Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 08:38, курсовая работа
Қылмыспен күресудің бірден- бір құралы қылмыстық заң болып тыбылады. Қылмыстық құқық нормаларының көмегімен адам мнг азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншік, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерді, қылмыстық қол сұғушылықтан және бейбітшілік пен адам зат қауіпсіздігін қорғау міндеттері жүзеге асырылады. Ал кең көлемде алғанда, қылмыстық құқықтың басты мақсаты- қылмыстардың алдын алу және қылмыспен күресу болып табылады.
1. Қылмыстық іс жүргізудің жүйесі
2. Қылмыстық іс жүргізу нысаны
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні, міндеттері мен жүйесі мақсаттары
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары
Әділеттілік сот талқылауын заң рәсімдері белгілегеніндей сақтаумен қамтамасыз етіледі. Әділеттік дегеніміз - зерттелген істің жай-күйін бағалаған кезде соттың әділдігін, объективтілігін білдіреді. Егер осы келтірілген шарттар сақталса,онда заңды дұрыс қолдануға барлық негіздер болады. Осы айтылғандарға байланысты И.Ф.Казьмин мен В.М.Сырыхтың пікірі ден қойдырады. Олар былай деп жазды: Құқық қолдану актілерінен әділеттілікті талап ету -қадағалау мен мемлекет мүдделері тұрғысынан істің дұрыс шешілгендігін пайымдауы, құқық қолданушы адамдардың, сондай-ақ олардың айналасындағылардың шешім қабылдау имандылық принциптерімен, жалпы адамзаттың құндылықтарымен үндес келеді, жекелегена азаматтардың, олардың ұжымдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің мұқтаждықтары мен мүдделеріне жауап береді деген сенімді білдіреді. Құқық қолдану актісінің әділеттілігі қабылданған шешімнің қоғамдық пікірге сәйкес келуін, оның мазмұны адамдардың және тұтас алғанда қоғамның қоғамның моральдық сенімдерімен үндесуін көздейді". Іс жүргізу құқығының нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясы кепілдік беретін адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ететіндігі жолымен құрылған.
Белгіленген ережелерден ауа жайылып кету, оларды сақтамау осы құқықтар мен бостандықтарға қысым жасауға, яки талқылауының әділетсіздігіне әкеліп соғады. Соңғысы әділетсіз, заңсыз шешімді туғызады.Қылмыстық іс жүргізу құқығына қатысты әділеттілік ұғымы заңдылық ұғьньмен үндес келеді.
Негізсіз кінәлау мен айыптаудан қорғауды қамтамасыз ету.
Бұл міндет іс бойынша бүкіл қылмыстық іс жүргізудің өн бойында, істі қозғаудан бастап сот үкім шығарғанға дейін шешіледі. Нақты адамға қатысты қылмыстық іс қозғау және одан әрі осы бойынша іс жүргізу фактісінің өзі бұл адам қылмыстық тәртіппен қудаланатындығын және уәкілетті оргондар мен тұлғалар осы адам кінәлі ден танылып, жазаланы үшін заңның барлық күшін қолдануға құқылы екендігін білдіреді.
Қателікті болдырмау үшін, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізуге тартылған адамның конституциялық құкықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына жағдай туғызу үшін үшін негізсіз кінәлау мен айыптаудан қорғану құқығын жүзеге асыруда әлгі адамға мүмкіндіктер беріледі. Қорғану құқығын жүзеге асыру үшін кінәлауға немесе айыптауға іс жүзінде негіздердің болу немесе айыптауға іс жүзінде негіздердің болу немесе болмауының маңызы болмайды, яғни шынында да қылмыс жасаған адам да корғану құқығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайда қорғаудың міндеті осы адам жасамаған қылмысты жасады деп айыптаудан қорғану немесе шынында да орын алған көлемнен асып түсетін көлемде қылмыс жасады деп айыптаудан қорғау болып табылады.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды қамтамасыз ету. Қылмыстық іс жүргізуге тартылған адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу заңда тікелей көзделген шектеулерден асып түспеуге немесе заңда жоқ шектеулер нысанында көрініс таппауға тиіс. Шектеудің түрлері ҚІЖК-нде толық берілген және қандай да бір өзгеше шектеулер сот ісін жүргізу барысында қолданыла алмайды. Шектеу түрін таңдау өз бетінше жүргізілмейді, ол кінәлі адамның тәртібіне, жасған іс әрекетінің ауырлығына сәйкес болуға тиіс, ол сот ісін жүргізу міндетінің нақты кезеңіне жауап беруі тиіс. Құқықтар мен бостандықтарды заңсыз шектеуден қорғау іс жүргізу нұсқамаларының бүкіл жүйесімен де, сондай-ақ қорғау институтының арнайы әдістерімен және жолдарымен қамтамасыз етіледі.
Кінәсізді заңсыз кінәлау немесе айыптау жағдайында оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету. Заңсыз кінәлау мен айыптауды белгілеу адамның құқығы дөрекі түрде бұзылғандығын білдіреді. Қылмыстық іс жүргізу тәсілдерімен бұзылған құқықты қалпына келтіру сот ісін жүргізу міндетіне жатады. Ақтау адамның заңсыз кінә тағу немесе айыптау сәтіне дейін оған тиесілі мәртебесін толық қалпына келтіруді, ізгі атын өзіне қайтаруды көздейді. Дереу, кідіріссіз сөзі - әділдікті қалпына келтіру үшін бұл әділетсіздікті қашан жол берілгендігінің маңызы жоқ екендігін, бірақ әділетсіздікке жол берілу актісі қашан айқындалғанының маңызды екіндігін білдіреді. Заңда заңсыз кінә тағу немесе айыптау түріндегі құқық бұзушылықты қалпына келтірудің, сондай-ақ қылмыстық істі қараған органның заңсыз іс-әрекеті нәтижесінде оған келтірілген зиянның орнын толтыруға бағытталған заңды шараларды кідіріссіз қабылдаудың арнайы процедуралық тетігі көзделген (ҚІЖК-нің 39-бабы). Кінәсізді заңсыз кінәлау немесе айыптау қылмыстық ізге түсу немесе сот органдары тарапынан ғана болуы мүмкін екндігін назарда ұстау қажет. Ақтау қылмыстық жаупкершілікке заңсыз түрде тартылған адамға қатысты қылмыстық ізге түсу органының тоқтатуы арқылы немесе кінәсіз сотталғанға қатысты сот тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары.
Құқық жүйесінде оларға қол жеткізудің мақсаттары мен тәсілдері проблемаларының теориялық-философиялық ғана емес, сонымен бірге практикалық маңызы да бар. Қызмет түрі ретінде қылмыстық іс жүргізудің мақсаты қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігі болып табылады.
Бұрын қолданылып жүрген ҚІЖК-і қылмыстық іс жүргізудің мақсатын - қылмыстық іс бойынша ақиқатты ашу, қылмыс жасаған адамдардың кінәсін айқындап, әділ жазалауын белгілеу, кінәсіз адамды негізсіз айыптаудан қорғау және азаматтарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал ету ретінде белгіледі.
Жаңадан қабылданған ҚІЖК-ін талдау көрсеткеніндей, сот ісін жүргізудің мақсатына арналған арнайы нормалар жоқ. Мұндай мақсат сот ісін жүргізу процесін жүзеге асыратын негізгі фунцияларды реттейтін басқа нормалардың мәнінен туындауы мүмкін. Атап айтқанда, қылмыстық ізге түсу функциясы "қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адаімға жаза немесе өзге де қылмыстық-кұқықтық ықрал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшраған адамдарды анықтау мақсатында" жүзеге асырылады (ҚІЖК -нің 7- бабы, 19-тармақ).Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығьша сәйкес заңдылықтың сақталуын қадағалайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады (1-бап).
Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаты мьшаларды қамтиды:
-қылмыстық заң
тыйым салған іс әрекетті айқын
-осы әрекетті жасаған адамды айқындау, кінәлі адамға жазаның қолданылуын қамтамасыз ету;
-қылмыстық сот
ісін жүргізіге тартылатын адам
-заңсыз түрде
қылмыстық ізге түсуге душар бо
-істің жиынтық себептерін белгілеу;
-бұзылған құқықты қалпына келтіру;
-прокрордың сотта
мемлекеттің мүдделерін білдіру
Мұның бәрі жиынтық
түрінде сот әділдігі деп аталады.Қылмыстық
іс жүргізудің мақсаты - әділ соттың жүзеге
асуын қамтамасыз ететін қажетті іс жүргізу
жағдайларын туғызу болып табылады.
Мұндай айқындама Концитуцияда бекітілген
сот билігі ұғымымен үндес. Конституцияның
76- бабында былай деп
жазылған: "Сот билігі азаматтар
мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың
Конституциясының, заңдарының, өзге де
нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орында
Республикасы Президентінің "
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары өзінің мазмұны жағынан әлдеқайда бай және құрылымы жағынан күрделі. Құқықтың осы саласындағы мақсаттардың мәнін түсіну үшін мақсат ретінде олардың мәні қандай деген, мәселені қарастыру қажет. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы құқық мақсаттарының мәнін доктринальдық пайымдау (түсіндіру) төмендегідей ұғымдарды:
-қылмыстық сот
іс жүргізудің құқықтық шығарма
Мақсаттарға қол жеткізу жалпы құқықтық сипаттағы, сондай-ақ арнайы сипаттағы міндеттерді шешкен жағдайда мүмкін болатындығы талас тудырмайды. Көп жағдайда әдебиетте мақсаттар мен міндеттер бір деңгейдегі құбылыстар ретінде қаралатындығына байланысты жоғарыда аталған жағдайдьщ маңызы үлкен. Қателік қылмыстық іс жүргізу заның дұрыс түсіндірмеуден туындайды. Мәселен, бұрын қолданылып жүрген ҚІЖК-нің 3-бабы өзінің алғашқы бөлігінде қылмыстық сот ісін жүргізуді бекіте отырып, екінші бөлігінде іс жүзінде мақсаттары туралы сөз қозғайды, мәселен: заңдылықты нығайтуды, қылмыстың алдын алу және жою, қоғам мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу туралы сөз қозғалады.
