Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 12:41, реферат

Краткое описание

1. Осы «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне, оларды өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:
1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген ағаш конструкциялары;
2) ағаш конструкцияларын өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестері (тіршілік циклдері).

Содержание

Кіріспе
1. Қолданылу саласы
2. Терминдер және анықтамалар
3. Өнімнің Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары
4. Жалпы техникалық талаптар
4.1. Механикалық қауіпсіздік талаптары
4.2. Өрт қауіпсіздігі талаптары
4.3. Биологиялық қауіпсіздік талаптары
4.4. Радиациялық қауіпсіздік талаптары
4.5. Экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары
4.6. Көтерме ағаш конструкцияларының қауіпсіздік талаптары
4.7. Ағаш конструкцияларын өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
4.8. Ағаш конструкцияларын тасымалдау мен сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
4.9. Ағаш конструкцияларын ғимараттар мен құрылыстарды салуда, пайдалану процесінде қолданған кездегі қауіпсіздік талаптары
4.10. Ағаш конструкцияларын кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
5. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті растау
6. Үйлестірілген стандарттар тізбесі
7. Өтпелі кезең
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Ағаш курсов..docx

— 52.41 Кб (Скачать файл)

 

 

 

5. Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті растау 

 

109. Сәйкестікті міндетті және ерікті растау «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына, «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентіне және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

110. Сәйкестікті міндетті растау нақты бір өнім Қазақстан Республикасы қосылған және бұл өнімнің сәйкестігін міндетті растау көзделген халықаралық келісімдердің, конвенциялар мен басқа да құжаттардың қолданылу саласына жататын жағдайларда да қолданылады.

111. Ағаш конструкцияларын еркін растау тәртібі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

112. Ағаш конструкцияларының осы Техникалық регламент талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өнімді нарықтан кері қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.  

 

 

 

6. Үйлестірілген стандарттар тізбесі 

 

116. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар тізбесі (дәлел база) осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

117. Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз ететін ағаш конструкциялары бойынша қолданыстағы стандарттарды пайдалануды үйлестіру техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. 

 

 

 

 

7. Өтпелі кезең  

 

118. Осы Техникалық регламентті қолданысқа енгізумен Қазақстан Республикасында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілері мен құжаттары осы Техникалық регламент талаптарын қайталайтын және сәйкес келмейтін ағаш конструкциялардың қауіпсіздігіне қатысты бөлігінде белгіленген тәртіппен түзетуге немесе күшін жоюға жатады.

119. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгеннен кейін қауіпсіздік талаптарының сәйкестігін растау бойынша берілген құжаттар олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп есептеледі.

120. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

 

 

 Ағаш конструкцияларының жіктемесі

 

Р/с

Жіктелу

елгісі

Ағаш конструкцияларының түрі

Айқындамасы

Мысалдар

1

2

3

4

5

1.

Негізгі

мақсаты

1.1.Көтерме 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Ауырлық түспейтін

Негізгі функциясы тұрақты және уақытша жүктемелерді қабылдау және ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс  конструкцияларының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып табылатын ағаш конструкциялар.

Көтерме ағаш конструкциялары жауаптылық деңгейіне, ағаш конструкциялар негізінде жасалған құрылыс конструкциялары пайдаланылған ғимараттар мен құрылыстардың қызмет ету мерзімдеріне және оларды пайдалану шарттарына байланысты сыныптарға, топтарға және санаттарға бөлінеді.

Құрылыс конструкциялары мен бұйымдарында негізінен қоршау және/немесе әшекейлік функцияларын орындауға арналған ағаш конструкциялары

Арқалықтар білеулер, тіреулер, арқаулық, бағаналар, фермалар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтайлар мен қалқандар

2.

Қабат саны

(ламельдер)

2.1. Көпқабатты

Көлденең қимасы кем дегенде  екі қабаттан (ламельдерден) тұратын ағаш конструкциялары

Арқалықтар, білеулер

   

2.2. Бір қабатты

Ағаш бөлшектердің ұзындығы (шет  жағы) және/немесе ені бойынша (жиегі  бойынша) желім қабатымен біріктірілген ағаш конструкциялары

Еден тақтайлары, қалқандар, ағаш шеберханаларының тақталары

3.

Бойлық кескіні

3.1. Тіксызықты

3.2. Қисық

сызықты

 

-

 

 

 

-

4.

Бойлық

қимасы

4.1. Білеулік 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2. Білеушелік 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3. Тақтайлық 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.4. Қалқандық 

 

 

 

4.5. Цилиндрлік 

 

 

 

 

 

4.6.Таңбалы және екі таңбалы

Қалыңдығы мен ені 100 мм астам, ал олардың қатынасы 2-ден аспайтын көп қабатты ағаш конструкциялары

Қалыңдығы мен ені 100 мм-ден кем, ал олардың ені екі қабатты  қалыңдығынан аспайтын көп қабатты ағаш конструкциялары

Ендері екі қабатты қалыңдығынан артық көп қабатты немесе бір қабатты ағаш конструкциялары 

 

Ұзындығы мен енінің қатынасы кемінде 1 көп қабатты ағаш конструкциялар 

 

Көлденең қимасы шеңбер немесе жұмыр  болып келетін көп қабатты ағаш конструкциялар

Көлденең қимасы екі таңбалы  және тақталы-табақшалы материалдардан жасалған қабырғалары бар көп қабатты ағаш конструкциялар, мысалы, фанерлер

Арқалықтар, жүгіртпелер, арқаулықтар

Терезелер мен есіктердің білеулері  

 

 

 

Паркет тақтайлары, еден тақтайлары  

 

 

 

 

 

Жиһаздың қалқан бөлшектері, паркеттік қалқандар

Бағаналар 

 

 

 

 

 

Арқалықтар

5.

5.1. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.2. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.3.

Қорғау әдістері:

Әрлеу 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағаш өңдеу 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіңдірме

(өңдеу) 

 

 

5.1.1. Әрленген 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.2.1. Мөлдір өңделген 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.2.2. Мөлдір

өңделмеген 

 

 

 

 

 

 

 

5.3.1. Антисеп-

тиктелген 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.3.2. Антипирир-

ленген 

Сыртқы беттері қабыршақты немесе тақталы-табақша материалдармен әрленген көп қабатты немесе бір қабатты ағаш конструкциялар  

 

 

 

Сыртқы беттері мөлдір материалдармен және заттармен, оның ішінде отқа төзімді, мысалы, лактармен өңделген (сырланған) көп қабатты немесе бір қабатты ағаш конструкциялар

Сыртқы беттері мөлдір емес заттармен (бояулар, эмальдар) боялған көп қабатты немесе бір қабатты ағаш конструкциялар  

 

 

 

Беттері немесе қабаттары биоқорғаныштық конструкциялармен (антисептиктермен) сіңдірілген (өңделген) көп қабатты немесе бір қабатты ағаш конструкциялар 

 

Беттері немесе қабаттары оттан  қорғағыш құрамдармен (антипирендермен) сіңдірілген (өңделген) көп қабатты немесе бір қабатты ағаш конструкциялар

Терезе алды тақтайлары, жиһаздың қалқанды бөлшектері, ағаш шеберханасына арналған тақталар

Паркет тақтайлары мен қалқандары  

 

 

 

 

 

 

 

Терезе алды тақтайлары, еден тақтайлары  

 

 

 

 

 

 

 

Арқалықтар, білеулер, еден тақтайларының  беттік емес жақтары 

 

 

 

Арқалықтар, білеулер


 

 

 

Қорытынды

 

 Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және олардың осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау үшін өнім сипаттамаларына қатысты қауіпсіздік талаптарын белгілеу кезінде үйлестірілген стандарттар қолданылады.

Үйлестірілген стандарттарда өнімнің тұтынушылық қасиеттерін (сапасын) сипаттайтын көрсеткіштермен бірге қауіпсіздікті айқындайтын көрсеткіштердің нақты сандық мәндері түріндегі сандық сипаттамалары мен сәйкестік презумпциясының қағидаты белгіленген.

 Үйлестірілген стандарттардың талабына сәйкес дайындалған ағаш конструкциялары осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болып есептеледі.

    Ағаш конструкциялар егер олардың талаптары үйлестірілген стандарттарда көрсетілген талаптардан төмен болмаса, ал олар жоқ болған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган келіскен нормалардан төмен емес болмаған жағдайда стандарттау жөніндегі өзге нормативтік құжаттардың талаптары бойынша дайындалуы мүмкін.

               

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 




Информация о работе Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар