Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 09:44, реферат
Халықаралық құқықтың тиімділігі оның нормаларының қолданылуы аясында жеткен нақты нәтижелермен анықталады. Ойдағыдай нәтижелерге жету үшін мемлекет құқықтық және ұйымдастырушылық сипатта әртүрлі шараларды қабылдайды. Адам құқығын қорғау және қамтамасыздандыру мемлекет құзыретіне(компетенция) кірмейтінін нақтылай отырып, біз оның ішкі құзыретінің рөлін ескеруіміз керек, өйткені тек мемлекетте ғана екі құқық жүйесінің арасын(мемлекеттік және халықаралық) ажырауын болдырмайтын шаралар құрылады.
Қазіргі кезде, халықаралық-құқықтық нормалардың заңды түрде бекітілуі және мойындалуы ғана маңызды емес, сонымен қатар мемлекет өмірінде фактілі түрде олардың іске асырылуы да маңызды.
Әркім де өзінің сұранысы бойынша жекешелік(бейресмилік) қағидаларын сақтай отырып, кезектегілердің тізімімен таныса алады.
Медициналық қызметтер белгіленген максимальды мерзім шегінде қызмет көрсете алмаған жағдайда, пациентке сапасы ұқсас альтернативтік қызметтер алу мүмкіндігіне кепілдік беруі қажет, ал осыған байланысты пациентке келтірілген шығындар қисынды мерзімде өтелуі керек.
Дәрігерлер ақпарат берумен қоса алғанда, пациенттерге уақытты жеткілікті мөлшерде бөлуі қажет.
Әркім де спецификация негізінде және стандарттарға нақты сай сапалы медициналық қызметке қол жеткізуге құқылы.
Сапалы медициналық қызмет алу құқығы медициналық мекемелер мен мамандардан техникалық квалификация, жайлылық және пациенттермен жеке өзара әрекеттерде қанағаттандырарлықтай деңгейде қызмет көрсетуді талап етеді.
Әркім де денсаулық сақтау жүйесінің үйлесімсіз жұмыс істеуінен, медқызметкерлердің қателіктері мен салғырттықтарынан болатын зияндылықтардан еркін болуға, сондай–ақ қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сай келетін медициналық қызметтер мен емдеу процедураларына қол жеткізуге құқылы.
Бұл құқықтың жүзеге асырылуына кепілдік беру үшін дәрігерлер мен медициналық қызметтер қауіп-қатер факторларының үздіксіз мониторингін жүргізіп отыруы қажет және электронды медициналық аппаратуралармен адекватты қызмет көрсетуді және де операторларын соған сәйкес оқытуды қамтамасыз етуі керек.
Дәрігерлер преценденттерді (орын алған жағдайларды) бақылау және тұрақты түрде өзінің квалификациясын жоғарлатып отыру арқылы дәрігерлік қателіктер қаупінің алдын алуға қабілетті болуы керек.
Әркім де халықаралық стандарттарға сәйкес және экономикалық не қаржылық ой-пікірлерден тәуелсіз диагностикалық процедураларды қоса алғанда, медициналық инновацияларға(жаңартпаларға) қол жеткізуге құқылы.
Медициналық қызметтер сирек кездесетін ауруларға ерекше көңіл бөле отырып, биомедицина саласындағы ғылыми зерттеулерді бастамалауға және қолдауға міндетті.
Зерттеу нәтижелері тиісті үлгіде таратылып отыруы керек.
Әркім де өзінің сырқатының әр кезеңіндегі қиналыстардан және ауырсынулардан мүмкіндігінше құтылуға құқығы бар.
Медициналық қызметтер өздеріне паллиативті емдеу және осы емдеу түріне пациенттер қолжетімділігін жеңілдету сияқты бағыттарда барлық ұтымды шараларды қабылдау жауапкершілігін жүктеуге міндетті.
Әркім де жеке қажеттіліктеріне максимальды бейімделген(икемделген) диагностикалық не емдеу бағдарламаларына құқылы.
Ол үшін медициналық қызметтер экономикалық өз шығынын өзі өтеушілік критерийлері медициналық қызмет көрсету құқығынан басым болмайтындай шаралар қабылдай отырып, пациент қажеттіліктеріне бағытталған икемді бағдарламаларға кепілдік беруге міндетті.
Әркім де оған зиян келтірілген жағдайда шағымдануға және жауап немесе басқа кері байланыс алуға құқылы.
Медициналық қызметтер пациенттерді олардың құқығы туралы ақпаратпен қамтамасыздандырып(үшінші жақ көмегімен), сондай-ақ құқықтарының бұзылуын танып-білуге және өз шағымдарын рәсімдеуге көмектесе отырып, бұл құқықтың жүзеге асырылуына кепілдік беруі қажет.
Шағымға белгіленген мерзім ішінде сол сәйкес медициналық қызмет басшылығынан қаралып біткен(талқыланған) жазбаша жауап жеткізілуі қажет.
Шағымдар тәуелсіз органдар және/немесе азаматтық ұйымдар көмегімен белгіленген тәртіпке сай берілуі керек.
Әркім де медициналық мекеменің іс-әрекетінен оған физикалық немесе моральдық және психологиялық түрде зиян келтірілген жағдайда қисынды қысқа уақыт ішінде жеткілікті өтемақы алуға құқылы.
Медициналық қызметтер келтірілген зиянның ауырлық дәрежесіне және себебіне қарамастан (кезегін шектен тыс ұзақ күтуден бастап дәрігерлік қателіктер немесе салғырттыққа дейін), тіпті жауаптыларды дәл табуға мүмкіндік болмаса да өтемақыға кепілдік беруге міндетті.
Пациенттер құқығы Еуропалық хартиясының ΙΙΙ бөлімінде қолдау көрсету және адамдарға өзінің құқықтарын қорғауда көмек көрсету қызметін орындайтын азаматтардың ұйымдасқан топтарының(пацинттер, тұтынушылар, өзара көмек көрсету топтары, т.б.) құқықтары көрсетілген.
Пациенттер құқығы Еуропалық хартиясының ΙV бөлімі жалпыеуропалық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде оның жағдайларының қолданылуы мен таратылуы бойынша нұсқаулар тізімін көрсетеді.
Адам құқығын және негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция Еуропа Кеңесінің маңызды құжаттарының бірі болып табылады. Бұл халықаралық келісімшартқа Римде (Италия) 04.11.1950 жылы қол қойылған. 1953 жылы өз күшіне енді.
Конвенция әркімге де қатысты ажырамас құқықтар мен бостандықтарды бекітеді және мемлекетті олардың юрисдикциясында орналасқан әрбір адамға осы құқықтарды кепілдік етуін міндеттейді.
Бұл құжаттың адам құқығы саласындағы басқа да халықаралық келісімшарттардан ерекшелігі – конвенцияның бұзылуына байланысты жекеленген шағымдарды қарастырушы, адам құқықтары Еуропалық соты сияқты, ресми мәлімделген құқықтарды шынайы қорғау механизмдерінің бар болуы.
Конвенция мүшелеріне Еуропа Кеңесінің барлық елдері кіреді.
Жаңа-мемлекет мүшелер Еуропа Кеңесіне кірер бұрын осы құжатқа қол қоюға және кемінде бір жыл ішінде бекітуге міндетті.
Конвенция мазмұнын 2 бөлімге бөлуге болады: қорғалатын құқықтар тізімі және Еуропалық соттың қызметтер реті.
Ескере кететін жайт, Конвенция жағдайлары өздігінен емес,
Страсбургтегі(Франция) адам құқықтары Еуропалық сотының түсінетін және қолданатын күйінде ғана өмір сүреді.
Адам құқығы туралы Халықаралық билль - үлкен беделге ие, адам құқығы халықаралық стандарттары жиынтығының ресми емес аталуы.
Ол бір-бірімен едәуір тығыз байланысқан адам құқығының Жалпығаортақ декларациясынан, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакттан тұрады.
Адам құқығы Жалпығаортақ декларациясы 10.12.1948 жылы Париждегі Шайо сарайында БҰҰ Генералды Ассемблеясының үшінші сессиясында 217 А(ΙΙΙ) («Адам құқықтары туралы халықаралық пакт») резолюциясымен қабылданған, БҰҰ-на мүше елдерге ұсынылатын құжат болып табылады.
Бұл құжат әлемнің көптеген тілдеріне аударылған болатын және әлемдегі ең жиі аударылатын құжат болып саналады.
Элеонора Рузвельт Декларацияны адамзат үшін «Еріктіліктің Ұлы хартиясы» деп атады.(Сондықтан кейде Декларацияны адам құқығының Хартиясы деп атайды.)
Бұл құжатта адам құқықтары келесі баптарда көрініс табады:
3 бап. Әрбір адам өмірге,
бостандыққа және жеке
5 бап. Ешкім де адами құндылықтарын таптайтын қарым-қатынасқа және қатыгез немесе айуандық жазалануға ұшырауға тиісті емес.
7 бап. Заң алдында барлық адамдар тең және тең дәрежеде заңмен қорғалуға құқылы. Осы Декларацияны бұзатын қандай да бір дискриминациясыз барлық адамдар тең қорғалуға құқығы бар.
23 бап.
25 бап.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт – бұл адам құқығының Жалпығаортақ Декларациясына негізделген БҰҰ-ның пакті. 1966 жылы 16 желтоқсанда қабылданды, 1976 жылы 23 наурызда күшіне енді. Пакттің орындалуын БҰҰ-ның адам құқығы Комитеті бақылайды.