Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 18:01, реферат

Краткое описание

Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.

Вложенные файлы: 1 файл

Әкімшілік құқықтың жүйесі.docx

— 28.39 Кб (Скачать файл)

Әкімшілік құқықтың жүйесі туралы айтқанда тағы бір елеулі жағдайды еске алмасқа  болмайды. Ол бірте-бірте қалыптасып және заңдық маңызыдылығы барған сайын  артып келе жатқан әкімшілік іс жүргізу (процесс) құқығы институты. Бірақ әзірге бұл мәселе не заң жүзінде, не әкімшілік құқықты оқыту процесінде толық шешімін тапқан жоқ. Сондықтан мұндай жағдайды атап көрсетудің мақсаты әкімшілік құқықтың салалық бөлігі ретінде әкімшілік іс жүргізу құқығын заңдасытырып құруды көздейді.

 

3. Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы  жүйесіндегі орны.

Қағида  бойынша бірде-бір құқық саласы «таза» түрінде болмайды. Осыған орай құқық салаларының қарым-қатынастары  туралы мәселенің жалпы, ал әкімшілік құқық жөнінде — әсіресе елеулі маңызы бар.

Қазіргі кезендегі құқық жүйесінің аталған  ерекшеліктерінің салдары әкімшілік құқықты құқықтың өзге салаларының реттеушілік қызметінің аясына «енуге» келтірді. Бұл құбылыстың негізіне — бұған дейін бірнеше рет атап көрсетілген қандай да болмасын құқық саласының пәніне сәйкес оның реттеушілік ықпалына жататын аяларда өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылатын қатынастардың шындығында бар болатындығы жатады. Сондықтан тіпті азаматтық құқықта да, аз болса да, бірақ әкімшілік-құқықтық ретінде сипаттауға болатын нормалардың белгілі бір саны болады. Мемлекеттік - басқарушылық қызметтің өзгешелігі әкімшілік құқықтың маңызды ерекшелігін айқындайды: ол өзінің реттеушілік ықпалымен қоғамдық қатынастардың үлкен тобын қамтиды. Осыған әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі болатын нысандары көрініс табады. Мысалы, қаржылық құқық өзінің пәнінің шегімен қатал шектелген қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқық мұндай қатал шектерді білмейді. Соған сәйкес таза әкімшілік-құқықтық деп атайтын, яғни өзге құқықтық салалардың мүдделерін қозғамайтын қандай да болмасын арнайы мәселе табу қиын.

Әкімшілік құқық конституциялық құқықпен ең тығыз қарым-қатынаста болады. Қазақстан құқығының жетекші саласы бола отырып, Конституциялық құқық адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, олардың едәуір бөлігі әкімшілік-құқықтық нормалардың көмегімен нақты іске асырылады; атқарушы билікті ұйымдастыру мен қызмет атқаруының негізгі принциптерін, мемлекеттік билік механизміндегі оның субъектілерінің орнын, олардың біртұтас мемлекеттік биліктің өзге тармақтары субъектілерімен қарым-қатынастарын бекітеді. Атқарушы билік механизмін ұйымдастыру мен қызметінің көптеген жақтары республиканың заңдарымен және өзге де заңнамалық нормалармен айқындалады. Әкімшілік құқық негізгі бастамасын конституциялық құқық нормаларынан алады, оларды егжей-тегжейіне жете нақтылайды, сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру механизмін, атқарушы билік жүйесінің әр түрлі буындарының құзыретін; басқарушылық қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесін және оны қорғаудың әкімшілік-құқықтық құралдарын; мемлекеттік-басқарушылық қызметтің нысандары мен әдістерін, оның салалық, салааралық және аймақтық ұйымдарының негіздерін, т.с.с. айқындайды. Сонымен конституциялық құқық нормаларының басымдық маңызы бар екендігі белгілі болып отыр.

Азаматтық құқық пен әкімшілік құқық сырт көрінісі жағынан біріне-бірі жиі ұқсас келетін мүліктік сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттейді. Тақырыбы тура келген жағдайда құқықтық реттеудің түрлерін айыру үшін, әрине, құқықтық реттеу әдісінің қандай да бір элементтерінің басымдық маңызы бағдарға алынады (шарт немесе әкімшілік нұсқама негіздерінде). Мысалы, Азаматтық кодексте (жалпы бөлігі) бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан бағынуына негізделген мүліктік қатынастарға, соның ішінде салық жөніндегі және басқа бюджеттік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды деп тура көрсетілген. Азаматтық кодекс сонымен қатар азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарға сәйкес азаматтық - құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан пайда болады, ҚР-ның азамагғық заңдары басқа құжаттармен қатар ҚР-сы Үкіметінің қаулыларынан тұрады, ҚР-ның министрліктері мен ведомстволары, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін құжаттар шығара алады деп бекіткен. Азаматтық кодекстің 2-тарауының заңды тұлғаларға арналған 2-параграфында азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық реттеушілік элементтерінің «жанасуы» өте тығыз (мысалы, мемлекеттік тіркеу, акционерлік қоғамдағы басқару, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, т.с.с). Дегенменде құқықтың бұл салаларының арасындағы басты айырмашылығы, бірінші кезекте, реттеу пәнінің, сонан соң (қажетті жағдайларда) және реттеу әдісінің ерекшеліктерімен байланысты. Еңбек құқығы мен Әкімшілік құқық бірімен-бірі тығыз арақатынаста болады, сондықтан еңбек қатынастары - еңбек құқығының негізгі пәні, әдетте, біржақты әкімшілік құжаттардың негізінде пайда болады, олардың алдында келешектегі жұмыстың жағдайы туралы келісім, оның ішінде контрактілер де жасалынады. Өкілетті лауазымды адамның құқықтық құжаты еңбек қатынастарын тоқтату үшін де, еңбек қызметімен байланысты субъективтік құқықтарды заңды түрде ресімдеу үшін де (демалысқа, зейнеткерлікке шығу, т.с.с.) керек. Әкімшілік пен еңбек құқығы нормаларының қарым-қатынасы мемлекеттік-қызметтік қатынастарды реттегенде өте тығыз байланыста болады. Әкімшілік және қаржылық, экологиялық, кәсіпкерлік құқықтар арасын ажырату едәуір қиын. Олардың арақатынасындағы механизмде мына жағдай байқалады: олардың пәніне жататын қоғамдық қатынастардың біразы шындығында әкімшілік құқық нормаларымен және оған тән болатын құқықтық құралдармен реттеледі. Бұл сияқты қатынастарды қорғау да көпшілігінде әкімшілік-құқықтық тәртіппен жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық пен әкімшілік құқық нормаларының қолданылу шекарасы тиісті тыйымдардың сипатымен және бағытталуымен айқындалады (қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық). Белгілі бір байланыстарды Қазақстан құқығының азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу салаларының арасынан табуға болады. Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексінде әкімшілік — құқықтық қатынастардан пайда болатын істерді қарау қаралған (мысалы, әкімшілік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне жасалынған шағымдарды).

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Қорытынды.

            Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Әкімшілік құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с.

           Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі.

 

 

 

                              Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы  Алматы, “Жеті жарғы” 1995ж.

2. Қазақстан Республикасының “Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодекс”  2007ж.

3. Таранов Административное право  Республики Казахстан, Алматы,“Жеті  жарғы” 1997г. Общая часть.

4. Баянов Е. Әкімшілік құқық.  Оқулық. Алматы, 2007 ж.

5. Таранов Административное право  Республики Казахстан, Алматы, 1998г.  Особенная часть.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Әкімшілік құқықтың пәні және  жүйесі.

 

Жоспар:

Кіріспе.

1.Әкімшілік құқықтың пәні және  жүйесі.

1.1.Әкімшілік құқықтың пәні.

1.2 Басқарушылық қатынастар.

1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары.

2. Әкімшілік құқықтың жүйесі.

3. Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы  жүйесіндегі орны.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.


Информация о работе Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі