Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:04, реферат
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Авария - технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
Апат - аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала;
3ілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
12-бап. Орталық
мемлекеттiк органдардың табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
өкiлеттiгi
Орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi
шегiнде:
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды
жою жөнiндегi шараларды ұйымдастырады;
- төтенше жағдайлар саласындағы нормативтердi,
стандарттар мен ережелердi бекiтедi немесе
келiседi, мемлекеттiк есеп жүргiзедi және
оның деректерiн уәкілетті органға табыс
етедi;
- техникалық регламенттер әзірлейді және
оларды әзірлеуге қатысады;
- төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық
комиссиялар құрады және олардың жұмысын
қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
- өз қарамағындағы жағдайды қадағалайтын,
бақылайтын және төтенше жағдайларды
болжайтын қызметтерге басшылық етедi;
- салалық мемлекеттiк сараптама жүргiзедi,
төтенше жағдайлар саласында ғылыми зерттеулер,
бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды
оқытып-үйрету iсiн ұйымдастырады;
- салалық мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады,
өз мiндеттерiне сәйкес жергiлiктi атқарушы
органдарға, ұйымдар мен азаматтарға нұсқамалар
бередi, төтенше жағдайлардың пайда болуына
әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты
тексеруге қатысады, лауазымды адамдарды,
азаматтар мен ұйымдарды белгiленген тәртiппен
жауапқа тартады;
- төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа қатысады.
13-бап. Облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы өкiлеттiгi
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар
тиiстi аумақтағы табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын
алу мен оларды жою үшiн жауапты болады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) және аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi
өкiлдi органдары тиiстi (ведомстволық бағынысты)
аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайлар саласында:
- жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар
басшыларының төтенше жағдайлардың алдын
алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы
есептерiн тыңдайды;
- төтенше жағдайлардың алдын алуға және
оларды жоюға қатысты бөлігінде көзделмеген
шығыстарды қаржыландыру үшін жергілікті
атқарушы органның жергілікті бюджет
құрамындағы резервінің көлемі туралы,
сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік
медициналық және басқа ресурстардың
жергілікті қорларын құру туралы шешімдер
қабылдайды;
- төтенше жағдайлар пайда болған кезде
қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету, олардың алдын алу мен оларды жою
жөнiнде мiндеттi ережелер қабылдауға құқылы,
оларды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық
көзделедi. Мiндеттi ережелер Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмеуге
тиiс және дереу күшiне енедi.
Облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) және аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi
атқарушы органдары табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың
алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды
ұйымдастырады;
- төтенше жағдайлардың пайда болуына
әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты
тергеуге қатысады;
- халықты және ұйымдарды қажеттi қауiпсiздiк,
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды
жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар
етедi;
материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық
және басқа ресурстардың жергiліктi қорларын
құрады және пайдаланады;
- төтенше жағдайлар салдарынан зардап
шеккен халықтың және қызметкерлердiң
әлеуметтiк қорғалуын, азаматтардың денсаулығы
мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық
жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның
өтелуiн, медициналық қызмет көрсетудi,
төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны
және жұмыс iстегенi үшiн өтемақылар мен
жеңiлдiктер алуды өз құзыретi шегiнде қамтамасыз
етедi;
- төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн
қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен
азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына
келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы аумағында жергiлiктi
өзiн-өзi басқару орындарының табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың
алдын алу мен оларды жою iсiне қатысуына
жол берiледi, бұл халықтың жергiлiктi мәнi
бар мәселелердi дербес шешуiн қамтамасыз
етедi.
4 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардың алдын алу
14-бап. Табиғи
және техногендiк сипаттағы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға
мыналар жатады:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау,
бақылау, төтенше жағдайлардың пайда болуына
әкеп соғуы мүмкiн аварияны, зiлзала мен
апатты болжау және олардың қаупi туралы
хабарлау;
- төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi
насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету,
қорғану шаралары.
-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерге
талдау жасау.
15-бап. Ғылыми
зерттеулер, жағдайды қадағалау,
бақылау мен табиғи және
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы ғылыми зерттеулердiң
негiзгi мiндеттерiне мониторинг әдiстерiн
әзiрлеу мен төтенше жағдайлардың деректер
банкiн жасау, төтенше жағдайларды болжау,
алдын алу әдiстерiн, бақылау шаралары
мен қорғану құралдарын, оларды болжау,
зардаптарына баға беру, олардың алдын
алу мен оларды жою жөнiндегi нысаналы
және ғылыми-техникалық бағдарламаларды
әзiрлеу кiредi. Жағдайды қадағалау, бақылау
мен табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайларды болжау қызметi (сейсмологиялық
қызмет, сел жүретiнiн хабарлау, радиациялық
қауiпсiздiктi бақылау жүйелерi және басқалар)
арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың
жанынан құрылады және төтенше жағдайлардың
алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк
жүйесiне енгiзiледi.
16-бап. Табиғи
және техногендiк сипаттағы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы ақпарат ұйымдар
қызметiнiң қаншалықты қатерлi және зиянды
екенi, қажеттi қауiпсiздiк, зардаптар, төтенше
жағдайлардың алдын алу мен оларды жою
жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтерден
құралады. Ол ашық және жария болып табылады,
бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс
және хабар беру жүйелерi арқылы жариялануға
тиiс.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласында ақпаратты лауазымды
адамдардың жасырып қалуына, мезгiлiнде
бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат
беруiне жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету мақсатында төтенше
жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған
ақпараттық-басқару жүйесi құрылады.
17-бап. Табиғи
және техногендiк сипаттағы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау
iсiн арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк
органдар мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге
асырады. Бiлiмдi насихаттау үшiн бұқаралық
ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкiн.
Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейiнгi
мекемелер мен жалпы орта бiлiм беретiн
мекемелерде, жұмыс орындары мен тұрғылықты
жерлердегi ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету
орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм
беру, бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды
қайта даярлау ұйымдарында, төтенше жағдайдағы
iс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс
орталықтарында, жұмыс орнындағы ұйымдарда
жүргiзiледi.
18-бап. Табиғи
және техногендiк сипаттағы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуiн,
шығындар мен залалды мүмкiн болғанынша
барынша азайту үшiн мынадай қорғану шаралары
жүзеге асырылуға тиiс:
- сейсмикалық жағынан берiк құрылыстар
салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық
берiктiгiн күшейту;
- гидротехникалық және инженерлiк-геологиялық
қорғану шаралары;
- көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және
көлiкте төтенше жағдайларды болғызбау
үшiн коммуникациялар жүйелерiн жетiлдiру;
- қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қорғану
шаралары;
- өрттерге (жарылыстарға), iндеттер мен
малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық
өсiмдiктерi мен ормандардың кеселдермен
және зиянкестермен зақымдануына жол
бермеу шаралары;
- арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың
мiндеттi күшi бар нұсқамаларында көздеген
басқа да шаралар.
Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың
пайда болу қатерiне байланысты қызметi
Қазақстан Республикасының сақтандырудың
міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің
талаптарына сәйкес сақтандырылуға тиiс.
5 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайларды жою
19-бап. 15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен алынып тасталды
20-бап. Табиғи
және техногендiк сипаттағы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларды оқшаулау мен оларды жою жөнiндегi
бiрiншi кезекте жасалатын iс-қимылды бұрын
бекiтiлген жоспарларға сәйкес төтенше
жағдай аймағында орналасқан авариялық-құтқару
қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тарта
отырып жергiлiктi атқарушы органдар және
ұйымдардың басшылары ұйымдастырады.
Бiрiншi кезекте жасалатын iс-қимыл кезiнде
халықты төтенше жағдай аймағынан уақытша
көшiру, ұйымдардың қажеттi материалдық-техникалық
ресурстарын жұмылдыру iсi жүргiзiлуi мүмкiн,
авария, зiлзала немесе апат болған объектiнiң
жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла
тұрады, ұйымдарда жұмыс режимi өзгертiледi,
адамдардың жүрiп-тұруы мен жүктердiң тасымалдануына
шектеу (карантин) енгiзiледi, мүмкiн болатын
құтқару және авариялық-қалпына келтiру
жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық
тәртiп пен объектiлердi қорғау қамтамасыз
етiледi.
Төтенше жағдайлар аймағының шекараларын
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес тағайындалған төтенше жағдайларды
жою басшылары Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлеген төтенше жағдайларды
сыныптау негiзiнде айқындайды.
21-бап. Табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды
жою кезiндегi шұғыл медициналық жәрдем
көрсету
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларды жою кезiнде шұғыл медициналық
жәрдем қызметi дереу iске қосылады, ал
ол жеткiлiксiз болған жағдайда орталық
мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың
медициналық күштерi мен құралдары тартылды.
22-бап. Авариялық-құтқару
қызметтерi
Авариялық-құтқару қызметтерi техникамен,
арнаулы жабдықтармен, құтқару және авариялық-қалпына
келтiру жұмыстарына қажеттi құрал-саймандармен
және аспаптармен жарақтандырылады.
Еңбек ету қаупi жоғары болуына байланысты
құтқарушыларға Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес ерекше мәртебе берiледi.
23-бап. Табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
аймақтарында төтенше жағдай режимiн енгiзу
Жағдайды тез арада тұрақтандыру, заңдылық
пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, қажеттi
құтқару және авариялық-қалпына келтiру
жұмыстарын жүргiзуге жағдай жасау мақсатында
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай
режимi енгiзiлуi мүмкiн.
Төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде
басқарудың ерекше түрлерiнiң белгiленуi,
азаматтардың жекелеген құқықтары мен
бостандықтарының шектелуi, Қазақстан
Республикасы заңдарында көзделген басқа
да шаралардың қолданылуы мүмкiн.
24-бап. 15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен алынып тасталды
24-1-бап. Материалдық-
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық
жүргiзу объектiлерiнiң табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді
қорғалуын қамтамасыз ету үшiн алдын ала
материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық
және басқа ресурстардың мемлекеттiк резервi
жасалады.
Төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдардың
материалдық-техникалық ресурстары және
көлiк құралдары жұмылдырылады, ал шұғыл
медициналық жәрдемнiң және авариялық-құтқару
қызметтерінің күштерi мен құралдары төтенше
жағдайлар аймақтарына алдын ала бекiтiлген
жоспарларға сәйкес бiрiншi кезекте жеткiзiлiп,
керi қайтарылады.
6 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы сараптама мен
мемлекеттiк есеп
25-бап. Табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
саласындағы сараптаманың мiндеттерi мен
объектiлерi
Сараптаманың мiндеттерi табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын
алу мен оларды жою жөнiндегi нормативтердi,
стандарттар мен ережелердi, шаралардың
толық және тиiмдi жүргiзiлуiн зерттеу болып
табылады.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы сараптамаға мыналар
жатады:
- нормативтiк, техникалық құжаттама және
жобалау құжаттамасы;
- егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi
ықтимал қауiп төндiрсе, оның қатерлiлiк
және зияндылық деңгейiн анықтау;
- жағдайды қадағалау, бақылау және төтенше
жағдайларға болжам жасау шараларын орындау;
- бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды
оқытып-үйрету;
- қорғану шараларын және төтенше жағдайларды
жою жұмыстарын жүзеге асыру.
26-бап. Табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
саласында сараптама және мемлекеттiк
есеп жүргiзу
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласында мемлекеттiк сараптаманы
арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар,
ал қоғамдық сараптаманы өздерiнiң жарғыларына
сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүргiзедi.
Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн,
коммуникацияларды салуға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға,
реконструкциялауға, қалпына келтiруге,
күрделi жөндеуге) арналған жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасы бойынша төтенше жағдайлардың
алдын алу бөлiгiнде мемлекеттiк сараптама
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген
тәртiппен жүргiзiледi.
Төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп
соққан авария, зiлзала мен апат туралы
есеп бередi, ал арнайы уәкiлдiк берiлген
мемлекеттiк органдар табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттiк
есебiн жүзеге асырады.
VII тарау. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
8 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы бақылау
30-бап. Табиғи
және техногендiк сипаттағы
Бақылаудың мiндетi - табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын
алу мен оларды жою жөнiндегi жоспарлар
мен шаралардың толық және тиiмдi орындалуын,
белгiленген нормативтер, стандарттар
мен ережелер талаптарының сақталуын,
лауазымды адамдардың, күштер мен құралдардың
дайындығын, олардың iс-қимылын тексеру.
31-бап. Табиғи
және техногендік сипаттағы
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтен
ше жағдайлардың алдын алу және оларды
жою саласындағы мемлекеттік бақылау
тексеру ны са нын да және өзге де нысандарда
жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жүзеге
асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге
де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге
асырылады.
32-бап. Табиғи
және техногендiк сипаттағы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласында ведомстволық бақылауды
орталық мемлекеттiк органдар, өндiрiстiк
бақылауды ұйымдар, қоғамдық бақылауды
қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары жүзеге асырады.
9 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғандық
үшiн жауапкершiлiк
33-бап. Табиғи
және техногендiк сипаттағы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан
авария, зiлзала мен апат Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлеген тәртiппен тексерiлуге
тиiс.
Лауазымды адамдар мен азаматтардың құқыққа
қарсы әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi
анықталған жағдайда тексеру материалдары
кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға
берiлуге тиiс.