Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 19:02, курсовая работа
Ландшафты дизайн - қызметтің аса бір түрі, адамдардың тіршілігі үшін табиғи компоненттерді (жер бедері, су, өсімдіктер және т.б.) белсенді түрде пайдаланып, жасанды ортаны құрастырады. Ландшафты дизайнер территорияны көгалдандырады және аббатандырады. Ландшафт маманы бақтардың, парктердің, саябақтардың құрылымын, оларды әртүрлі декоротивті элементтермен, мүсіндермен, шамдармен, қоршаулармен, беседкалармен, көпіршелермен сәндеуде ұсыныс жасап, жалпылайды.
Кіріспе.......................................................................................................................4 1 Елді мекенді көгалдандыру және оның қала құрудағы орны – қоршаған ортаны жақсарту мақсаттары.....................................................................................5
2 Елді мекендерді көгалдандырудың қысқаша тарихы.......................................18
3 Ландшафттық стильдер.......................................................................................21
4 Үй аумағы. Жобалау және шешімдерді қабылдау............................................25
5 Жасыл екпелерді орналастыру тәсілдері........................................................28
6 Көркем композициялардың заңдары мен элементтері...................................29
7 Әсем ағаш, бұталардың кеңістік композициясының элементтері ретінде пайдаланылуы......................................................................................................31
8 Ағаштарды отырғызудың жалпы ережелері......................................................34
9 Аумақтың ландшафтық дизайны........................................................................37
10 Гүлзәр .............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................44
Осындай жағдайды, жасау үшін саябақтың құрылысы архитектурасы және сипаттамасына белгілі бір талаптарды тағайындайды. Саябақта «қалалық» типтегі – көлемі үлкен мәдениет сарайларының, клубтардың, театрлардың болмауы керек.
Аллея
Аллея (француз сөзі alle, aller – жүру) – кейде бұталармен үйлесімде болатын екі жағы ағаштармен отырғызылған жол, жүргінші немесе жаяу адамдар жолы (негізінде саябақта, бақта, жиі олардан тыс территорияда).
Аллеяның түрлері – түзу регулярлыда және қисық сызықты болып пейзажды саябақтар мен бақтарда архитектуралық ойға байланысты болады, олардың жасалулары: екі қатарлы және көп қатарлы, бір қабаттылы және көп қабаттылы, бөліп тұратын жолақты, аркалы (пергола түрінде), тірі қорғанды және тағы басқа пішіндерде.
Ағаштар мен бұталар табиғи өскен немесе пішінделген түрінде болуы мүмкін. Аллеяларға ұзақ жасайтын, өсу талаптарының қолайсыз жағдайларына төзімді жинақы бөрік басы бар ағаштарды қолданады, мысалы: қылқандылардан – балқарағай, шырша, майқарағай, сауыр ағашын, және басқаларын, жапырақтылардан – жөке, емен, шегіршін, қайың, шынар, қармала, үйеңкілерді.
Орташа қатар ішінде 5м болса, ал қатарлар арасы 10м болып бөрік бастарының пішіндері мен көлеміне қарай өзгертіледі.
Аллея
Аллеяның функциялары сонау Ежелгі Римнен бастап қалыптасқан:
Аллея құрылысы принциптерін римдіктер жағалау территориясын бекіту үшін қазіргі Венеция жерінде, ал Нидерландыда Корбулон каналының құрылысында қолданады.
Бульвар
Бульвар (француздың boulevard, немістің bollwerk – қорғану үшін топырақтан жасалған қорған түрінде үйілген үймек) – серуендеуге арналған өзендер, теңіздер жағалауларындағы, көше бойындағы (көбіне ортада) жасыл екпелер жолағы немесе аллея. Бульварлар сонымен қатар жаяу адамдардың жүруіне, олардың қысқа уақытқа демалуын қамтамасыз етіп тротуарлар мен ғимараттарды шудан және шаңнан қорғайды. Бульварларға ескерткіштерді және скульптураларды, су бұрқақтарды, спорттық және балалар алаңшаларын, кафе мен сауда дүңгіршіктерін орналастырады.
Россия, Ярославль қаласындағы Ленин көшесіндегі Бульвар
Бульвар (ортаголландық мағынадан алғанда топырақ үйіндісі, бастион) фортификацияда – топырақтан жасалған тұтас бекініс, оны ХІ ғ. қамалдарды қоршау кезінде пайдаланған.
Ең алғаш бульварды 1428 ж. ағылшындар Орлеанды қоршау кезінде қолданды. Сол кезде бульварлар блиндаждардың саңылауларынан атылатын үш зеңбіректен тұратын бұрыштары шеңберленіп келген шығыңқы орны бар квадратты редут болатын. Кейіннен «бульвар» атауы қамалдардың топырақ үйінділерінің желісіне ауысты. ХІ және ХІІ ғғ. Францияда ортағасырлық барбаконды ауыстыратын қала дуалынан тыс жерде орналастырылатын фортификационды құрылысты белгіледі.
Ол бастапқыда қарсыластар артиллериясынан қорғау үшін қызмет атқаратын, соңынан тасты дуалмен қалқаланатын топырақ шымымен салынатын. Бульвар бас қамалмен дуалдармен жиі байланыстырылатын.
Бульвар атауы бұрынғы қамалдардағы топырақ үйінділерінде орналастырылған, серуендеуге қызмет атқаратын ағаштармен отырғызылған аллеялар ретінде сақталынып қалды.
Астана қаласындағы Бәйтеректен қарағандағы Нұржолы бульварының көрінісі
Нұржолы бульвары (бұрынғы Сулы-Көкті бульвар) – Есілдің сол жағалауында Астананың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаяу жүргіншілер аймағы бар құрылыс. Бұл бульвар еліміздің және қаламыздың ең негізгі көз тартарлық орны үшін жасалынып және соған айналды. Бульвар президенттің Ақ-Орда Резиденциясынан бастау алып Хан-Шатыр сауда-көңіл көтеру орталығына дейін жалғасады. Осы бульвар қаланың жаңа бөлігінің бас жоспары секілді Кисе Кураковамен жобаланған.
Сквер
Сквер (ағылшынның Square – алаң) – тұрғын жерлердің немесе өндірістік құрылыс салуларының ішіндегі абаттандырылған және көгалдандырылған территория. Ол 0,15-2 га көлеміндегі қаланың көгалдандырылу нысанының участогі. Негізінде, алаңдарда, көше қиылыстарырда болмаса, кварталдар участоктерінің көшеге жалғасатын жерлерінде орналасады. Оның жобалануы жүргінші жолдарынан, гүлзардан, гүлтестелерден, алаңқайлардан, ағаштардың, бұталардың жекелеген топтарынан тұрады. Ол, жаяу жүргінші адамдардың қысқа уақытқа демалысы үшін, архитектуралық ансамбльдерді көркем безендіру үшін жасалады
Сквер
Бақылау сұрақтары:
Тақырып 2. Елді мекендерді көгалдандырудың қысқаша тарихы
Мақсаты: Елді мекендерді көгалдандырудың тарихымен таныстыру, ежелгі қалаларда қолданған көгалдандырудың түрлерін айту.
Жоспар:
Әдістемелік нұсқаулық
Антикалық кезеңде көгалдандыру шығыс елдерінде кең және тез дами бастайды. Ұлы Бабылдың «салбыраңқы» бақтарының әсемдігі біздің заманымызда да таң қалдырады. Ол төрт сатылы террасадан жасалып, тіреулері мықты колонналар болды. Көгалдандыруда керемет, сирек кездесетін өсімдіктер (пальма, кипарис, жемісті ағаштар, гүлдер т.б.) қолданылды. Құстар мен жануарлардың болуы да бұл баққа өз сәнін енгізіп, «жұмақ» бағының атағын алғаны сөзсіз.
Ескендір Зұлқарнайын көп елді бағындырып қана қойған жоқ, сонымен қатар басқа елдердің салт- дәстүрін, көгалдандыру ерекшеліктерін де ала келген. Оған шығыстың зәулім сарай ішіндегі бақтар қатты ұнаған. Сөйтіп Грецияның қоғамдық ғимараттарында төрт бұрышты, колонналармен қоршалған, мәрмәр төсеніші бар ішкі алаңдар пайда бола бастады. Өсімдіктер ыдыстарда егіліп, ішкі алаңда орналастырылған.
Римдіктер эллиндік мәдениетті ұстанып, мұндай алаңдарды «атриум» немесе «атрий» деп атап, оған бассейн қосты. Ол жерді неше түрлі скульптуралармен әсемдеді.
1 сурет. Жоғарыда: қазіргі заманғы «Салбыраңқы Бағы» - Жапония, Фукуока, ACROS көпфункционалды бизнес-центрі. Сол жақта: атақты вавилондық бақтың компьютерден қайта қалпына келтірілген үлгісі. Оң жақта: болжамды «Салбыраңқы Бағы» ежелгі үйінділері. (фото RMNT.RU сайтынан алынған)
Испанияда екі ағымның түйіскен жерінде, яғни Еуропа мен Арабия мәдениетінен испандық мавритандық патио бағы пайда болды. Бассейні бар алаңға қырқылған мәңгі жасыл самшит сияқты өсімдіктердің қырқылған пішіндері әсемдей түсті. Бассейн жаны тас галькамен төселді. Ақ түсті қабырға фонында мәңгі жасыл туя, самшит, кипаристерден тұратын топтар ерекше әсер беруі үшін мұқият таңдалды. Бұл үй немесе ғимарат көгалдандыруының ерекшелігі үймен есік алды бірдей болғандықтан қайда жүргенің байқала бермейтін.
Патио бағы жай демалу үшін таптырмайтын жер болған. Бізге дейін сақталған Испаниядағы маврлар билік еткен заманнан қалған Альгамбра және Генералифе ішкі бақтар өзінің әсемдігімен естен тандырады. Мәрмәр төсеніш, бассейн айналары, фонтандар, коланнадалар, аркалар, топиорлық қырқу, мүсіндер пішіндерінің өлшемдерімен, үйлесімділігімен таң қалдырады.
Патио ішкі алаңдары біздің Азия елдерінде де кең таралған. Әсіресе оңтүстік Қазақстанда суы бар жабық бақ (хауыз) бар.
Жапондық бонсай бағы өте кішкентай пішіндерімен, тастардың орналасуымен әр адамды толқыта алады.
Орта ғасырда діни фанатизм көзқарастардың болуынан әсемдікке мән берілмеді. Көбіне емдік шөптесін өсімдіктер өсірілді.
Қайта туу заманында тартымсыз, ірі, сұр ортаның орнына үлкен, кең террасалар пайда бола бастады. Негізгі көркемдік көрсеткіш бақтың зоналарға бөлінуі болды. Аллеялар, алаңдар қолданылып, үй мен бақтың қызметтік байланысын дамыта түсті.
Барокко кезінде диагональді аллеялар, фонтандарда күрделі мүсіндер пайда болып, көгалдандыру күрделенді. Ол өз кезегінде есік алдында пирамидалар, скиттер, үйінділерден композицияның көрініс ретінде болуын мүлдем жоқ етті.
Осындай күрделі және әр түрлі кезеңдерден өткен бұл сала тек қана ағылшын ландшафттық стиль кезінде адамның табиғатқа деген көзқарасы дұрысталды. Ал бұл стиль табиғаттан әсер алатын. Өткен ғасырдың ең кемелді бақ түрі болып есептелген бұл стильді қазіргі заманда бізде қолданамыз.
Әрине қазіргі заман үйлері көп қабаттылары да кездесетіндіктен көгалдандыру икемделіп қолданылады. Сонымен қатар селекция арқылы өсімдіктердің алуан түрі шығып, барлық талаптарды орындай алуға мүмкіншілік берді. Жаңа материалдардың пайда болуы төсеніштер түрін байыта түсті. Адамдардың эстетикалық талаптарын қанағаттандыру үшін (ойнау, жүгіру, жатып дем алу сияқты) кең, тұрақты гүлзәрлар жасай алу мүмкіндіктері туды т.б..
Бақылау сұрақтары:
Тақырып 3. Ландшафттық стильдер
Мақсаты: Ландшафттық стильдер туралы түсінік беру, әр стильдің ерекшелігімен таныстыру.
Жоспар:
Әдістемелік нұсқаулық
Ландшафттық стильдер (жапон бағы, ағылшын, француз бақтары және т. б.)
Сан алуан ландшафттық стильдер қоршаған ортаның тиісті түрдегі қайталанбас аурасын қалыптастырады. Шығыс мәнеріндегі пайымдаушылық пен сабырлылық, француздық нәзіктік пен әсемдік, босаңсушылық пен жеңілдік, ағылшындық табиғилық пен қарапайымдылық - ландшафттық стильді дұрыс таңдау ең жайлы жағдайда тынығуға мүмкіндік береді.
Іс жүзінде неғұрлым жиі қолданылатын ландшафттық стильдерді қарастырып көрейік:
Француздық (классикалық, тұрақты) ландшафттық стиль. Реттілік, қатаңдық, салтанаттылық, жасандылық. Француз бағының ландшафттық стилі геометриялық жағынан дұрыс әрі қатаң түрде симметриялы етіп түзілген жоспарланумен ерекшеленеді. Француз стилінің басты идеясы реттілік болып табылады. Учаскені безендірудегі басымдық сипат болып, әдеттегідей, барлық қалған безендіру байланысты болып келетін ғимарат саналады. Ерекшелікті элемент болып партерлік көгал және жан-жағы ұқыпты етіп кесілген бұталар мен ағаштар болып табылады. Топырақ немесе ірі құм себілген түп-түзу және тегіс етіліп төселген кішкене жолдардың қиылыстарында су бұрқақтары мен мүсіндерді орнатып қояды. Су айдындары сол сияқты нақты геометриялық пішіндерге ие болады.
Ағылшындық (пейзаждық, табиғаттық) ландшафттық стиль. Табиғилық, еркіндік, байсалдылық. Ағылшындық ландшафттық стильдің негізгі белгісі оның табиғатпен жанды түрдегі байланысы болып табылады. Ландшафттың элементтері табиғи әрі еркін орналасқан. Тура сызықтық, симметриялық сипаттар жоққа шығарылады. Басымдық желектің артына жасырынған үй емес, керісінше қалқымалы жағалау желісі бар айдын болып табылады. Табиғи материалдан жасалған ирек шағын жолдардың бойына орманға еніп бара жатқан соқпақтардың бейнесін келтіру үшін аласа бұталарды егеді. Ағылшындық бақтың міндетті болып саналатын ерекшелігі тегіс емес, толқынды жер бедері болып табылады. Ағылшындық бақта гүлдер аз болады, негізінен бұл аталған климаттық өңірдегі мейлінше кең тараған өсімдіктер – түймедақтар, қырмызы гүл, дала гүлдері, бұған қоса оларды клумбаларда емес, керісінше әдемі шоғырлармен орналастырады.
Шығыстық (мавритандық, мұсылмандық) ландшафттық стиль. Су, салқын сабат, тыныштық, жасыл жазира. Мавритандық ландшафттық стильде басым сипат міндетті түрде су көзі – су бұрқағы, су айдыны болып табылады. Одан төрт түтікпен жылғалар тарайды, олар учаскені 4 шаршыға бөледі, осы жылғалардың дәл ортасында су көзі орналасады. Егер бақтың аумағы үлкен болып келсе, онда бұл шаршылар да өз кезегінде шаршыларға бөлінеді. Өсімдіктер еркін отырғызылады. Негізінен бұлар хош иісі аңқыған шөптер мен сан алуан гүлдер болып келеді. Мавритандық бақта өсімдіктерді қырқу болмайды.