Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 10:02, реферат
Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады. Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды. БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген.
Биологиялық қару
Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы
Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.
Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.
БҚ-ның зақымдау
әрекеті бірнеше кезекте
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2—5 күнге созылады (1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі). Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған, аурулардың көбі контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Контагиозды емес деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды. БҚ-дың адамға тигізетін күшті психологиялық әсерін ерекше атап өту керек.
Қарсыластардың БҚ-ды кенеттен қолдануы қаупінің болуы, әскер мен тұрғындар арасындағы ірі жұқпалы қауіпті аурулар індеті мен оның ошағының пайда болуы барлык жерде үрей туғызып, әскердің ұрыс қабілетін төмендетеді, тыл жұмысына кері әсерін тигізеді.
Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау құралы ретінде қолдану идеясы өте ертеде, яғни одан туындаған жаппай жұқпалы аурулар (індеттер) адамға. өлшеусіз шығыг әкелуі нәтижесінде туған. Әсіресе олар әр түрлі стихиялық апаттар мен соғыс салдарынан туындайды. Кейбір шайқастар мен бүтіндей науқан жағдайын ескердегі сәтсіздіктер емес, індеттің шешкен жағдайлары аз болмаған. Осылайша, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 ж. көтерілісті басу үшін Гаити аралына Наполеон жіберген генерал Деклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Өткен соғыстар тарихында осыған ұқсас мысалдар баршылық. XIX ғасырдың аяғына дейін соғыс барысындағы шығындардан індет салдарынан болған шығындар көп болды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 млн-дай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн. адам шейіт болса, 6,5 млн. адам жұқпалы аурулардан өлген. Тіпті біздің уақытта да емдеу мен аурудың алдын алу шараларындағы қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, жұқпалы аурулар ұрыс әрекеттері барысында елеулі із қалдырды. Вьетнамдағы соғыс кезінде американдық әскерлердің жұқпалы аурулардан өлуі шейіт болғандар мен жараланғандардан 3 есе көп болды.
Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотия) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді-дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде ғана жылына 20 млн. адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады.
Биологиялық қаруды мақсатқа сай және жүйелі дайындауға мемлекеттер XX ғасырда биология ғылымдары саласындағы жетістіктерді, табиғатпен патогенді микроорганизмдерді тарату жолдары туралы жоғарғы білімді қолдану нәтижесінде ғана қол жеткізе бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия Оңтүстік Америкадағы Атланта елдері сатып алатып ауыл шаруашылығы малдарына қарсы биологиялық заттарды (күйдіргі, маңқа ауруының қоздырғыштарын), сондай-ақ 1916 ж. Оңтүстік-Батыс (Румын) майданы мен 1917 жылғы француз армиясына қарсы Батыс майданда қарсыластардың атты және артиллериялық армиясына қарсы диверсиялық қолдануда "табысты" қадамдар жасады.
Биологиялық заттарды
тарату тәсітідерінің сол кезде
қолданылуының
Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы жылдарда жапондықтар биологиялық қаруды жасау мен қолдануға қатысты қарқынды жұмыстар жүргізеді. 30 жылдардын басында басып алынған Маньчжурия аумағында олар арнайы Квантун армиясын - "731- отрядын" құрды, онда зерттеу және өндірістік бөлімдермен бірге лабораториялық жануарларға ғана емес, тірі адамдарға, соның ішінде түтқынға түскен Қытай, АҚШ, КСРО және басқа елдер адамзаттарына да биологиялық заттарды сынауға арналған тәжірибе полигоны болды, онда 3000-ға жуық адам өлген.
1940 жылдан 1944 жылға дейін жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы биологиялық заттардың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан құрбан болды.
