Еуразия сауда орталығының дизайны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 11:09, дипломная работа

Краткое описание

сауда орталығы дизайны туралы

Вложенные файлы: 1 файл

евразия.docx

— 450.94 Кб (Скачать файл)

   «Хан  Шатыр» сауда, ойын-сауық кешені

    Сыртқы  жабыны қыстың сырқыраған аязы  мен жаздың аптап ыстығына  шыдайтын материалдан жасалған, күн сәулесі еркін өтеді. Ғимарат  ішінде тропикалық бақ, сарқырамалар, жасанды өзендер мен көлдер, құмды  жағалау бар. Осыдан бөлек сауда  нүктелері, балаларға арналған  ойын алаңдары, мейрамханалар, фитнес  орталықтары, кинозалдар яғни  қалалықтардың демалуына қажеттінің  бәрі табылады. Енді қыс мезгілінде  ат басын елордаға тіреген  туристерге «Хан Шатыр» таптырмайтын  орталыққа айналады. Өйткені, кешен  ішінде жыл он екі ай бойы  жаз мезгілі болып тұрады. Демек,  қыс мезгілінде орын алатын  қатты аяздар қыдырушыларға зардабын  тигізе алмайтын болады. «Хан  Шатыр» – халықтың әлеуметтік  қажеттілігіне орай дүниеге келген  жоба. Яғни, көзделген мақсат –  қаланың өсіп гүлденуі ғана  емес, ондағы халықтың әлеуметтік  өмірінің оңалуына да үлес  қосу болып табылады.

    «Хан  Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр.

    Шатырдың  ішінде бірнеше деңгейде көптеген  дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар  және спорт кешені орналасқан.

    Астананың  температурасы жазда +30 градустан  қыста -30 градусқа дейін төмендейтіндігіне  қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық  белдеу сақталып, оның ішінде  жаз кезіндегідей тұрақты температура  қамтамасыз етіледі. Сәулетшілер  толқынды бассейн, өзенше және  сарқыраманы да ойластырған.Шатыр  құрылысы төрт жылға созылды,  оның бастапқы жобасының құны 200 млн. долларды құрады. Бұл көрнекті  орынның ашылуы туралы хабарлай  отырып, Америка дауысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі шатыр пішіндес ең биік ғимараттың бірі «Хан Шатыр» жаңа сауда ойын-сауық кешенін салтанатты түрде ашқанына назар аударған. Кешен гольф пен су аттракциондары үшін шағын алаңқайлармен жабдықталған. «Хан Шатыр» кешенін салуда британдық сәулет фирмасы жоспарлаған арнайы 150 метрлік көлбеу құрастырмалар орнатылған. Сондай-ақ оның күн сәулесін өткізетін мөлдір жабыны қазақстандық климаттың қандай күшті аяздарынан да қорғайды.

    Табаны  дөңгелек пішіндес алып ғимарат  жоғарылаған сайын сүйірленіп  барып тұйықталады. Жоғарыдағы  сүйір қадасымен қоса есептегенде,  «Хан Шатырдың» биіктігі 150 метр. Бірегей ғимараттың сәулетшісі - ағылшындық Норман Фостер. Атақты сәулетшінің Астанада бірнеше қолтаңбасы бар. Бейбітшілік және келісім сарайының авторы да Норман Фостер.

     «Хан шатыры» құрылысының төрт  жылға созылып, ақыры Астананың  12 жылдығы қарсаңында ашылды. Пиротехникалық  мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану  үшін «Хан шатыры» салтанатты  түрде түнде ашылды. Оған Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге  бірқатар шетел мемлекет басшылары  да қатысты. 

    «Хан  Шатыр» кешенінің ашылу салтанатына  қатысушыларға арнайы қойылымдар  көрсетілді.    «Хан Шатырдың»  ашылу салтанатына биыл әлемге  танымал атақты опера әншісі, италиялық Андреа Бочелли келді. Андреа Бочеллидің концертінен кейін «Хан Шатыр» кешені ресми түрде ашылды деп жарияланып, мемлекет басшысы және құрметті қонақтар оның ішін тамашалауға асықты. Жеті қабаттан тұратын кешеннің жалпы аумағы 133 мың шаршы метр. Ең жоғарғы қабатында 2 олимпиадалық бассейн мен жағажай орналасқан. Тереңдігі 160 см бассейннің жағалауында төселген құм шетелден әкелініпті.  Оның ішінде, әсіресе көшпелілер өркениетін көрсетуге көп мән берілді. Бұл жердегі көріністерден кең-байтақ қазақ мемлекеті білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғалғандығын байқау қиын емес. Қазір осы ұлан-ғайыр жер көк байрағы желбіреген еркін елге айналып отыр.

 

      2. 6 «Еуразия» сауда орталығы

 

      «Еуразия» сауда орталығының архитектуралық дизайны «жасыл» концепция бағытында құрастырылған. Демалыс орындарын ұйымдастыруға ыңғайлы ашық кеңістіктер және жасыл желек отырғызатын орындар кешеннің жалпы келбетін толықтыруымен қатар эстетикалық және экономикалық жағынан тиімді.

      Ғимарат минимализм стилінде жобаланған. Оның төбесіндегі әйнек күмбездер интерьерде табиғи жарықтың неғұрлым көп түсуіне себепкер болады.

 

      

 

      

 

       2. 7   3D модельдеу

 

      

       3 қатпарлы, яғни 3D, анимация және моделдеу соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, кең ауқымды қолданысқа түсті. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино, мультипликация, рекламалық роликтер дайындау, ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген тағы басқа салаларда қолданылады. Үш қатпарлы моделдеу мен анимацияны түрлі этаптарға бөліп қарастыруға болады. 
       3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т.б.) құралғанын байқайсыз. Міне 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни «аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру».  
      Қиын фигураларды жасау үшін оны нүктелеп құрастыру мүмкін емеске жақын іс. Сондықтан қазіргі уақытта 3D модельдеу үшін түрлі бағдарламалар пайдаланылады. Олар біздің жұмысымызды жеңілдету үшін, майда жұмыстарды автоматты түрде жасайды, тіпті кейбір бағдарламалар аса қиын функцияларды да іске асыра алады. 
       Енді сол бағдарламаларда жұмыс қалай жүретінін қарастырайық. Ол жұмысты мынадай бөліктерге бөлуге болады: 
      1) Моделлинг – бұл ең алғашқы этап және ең негізгі деп айтсақ та болады, себебі мұнда бүкіл фигуралар детальизация жасалады. Қоршаған орта, жер бедері, кейіпкерлер болса солардың бейнесі барлығы осында жасалады. Бұл этапта дайын болған фигуралар «3 қатпарлы модель» деп аталады. Бұл модельдің әлі түсі, жасайтын қимылдары жоқ. Барлық нәрселер сұр ақшыл түсте. Модельдерді жасау үшін бізге 3D бағдарламалар кез-келген фигураны бір-біріне қосу, кесу, деформация жасау сынды кең ауқымды мүмкіндіктер береді. Оларды қолданып модель жасау тек жасаушының таланты мен тәжрибесіне және, әрине, оның фантазиясына тәуелді. 
2) Текстуринг – бұл этапта 3D модельдер нормалдар картасына бөлініп, яғни барлық модельдің фигуралары жазықталып, керекті түстерге боялады. Бұл процессті мынадай көзге елестетсе болады: „кез-келген фигураның беткі бөлігін (терісін) сылып алып, оны жайып, керекті түске бояп, қайтадан фигураның бетіне жабыстыру„ сынды. Бұл этаптан өткен соң объектілерге реалистичный түр енеді, яғни олардың сыртқы көрінісі шын өмірдегіге қатты жақындайды. Оң жақтағы сурет осыған мысал. 
3) Риггинг – бұл процессті былай сипаттаса болады „қимылдайтын фигуралардың сүйектерін жасау„. Яғни, бұл этапта барлық қимылдайтын фигураларға сүйектер енгізіледі. Бұл сүйектер фигураны қимылға келтіру үшін керек, яғни модельдің әрбір бөлігін белгілі бір сүйекке бағынышты етіп қойып, сол сүйекті қимылдатқанда сол сүйекке бағынышты бөлік қимылға келеді. 
4) Анимациялау – бұл этапта барлық дайын модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалады. Жоғарыдағы риггингте жасаған суйектеріміз осында кеңінен қолданылады.  
5) Рендеринг – бұл этапты екі түрге бөлуге болады: 1) Сурет рендерлеу 2)Видео рендерлеу. Сурет рендерлеу бұл модельдерді текстуралап болған соң оны белгілі бір ракурстан (бір камерадан) суретке түсіру. Ал видео рендерлеуде модельдерді бірнеше, я одан да көп камерелар көмегімен түлі ракурстан қимылдап жатқан кезінде бейне түсірілім жасау. Бұл соңғы этап компютерге аса үлкен ауырлықтар түсіреді, сондықтан ең ұзақ этап болып естептеледі. Егер рендеринг супер компютерлерде орындалмаса, бұл процесс ондаған жылдарға, тіпті ғасырларға созылуы мүмкін. Мысалға: «Шрек 3» мультфилмінің рендерингі 20 миллион сағатты алған.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

       3. ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Көптеген ғасырлар бойы адамдардың  заттай қоршаған ортасы қолөнер  шеберлерінің тынымсыз еңбегінің  нәтижесі еді. Дизайн – жоғары  тұтынушылық қасиет пен эстетикалық  сапаға ие өндірістік өнімдерді  жасаудың және өмір сүру, өндірістік, әлеуметтік-мәдени ортаны үйлесімді  дамыту барысындағы қолөнер-техникалық  жобалау қызметі.

        Дизайн – әсемдік заңына, эргономика  және бионика заңдарына негізделіп, формаларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философия. Еліміздің қарқынды дамуына байланысты қазіргі кезде ашық базарлар орнына халыққа ыңғайлы сауда орталықтары көбею үстінде. Бұл орайда халыққа қолайлылық пен кәсіпкерлердің жұмысына табыс түсіру үшін бұл саладағы визуалдық қарым-қатынастың, дизайнның алар орны ерекше.

        Дипломдық жұмыс барысында алға  қойылған барлық тапсырмалар  толықтай орындалды. «Еуразия» сауда орталығының дизайн үлгісінің сапасы,  ерекше архитектуралық стилі және қайталанбас дизайны – бұл жобаның басты артықшылығы деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    4. Пайдаланылған деректер

 

  1. www.saulet.kz
  2. www.wikipedia.org
  3. О. В. Романович, «История архитектуры», «Заря», 2008 ж.
  4. К. Канаян, «Проектирование магазинов и торговых центров», 2011 ж.
  5. Ю. Я. Герчук, «Основы художественной грамоты», «Рип-холдинг», 2004 ж.
  6. www.kazdesign.com

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Еуразия сауда орталығының дизайны