Қазақстандағы терроризм қауіп-қатері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 17:57, реферат

Краткое описание

Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде детерроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде ретінде қабылданды.

Вложенные файлы: 1 файл

терроризм печать.docx

— 32.16 Кб (Скачать файл)

Терроризм қауіп-қатеріне қарсы бағытталған негізгі қадамдар

Дегенмен, аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда террористік және экстремистік іс-әркеттерді анықтау және оның жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерді жасау және жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 1999 жылғы шілдеде республикада терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншіктік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтын «Терроризмге қарсы күрес туралы» заң қабылданды.

2003 жылғы желтоқсанда  Президенттің жарлығымен терроризмнің  және діни экстремизмнің көріністерімен күресте барлық қауіпсіздік қорғау құрылымдарының неғұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы күрес орталығы құрылды және оған барлық арнайы құрылымдардың, құқық қорғау органдарының және өзге де ведомстволардың қызметін үйлестіру жүктелді.

2006 жылғы қазанда  ҚР Бас Прокурорының мәлімдемесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотымен келесі халықаралық ұйымдар террористік деп танылып, олардың Қазақстан территориясындағы қызметіне тыйым салынды:

1. «Әл-Каеда»;

2. «Шығыс Түркістан ислам партиясы»;

3. «Күрд халықтық  конгресі»;

4. «Өзбекістан  ислам қозғалысы»;

5. «Әсбат-әл-Ансар»;

6. «Мұсылман бауырлары»;

7. «Талибан» қозғалысы»;

8. «Боз Кұрт»;

9. «Орталық Азия  моджахедтер жамағаты»;

10. «Лашқар-и-Тәйба»;

11. «Әлеуметтік  реформалар қоғамы».

Кейін Астана қаласы сотының шешімімен сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир-әл-ислами», «Аум Синрике» және Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы ұйымдарының қызметіне тыйым салынды.

Көріп отырғанымыздай, аталмыш «қара тізімге» енгізілген барлық ұйымдар халықаралық террористік құрылымдар болып табылады, олардың қызметі көбінесе Қазақстанның айналасына, көрші елдерге қарсы бағытталған болатын. Бұл жағдай олардың бізден гөрі сыртқы елдерге төніп тұрған қауіп-қатер екенін растағандай болды.

Осы тұрғыда Қазақстан ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес желісінде халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытты және дамытып келеді.

Бұлыңғыр елес пе әлде сұмдықтың сұлбасы ма?

Соңғы уақытқа дейін терроризм қоғамның күн тәртібінде алыстағы қауіп-қатердің бір бұлыңғыр елесі сияқты қабылданып келді.

Алайда өткен жылдың мынадай оқиғалары:

- 2010 жылғы маусымда болған Маңғыстау облысында қатаң тәртіптегі колониядан діни экстремистік ұйымның мүшелерінің жаппай қашып шығуы. Бұл қашып шығудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы және қатыгездігі, сондай-ақ ресми емес хабарлама бойынша қашқындардың бір бөлігі өзін-өзі жарып жіберуі ерекше назар аудартты;

- Солтүстік Кавказда террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысты күдікпен Қазақстан азаматтарының Ресей аумағында қолға түсуі.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың басындағы мынадай оқиғалар:

- биылғы жылғы сәуірде өткізілген ІІМ «Сұңқар» таңдаулы бөлімшесінің экстремистік топтың мүшелеріне қарсы арнайы операциясы;

- Қазақстан азаматтарының РФ-ның Оңтүстік өңірі аумағындағы террористік іс-әрекеттерге қатысуының жаңа фактілері;

- 17 мамырдағы Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД ғимаратында кейбір деректер бойынша діни экстремистік ұйымның мүшесі болған азаматтың өзін-өзі жарып жіберуі;

- 24 мамырда Астана ҰҚКД уақытша ұстау изоляторы ғимаратының жанында автокөліктің жарылуы. Жарылыс затының іске қосылуына байланысты машинада болған екі адам сол жерде жан тапсырған.

Аталған оқиғалар қоғам ішінде алаңдаушылық туғызды және де бұл жағдай құзыретті органдар тарапынан дер кезіндегі толық және объективті ақпарат болмауынан ушыға түсті. Қоғам назарына бұрын іліге бермейтін «телефондық терроризм» оқиғаларының өзі де бұрынғыдай емес ерекше әсермен қабылданатын болды.

Осылайша, Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың қалайша бағаланатынына, сондай-ақ бұл оқиғалардың артында кімдер, қандай күштер, себептер тұрғанына қарамастан, өкінішке қарай, біздің елімізде терроризм қауіп-қатерінің күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын еріксіз  мойындауға тура келеді:

- Қазақстан азаматтарының басқа елдердің жерінде террористік іс-әрекетке қатысуын куәландыратын мәліметтер жиілеп кетті;

- Біздің еліміздің аумағында да экстремистік және террористік іс-әрекетпен байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықтардың саны да өсе түсуде. Мәселен, атап айтқанда 2008-2009 жылдары ресми деректер бойынша елде 7 террористік оқиғасының жолы кесілді (Kazakhstan Today Ақпарат агенттігі, 14.10.09 ж.,http://www.today.kz/ru/news/kazakhstan/2009-10-14/teract). Сондықтан да терроризм проблемасы бұрын бізге алыстағы қатер болып көрінсе, бүгінгі күні ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін сипат алуда.

Қазақстанда террористік қауіп-қатердің үдей түсу кезеңдері

Шын мәнісінде, терроризм көріністері Қазақстанда бұрын да орын алған болатын. Осы ретте кейбір зерттеушілер 1992 жылғы ақпанда Шымкент қаласының әуежайында кепілге адам алумен байланысты оқиғаларды қарастырады. Басқалар 2000 жылы Алматының орталығында қарулы экстремистік топтың мүшелерін жойып жіберу мысалын келтіреді. Бірақ бұлар терроризмнің жекелеген, жергілікті көріністері болатын және де бұл әрекеттер көбінесе криминалды сипатта еді.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда террористік қауіп-қатердің үдеу түсуінің шартты түрде үш кезеңін бөліп айтуға болады:

1. «Қашқын террористер»

(90-жылдардың соңы - 2000-жылдардың басы)

Он жыл бұрын Қазақстан үшін терроризм проблемасы көбінесе республика аумағында қашқын террористердің, яғни террористік іс-әрекеті және заңсыз әскери құрылымдарға қатысқаны үшін басқа мемлекеттің азаматтарының бізде елде жасырынуымен байланысты болды.

Мәселен, 2000-2004 жылдары Қазақстанның құқық қорғау органдары террористік іс-әрекеті үшін біздің еліміздің аумағына келіп жасырынған Өзбекстанның сегіз азаматын ұстап, өзбек жағына берді.

2004-2005 жылдары  Қазақстанның аумағында 11 адам ұсталып, Ресейге, Өзбекстанға және бірқатар  басқа елдерге жөнелтілді (Zakon.kz Ақпарат агенттігі, http://www.zakon.kz/68872-za-uchastie-v-terroristicheskojj.html, 03.02.06ж.).

2006 жылы Қазақстанда  терроризмге қатысы бар деген 13 адам ұсталды. Қылмыскерлердің  көпшілігі - Ресей, Өзбекістан, Түркия  және Қытай азаматтары.(http://studies.agentura.ru/centres/cap/itogi2005-2006)

2. «Сырттан келіп арбау кезеңі»

(2000-жылдардың  басы мен ортасы)

Бұл кезеңде Қазақстан азаматтарының іргелес елдердің де, алыс шетелдердің де аумақтарындағы террористік іс-әрекетке тартылу оқиғаларының жиілеуі байқалады. Ең шулы оқиға - Өзбекстандағы 2004 жылы террористік акцияларды ұйымдастырған «Орталық Азия моджахедтер жамағаты» террористік тобының әшкереленуі. Аталған топқа Қазақстан азаматтары да кірген, олар өз пікірлері бойынша көбінесе «мұсылмандардың құқықтарын аяққа басқан Өзбекстанның билігіне қарсы» қылмыстық әрекет еткен.

Сондай-ақ Қазақстан азаматтары Ауғанстан және бірқатар басқа елдердің аумақтарында заңсыз әскери құрылымдардың іс-әрекетіне қатысқан сияқты деген ақпарат кеңінен тарады. Мәселен, Гуантанамо түрмесінің тұтқындарының бірі Қазақстан азаматы болып шықты. Сондықтан 2005 жылы белгілі американдық «Ұлттық барлау кеңесі» үкіметтік емес ұйымы «Болашақ жаһандық карта» деп аталатын талдамалы-болжамдық баяндамасын жария етіп, онда Қазақстан Ресеймен, Әзірбайжанмен және Түркменстанмен қатар радикалды топтар орын тепкен және арнаулы дайындықтан өткен әрі лаңкестік әрекеттер жасаудың тәжірибесі бар «джихадтың кәсіби жауынгерлері» тұратын өңірлерге жатқызылды. Басқаша айтқанда, терроризмнің қауіп-қатеріне аз ұшыраған ел деп саналатын біздің еліміз осы кезеңде әртүрлі сараптама мәліметтерінде атала бастады.

3. «Жергілікті  немесе «өзіміздің террористер» (2000 жылдардың аяғынан бастап) 

Бұл кезең бір жағынан Қазақстан азаматтарының басқа елдердің аумағында террористік іс-әрекеттерге қатысу жағдайының жиі кездесуімен сипатталады.

Мысалы, 2009 жылдың шілде айында Дағыстанда жүргізілген арнайы операция кезінде сегіз террорист өлтіріліп, құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша олардың бесеуінде қазақстандық төлқұжаттар табылған (Диапазон газеті, 16.02.11ж, 

Және осы кезеңде, екінші жағынан, біздің еліміздің аумағында террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға талпыныстар көріне бастады. Бұл жөнінде мына кесте куәландырады.

Еліміздің аумағында террористік іс-әрекетке байланысты қылмыс жасағаны үшін тұтқындалған және сотталған адамдар саны

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009***

2010

2011

І-тоқcан

Жауапкершілікке тартылған адамдар саны

116

220

66

333

114

222

224

331

7

* 2009 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы ҚК-ның төмендегі баптары бойынша сотталған адамдар бойынша мәліметтер

168 бабы - билікті зорлықпен басып алу

233 бабы - Терроризм

233-1 бабы - Терроризмді насихаттау және терроризм актісін орындауға ашықтан-ашық шақыру

233-2 бабы - Террористік  топты құру, басшылық ету және  оның әрекетіне қатысу 

Сондықтан да Ақтөбе мен Астанадағы соңғы оқиғалардың террористік астары расталатыны немесе расталмайтынына қарамастан, елімізде терроризм қауіп-қатері күшейіп келе жатқанын мойындауға тура келеді. 2010 жылы қыркүйекте «??????.info» экстремистік сайттардың бірінде қазақстандық полиция қызметкерлеріне қарсы жиһад туралы аталмыш үндеу жарияланып, ол жай ғана «қарсыласуға» емес, топтық қарулы шабуылды ұйымдастыруға шақыру мазмұнында болды. Бұл сайтта құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы терактілер қалай ұйымдастырылуы керек екендігін экстремизмнің идеологтары толық және егжей-тегжейлі түсіндірген. Мүмкін қазақстандық құқық қорғау органдарында бұл материалдарға және сайттардың өздеріне айтарлықтай мән бермеген болар. Бұл сайттардың бірден жабылмағандығы біздің жорамалды растайтын сияқты. Тек Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардан бір ай өткеннен кейін барып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мазмұны терроризм мен экстремизмді насихаттау мен оны жақтауға тыйымды бұзған 15 шетелдік сайттардың анықталғанын жариялады.Олардың Қазақстан Республикасы аумағында таралуы сот жүзінде заңсыз деп табылып және қазақстандық тұтынушылардың материалдарға қол жетімділігін шектеу бойынша шаралар қолданды.

Діни экстремизм – хақ діннің жауы

Бүгінгі таңда діни экстремизм Батыс пен Шығыстың үлкенді кішілі елдерінің басты мәселесі. Алайда әр елдің қоғамында өзіндік ерекшеліктер бар. Қазақстандағы діни экстремизмнің шынайы келбеті қандай? Оның түп тамыры қайда жатыр және онымен күресу жолдары қайсы? Осы және басқа сауалдарға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф жауап береді.   

Информация о работе Қазақстандағы терроризм қауіп-қатері