Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 08:38, курсовая работа

Краткое описание

Қылмыспен күресудің бірден- бір құралы қылмыстық заң болып тыбылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мнг азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерді, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адам зат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты- қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады.

Содержание

1. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі
2. Қылмыстық іс жүргізу нысаны
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, міндеттері мен жүйесі мақсаттары
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары

Вложенные файлы: 1 файл

Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

Қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығын жақындататын ерекшеліктермен қатар осы құқық салаларын біріктіруге мүмкіндік бермей-тін бірқатар ерекшелік бар. Бұдан бұрын айтылған өзара байланыс сонымен бірге қаралып жатқан салалардың дербес болуын, олардың белгілі бір дәрежеде дербес қалыптасуы мен дамуын көздейді.

Олардың айырмашылығы реттейтін нәрседегі, реттеу әдісі мен құрал-дарындағы айырмашылықтарға негізделген.

Іс жүргізу құқығын одан әрі дамыту (тереңдету немесе қысқар-ту) туралы мәселе осы ғасырдың 50-жылдарының аяқ кезі мен 60-жылдардың бас кезінде ғылыми іздестірулер мен айтыстар нысанасы болды.

Қылмыстық  іс жүргізу құқығы мен конституция құқық

Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен конституциялық құқықтың бір-тұтастығын көрсететін негізгі белгілердің бірі-қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің Қазақстан Конституциясында (77-бап) және конституциялық заңдарда орнықтырылуы.

Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғыл-майтындығы; заң негізінде және заңға сәйкес болмаса, қылмыстық қудалау-ға тыйым салу; азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік немесе қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсетуге немесе жазалауға тыйым салу; айыпталушының кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмәнді оның пайда-сына жарату; дәлелдерді тек заңды жолмен алу; судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағынуы және басқалары басты ережелер бола отырып, қарым-қатынас субъектілері қызметінің негізгі ережелері мен бағыттарын белгілейді. Конституция мен конституциялық заңдар мемлекеттің бүкіл құқық құрылымы өздеріне негізделген принциптер жүйесін белгілей отырып, сонымен бірге кылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің сақталуына кепілдік береді, оның өзі осы екі саланы біртұтас құқық негізінде жақындастырып қана қоймай, сонымен қатар жалпы заңдардың,атап айтқанда конституциялық құқық артықшылықтары мен қемшіліктері барынша айқын байқалатын құқық катынастарының ерекше саласы ретінде құқық қатынастарының ерекше саласы ретінде құқықтық сот ісін жүргізудің мәнділігін арттырады.

Қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру үшін қылмыстық құқық пәнінің Ерекше бөлімінің мәні зор. Қылмыстық кодекстің 3- бабында: «Қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жпуаптылықтың бірден- бір болып табылады»,- делінген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі  мейлінше тллық, нақты қылмыстардың  түрлері мен негізгі белгілерін қамтиды. Сондықтан сот және тергеу органдарының  қызметкерлері тұлғаның істеген қылмыстық іс әрекетінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде баптың қылмыс құрамын толық белгілерін анықтауға міндетті. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы элементтеріне сипаттама беру мына төмендегіше жүзеге асыды; қылмыс объектісі және объективтік жағы, қылмыстың субъкетивтік жағы және оның субъектісі.

Қылмыс құрамының объектісіне талдау жасау барысында топтық және тікелей объектісін анықтау керек. Егер қосымша объект болса, ол да анықталуға тиіс. Қажет жағдайда қылмыстың затында анықтау қажет.

Қылмыс құрамының объективтік жағын талдау барысында оның мағынасы мен қажетті белгілерін анықтаумен қатар, қылмыс құрамының түрлерін де анықтау керек. Айталық, егер қылмыс құрамы материалды болса, оның объективтік жағынан қажетті үш белгісінде ашып түсіндіруі қажет, (Қоғамға қауіпті іс - әрекет, одан түскен зардап және олардың арасындағы себептік байланыс).

