестендіруге талпынып өседі. Егер гендерлік әдеттер биологиялық жынысқа сай келмесе, онда бұл ауытқу мінез – құлқы әлеуметтендірудің барабар еместігінен пайда болған.
Ең бастысы, гендерлік бағдарлауды адамдар енжар қабылдамайтынын естен шығармау керек. Адамдар белсенді әрекет етуші күштер ретінде рөлдерді өздері үшін жасайды лайықтайды. Көпетеген зерттеулер көрсеткендей, гендерлік ерекшеліктер – белгілі дәрежеде әлеуметтік ықпал жасаулардың нәтижесі. Қоғам әр түрлі арналар арқылы гендерлік ерекшеліктерге ықпал етеді. Ата – аналар ұлдар мен қыздарға әр түрлі тәрбие береді. Бұл ойыншық, суретпен көркемделген кітаптар мен телебағдарламалар арқылы білінеді. Ертегілер және балаларға арналған кітаптар мен киноларда ерлер белсенді, қауіпті, шытырман оқиғалы кейіпкерлерді ойнаса, әйелдер енжар, күтуші, үйде отыратын болып көрсетіледі.
Қазіргі қоғамда әйелдер дискриминациясы келесі салаларда орын алады:
Еңбек саласы:
Гендерлік стереотиптің кең таралғандығынан, бәсекелестік күресте әйелдер жиі жеңіліске ұшырайды, яғни бәріне жұмыс жетіспеген жағдайда, алдымен ер адамдар жұмыспен қамтамасыз етіледі;
Кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері тым шектелген;
Әйелдердің жұмыспен қамтылуының жалпы құрылымы пирамида формасына ие: қызметтің әлеуметтік статусы қаншалықты өскен сайын, бұл қызметтегі әйелдер саны соншалықты төмендейді;
Әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысының 65 %-н құрайды.
Осылай, жыныс адамдардың
биологиялық ажыратылуының
Кейбір ғалымдар жынысты
Ең бастысы, гендерлік бағдарлауды адамдар енжар қабылдамайтынын естен шығармау керек. Адамдар белсенді әрекет етуші күштер ретінде рөлдерді өздері үшін жасайды лайықтайды. Көпетеген зерттеулер көрсеткендей, гендерлік ерекшеліктер – белгілі дәрежеде әлеуметтік ықпал жасаулардың нәтижесі. Қоғам әр түрлі арналар арқылы гендерлік ерекшеліктерге ықпал етеді. Ата – аналар ұлдар мен қыздарға әр түрлі тәрбие береді. Бұл ойыншық, суретпен көркемделген кітаптар мен телебағдарламалар арқылы білінеді. Ертегілер және балаларға арналған кітаптар мен киноларда ерлер белсенді, қауіпті, шытырман оқиғалы кейіпкерлерді ойнаса, әйелдер енжар, күтуші, үйде отыратын болып көрсетіледі.
Гендерлік әлеуметтендірудің пәрмені зор. Гендер тағылғаннан кейін қоғам жеке адамдардан «әйелдер» және «еркектер» ретінде әрекет етуән күтеді. Бұл күтулер күнделікті өмірде іске асырылады және ұдайы өндіріледі.
3. Әйел мәртебесіне исламның ықпалы.
Адамзат өзінің тарихи даму барысында жүріп өткен жолының қандай да бір жоғары күштің алдын-ала белгілеп қойған жолы еместігін, жалғыз осы ғана болып табылмайтынын сезінеді. Адамның, қоғамның тандау қүқығы бар және көпшілік діни және философиялық ілімдер осыған сүйенеді.
Қазіргі уақытқа дейін жыныстардың өзара қарым-қатьшасын үйлестірудегі, әйел теңдігіндегі мүсылман өркениетінің тәжірибесі қазіргі ғылымда жеткілікті бағаланған жоқ. Мүхаммед пайғамбарымыздың өз отандастарының салтына қияс әйелдер теңдігі үшін шешуші күреске түскенін елдің бәрі біле бермейді. Үлы реформатор және араб үлтының біріктірушісі ретіндегі Мүхаммед пайғамбар өз ілімінде бәдәуилердің ерлік мүраттары мен семиггердің жерортатеңіздік қүдайтануын синтездеуге қолы жетті. Ислам өркениеті деп аталатын бірегей мәдени-тарихи қүбылыс осылайша пайда болды.
Мұсылман діні келгенге дейін Араб түбегіндегі жұрттар әйел баласын аса қадірлей қоймаған.
Қараңғылық, зұлымдық пен қатігездік билеген қоғамда әйел атаулы қорланып, базарларда бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан - ашық жасалатын. Шөл даланы мекен еткен арабтардың көбісі қыз баласы дүниеге келсе, сұмдық санайтын. Әйелі босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкімге тіс жармастан, көрсетпестен тірідей көміп тастайтын немесе терең құдыққа лақтырып жіберетін. Дүниеге келген мезетте өлтіре алмаса, бес-алты жасқа келгeнде әкесі қызын әдемі киіндіріп, қонаққа апаратын кісіше сәндеп ертіп шығатын. Сол бетімен айдалаға апарып, алдын ала дайындалған орға жығып, шырқырағанына қарамастан, көміп тастайтын да ештеңе болмағандай кері оралатын. Өйткені, тайпалардың руаралық қырық пышақ қақтығысына көбіне әйелдер себеп болған. Олардың ар-намысын сақтай алмауынан бүтін тайпаға таңба таңылған. Сондықтан одан сақтанудың жолы қыз туса өлтіріп тастау керек деп түйген. Әрі оны іске асырған. Әрине, бұл сөз жоқ надандық. Ислам әйел затын осыдан құтқарды. Оларды өлтіру асқан қате екенін ұғындырды. Тіпті ата-бабадан бері келе жатқан мұрагерлік құқына әйелдің де үлесі бар екенін нақтылап берді. Жаратушының алдында, ер мен әйел бірдей мәртебеге ие екені дәлелденді. Бұл әдептер - Құран аяттары мен сахих хадистер арқылы бекітілді.
Исламда әйел Аллаға қатысты
жән жалпы қоғамда маңызды
орын алады. Әйел қамқорлық
пен күтіп ұстауды қажет
Шариғат мұсылман әйеліне қатысты оған тектілігін сақтауды қамтамасыз ететін үлкен қамқорлық көрсетіп, оған жоғарғы орын береді. Шариғатта көрсетілген әйел киімі мен әшекейлерін шектеу арсыздықты болдырмау мақсатын ғана ұстанады. Бұл жоспарда Ислам заңдылықтары әйел еркіндігін мүлдем шектемейді, керісінше оны арсыздықтың өзеніне түсуден сақтайды. Сонымен қатар Ислам әйелді өзгелрдің сұқтанып көз салуынан қорғайды.
Ислам шариғатты бойынша өзінің ризашылығы болмаса әйел баласын күштеп күйеуге беруге болмайды. Әйелдің ұлықсатынсыз неке қиылмайды. Оған бәтуа беруге ешкімнің құқы жоқ. Бірақ, ислам әдебі әйелдің күйеуіне бағынышты болуын талап етеді. Өйткені, әйелді асырау мен қаржыландыру күйеуінің мойнына жүктелген. Күнделікті тіршілікке қажетті қаржы табу, соғысқа бару, отбасын асырау түгелдей еркекке міндетелген. Ал, күйеуі әйеліне қамқоршы ретінде, оның мінез-құлқы, қарым-қатынасы ислам тәлімдеріне сай болуын қадағалайды.
Құранда: «Олармен (әйелдермен) жақсы қатынаста болыңдар» - деп, бұйырған .Бұл - исламның әйел затына көрсеткен зор құрметі. Ислам осылай әйел затын барлық ауыртпалықтан құтқарды. Тіпті еш қажеттілік болмаса үйден албаты шығуға болмайды, дейді. Бүгінгі батыс демократиясы бізге түсіндіріп қойғандай, бұл әйелді кемсітушілік емес. Атам қазақ: «Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі» - деп бекер айтпаған ғой. Олар да бірдеме білген де. Егер де қазіргі қоғамымыз ислам әдебін қаламайды деп түсініп, жоғардағы шариғат үкімдерінен бас тартсақ, онда біздің болашағымыз күмәнді болғаны. Не жойылып кетеміз, әйтпегенде, дінсіз қауымға айналамыз. Қазіргі заманда қыз баланы ислам этикасына сай тәрбиелеу өте күрделі дүниеге айналды.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді. Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, әлемде тыныштық пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына, адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды Әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.