1941 жылдан бастап
АҚШ биологиялық заттарды
15-кесте
Биологиялық қаруды жасау мен оны жетілдіруге үлес қосып отырған Солтүстік Атлантика одағы (НАТО) елдері (шетелдік ашық баспасөз материалдары бойынша)
Әскери базаның, ғылыми-зерттеу (сынау) орталығының орналасуы |
Ғылыми-зерттеу (сынау) орталығының атауы |
1 |
2 |
АҚШ Форт-Детрик (Фредерик қаласы, Мэриленд штаты) |
АҚШ құрлыктағы
әскерлердің медициналык |
Дагуэй (Юта штаты) |
Соғыс жүргізу кезінде биологиялық және химиялык құралдарды сынау полигоны |
Бетезда каласы (Мэриленд штаты) |
АҚШ ӘТК медициналык зерттеулер институты |
Пайн-Блаффр каласы (Арканзас штаты) |
Соғысты жүргізу кезінде колданылатын биологиялық және химиялық құралдарды өндіру зауыттары мен арсеналы зауыттары мен арсендары |
Атланта қаласы (Джорджия штаты) |
Аса қауіпті ауруларды бақылайтын ғылыми-зерттеу орталығы |
Форт-Коллониз (Колорадо штаты) |
Вирусты ауруларды
зерделейтін ғылыми-зерттеу |
1 |
2 |
Окленд қаласы (Калифорния шататы) |
АҚШ ӘТК ғылыми-зерттеу биологиялық зертханасы |
Вашингтон қаласы (Колумбия округі) |
АҚШ құрлықтағы әсерлер Уолтер Рид атындағы ғылыми-зерттеу институты, ЖЖҚ қорғайтын мамандарды дайындау орталығы |
Ұлыбритания Портон-Даун (Уилтшир графствосы) |
Әскери-химиялық зерттеулер орталығы және оның құрамына кіретін Солсбери Плейнздегі сынау бөлімі бар қолтаңбалы микробиологиялық зерттеулер орталығы |
Канада Сефилд қаласы (Альберта провинциясы) |
Қорғаныс зерттеулердің ғылыми-зерттеу орталығы |
Германия Мунстер қаласы (Төменгі Саксония жері) |
Ядролық, биологиялық және химиялық қарулардан қорғайтын ғылыми-зерттеу орталығы |
Шмалленберг қаласы (Р – Пфальц) |
Аэробиологшия институты |
Гамбург қаласы (Гамбург жері) |
Нохта атындағы тропика медицинасы институтының арнайы зертханасы |
Мюнхен қаласы (Бавария жері) |
Бундесвердегі әскери-медициналық академиясы |
Франция Париж қаласы |
Л.Пастер институты және оның шеттегі филиалдары |
Израиль Несс-Циона қаласы |
Израильдің Биологиялық зерттеулер институты |
Пәкстан Лвахор қаласы (Пенджаб провинциясы) |
Малерияны зерделейтін Пәкстан-америка ғылыми орталығы |
Жапония Токио қаласы |
Қиыр Шығыста болатын аурулар қоздырушысын зерделейтін арнайы медициналық зертханасы |
Биологиялық құралдардың түрлері және
негізгі қасиеттері
Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық кұралдар (БҚ) құрайды—ұрыста қолдану үшін арнайы реттелген биологиялык агенттер, олар адамдар немесе жануарлар (өсімдіктер) организміне еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) шақыруға қабілетті. Оларға жататындар: ауру қылатын микробтар мен вирустардың жеке түрлері—мейлінше қауіпті жұқпалы ауруларды қоздырушылар, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің уытты өнімдері; генетикалық материал—микробтардан (вирустардан) шығарылып алынған жұқпалы нуклеидті қышқылдар молекуласы. Дәнді, техникалык жөне басқа ауыл шаруашылық дақылдар егісін кұрту үшін мәдени өсімдіктер ауруларын қоздырушы-микробтарды ғана пайдаланбай, басқа да мейлінше ауылшаруашылық дақылдарға зиянды құрт-құмырсқаларды жоюға қолданылуы мүмкін.
Патогендік микроорганизмдер — жұқпалы ауруларды қоздырушы—көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді
Бактериялар — формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер (118-сурет). Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті. Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды. Шетел мамандардың назары ботулиникалық токсин мен стафилококк энтертоксинге аударылады.
Бактерия түрдегі микроорганизмдердің өзгеше тобы риккетсиялар болып табылады. Бұл көлемі үлкен емес 0,4-тен 1 мкм-ға дейінгі таяқшы клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларыньщ ипінде ғана көлденең бинарды бөліктермен тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура (+56оС-дейін) әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және басқа ауруларының себебі болып табылады.
Саңырауқұлақтар — дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтардың ұрығы кебуге, күн сәулесі мен дезинфекциялау заттар әсеріне өте тұрақты. Цатогендік саңырауқұлақтардан жұққан аурулар адамдар ішкі органдарының зақымдалуымен сипатталады және ауыр я болмаса ұзақ болып келеді. Олардың ішінде мынадай ауыр жұқпалы аурулар бар: кокцидиондомикоз, гистоплазмоз және басқа терең микоздар.
Вирустар — биологиялық агенттердің ең үлкен тобы, биосинтетикалық аппаратты қолданып, олардың тұқым беруге және дамуға қабілетті клеткалы құрылымы жоқ. Клеткадан тыс формадағы вирустардың көлемі 0,02-ден 0,4 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Олардың көбі сыртқы ортадағы түрлі факторларға: құрғаққа, күн сәулесіне (әсіресе ультракүлгін сәулелерге), сондай-ақ +60°С астам температура мен дезинфекциялау құралдарының (формалин, хлорамин және басқалар) әсеріне тұрақсыз. Патогендік вирустар көптеген ауыр және қауіпті аурулардың себебі болып табылады, атап айтқанда: натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар.
Ауыл шаруашылық
дақылдарына зиян келтіретін шыбын-шіркей,
құрт-құмырсқаларға шет
Соңғы онжылдықта
арнайы шет елдік әдебиетте
16-кестеде адамның
жұқпалы аурулары туралы
БҚ тобына жататын жоспарланған агент түрлерімен адамдарды зақымдау үшін келесі ауыр жұқпалы аурулардың қолайлы қоздырушы болып есептеледі:
Құрт-кұмырсқалар—
вирустардан—натуралды шешек, сары безгек, энцефалиттің көп түрлерінің қоздырушылары; бактерия класынан— түйнеме, туляремия, чума, бруцеллез, маңқа, мелиондоза және басқалар қоздырушысы; риккетсиядан — қу безгегі, бөртпе сүзек, Цуцугамуши безгегінің қоздырушысы; саңылауқұлақ қласынан—кокцидиондомикоза, гиспоплазмоза және басқа терең микоза қоздырушысы; бактериялық токсин ортасында — ботулин токсины мен стафилококк энтеротоксины.
Шет мамандармен потенциалды БҚ тобына жоспарланған биологиялық агенттер тізімі кезең-кезеңмен қарастырылып отырады. Соңғы жылдары БҚ тобына адамдарды зақымдау үшін тағы да белгіленіп және жан-жақты зерделенген тропикалық вирусты геморройды безгектер қоздырушылары енгізілді: Ласса, Аргентина, Эбола, Конго-Қрым және басқалар, ал кейбір ауру қоздырушылары жойылды, оларда қарсы қазіргі уақытта жеткілікті түрде тиімді және жалпы қолданылатын күралдар жасалынған. Әсіресе мьшандай фактыға көп назар бөлінеді: егер 20 жыл бұрын БҚ тобын бактерия мен саңырауқұлаққа қатысты аурулар қоздырушылары құрастырса, қазір көбінесе вирустар құрастырады. Соңғы онжылдықта биотехнология саласындағы генді инженерияның дамуына микроорганизмдер қасиеттерін модификациялар бойынша зерттеу жұмыстарына кең жол ашылды.
Информация о работе Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы