Еуразия сауда орталығының дизайны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 11:09, дипломная работа

Краткое описание

сауда орталығы дизайны туралы

Вложенные файлы: 1 файл

евразия.docx

— 450.94 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Жоспар

 

 

 

1. КІРІСПЕ __________________________________________________ 3 бет

 

 

 

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2. 1  Дизайн туралы түсінік_____________________________________4 бет

 

2. 2  Еліміздегі дизайн тарихы__________________________________ 5 бет                                                                                   

 

2. 3  Сәулет өнері______________________________________________ 8 бет

 

  1. 4 Сауда индустриясы _____________________________________ 19 бет

 

2. 5  Қазақстандағы сауда-сауық индустриясының даму жолдары_ 22 бет

 

2. 6  «Еуразия» сауда орталығы________________________________ 31 бет

 

2. 7  3D модельдеу ___________________________________________ 32 бет

 

 

3. ҚОРЫТЫНДЫ ___________________________________________ 35 бет

 

 

4. Пайдаланылған деректер__________________________________ 36 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1. КІРІСПЕ 

 

Өнер  әлемі шексіз. Адам баласы өнер әлеміне сеніммен енуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен бастап, мыңдаған жылдар бойы адам қолымен жасалынған көркем шығарма қазыналарымен толық байланыста болуы қажет. Бейнелеу өнері адамды, қоршаған айнала шындығын, табиғатты айнытпай суреттеу іс-әрекетімен оқшауланады.

 Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі Қазақстандағы сауда орталықтарының сәулеттік дизайны және сапасы туралы болмақ.

          Дизайн туралы көп нәрсе айтылып,  жазылып жатырғанмен, дизайн табиғаты  жайында ортақ көзқарас қалыптасқан  жоқ. Мәселе «дизайн» деген  сөздің өзі көбінесе қолөнер  шеберлерінің өндірістегі қызметі,  дәлірек айтқанда қызмет нәтижесі, кейбір жағдайда жалпы түрде  алынған қызметті үйымдастыру  саласы деп түсінілетіндігінде. Бірақ, кейбір жағдайда «дизайн»  өндіріс мәселелерін шешу жолындағы  шебердің қызметі саласынан шығып,  кең түрде түсіндіріледі. 

Дизайнның түрлі көріністерін қарастыра отырып, дизайн тәжірибелік қолдануы тұрақты  түрде кеңейіп отырғанын көреміз, оның саласына көрмелік дизайн, полиграфиялық  дизайн, елімізде белең алып келе жатырған ландшафтты дизайн, дизайн қызметінің көп бөлігін қамтитын заттай емес дизайн кірді. Соңғы жылдары компьютерлік дизайн жеке шығармашылық ретінде бөлініп  шықты. Сонымен, көптен бері кәсіптік өнімдерді  жобалау дизайнердің жалғыз да, тіпті  басты да қызметі емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

 

       2. 1 Дизайн туралы түсінік

 

 

       Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау,торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.

        Графикалық дизайн. Дизайнның екінші бір түрі ақпаратты көзбен, басқа да көру құралдарымен көріп, түйсінумен байланысты. Бұл қаладағы және көлік жолдарындағы, сондай-ақ барлық графикалық дизайн деген түсініктерді біріктіретін плакаттар шығару, журнал, кітап пен газет өнімдері, тегіс қабырғалар мен ғимараттардың қас бетіне салынған «суперграфика» телехабарлардағы графикалық қондырғылар, дүкендер мен көрмелерді көркемдеу, көрнекті үгіт фирмалық стильдерде қолданылады. Бұл көріністік стильдерде жобалаудағы шешімдердің сезімдік табиғатын көрстеіп, ойға да қиял-ерік беріліп, кейде көркемдеу дизайнында ойнақы әзіл көріністер де байқалып отырады. Онда суретшілер нақты кеңістіктен бөлек бір сәттік немесе ұзақ есте қалатын сезімдік ахуал жасауға тырысады. Кеңістікпен ойнап, оны түрлендірудің тағы бір тәсілі – графика, «суперграфика» мен сұңғат өнері құралдарын қатыстырып жасалады. Жалтырақ айна беттерін пайдалануды да осылардың қатарына жатқызуға болады. Осы саладағы тағы бір бағыт нақты көлем негізінде жасалады. Басқаша айтқанда, ауқымдық кеңістік шешімдерге сүйенеді. Мысалға айнадай жарқыраған биік үйлердің қабырғалары көрші ғимараттарды, болмаса бұлт жүзген аспанның көрінісін өзіне тартып, кей жағдайда көрінбей кетсе, кей жағдайда қоршаған ортаның көз тартар белгісіне айналады.

 

 

 

      2. 2 Еліміздің дизайн тарихы 

 

       

        Қазақстан өнер туындыларына және әйгілі өнер қайраткерлеріне бай ел. Қазақ топырағы өнердің өркен жаюына құнарлы болғандықтан, еліміз өзінің мәдени туындыларымен әлемге танымал. Әсіресе біз әңгіме еткелі отырған дизайн өнерінің өрісі көңіл қуантады.

        Дизайн дегеніміз не? Бұл ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер бар. Бір ғалымдар жоба, біреулері сурет, тағы бірі нобай дейді. Біздің ойымызша ол – әсемдік заңына, эргономика және бионика заңдарына негізделіп, формаларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философиясы. Дизайнның тарихы XІX ғасырдың ортасында Лондондағы Дж. Пэкстонның арнайы салған шыны ғимаратында өткен І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған көрмеден басталды. Осы тұста атақты Джон Рескин мен Уильям Морристің дизайнға арналған ғылыми теориялық және тәжірибелік еңбектері де жарық көрді. Сонымен қатар 1907 жылы дүниежүзінің жартысынан көбін электр кұралдарымен қамтамасыз ететін Германия Электр ассоциациясы шығаратын заттардың әрленуіне бас-көз болу үшін әйгілі қолөнер шебері, сәулетші Питер Бернс директор болып тағайындалып, бірінші дизайн маманы және мамандығы пайда болды десек, біздің тұжырымның негізі дұрыс болады. Содан кейін 1918 жылы Германияның әсем өнер қаласы Веймарда атақты “Баухауз” атты дизайнерлер жоғары мектебі ашылғаннан кейін дизайнерлік білім кең өріс алды.

         Бірақ, осы өнердің тарихын дүние жүзін елеңдеткен белгілі бір кезеңдермен ғана сабақтастырсақ, тағы қателесуіміз мүмкін. Себебі, әлемдегі өнер майталмандарының туындылары, өнер ағымдарының даму тарихы және синтезделген өнер саласындағы шығармалар әлі де бір ізге түскен жоқ. Ал енді бәрін айт та, бірін айт дегендей, әңгіме сарынын Қазақстан дизайнына бұрайық.

         Біздің ел топырағына дизайнның келіп, әрі қарай дамуына себепші болған Тимур Бимашұлы Сүлейменов есімді азамат. 1981 жылы Қазақстан түгілі жалпы КСРО-да дизайн деген сөз ілуде бір естіліп жүргенде, Қазақ елінде Тимур Бимашұлы алғашқы болып дизайн шеберханасын ұйымдастырды. Кейінірек, бұл шеберханасын Қазақстан Суретшілер одағының жанынан ұйымдастырып, оны өзі басқарды. Тимур Сүлейменовтің бастамасымен 1987 жылы Дизайнерлер одағының құрылғаны белгілі. Елімізге елеулі азамат күні бүгінге дейін қатарында 400-ден астам дизайн майталмандары бар ұжымды басқарып келеді.

          Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған соң елді ел ететін рәміздер мен белгілердің керек екендігі айдан анық болды. Сондықтан Қазақстан Дизайнерлер одағы осы іске кірісіп кетті. Одақта арнаулы топ құрылып, егемен елдің алғашқы теңгесінің макетін өмірге әкелді. Бұл жерде теңге тек ақша ретінде ғана емес, Қазақстанның рухани және материалды байлығының келбеті екені еске алына отырып жасалды. Алғашқы теңгенің дизайнын жасауда тарихи деректермен толықтыру, ұлттық нақышта әрлендіру және тарихи түлғалардың бейнесін қолдану жөн деп табылды. Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Қазақстан Дизайнерлер одағының өкілдері Астана, Алматы, Талдықорған, Ақтау, Мәскеу және тағы басқа қалалардың сәулет дизайнының көркеюіне белсене қатысып, Қазақ елінің таңдаулы және маңызды тұлғаларының ескерткіштерінің сәулет дизайндарын жасады. Аңырақай шайқасында ерлік көрсеткен батырларға арналған ескерткішті, Астана қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалдық кешенін, Мәскеу қаласындағы Абайға арналған монументті, Желтоқсан оқиғасына арналған Алматы қаласындағы “Тәуелсіздік таңы” монументін, Талдықорған қаласының орталық алаңын жасап, Ақтау қаласының орталық алаңының сәулет дизайнын жобалауда Қазақстан Дизайнерлер одағы өкілдерінің еңбегі зор.

         

         Жақында Қазақстан Дизайнерлер одағына 20 жыл толады. Бұл шығармашылық ұйым тек қана күнделікті әрлеу істерімен шұғылданып қоймай, шығармашылық жағынан да орасан зор биікке көтерілуде. Осы жылдың 9-16 тамыз аралығында Қазақстан қолданбалы өнерінің қара шаңырағы Ә. Қастеев атындағы ұлттық өнер мұражайында мерейтойға арналған фестиваль басталып, оның алғашқы кезеңі өтті. Онда Алматы қаласы Дизайнерлер одағы мен еліміздің барлық қалаларының дизайнерлері өз шығармашылық туындыларын халыққа паш етті. Сәулет дизайны, киім дизайны, өнеркәсіп дизайны және дизайнның басқа да түрлерінің туындылары көрсетілді. Бұл көрмеде халықаралық дизайн көрмелерінде көзге түскен авторлар өздерінің жобаларын ұсынды. Соңынан фестиваль тізгіні облыс дизайн бөлімшелеріне берілді. Үстіміздегі жылдың қараша айына дейін осы фестиваль кең байтақ еліміздің бар облыстарында және қалаларында өтеді. Оның соңы қараша айында ретроспективалы дизайн көрмесімен аяқталады. Бағдарламада дизайн өнерлерінің көрмесін, сән туындыларының шығармаларын, ғылыми теориялық және әдістемелік басқосу шараларын өткізу жоспарланған.

         Қазақстанда дизайнерлерді дайындау мәселесі жақсы жолға қойылған. Қазіргі таңда бұл саладағы сапалы, жоғары білімді мамандарды негізінен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Көкшетау университеті, “Сымбат” сән академиясы, Алматы технология және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттері дайындайды. Заман талабына сай мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, “Дизайн бакалавры”, “Дизайн магистрі” мамандықтары бойынша халықаралық дәрежедегі мамандар дайындалады.

Республика  Дизайнерлер одағының алдында тұрған ең бірінші міндет – “Қазақстан Республикасының мемлекеттік келбеті” атты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру. Дүниежүзінің дамыған 50 елінің қатарына қосылу талабына сәйкес, біздің мамандар алдында үлкен істер жетерлік. Елімізді көркейтуге  Қазақстан Дизайнерлер одағының өз үлесін қосуына барлық жағдай жасалған. Қалалардың, аймақтардың келбеті әлемнің дамыған елдерінің келбетінен кем болмай, өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленіп тұруы үшін кемеліне жеткен Қазақстан дизайнерлері ортақ іске бар күшін салады.

2. 3 Сәулет өнері

 

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты  жобалау, салу, оған көркемдік бейне  беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген  мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын  қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді  атқаруға арналған және адамның эстетикалық  талғамына жауап бере алатындай  болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. 
Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы        Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.

Қазақ архитектурасы, Қазақ сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат  беру өнерінің ұлттық саласы. Материалдық  игілікті жасаудың басты саласы ретінде  Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика  дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен  жарақтануына, оны жасаушылардың  дүниетанымдық-эстет. талғамына тығыз  байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан  аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңт. Қазақстан өңірін адамдар  шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай  кеңейді. Қазақстан жерінде құрылыс  салу жоғары палеолит дәуірінде пайда  болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып  өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен  алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен  жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы  тұрақтары) іздері сақталып қалған. Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек  бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (екідың ғимараттары). Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м-ге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған обл-ндағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған.

        Неғұрлым кейінгі дәуірдегі кешендер тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалды, кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен (Беғазы, Қарағанды облысы) жабылды. Тегіскен мазарларының композицияларында (б.з.б. 9 – 6 ғасырлар, Қызылорда облысы) сыртқы қабырғалардың шаршылары оларға кірігіп тұрған дөңгелек камералармен (шикі кірпіштен тұрғызылған), сырықтармен жабылған шатырмен үйлесіп тұр. Б.з.б. 4 ғасырларда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ, оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды. Бұлар негізінен сақ тайпалары көсемдерінің мазарларында (Баланды-2 кешені, Қызылорда облысы) тұрғызылған. Қола дәуіріндегі қабір үсті құрылыстары пішіндерінің композициясы мемориалдық және басқа құрылыстардың пішінін қалыптастыру үшін үлгі болған космогониялық түсініктердің белгілі бір жүйесі екенін дәлелдейді. Олардың жекелеген шарттары Қазақстанның кейінгі дәуірдегі ғұрыптық архитектурасының негізіне айналды.

Информация о работе Еуразия сауда орталығының дизайны