М.С.Строговия қылмыстық іс жүргізудің мақсатын - қылмыстық іс бойынша ақиқатты ашу, қылмыс жасаған адамдардың кінәсін айқындап,әділ жазалануын белгілеу, кінәсіз адамдарды негізсіз айыптаудан қорғау және азаматтарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал ету етінде афқындайды.
П.С. Элькинд анағұрлым кең ауқымды анықтама береді: "...Қылмыстық сот іс жүргізу құқығының мақсаты - осы саладағы қоғамдық қатнастарды барынша тиімді және ұтымды түрдереттеу, оларды қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағыттауды қамтамасыз ету, түптеп келгенде қылмысты жою болып табылады" деп жазды.
М.С.Строгович пен П.С.Элькинд тұжырымдаған анықтамалардың жинақтау деңгейіндегі айырмашылық мыналарға байланысты, бірінші қызмет түрі ретінде іс жүргізудің мақсаты туралы айтады, ал екінші -қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары туралы әңгімелейді, мұның өзі айта қаларлықтай кең ауқымды ұғым.
Қылмыстық іс жүргізу мен қылмыстық іс жүргізу құқығының өзара қатнасына сүйене отырып, қылмыстық іс жүргізудің мақсаты (қызмет түрі ретінде) жоғарыда атап өткеніміздей қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттары жүйесінің бір бөлігі ғана деп айтуға болады.
Құқықтың мақсаттары мен міндеттерінің құрылымына Қазақстан Республикасының Конституциясы елеулі өзгерістер енгізді. Атап айтқанда Конституциясының 39-бабында былай деп жазылған: "Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатыда қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін". Осы ереже қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттарын айқындау құрылымында шешуші маңыз алуы тиіс.
Сонымен, қылмыстық
іс жүргізу құқығының жалпы мақсаты, біздің
көзқарасымызша,қылмыстарды тергеу
нәтижесінде қалыптасатын
қоғамдық қатнастарды реттеу, соттың қылмыстық
істі мәні бойынша қарауы және шешуі, сондай-ақ
осы қатынастардың тұлғаның құқықтары
мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті
сақтауға, конституциялық құрылысты қорғауға
бағытталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл орайда қылмыстық іс жүргізу
кұқығының нақты нормалары мақсатты бейнелеудің
нысаны ретінде көрінеді. Қылмыстық іс жүргізу
құқығының жалпы мақсаттарының
мазмұнына азаматтардың конституциялық құқықтары
мен бостандықтарын қорғау; заңдылық
пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз
ету жатады.
Жалпы мақсатқа келесі параграфта егжей-тегжейлі айтылатын міндеттерді шешу жолымен қол жеткізіледі.
Тергеу органдары үшін арнайы мақсаттар болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаттарын айқындау арнайы және жеке мақсаттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Арнайы мақсаттар - қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары субъектілері қызметінің мазмұнын айқындайды:
-қылмыстың жасалуын жай-күйін айқындау және дәлелдеу;
-жасаған іс әрекеті үшін нақты адамға кінә тағу.
Прокуратура органдары үшін арнайы мақсаттар ретінде мыналарды тану керек:
-бұрын танылған айыптауды прокрор қолданған жағдайда айыптауды соттың алдында негіздеу;
-тергеу қателігін тапқан жағдайда қылмыстық ізге түсуді тоқтатуды негіздеу;
-қылмыстық іс
жүргізуге қатысушылардың бәрін
Сот органдары үшін іс бойынша объективті шындыққа және әділ сотты жүзеге асыруға қол жеткізу арнайы және бірден бір мақсат болып табылады.
Жеке мақсаттар қылмыстық сот ісін жүргізудің әрбір нақты іс жүргізу іс-әрекетіне тән болып келеді. Мәселен,қылмыстық іс қозғау сатысындағы мақсат, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызға, хабарға не қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті тікелей айналысатын органдардың қылмыс белгілерін табу фактісіне үн қатуы. Куәгерден жауап алуды жүргізудің мақсаты - іс бойынша айғақ боларлық ақпарат алу және т.т.