Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 10:02, реферат

Краткое описание

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады. Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды. БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген.

Вложенные файлы: 1 файл

33_84a.doc

— 79.50 Кб (Скачать файл)

Генетикалық ақпаратты  қолдана отырып, микроорганизмдердің  штамптарын  ашуға нақты мүмкіндік пайда болды, олардың өзгерген генге қарсы кұрылым мен ерекше қасиеттері бар: артқан вирулентік, сыртқы факторлар мен дәрі препараттары әсеріне тұрақтылық. Сонымен қатар, шетте даярланган микроинкапсолді биоагенттер әдістері биологиялық аэрозольдың мейлінше ұзақ бөлшектерінің аэробиологиялық тұрактылығын арттыруға және олардың  дем алу органдарына терең еніп кетуіне мүмкіндік тұрғызады, ал одан зақымдаудың  дәрежесі өседі.

Бұл БҚ ретінде  инкапсольді генетикалық  материалдары пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға вирусты жұқпалы нуклеидті кышқылдар жатады, олар адам (жануар) тін клеткаларына түсіп, вирус бөлшектерін жинақтап, жұқпалы ауруларды туғызады.

Жануарларды зақымдау үшін БҚ ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар (түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар) немесе жапуарларды ғана зақымдайтын  (ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы жөне басқа эпизоотикалық аурулар) қоздырушылары пайдалануы мүмкін.

Ауылшаруашылық  дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикулярнозасы, картоптың  фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктер бактериялық, вирустық және саңылаукұлақ аурулары қоздырушылары қолданылады.

Азық-түлік, мұнай өнімдерінің қорларын, кейбір әскери мүлік, қару-жарақ, оптикалық  аспаптар, электрондық және басқа  жабдықтар түрлерін бүлдіру үшін белгілі жағдайда қасақана бактериялар мен саңылауқұлақтарды пайдалануы мүмкін, олар, мысалы, мұнай өнімдерінің тез ыдырауын, әскери техника мен қару-жарақтың  күрделі оптикалық және электрондық жабдыктарының уақытсыз істен шығуын және бұзылуын, метал өнімдерінің шұғыл таттануын, электр жүйелердің ұласқан жерлерінің тотығуын туғызады.

Көбінде биологиялық  құралдар оларды сақтау және ұрыста қолдану  кезінде сыртқы орта факторлары әсеріне  жеткілікті тұрактылыққа ие бола алмайды. Сондықтан оларды "таза түрде" емес, арнайы дайындалған биологиялық  рецептура құрамында пайдалану  қажет.

Биологиялық рецептура  дегеніміз — биологиялық агент  пен түрлі препараттар қоспасы. Бұл қоспа биологиялық агентті  сақтау және үрыста қолдану процесінде оның өмірлік және зақымдау қабілетін  сақтау үшін мейлінше қолайлы жағдаймен  қамтамасыз етілген.

Биологиялық рецептураларда бір немесе бірнеше БҚ түрлері болуы мүмкін және олар сұйық немесе құрғақ (ұнтақ тәрізді) болады. Шетелдік басылымдардын хабарлары бойынша, БҚ тобына жататын кейбір агенттер негізінде АҚШ-та түрлі стандартты биологиялық рецептуралар (туляремия, қубезгек және басқалар) жасалды, олар полигон жағдайында өз еркімен келіскен адамдар арқылы жан-жақты тексерістен өтті.


Информация о работе Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы