Осы Заңда пайдаланылатын негізгі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 17:04, реферат

Краткое описание

Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Авария - технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
Апат - аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала;
3ілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздігі декларациясы - өнеркәсіп объектісіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымы туралы ақпарат беретін және объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығарылуы кезеңдерінде олардың алдын алу және жою жөнінде меншік иесі қабылдаған шаралар туралы хабарлайтын құжат;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Вложенные файлы: 1 файл

ОБЖ сож.docx

— 33.53 Кб (Скачать файл)

34-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заң және өзге де нормативтiк актiлерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк түрлерi 
Белгiленген нормативтердiң, техникалық регламенттер мен ережелердiң орындалмауына немесе немқұрайды орындалуына, аварияның, зiлзала мен апаттың пайда болуына жағдайлар мен алғышарттар жасалуына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау жөнiнде шаралар қолданылмауына және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге кiнәлi лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшілiк, мүлiктiк және қылмыстық жауапқа, ал ұйымдар мүлiктiк жауапқа тартылады.

35-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан келтiрiлген залалды өтеу 
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығына келтiрiлген залал зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, оның емделуiне, денсаулығын қалпына келтiруiне, ауруды бағып-күтуге жұмсалған шығындарды, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақыларды ескере отырып, залал келтiрушiнiң есебінен толық көлемiнде өтелуге тиiс. 
Ұйымдар мен азаматтар залал келтiрушiлерден өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалға, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың қызметi туғызған техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан адамның өлуiне байланысты шеккен мүлiктiк зияндарын және ұйымдардың, авариялық-құтқару жұмыстарына және төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысушы жеке адамдардың шығындарын толық өтеудi талап етуге құқылы. 
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеледi. 
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына кiнәлi ұйымдар мен азаматтар жерге, суға, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне (аумағына) келтiрiлген залалды, соның iшiнде жердi қайта түлету және жердiң табиғи құнарлылығын қалпына келтiру жөнiндегi шығындарды өтеуге мiндеттi.


Информация о работе Осы Заңда пайдаланылатын негізгі