Керамикалық кірпіш өндіру технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 22:28, курсовая работа

Краткое описание

Керамика (грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады. Кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................2
Өндіріс цехы орналасқан қала туралы қысқаша мәлімет.................4
Шығарылатын өнімнің сипаттамасы …………………….…………5
Техникалық талаптар ………………………………………...………6
Технологиялық бөлім …………………………………………....…. 8
Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау … … …… …… …...12
Қабылданған технологиялық схеманың жазбасы…….……….…..15
Цехтың жұмыс режимі, өнімділігінің есесбі ……………….…....16
Цехқа қажет шикізат пен жартылай фабрикат мөлшері қажеттілігінің есебі ……………………………………………… 18
Керекті технологиялық құрылғылардың саны………………..…..19
Қабылданған технологиялық құрылғыларға сипаттама ……..... 20
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау…………………………... 21
Керамикалық кірпіш өндірісінде технологиялық процестердің қауіптілік дәрежесінің анализі ……………………….………..... 23
Қорытынды ……………………………………………………….. 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………... 27

Вложенные файлы: 1 файл

улдай.doc

— 387.00 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

 

  1. Кіріспе  ..................................................................................................2
  2. Өндіріс цехы орналасқан қала туралы қысқаша мәлімет.................4
  3. Шығарылатын өнімнің сипаттамасы …………………….…………5
  4. Техникалық талаптар ………………………………………...………6
  5. Технологиялық бөлім …………………………………………....…. 8
  6. Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау … … …… …… …...12
  7. Қабылданған технологиялық схеманың жазбасы…….……….…..15
  8. Цехтың жұмыс режимі, өнімділігінің есесбі  ……………….…....16
  9. Цехқа қажет шикізат пен жартылай фабрикат мөлшері қажеттілігінің есебі   ……………………………………………… 18
  10. Керекті технологиялық құрылғылардың саны………………..…..19
  11. Қабылданған технологиялық құрылғыларға сипаттама   ……..... 20
  12. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау…………………………... 21
  13. Керамикалық кірпіш өндірісінде технологиялық процестердің қауіптілік дәрежесінің анализі   ……………………….………..... 23
  14. Қорытынды ……………………………………………………….. 25
  15. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………... 27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

    Керамика (грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады. Кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады. Кез келген қызыл кірпіштің құрамы саздан тұрады. Ежелгі адамның өзі кірпішті пайдалануды үйренген, күйдіріліп жасалған саз бұйымдары адамның даму этапының барлық кезеңінде кездеседі. Қазіргі уақытта қызыл кірпііштер барлық құрылыста қолданылады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады.

      Керамикалық өндірістің Қазақстанда пайда болуынан бастап өндіріс технологиясы өзгеріссіз қалды. Жұмыс қолының арзан болуы механикалық құрылғыларды керек етпеді. Осылайша кірпіш өндіру процесі ұзақ уақыт бойы былай болды: сазды қазу қолмен жүргізілді; сазды аяқпен араластырған немесе жылқының көмегімен; қалыптауды ағаш қалыптарға қолмен салу арқылы жасаған, ал кептіру ашық аудандарға қою арқылы, күйдіруді қарапайым пештерде жүргізген.

Құрылыстық керамикалық кірпіш дефицитті металдардың, цементтің, сонымен қатар тасымалдаудың да шығынын азайтатын жергілікті кең тараған қабырға материалдарының бірі. Өндіріс және қабырға материалдарын қолданудың жалпы балансы бойынша керамикалық кірпішке 30℅-дай тиесілі. Өзіне күннің энергиясын сіңіре отырып, жылуды қалыпты және жай береді, бұл жаз мезгілінде тез ысып кетуден, ал қыста салқындап кетуден сақтайды. Кірпіштен тұрғызылған қабырға «демалып тұрады», нәтижесінде бөлмеде ылғалдылық тепе-теңдік дәрежеде болады.

Қазіргі кезде керамикалық кірпіш өндірісінде мыналарға көп назар аударуда:

  • технологиясын әрі қарай дамыту;
  • шығарылатын өнімнің сапасын арттыру;
  • түрлерін көбейту.

Жаңа өнеркәсіптер салу кезінде автоматталған және механикалық технологиялық құрылғыларды қондыру көзделуде. Дәстүрлі толық денелі кірпіштің орнын болашақта толықтай басатын, тиімді қуыс денелі кірпішті шығару көбеюде. Бұл тек қана шикізаттың шығынын азайтып қоймайды, сонымен қатар сыртқы қабырғалардың қалыңдығы мен массасын азайтады, осы кезде оның жылуұстағыштығы төмендемей, бұрынғыдай сақталып қалады.

Түрлерінің көбеюі, атап айтқанда, бұйымдардың өлшемдерін ұлғайта отырып, орташа тығыздығын қуыстарын көбейту арқылы 1250-1350 кг/м3-ке дейін төмендету – 1м2 сыртқы қабырғаға кететін материалдың шығынын     20-30℅-ға қысқартады.Құрылыстық  керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы, өнеркәсіпті  ғимараттың құрылысында және салуларда  қолданылады. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл. Олар - өз ұзақ  өмір сүруімен, жоғары көркем мінездемелермен, қышқылға төзімділігімен және улылықтың толық жоктығымен ерекшеленеді. 

  Кірпішті бұйымдарды дайындау үшін шикізат есебінде иілімді материалдар (саздар, каолиндер) және иілімді емес материалдар (жанатын қоспалар) қоданылады. Саздар мен каолиндердің жалпы атауы сазды материалдар болып аталады. Кейбір жасанды күйдірілген материалдар өндірісінде диатомит, трепел, сонымен қатар қождар, күлдер, сланецтер қосымша ретінде қолданылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндіріс цехы орналасқан қала туралы қысқаша мәлімет

 

Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласы. Ол Қазақстан Республикасының солтүстік- батыс аумағында орналасқан. Ол Ресейдің Астрахань, Саратов, Волгоград, Орынбор облыстарымен және өзіміздің Ақтөбе, Атырау облыстарымен шектеседі. Каспий ойпатының солтүстік беткейінде орналасқан. Орал қаласы қасындағы ауылдарды қоса есептегенде 7000 шаршы шақырымнан астам жер көлемін алып жатыр. Қаланың ені солтүстіктен оңтүстікке қарай - 8 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай -12 шақырым жерді алып жатыр. Орал қаласында тұратын халықтың жалпы саны - 240 мың адамға жуық. Қалада тату-тәтті 100-ден аса ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр.

Климаты.   Батыс Қазақстан облысының климаты континентальды. Климаттық жағдайдың күрт өзгеруі, күні және түні, қысы мен жазы кезінде табиғи құбылыстың тез ауысуы байқалады. Өлкенің түгел аудандарында климаттың тұрақсыздығы мен жауын-шашынның аз жаууы тән болып келеді.

Облысымыздың барлық аумағы үшін орташа жылдық температуралық көрсеткіш +5,9°С-ға сәйкес келеді.

Қыс кезінде ауаның ең төменгі температурасы -30-35°С-қа жететін аязды күндер болады. Кей кездерде сынап бағанасы -40-45°С-қа дейін жетеді. Ал қардың биіктігі облысымыздың солтүстігінде 25-30 см болса, оңтүстік аудандарында 10-20 смден көп болмайды.

Жаз айы облысымыздың ыссы, әрі құрғақ, жауын-шашынсыз болып келеді. Солтүстік аудандарда орташа жоғары температура 27°С болса, ал оңтүстік аудандарда 34°С-ға дейін ысиды. Облыс топырағына түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері: солтүстік аудандарда 300 мм, ал оңтүстік жақта 140 мм-ге тең болып келеді. Атмосфералық ылғалдылықтың облысқа тән мәні 263 мм шамасындай.

Жер құрамына келсек, Батыс Қазақстан облысының топырағы қоңыр қызғылт топырақтан, оңтүстік қара топырақтан, қызғылт, ашық қызғылт және сұр топырақтан тұрады. Облыс топырағының өзіне тән бір қасиеті құрамында тұздың болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Шығарылатын өнімнің сипаттамасы.

Жартылай құрғақтай престелген сазды кірпіш – көп қолданысқа ие қабырғалы керамикалық материалдардың бірі. Көбіне заводтар кірпішпен бірге тиімді және өлшемдері ірі келетін тастар, беттік (лицевые) кірпіш пен тастар шығарады. Кірпіштер мен тастарды МЕСТ 530-95 бойынша сазды және кремнеземдық жыныстардан (трепел, диатомит), көмір өндірісінің қалдықтарынан, сонымен қатар күлдердерден, минералдық және органикалық қоспалардан (оларды қоспауы да мүмкін) дайындайды.  Кірпішті толық денелі немесе қуыс денелі етіп шығарады, ал тастарды  тек қуыс денелі түрінде шығарады.

1.1. Негізгі параметрлері мен өлшемдері.

 

Кірпіштер мен тастар өлшемдеріне байланысты 1.1.кестеде көрсетілген түрлерге бөлінеді.

Кесте 1.1.

Бұйымның түрлері

Ұзындығы

Ені

Қалыңдығы

Кірпіш

250

120

65

Кірпіш қалыңдатылған

250

120

88

Модульді өлшемді кірпіш

288

138

63

Тас

250

120

138

Модульді өлшемді тас

288

138

138

Іріленген тас

250

250

138

Қуыстары горизонталь орналасқан тастар

250

250

120


 

Техникалық қасиеттері мен тығыздығына байланысты (көлемдік массасын) тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіш үш топқа бөлінеді:

  • тиімді, қарапайым кірпіштен жасалған, қабырғаның техникалық қасиеттерін жақсартады және қабырғаның қалыңдығына қарағанда жіңішке келеді.Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес кірпіш және тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес тастар жатады;
  • қатысты тиімді, жабын конструкциялардың жылу-техникалық қасиеттерін жақсартады. Бұл топқа тығыздықтары 1400 кг/м3 жоғары кірпіштер мен тығыздығы 1450-ден 1600 кг/м3 –ге дейінгі тастар;
  • тығыздығы 1600 кг/м3-ден жоғары болатын қарапайым кірпіш;

Кірпіштер мен тастардың массасы МЕСТ 22951-78 талаптарына сай болу керек. Тығыздығы бойынша кірпіштер мен тастар мынадай маркаларға бөлінеді: 300,250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.

Аязға төзімділігіне байланысты Мрз 15, Мрз 25, Мрз 35 и Мрз 50 маркаларына бөлінеді.

2 . Техникалық талаптар.

Кесте 2.

Кірпіш пен тастың маркалары

Беріктік шегі , Мпа (кгс/см2)

Қысқандағы

Игендегі

Кірпіштер мен тастардың барлық түрлері үшін

Созымталдықта қалыпталынған толық денелі кірпіш үшін

Шала құрғақтай қалыпталынған толық  және қуыс денелі кірпіштер үшін

Шликерлік әдіспен жасалған кірпіш үшін

Бес үлгі үшін орташасы

Әрбір үлгі үшін ең кішісі

Бес үлгі үшін орта-шасы

Әрбір үлгі үшін ең кішісі

Бес үлгі үшін орта-шасы

Әрбір үлгі үшін ең кішісі

Бес үлгі үшін орта-шасы

Әрбір үлгі үшін ең кішісі

300

30(300)

25(250)

4,4(44)

2,2(22)

3,4(34)

1,7(17)

2,9(29)

1,5(15)

250

25(250)

20(200)

3,9(39)

2,0(20)

2,9(29)

1,5(15)

2,5(25)

1,3(13)

200

20(200)

17,5(175)

3,4(34)

1,7(17)

2,5(25)

1,3(13)

2,3(23)

1,1(11)

175

17,5(175)

15(150)

3,1(31)

1,5(15)

2,3(23)

1,1(11)

2,1(21)

1,0(10)

150

15(150)

12,5(125)

2,8(28)

1,4(14)

2,1(21)

1,0(10)

1,8(18)

0,9(9)

125

12,5(125)

10(100)

2,5(25)

1,2(12)

1,9(19)

0,9(9)

1,6(16)

0,8(8)

100

10(100)

7,5(75)

2,2(22)

1,1(11)

1,6(16)

0,8(8)

1,4(14)

0,7(7)

75

7,5(75)

5(50)

1,8(18)

0,9(9)

1,4(14)

0,7(7)

1,2(12)

0,6(6)

Қуыстары горизонталь орналасқан кірпіштер мен тастар үшін

50

5(50)

3,5(35)

-

-

-

-

-

-

35

3,5(35)

2,5(25)

-

-

-

-

-

-

25

2,5(25)

1,5(15)

-

-

-

-

-

-

Информация о работе Керамикалық кірпіш өндіру технологиясы