Мысалы: ҚК –тің 96-бабы бойынша кісі өлтіру барысында кісі өлтіруге бағытталған құқыққа қарсы қасақана іс -әрекет пен одан түскен кісі өлімі және оладың арасындағы себептік байланыс. Егер заңда көрсетілген қылмыс құрамы формальды тұрғыда болса, онда оның объективтік жағының міндеттік белгісі заңда көрсетілген іс -әрекет қана болып табылады. Мысалы, ҚК-тің 130-бабында көрсетілген қорлаудың объективтік жағы басқа адамның ар – намысы мен қадыр- қасиетін әдепсіз түрде кемісту. Бұл жерде қоғамға қауіпті іс -әрекеттен түскен зардап пен оның арасындағы себептік байланыс міндетті емес. Қылмыс құрамының түрлерін аныұтау, оның объктивтік жағының міндетті белгілері анықтау ғана болып табылмайды, сонымен қатар, қылмыстың аяқталу сәтінде анықтайды. Себебі, формальді қылмыс құрамы аяқталған болып заңда көрсетілген қылмыстық іс -әрекеті жасаған уақыттан бастап, ( қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадыр –қасиетін әдепсіз түрде кемісткен уақыттан), ал, материалдық қылмыс құрамы ҚК-тің Еркеше бөлімінде көрсетілген зардаптың түскен кезінен бастап аяқталған болып саналады. (Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіруде – жәбірленушіге ауыр зиян түсуі міндетті).

Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау барысында жасалған қылмыс қатарын кінәнің  нысандары  мен түрлерін, сонымен қатар кінәнің интеллектуалдық және еркіне қарай сәттерін анықтауды қосады. ҚК-те көрсетілген қасақаналық пен абайсыздықтың түсінігі материалды қылмыс құрамына тән. Бірақ қылмыстық заңды формальды түрғыда  жасалынатын қылмыс құрамдары кездесетін болғандықтан, кінәлінің жасаған іс - әрекетінен түскен зардапқа байлансыты кінәнің қатысы болмайды.

Қылмыс құрамының субъектісіне сипаттама бергенде біріншіден  ҚК-тің 15-бабына сәйкес қылмыс жасаған тұлғаның жасын анықтау керек. Сонымен қатар, қылмыстық заң қылмыс жасаған тұлғаның есінің дұрыстығы мен денінің саулығына және егер де қылмыс құрамдары арнайы субъектіні қарастыратын болса, онда қажетті белгілерін анықтауды қажет етеді.

Нақты қылмыс құрамына талдау жасап болған соң, оның дәрежеленген белгілеріне де көңіл бөлу керек. Дәрежеленген белгілер  ҚК-тің  ерекше бөлімінің 2,3 немесе 4-ші бөліктерінде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының жаңадан шыққан қылмыстық кодексіне қылмыстық – құқықты қорғау объектілерінің иерарқиясы мен олардың салыстырмалы құндылығын бағалауда өзгерім-стер бар екенін атап көрсеті керек.

Біріншіден, ҚК Ерекше бөлім жүйесінде аталған қылмыстардың орнын ауыстыруы. 1959 жылға қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі мемлекеттік қылмыстар мен «ашылатын». Қылмыстық құқықтық демократиялық негіздері мен дамытылуы қылмыстық заңмен қаралатын құндылықтардың басқаша сатылуын қажет етті – адам, қоғам, мемлекет.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің жүйесі жеке адамға қарсы қылмыстардан І-тарау, отбасына және кәмелет жасына толмаған қылмыстардан; ІІ-тарау, адамның және азаматтық конситиуциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардан; ІІІ-тарау, бейбітшілікпен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардан; 4-тараудан басталып, сол арқылы "мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы" деген конституциялық қағиданы баянды еткен.

Қажетті жағдайларға ұқсас қылмыстың құрамы – бірінен ажырататын белгілерді анықтау керек. Қылмыстық құқық ілімінің Ерекше бөлімі сот тәжірибесімен тығыз байланысты. Сондықтан да тәжірибеде  жіберілген қателіктерді қорытындылап, келешекте қателіктер жібермеу үшін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумында қаралып, тиісті қаулылар қабылданып отырады. Сондай-ақ қылмыс құрамының дәрежеленген белгілеріне түсініктеме беріп, оны тәжірибеде қалай қолдану керектігі туралы түсініктеме беріп отырады.

1. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі

Принциптер дегеніміз- құқықтық сананың нұсқауы, негізгі ережелері мен құқық жүйесін құрыудың бастамасы ғана емес, сонымен бірге құқық нормаларын іске асыруды білдіреді.

Қылмыстық атқару құқық принциптері- қылмыспен күресуді реттейтін құқықтық жалпы принциптеріне және оның салалық принциптеріне  негізделіп сүйінеді. Олар барлық- қылмыстық- атқарудың заң шығару арылы өтеді және міндетті түрде.

  1. Қылмыстық атқару саясатының жалпы бағытын бейнелейді.
  2. Қылмыстық атқару заңын жетілдіруде және негізі даму бағытын көрсетеді.
  3. Жалпы құқықтық құрлымы принциптері мен ара қатынасы және іштей келісімдер болу.
  4. Тұрақтылықпен бейнелеу.

Құқықтық принциптер негізіне жалпы адамгершілік бағалықтар жатады. Ол көптеген халықаралық актілер мен, жекелеп айсақ 1948 ж жалпы адам құқығы деклоратсиясымен және басқа да құжаттармен  дәлелденеді. Бұлар да жалпы құқықтық принциптер арақатынасы реттеу бекітілген. 1988ж 9 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен «Канада да түрде болмасын ұсталға немесе қамаудан барлық адамдарды қорғау принциптерінің жинағын 43 /173 резолюциясы» кеңінен белгілі. ҚР Қыомыстық- атқару кодекісінің 6- бабының көрсетілгендей, бұл заңдылық баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық негізінде берілген.

Жазаның орныдау органдары мен  мекемелер өз қызмктінде құқыққа кепіл болатын, бостандық пен сотталғандардың заңды мүддесін қамтамасыз ететін, жазаны орындауды дефференцициялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және құқыққы бой сұғыушылық көзқарастарына жағдай жасау, түзеудің өсерімен жазаны біріктіру, жұртшылықтың жазаны орындауда қатынасу принциптеріне негізделеді.

Баяандалған жағдайды ескере отырып, жалпы салалық, салық және құқық институционалдық принциптерін атап көрсетуге ьолады.

Жалпы құқықтық принциптерге кіретіндерд: заңдылық, демократизм, сала аралықтары- әділеттілік және  жазаның болмай қалмайтындығы, заң  жолында азаматтардың теңдігі:  салалыққа-  жазаны орындауда дифференциялау мен даралау, мәжбір ету амалдарын тиімді пайдалану және орындауға қатысу: институционалдықтарға- жазаны бір мекемеде өтеу, сотталғандарды әр түрлі категорияларын бөлек ұстау т.с.с.

Қылмыстық- атқару құқық жүйесі принциптерінің бірлігі  мен олардың өзара байланысыга көңіл аударуған жөн. Қылмыстық- атқару құқығы   жалпы құқықтық, сала аралық  принциптерге негізделген. Ол өз маңызын сақтап отырып, жазаны ерекше құқық шектеулерін ескеріп, қоғамдақ қатынастардың өзгешелігі өзінше жөнге салынады.

Қылмыстық- атқарудың құқықтық жүйесі  принциптері- тиісті Халықаралық актілерге, Қазақстан Коституциясы нормаларына негізделіп,  сотталғандармен айналысқанда бейнеленеді.

Демократизм принциптері жаза орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жариялылық принциптерімен  және жазаны атқару кезінде, ең бастысы тәрбие жұмысына, жұртшылықтың қатысу принципі және олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізумен тығыз байланысты.

Демократизм принципі бостандық пен сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету принциптері мен тығыз байланысты. Оның себебі, сотталғандар, яғни бас  бостандығынан айыруға жазаланғандар құқығына едәуір шек қойылғандықтан, олар мүдделерін қорғауға мұқтаж.

