Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 19:02, курсовая работа

Краткое описание

Ландшафты дизайн - қызметтің аса бір түрі, адамдардың тіршілігі үшін табиғи компоненттерді (жер бедері, су, өсімдіктер және т.б.) белсенді түрде пайдаланып, жасанды ортаны құрастырады. Ландшафты дизайнер территорияны көгалдандырады және аббатандырады. Ландшафт маманы бақтардың, парктердің, саябақтардың құрылымын, оларды әртүрлі декоротивті элементтермен, мүсіндермен, шамдармен, қоршаулармен, беседкалармен, көпіршелермен сәндеуде ұсыныс жасап, жалпылайды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................4 1 Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары.....................................................................................5
2 Елді мекендерді көгалдандырудың қысқаша тарихы.......................................18
3 Ландшафттық стильдер.......................................................................................21
4 Үй аумағы. Жобалау және шешімдерді қабылдау............................................25
5 Жасыл екпелерді орналастыру тәсілдері........................................................28
6 Көркем композициялардың заңдары мен элементтері...................................29
7 Әсем ағаш, бұталардың кеңістік композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы......................................................................................................31
8 Ағаштарды отырғызудың жалпы ережелері......................................................34
9 Аумақтың ландшафтық дизайны........................................................................37
10 Гүлзәр .............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................44

Вложенные файлы: 1 файл

ландшафты дизайн нұсқаулық 2015 - копия.doc

— 6.17 Мб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ландшафты дизайн

 

Тәжірибе сабақтарына арналған

әдістемелік нұсқаулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................4   1 Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары.....................................................................................5

2   Елді мекендерді көгалдандырудың қысқаша тарихы.......................................18

3   Ландшафттық  стильдер.......................................................................................21

4   Үй аумағы. Жобалау және  шешімдерді қабылдау............................................25

5   Жасыл екпелерді орналастыру  тәсілдері........................................................28

6   Көркем композициялардың  заңдары мен элементтері...................................29

7  Әсем ағаш, бұталардың кеңістік  композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы......................................................................................................31

8   Ағаштарды отырғызудың  жалпы ережелері......................................................34

9   Аумақтың ландшафтық дизайны........................................................................37

10  Гүлзәр .............................................................................................................39

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ландшафты дизайн -  қызметтің аса бір түрі,  адамдардың тіршілігі үшін табиғи компоненттерді (жер бедері, су, өсімдіктер және т.б.)  белсенді түрде пайдаланып, жасанды ортаны  құрастырады.    Ландшафты дизайнер территорияны көгалдандырады және аббатандырады. Ландшафт маманы бақтардың, парктердің, саябақтардың құрылымын, оларды әртүрлі декоротивті элементтермен, мүсіндермен, шамдармен, қоршаулармен, беседкалармен, көпіршелермен сәндеуде ұсыныс жасап, жалпылайды.

 Ландшафты архитектура – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Кейде «ландшафты дизайн» және «ландшафты архитектура» ұғымдары ұқсас, себебі дизайнер жасыл екпелер  мен архитектуралық құрылысытардың байланысын міндетті түрде ескереді, ал архитектор экстерьерлер мен интерьерлердің табиғи ортамен байланысуын ойластырады.

"Ландшафты  архитектура"  термині алғаш рет   100  жыл бұрын  алғашқы  ұлтттық парктерді ұйымдастыруға байланысты АҚШ пайда болды.  Еуропаға ол одан да кешірек келді. Алайда қазіргі таңда, заман талабына сай ландшафты дизайн мамандығы қажетті мамандықтың бірі болып табылады. Қазақстанда бұл мамандық жаңадан дамып келе жатыр.

  Ұсынылған әдістемелік нұсқаулық болашақ биология бакалаврларын ландшафты дизайн саласының сұрақтарын терең және жетік білуге, осы бағытта жекеменшік ісін ашуға және оны кәсіби жүргізуге көмегін тигізеді. Осы білім саласын игерген бакалаврлар көгалдандыруда, табиғатты қорғау мекемелерінде, декоративті гүлдер көшетжайларында, мәдени орман саябақ ландшафтарын жобалауда табысты жұмыс істей алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 1. Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары

Мақсаты: Жалпы көгалдандыру туралы түсінік беру. Қоршаған ортаны жақсартудағы ролін айту

Жоспар:

  1. Көгалдандыру туралы түсінік.
  2. Көгалдандырудың қоршаған ортаға әсері
  3. Көгалдандырудың адам психологиясына әсері
  4. Бақ және саябақ шаруашылығы

 

Әдістемелік нұсқаулық

Көгалдандыру – қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін Көгалдандыру жұмыстары мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ға кемиді, 35%-ға өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ға азаяды, ал 65%-ға өсірілсе, шаң 95%-ға кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны оттегімен байытады, шуды азайтып, мекенжайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқыл газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына қолайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, тағы басқа жатады. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетті су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан тұқымбақтардан алынады.

Үй маңын көгалдандыру жер бетіндегі  ең керемет «хобби»! Адамның болмысы әдемілікті сүйгендіктен, өз қолымен гүл, ағаш, бұталардан композициялар жасау арқылы эстетикалық  және психологиялық жақсы деген сезімдерге бөлене алады. Өсімдіктер әсемдігі кезеңдерге байланысты өзгере алу қасиеті, тұрақты архитектуралық құрылғылардан иісімен, түсімен, пішінімен өзгеше. Сондықтан біздің жанымызда басқаша ой мен сезімдер тудырады. Өмірде өзіміздің немесе басқа адамдардың кесірінен кері эмоциялар, тұрмыс қиындықтары, стресс, депрессия көп болады. Мұндай кезде өсімдіктерге күтім көрсету немесе оларды отырғызу жүргізілсе ой мен кері сезімдердерді бір сәтке ұмытып, мәселелерге басқаша қарауға көмектеседі. Өсімдіктің түсі, иісі, пішіні, нәзіктігі адамның оларға деген сезімін оятып, қуаныш әкеле алады.

Ал өсімдіктерден композициялар жасау өте қызық және іскерлікті талап етеді. Еліміздің ауытқымалы климатына сәйкес көгалдандыру ерекшеліктерін қарастырып, тәжрибеде ісіміз сәтті болу маңызды.

Бақ-саябақ өнері -  бақтарды, саябақтарды және басқа көгалдандырылатын территорияларды жасау өнері. Оған: саябақ және бақтарды жобалау мен жайластыру, әр түрлі топырақтарға және климаттарға сәйкес өсімдіктерді таңдау, архитектураға, жолдарға, ескерткіштерге, сутоғандарына сай өсімдіктерді топтастыру және орналастыру.

Бақ-саябақ өнері құли еленушілік құрылымы кезеңінде пайда болды. Ол кезде храмдар, сарайлар, усадьбалар сияқты құрылыстардың маңындағы саябақтарға ерекше мән берілді. Ежелгі Египетте бақтардың тек регулярлы түрде жобалайтын, өйткені өсімдіктерді суару үшін солай ыңғайлы болған. Ал, Ежелгі Грекияда бақтарында ең алғашқы рет әр түрлі рәсімдерге арналған коллонадалар және альтарлар, яғни скульптуралар және архитектуралық құрылыстар қойылды. Ежелгі римдік бақтарда қолдан жасалған су тоғандар және су бұрқақтар сияқты күрдерлі гидротехникалық құрылыстар пайдаланылды.

Ортағасырлардағы араб мемлекеттерінің регулярлы бақтары екі жартыдан – гүлдің (гюлистан) және жеміст (бустан) тұрған. Арабтармен жаулап алынған Пиреней түбегінде қамал ішіндегі аулаларда кішірек ерекше бақтар қалыптасты. Европалық бақтарға қарағанда Жапониядағы, Қытайдағы және Кореядағы бақтар мәңгілік табиғаттың жаңаруы идеясындағы пейзажды композиция принципінде жасалынды.

Тарихта регулярлы бақтың концепциясын қайта өрлеу заманында өмір сүрген италяндық Джакомо Виньоло атты архитектор дамытты. Саябақ құрылысы нағыз гүлдеу дәуірі барокко және әсіресе классицизм стильдері үстемдіктері кезеңдерімен байланысты. Осы уақытта саябақ құрылысының негізгі принциптері қалыптасты. XVI ғ. бақтары және  XVII-XVIII ғасырлардың регулярлы саябақтарында шпалер сияқты қабырғалары тегіс пішінде қырқылған екпелер фонында құрылыстар және ағаштар көрініп тұратын. Содан соң осылардың негізінде саябақтардың негізгі келесі түрлері пайда болды:

  • террасалы (баспалдақты, участоктердің әр түрлі деңгейлерде орналасуы).
  • регулярлы «француздық» (боскетті, аллеялы, партері бар, және геометриялық дұрыс формалы суқоймалы).
  • пейзажды «ағылшын» (ландшафтты; көгалы бар – табиғи ландшафтты сияқты әдемі композиция).
  • миниатюралық бақтар (испандық-мавритандық аулаларда; жапондық бақтар, яғни – судан, өсімдіктер және тастардан символикалық композициялар).

Орыстардың бақтары туралы мәліметтер XII ғ. жатқызылады. Бастапқыда бақтар княздардың усадьбаларында ғана орналасқан бірақ уақыт өте келе бақтар және саябақтар монастырларда, храмдардың айналасында, байлардың усадьбаларында жасала басталды. Бұл бақтарда балығы бар тоғандар болып екпелерге жеміс ағаштары (алмалар, алмұрттар, шиелер) таңдалынды.

 

 


 

 

 

 

Саябақ

Саябақ – демалу үшін жасалған көгалдандырылған ашық территория. Негізінде, саябақтарды мемлекет қолдап және барлық қалаған адамдарға арналып жасалынады.

Саябақ өнері Қытайда, Сучжоу қаласында пайда болып, сосын барокко заманында Францияға (регулярлы) көшкен. XIII ғ. романтизм толқыны кезінде пейзажды саябақ келді. Европада жалпыға қолжетімді қалалық саябақтар тек XIX ғ. басында ғана  пайда болды. Сондай саябақтардың алғашқысы болып Мюнхендегі Ағылшын саябағы.

Саябақтың түрлері:

    • Ағылшын саябағы (пейзажды саябақ)
    • Француз саябағы (регулярлы саябақ)

         Сонымен  қатар:

    • Табиғи саябақ
      • Ботаникалық саябақ
        • Дендросаябақ
      • Зоологиялық саябақ
      • Орманды саябақ
      • Ұлттық саябақ
      • Мәдениет және демалыс саябақ
        • Көңіл көтеру саябағы
        • Скульптуралар саябағы

 

Француз саябағының дәстүрі бар – параллельдік пен симметриялыққа (мұндай саябақтар сарайлар мен қамалдарда салынды) негізделген және кеш пайда болған композициялардың табиғилығына ұмтылатын ағылшын саябақтары.

Саябақтың элементтері: аллея, орындықтар, тоғандар, павильондар, жаппалар.

 

Атақты танымал саябақтар:

    • Москва қаласындағы Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағы.
    • Санкт Петербургтегі (Пушкин қаласы) Царский Селосындағы Александровский саябағы.
    • Нью-Йорктегі Орталық Саябақ.
    • Лондандағы Гайд-саябақ.
    • Әлемдегі ең ірі қалалық саябақтардың бірі – Мюнхендегі Ағылшын саябағы.
    • Бельведер (Вена)
    • Сан-Суси (Потсдам)
    • Тиргартен (Берлин)
    • Чапультепек (Мехико)
    • Тюильри (Париж)
    • Булон орманы (Париж)
    • Жазғы бақ (Санкт Петербург)
    • Павловский саябағы (Павловск)
    • Вигеланд скульптуралар саябағы (Осло)
    • Софиевка (Умань, Украйна)
    • Воронцовский саябағы (Алупка, Қырым авт.)
    • «Легенда» скульптуралық саябағы (Пенза обл.)

 

 

Нью-Йорктағы атақты Орталық саябақ

 

Мәдениет және демалыс саябақтары.

Қалалық саябақтың негізгі міндеті – келушілердің демалысын және тәрбиелік жұмысын қамтамасыз ету. Осы міндеттерге байланысты саябақтың жұмысы келесідей болады:

  1. Тәрбиелік жұмыс
  2. Жаппай дене-шынықтыру
  3. Мәдени-ағарту жұмысы
  4. Көркемдік жұмыс
  5. Сауықтыру жұмысы
  6. Саябақта көңіл көтеру
  7. Балалармен жұмыс
  8. Келушілерге тұрмыстық қызмет көрсету

 

 

Алматы қаласындағы Орталық Демалыс саябағы

 

Зерттеулердің арқасында мәдениет және демалыс саябақтардың іс-әрекетін қарастырғанда мұндай жерлерді тәуліктің бірінші жартысында негізінен қарт кісілер аралайды екен, оның үстіне осы келуші қарт кісілердің жартысы өздерімен бірге мектепке дейінгі жастағы балалармен кіретіні анықталған. Олар, саябақтан алыс емес жерлерде яғни, 15-20 минуттық уақыт ішінде жаяу немесе транспортта жететіндей аралықта өмір сүреді. Саябаққа таза ауамен демалу үшін, қалалық шудан тынығуға, су, гүлдерге, ағаштардың әдемі топтарына, бұталарға қарауға, орындыққа отырып кітап оқуға, шахмат ойнау үшін, көрмелерге қатысу үшін келеді.

Ал, сағат 15-тен кейін, мектеп оқушылары дене-шынықтыруға, спортпен айналысуға, ойындар ойнауға, өнерпаздықпен, техникалық және көркем шығармашылықпен шұғылдануға және де аттракциондар үшін келетін болып шыққан.

Кешке болса, саябаққа келушілердің басым бөлігі қаланың әр түрлі аудандарында тұратын орта жастағы және жас буын өкілдері келеді. Осылардың бір бөлігін саябақ, оларды әңгімелесу, дене-шынықтыру және спортпен айналысу, көңіл көтеру (билеу, эстрада, кино, аттракциондарымен) мүмкіндіктері қызықтыратын болса, көпшілігін кітапхана, тибиғатпен байланыс қызықтырады екен.

Қыста, бұл көріністер басқаша – негізгі келушілердің санын коньки тебушілер, шаңғымен, шанамен сырғанаушылар құрайды.

Сөйтіп, мәдениет және демалыс саябақтарында тыныштықта демалу үшін арналған серуендеу және тұрмыстық аумағы мен көңіл көтеру, көрсетілімдер, ойындар, дене-шынықтыру сауықтыру территориялары бар белсенді демалыс аумақтары болуы керек.

Саябақтың жаңадан салу немесе жұмыс істеп тұрған саябақты реконструкциялауды жобалаудың мақсаты, қаланың архитектуралық-көркемдік және гигиеналық жағдайына қарап констрастылы қылып жасау. Оны жасау үшін әр түрлі сұлбалар бар, ол қаланың басты жобадағы осы участоктің орналасуына және табиғи жағдайына байланысты таңдалады. Табиғи кешендегі бір-біріне үйлестіріліп жасалған тынышытық, ашық және көлеңкеленген кеңістіктердің кезектесуі, су бұрқақтардың бұрқағы мен көлшіктердің бейнесі, түсті гүлдер, гүлзәр фонындағы ағаштар мен бұталар топтарының әсемдігі келушілердің жүйке жүйесіне әсер етіп, көңіл күйін жақсартады.

Информация о работе Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары