Гендер социологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады. Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.«Гендер» ұғымының анықтамасы. Гендерлік теңдіктің қалыптасуы.
2.Гендерлік теңсіздік.
3.Әйел мәртебесіне исламның ықпалы.
IІІ Қорытынды
ІV Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Гендер социологиясы.doc

— 100.00 Кб (Скачать файл)

            Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ жалғаспай, тоқырауға ұшырайды. Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан.  «Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады»,- делінген Құранда. Яғни, жақсы істер үшін әйел де, ер азамат та бірдей сый алады.

            Мұсылмандық дәстүр бойынша әйел «әсем киімдерін тек күйеуіне, әкесіне немесе қайын атасына, ұлдары немесе өгей ұлдарына, інілері мен ағаларына ғана көрсетуіне болады».

            Исламда ерлер мен әйелдер қарым – қатынасында тыйылу қарапайымдылық пен тыйылудың белгісі жүрісі – тұрыс пен киімде көрініс алады. Кең таралған пікірге қарамастан, нақ мұсылмандар әйел көзқарасымен санасады және оның дұрыстығын қорлау ретінде қабылдамайды.

Қазіргі кезде  кептеген шешілмеген проблемалардың болғанына қарамастан, әлемде әйелдердің жағдайы жақсарған

           Гендерлік қатынастарды құру бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін стратегиялық бағыт болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

       

 

Қорытынды

 

        Сонымен,қорыта келгенде «Гендерлік саясат қажет пе, жоқ па?» деген сауал арагідік қазақ баспасөзінде көтеріліп қалады. Пікірлер әрқилы болғанымен, біз өркениеттен тыс қала алмаймыз. Қоғам дамуы бұл сұрақтың күн тәртібінен түспейтінін әрдайым еске салып тұрады. Жалпы, қазақ әйелінің тұрмыс халінің жақсарғаны отбасына ғана емес, өзіне де қуат берер. Әрине, әр ұлттың салт – дәстүрі, өз даму ерекшелігі бар. Десек те, заман дамыған сайын тұрмыс та түзелуі тиіс.

        ”Гендерлік саясат” деген түсінік бұрындары көп айтыла бермеуші еді. Уақыт өтіп, қазіргі кезде көп талқыға түсіп жүрген тартыстар мен пікір алмасулардың біріне айналды. Ол да болса демократиялық жаңарудың бір көрінісі болар. ”Гендерлік саясат” деп айқай салып, биліктегі нәзікжандылардың үлесін арттырамыз дегенімізден ұтарымыз жоқ сыңайлы.Неге?

          Себебі, біздің елімізде гендерлік саясатқа қарағанда гендерлік мәселелер күрделеніп тұр (әйелдің қасиетінің төмендеуі немесе төмендетілуі, т.б.). Ол мәселелер қайдан басталады? Әрине, отбасынан. Отбасымыздың Отанымыздың бастауы екенін ескерсек, алдымен, гендерлік саясатты емес гендерлік мәселелерді дұрыс жолға қойып алғанымыз жөн сияқты.

          Қоғам болып әйелдің отбасы мен қоғамдық өмірдегі орнын анықтап алмай қалайша оның биліктегі орнын анықтаймыз?Сіз қалай ойлайсыз?

          Гендерлік саясат, негізінен, әйелдердің теңқұқылығын тек билікте ғана емес, сондай-ақ, күнделікті күйбің тіршілікте де қамтамасыз етуі керек. Алайда, Қазақстанда жүргізіліп отырған гендерлік саясаттан, көбіне, билікті көксеген аруларымыздың жаңғырықтары естіліп жатады. Сондықтан да гендерлік саясат пен гендерлік мәселелер деп екі бөлуімізге тура келеді.

        Рухани тұрғыдан ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді және әйел мен еркектің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сай олардың ара жігін көрсетті, және оларға қоғамда белгілі бір рөлдер жүктеді.

        Гендер тағылғаннан кейін қоғам жеке адамдардан «әйелдер» және «еркектер» ретінде әрекет етуін күтеді. Бұл күтулер күнделікті өмірде іске асырылады және ұдайы өндіріледі.

 

 

 

                                  Әдебиеттер тізімі

 

  1. Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. – Алматы, 2001.
  2. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.
  3. Вебер М. Избранные произведения. – М.,1990.
  4. Социология. Оқулық. – Алматы, 2002.
  5. Қарабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

Информация о работе Гендер социологиясы