Конституция нормаларында демократияның құқықтық қамтамасыз ететін көптеген қағида, ережелері келтірілген. ҚР Конституциясының 12- бабында адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жү.зеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға конституциялық құбылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс екені бекітілген. Өз кезегінде мұнда заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі сияқты принутермен тығыз байланысты. ҚР Конституциясының 16- бабында көрсетілгендей, заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясы мен тұтқындауға және қамауда заңдылық принципі- заңының үстемдігі және жазаны атқаруда реттейтін басқа да нормативтік, актілер алдында артықшылықтары білдіреді. Заңдылық қағидаты  құқық қатынастары  субъектілерінің қылмыс жазасына атқаруда қылмыстық- атқару заңдарына нақты және қатаң сақтауда ғана іске асырылады.

Қылмыстық- атқару құқығының гуманиз принципі тек қана мемлекеттердің шығарған заңдарының ғаға емес, адам құқығы және соттаоғандар мен айналысу туралы көптеген Халықаралық  Шарттың 10- бабында былай жазылған: «Бас  бостандығынан айырылған барлық адамдардың жеке тұлғаға тән, өздерімен ізгілікті қарым- қатынас жасауға және абыройын сыйлауға құқығы бар».Сотталғандармен ізгілікті қарым- қатынас жасауды- ойына келгеғнде істеу, жазаны орындау орындарында тәртіп бұзу деген сөз емес, қайта оларға кішіпейілділік білдіру, сотталғандардың, әлеуметттік көмек көрсету,  жазаны  өтегеннен кейін еңбекке орналастыру, күнділікті тұрмысына  көмектесут.с.с. деп түсіну қажет.

Қылмыстық- атқару құқығы салаларының ішінде жазаны орындау дифференциялау мен жекешелендіру принципі олардың қылмысына,  кінәсінің түріне, қылмысты өтеу кезіндегі тәртәбіне байланысты.

 

 

2. Қылмыстық іс жүргізу нысаны

 

Қылмыстық құқық нормаларын қолдану нысаны- құқыққорғау қызметі, ол сонымен бірге мемлекеттік қызмет нысаны болып табылады, яғни білікті орган мемлекет атынан және ол берген 
уәкілдік бойынша қимыл жасайды. А.С.Пиголкиннің атап көрсеткеніндей, құқық қорғау қызметінде істерді қарау бойынша іс жүргізу тәртібі - құқық бұзу мән-жайының толық 
және жан-жақты зерттелуіне, құқықтық жауаптылыққа тартылатын азаматтар құқықтарының қорғалуына кепілдік беретін, қателіктерге және бұрыс шешімдер қабылдануына жол бермейтін тәртіп ерекше маңызды. Сонымен, қылмыстық құқық нормаларын қолданудің қажетті шарты - оны уәкәілетті органдар назарындағы объект болып табылатын нақты қатнастарға қолданудың бірізді процедурасы. Процедураның бірізділігіне заңда айтылған адамдардың іс-қиймылдарының тәртібі, дәйектілігі көрсетілген тұрақты нұсқамаларды заң тәртібімен орнықтыру арқылы қол жетеді. Іс жүргізу нысаны дегеніміз - мақсаттар мен міндеттер бірлігімен өзара байланысты осындай процедуралар жүйесі. Іс жүргізу нысаны қылмыстық сот ісіннің жүргізілуіне тән жақ ретінде қаралуға тиіс. Іс жүргізу нысанының мәнің семантикалық тұрғыдан түсінуі "процесс" және "нысан" категорияларының өзара байланысын тереңірек көруге мүмкіндік береді. Егер "процесс", бұдан бұрьш атап көрсетілгеніндей, ілгерілеуді, әлдебір құбылыстың барысын,даму жайының,кезеңдерінің біртіндеп ауысуын, ал "процедура"әлдебір істі жүргізу кезінде іс-қимылдардың ресми түрде белгіленген тәртібі 
бойынша іргерілеуді білдіретін болса, нысан әлдебір нәрсенің сыртқы пішінін, сыртқы сипатын, белгіленген үлгісін, қалпын білдіреді.

Демек,семантикалық "іс жүргізу нысаны"- әлдебір істі жүргізукезіндегі әс-қиіиылдардың тәртібі мен дәйектілігінің белгіленген үлгісі. Сонымен,иіс жүргізу нысаны" ұғьшының сематикалық жағы мен құқықтық дәйектемесі үйлеседі.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі