Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 07:53, реферат

Краткое описание

Халықтың көңілінен орын табатын, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар, олар әр қоғамда, қандай жағдай, режим болмасын сұранысқа ие болады. Сол мамандықтардың ішінде заңгер мамандығы да бар. Бұл мамандық иелері әр ұйымда, фирмада, кәсіпорында, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет.
Әрине, көп адамдар заңгер болуға құштарлығы бекер емес. Заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер, әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушіге өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді.

Вложенные файлы: 1 файл

Кылмыс.docx

— 63.34 Кб (Скачать файл)

Еуразиялық гуманитарлық институты

Мемлекеттік –  құқықтық пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қоғамдық  тәртіпке қарсы қылмыстар »

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ЮКС -12 тобы

                Қыдырбаева А.Б

Тексерген:  Мусынова Г.Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА – 2012

МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ..............................................................................................................3

          1Бұзақылық және тағылық..........................................................................4

         1.2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңы........................................................................7

  2. Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы                                        шаралардың жоспары ...........................................................................................12


2.1 Қоғамдық тәртіпті қамтамасызету.......................................................... ...............................................................................................................17

            2.2  Қорытынды................................................................................. 19

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    КІРІСПЕ


       1.Қоғамдық тәртіп  азаматтың қадір-қасиеті мен басқа да құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп - адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қоғамда қалыптасқан құқық пен мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымның талаптарына сай келетін нұсқасы. Қоғамдық тәртіп қоғамның қалыпты тіршілік етуінің қажетті шарты болып табылады. Қоғамдық тәртіп арқасында адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті тәртіпке келтірілген сипатқа ие болады. Мұның өзі ұжымдық қызметті және әлеуметтік ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қоғамда әрқашанда жалпыға бірдей міндетті тәртіп пен белгілі бір ұйым мүшелеріне ғана міндетті арнаулы тәртіп (әскери тәртіп, еңбек тәртібі, т.б.) жолға қойылады. Коғамдық тәртіп әрқашанда қоғамдық қатынастармен айқындалады және ол осы қатынастарды қорғауға қызмет етеді. Саналы тәртіп, пайдакүнемдік пиғылдағы және мәжбүрлі тәртіп түрлеріне бөлінеді. Саналы тәртіп — қоғам мүшелерінің мінез-құлық нормаларын терең сезініп игеруі. Тәртіпті адам қоғамдық өмірде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстау қажеттігін іштей түйсініп әдеп ретінде қабылдайды. Оларды сақтай алмаған жағдайда ұяттан қысылып, өзін кінәлі сезінеді. Қоғамдық тәртіп қоғам мүшелерінің жеке мүдделерінің, олардың қажеттіліктерінің және олар орындайтын әлеуметтік мінез-құлық нормаларының бір-бірімен ұштасу дәрежесімен айқындалады. Егер бұл нормалар жеке адам іс-әрекетінің іштей құлшынысына айналмаса, онда мұның өзі мінез-құлықтағы түрлі ауытқуларға апарып соқтырады. Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.    Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз — азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершілік, әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

 

  

    1. БҰЗАҚЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫҚ

қоғамдық тәртіпке карсы  қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.); әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);   Бұзақылық   Бұзақылық қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең көп таралған түріне жатады. Бұзақылық жасағанда қоғамдық тәртіптің, еңбек пен тыныштықтың қалыпты жағдайы өрескел бұзылады. Бұзақылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың денсаулығына жиі зиян келтіріледі, сондай-ақ бөтеннің мүлігі жойылады немесе бүлдіріледі. Бұзақылық, ең алдымен, қоғамды анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылықпен сипатталады. Арсыздықпен ерекшеленетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылыққа мыналар жатқызылады: зорлықпен ұштасқан әрекет (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), ұзақ және қасарыса созылған бұзақылық әрекеттер, азаматтарды жәбірлеу, мүліктерді жою, көпшілік шараларды болдырмау, мекеменің, кәсіпорынның немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызмет етуін уақытша тоқтату. Ерекше арсыздық деп, мысалы, ұятсыздығын білдіру, науқас, кәрі, дәрменсіз күйдегі адамдарды келемеждеп қорлау және т.б. айтуға болады. Зорлық жәбірленушіні ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру нысанында күшпен әсер етумен сипатталады. Ұрып-соғу, зиян келтіру отбасына, жеке жек көрушілік әсерінен туыстарына немесе таныстары-на қатысты жасалса, бұзақылық деп      сараланбайды. Бұзақылық жасағанда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін. Бөтеннің мүлкін жою — мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру— мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.

    Тағылық дегеніміз — мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларына жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді. Бұл қылмыстың объектісі — қоғамдық тәртіп. Ғимараттар немесе басқа да құрылыстар, сондай-ақ қоғамдық мүлік қылмыс заты болып табылады. Ғимараттарға тұрғын үйлер, санаториялық-курорттық, мәдени-ағартушылық, өндірістіқ басқару орындары және т.б. объектілер жатқызылады. Басқа құрылыстарға ерекше қорғаудағы және құрмет тұтатын объектілер жатады, мысалы, ескерткіштер, ескерткіш тақталар, мемориалдық кешендер және т.б. Мүлікке тек қоғамдық көліктегі немесе қоғамдық орындардағы мүліктер ғана жатқызылады. Қылмыс ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды қиратудан, қоғамдық көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіруден тұрады. Қорлау деп ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерлеген тағылықты айтады. Мүлікті бүлдіру деп оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады. Сонымен, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір жағдайын және олардың қалыпты әрекеттерін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық құқықтық тәртіпті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті ерекеттерді айтады. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодексің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1.2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы  
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №590 заңы

     Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы  
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №590 заңы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркімен қатысуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.  
1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары.  
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.  
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.  
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы  
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №590 заңы заңның күші жедел-іздестіру қызметіне байланысты туындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін құқықтық қатынастарға қолданылмайды.  
2-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы.  
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады.  
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптері негізінде жүзеге асырады.  
3-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы оргадардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу мәселері жөніндегі құзіреті.  
1. Жергілікті өкілді органдар:  
1. тиісті әкімдіктер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ішкі істер органдарына жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты әзірлеген бюджеттік бағдарламаларды қарайды және бекітеді;  
2. тиісті әкімдіктердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларының қызметін бақылайды.  
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары:  
   Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркейді және олардың дербес есебін жүргізеді;   
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалардағы қалалық) комиссияларды құрады;  
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.  
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушыоргандары: 
1) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың өңірлік есебін жүргізеді;  
2) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларын құрады.  
 3) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындайды.  
4-бап. Ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың қатысу мәселелері жөніндегі құзіреті.  
Ішкі істер органдары:  
1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібін, нысандары мен түрлерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкесайқындайды;  
2) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар куәлігінің үлгісін және эмлемасының нышанын әзірлейді және бекітеді;  
3) жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;  
4) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;  
5) полицияның учаскелік пункттері базасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырады;  
5-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу тәртібі.  
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына өтініш береді, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін қоса береді. Азамат көрсетілген құжаттарға өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлігінің көшірмесін қоса беруге құқылы.  
Ішкі істер органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, одан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті қолдаухат беріп, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді, не қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартады.  
 2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен қолдаухатты жеті жұмыс күн ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебіне қояды, бұл туралы ішкі істер органын жазбаша түрде хабардар етеді.  
1. Кәмелетке толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын не соттың шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.  
2. Өтінішті қабылдамай тастау бас тартуға негіз болған себептер жойылған жағдайда өтініш берушінің қайта өтініш жасауына кедергі болмайды.  
3. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негіз болатын жағдайлар мыналар:  
Азаматтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуға ниетінің жоқтығы туралы өтініші;  
Қылмыстық жауапқа тартылуы;  
     Бірнеше рет (бір жыл ішінде екі және одан да көп рет) қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;  
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуі;  
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың туындауы (психикасының бұзылуы, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыру не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағы адамдар үшін қауіп төндіретін ауру, не өлім)  
7. Осы баптың 6-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебінен шығарады.  
6-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың қызметін шектеу.  
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға:  
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың айрықша құзіретіне жатқызылған іс жүргізу қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыруға;  
2) Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттігін иеленіп алуға;  
3) Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасауға;  
4) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде куәгер болуға;  
5) Адам мен азаматтық ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын не азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтін іс-әрекеттер жасауға;  
6) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде осы Заңның 7-бабының 3 тармақшасында аталған құралдарды қоспағанда, құқық қорғау органдары қаруланатын арнаулы құралдарды пайдалануға тиым салынады.  
7-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері  
1 Қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге қатысатын азаматтардың:  
1) бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларда ішкі істер органдарына жәрдемдесуге;  
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алуға және жолын кесуге;  
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында; егер аталған мақсаттарға өзге тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл орайда ол үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмеуге тиіс. Әйелдерге, мүгедектік белгілері айқын адамдарға, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, дене күшін және басқа құралдарды қолдануға тиым салынады;  
4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау немесе өзге мемлекеттік билік органдарына алып келуге құқығы бар. Қажет болған жағдайда, ұсталған адамды қару немесе өзге де қауіпті заттар не қылмыстық іс үшін мәнді нәрселер бар деп ұйғаруға негіздер болған кезде, ұсталған адамның киімін тексеруге және аталған органдарға тапсыру үшін оларды алып қоюға;  
1) Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, жол-көлік оқиғаларынан, дүлей зілзалалардан және өзге төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға медициналық және өзге де көмек көрсетуге қатысуға;  
2) Құқық бұзушылық, маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлық профилактикасы жөнінде түсіндіру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;  
3) Азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге құқығы бар;  
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар:  
1) Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;  
2) Ішкі істер органдарын өздеріне мәлім болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактілері туралы дереу хабардар етуге;  
3) Заңдарда көзделген жағдайларда азаматтардың талап етуі бойынша өзінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуының заңдылығын растайтын куәлігін көрсетуге;  
1) Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған азаматтарға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негіздерін түсіндіруге;  
2) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысуы алдында құқықтық дайындықтан өтуге міндетті.  
8-бап. Көтермелеу шаралары.  
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:  
1)Алғысжариялау;  
2)Грамотамен  марапаттау;  
3) Ақшалай сыйлықақы беру;  
4) Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құзіреті шегінде айқындайтын өзге де шаралар.  
5) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылатын комиссия ішкі істер органының ұсынымы бойынша қарайды.  
6) Комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматты көтермелеуге ұсынған ішкі істер органының өкілдері енгізіледі. Комиссия жергілікті атқарушы органдарда тіркелмеген азаматтарды да; егер олар қылмыстардың алдын-алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға септігін тигізсе, осы заңда белгіленген тәртіппен көтермелеуге құқылы.   
9-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасыны заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық.  
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапты болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2.Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с  
N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Қоғамдық тәртіпті  бұзуға қарсы іс-қимылды күшейту

1

Күзет қызметі  субъектілері үшін күзетілетін объектілерде және оған жақын аумақтарда жасалған барлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттерді белгілеуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ІІМ

2009 жылғы қазан

2

ІІМ-нің Біріктірілген деректер банкі базасында қиын өмір жағдайындағы кәмелетке толмағандардың бірыңғай есебін жасау жөнінде шаралар қабылдау

Бірлескен бұйрық

ІІМ (жинақтау), БҒМ

2010 жылғы наурыз

3

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық жұмыстың іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыруға кірісу

Медиа-жоспар

МАМ (жинақтау), ІІМ, БҒМ

2010 жылғы қаңтар

4

Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей

2. Көшелер мен  басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

5

Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ішкі істер органдары әкімшілік полициясының штат саны лимитінің шегінде қайта бөлу есебінен патрульдік полицияның штат санын көбейту жөніндегі мәселені қарау

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей

6

Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды талдауды ескере отырып, штаттық саны шегінде неғұрлым криминогендік учаскелерде патрульдік жасақтар санын көбейту

Полицияның кешенді күштерінің бірыңғай орналасу жоспарына түзетулер енгізу

ІІМ

Тұрақты

7

Ішкі істер органдары мен Ішкі әскерлердің барлық құрылымдарын тарта отырып, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті нығайтуға және қылмысқа қарсы күресті күшейтуге бағытталған ірі ауқымды кешенді операцияларды кезең-кезеңімен өткізу

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ақпарат

ІІМ

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей

8

Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттарын, сондай-ақ қызметтерін бағалау өлшемдерін айқындай отырып, олардың қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау

Бұйрық

ІІМ

2009 жылғы қыркүйек

9

Өңірлік, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық орындары мен неғұрлым криминогендік учаскелерінде бейнебақылау жүйелерін; сондай-ақ көшелер мен аулаларды жарықтандыру жүйелерін орнату және пайдалану жөніндегі жұмысты жалғастыру

ІІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 10 қаңтардан кешіктірмей

3. Құқық қорғау  бағытындағы қоғамдық құрылымдардың  санын кеңейту

10

Құқық қорғау бағытындағы  қоғамдық құрылымдардың әрбір түрі бойынша үлгі ереже әзірлей отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру

Бұйрық

ІІМ

2009 жылғы желтоқсан

11

Ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлерін қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі іс-шараларға тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде осы мақсаттар үшін халықты еңбекпен қамту орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалану жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей

12

Тұрғын үй алаптарында құқық бұзудың алдын алуға пәтер иелері кооперативтері мен жеке күзет құрылымдарын тарту мүмкіндігін пайдалану

Қазақстан Республикасының  Үкіметіне және Алматы ақпарат қалаларының әкімдері

ІІМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, 25 қаңтардан кешіктірмей


 

     

ІІМ       - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  
БҒМ       - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
МАМ       - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

    2.1 Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл полиция қызметінің негізгі бағыты. Басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, жедел жағдайды тұрақтандыруға зор ықпалын тигізетін полиция қызметкерлері мен қоғамның өзара тығыз қарым-қатынас жасауы. Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы полицияға өз еркімен көмек көрсетуі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының ІІМ учаскелік полиция инспекторларының қызметіне азаматтарды тартудың тағы бір тармағы- көп қабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларын күзететін консьержі ретінде азаматтарды жұмылдыру. Алматы және Сарыарқа АІІБ-ға азаматтардан 160 арыз келіп түсті. Бүгінгі күні консьержілер мен үй коменданттарын іріктеу жұмысы белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың тамыз айында 53 консьержі мен 5 ерікті қоғамдық көмекшілерге қызметтік куәліктер тапсырылды. Консъержі қызметіне зейнеткерлер, еңбек ардагерлері және саналы тұрғындар қатарынан іріктеліп алынады, пәтер ұрлықтарының алдын алуда және қоғамдық тәртіпті күзетуде арнайы көмек көрсетеді.    «Қылмысты тергеуден, оның алдын алу жақсы»,- деп тегін айтылмаған. Құқықтық реформаны толыққанды жүзеге асыру үшін қоғамдық тәртіп орнату қажет. Өз үйім - өз қорғаным дейміз, алайда бүгінгі күні осы айтылған сөзге бәріміз сенімдіміз бе? Кей кезде үйлердің кіреберістеріне жас жігіттер жиналып алып, спиртті ішімдік ішіп жатады, осындай жағдайда біз өз үйімізге кіруге қорқамыз. Пәтеріміз күндіз қараусыз қалса, мазасызданамыз.

Консъержілер институтын енгізу кездейсоқ жағдай емес. Полицияға  көмегін тигізуге ниет білдірген  азаматтар ішкі істер органдарына  тұрғылықты жері бойынша арыз береді. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге  азаматтарды қатыстыру туралы»  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 09 шілдедегі Заңына сәйкес азаматтардың арыздары бойынша ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексеріс жүргізіледі. Тексергеннен кейін қажетті құжаттар қолдаухатпен бірге Астана қаласының  Әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық бөліміне жіберіледі.Қоғамдық тәртіпті күзетуге азаматтарды қатыстыру -бақылау және қадағалау қызметтерімен  байланысты емес тәртіпті, оның нысандары  мен түрлерін белгілейді. Алдымызда қоғамдық тәртіпті ретке келтіру және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тұр.

Ақтау көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті атты әскерлер бақылайды.

Информация о работе Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар