Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 17:57, реферат
Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде детерроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде ретінде қабылданды.
Қайрат Қайырбекұлы, «Діни экстремизмнің алдын алу» және «діни экстремизмге қарсы күресу» ұғымдарының арақатысы жөнінде не айтасыз?Олар тәжірибеде қалай жүзеге асып жатыр?
Дін істері агенттігі конфессияаралық келісіммен қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын және діни бірлестіктермен өзара байланыс салаларын, сондай-ақ аталмыш бағыттағы сала аралық үйлестіруде мемлекеттік стратегияны жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылады.
Татулық пен тұрақтылық Қазақстанның ішкі саясатының басты басымдығы және де республикамыздың өрлеп өркендеуінің қажетті алғышарты болып табылады, сондықтан да мемлекетте оларды қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптасқан. Осы жүйеде Агенттік өзіндік орынға ие.
Бүгінгі дін секілді өте нәзік саладағы тұрақтылыққа төнген сын тегеуріндер мен қатерлер экстремизм түрінде бой көтерді. Идеология, теріс пиғылға үндеу яки лаңкестік әрекеттер арқылы діни экстремизм өзіне жол салып жатыр.
Сөз жоқ, біз Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес діни саладағы экстремизмге тойтарыс беріп, ымырасыз күресуге тиіспіз. Осы Заңға сәйкес, діни экстремизммен күресу мемлекеттік органдардың қызметіне жатады. Яғни, адам құқықтары мен азаматтардың бостандықтарын, конституция негіздерін қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру көпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін экстремизм қатерінен қорғап, экстремизмнің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын жою, сондай-ақ экстремизмнің жүзеге асуына жол ашатын себептер мен алғышарттарды анықтап, жойып отыру мемлекеттік органдардың басты міндеті. Бір сөзбен айтқанда, заңнамалық деңгейде экстремизмнің тамырын терең жаюға мүмкіндік бермейтін алғашқы кезеңінен бастап оны залалсыздандырып отыруға басымдық беріледі.
Экстремизмнің алдын алу профилактикалық жұмыстарда көрініс табады. Атап өтілген заң бойынша, бұл – құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралардың қалыпты жүйесі.
«Тәкфір» дегеніміз не?
Бұл сөз «сенбеу», «кәпір», «дінге сенбейтін» деген мәндегі «куфр» сөзімен түбірлес. Тәкфір жасау дегеніміз дінсіз деп жариялауды білдіреді. Мысалы, Қазақстандағы тәкфіршілердің ең сүйікті әдетінің бірі – бес уақыт намазын оқымайтын мұсылман баласын кәпірге жатқызу, яғни, бұл дегеніңіз айналамыздағылардың басым бөлігіне саусақ шошайту, күл шашу. Бұл барлық дәуірлердегі ислам ғалымдары ұстанған қағидаларға қайшы келеді.
Алашқа қауіп Ауғаннан ауып келмесін...
Терроризмнің
төрт сценарийі
Сарапшы Марат Шибұтовтың пікірінше, еліміздегі
лаңкестік әрекеттер тактикасына қарай
дағыстандық, шешендік, ирактық және латынамерикалық
түрлерге ұқсас болып келеді. Қазақстанда
тактикалық жағынан ең ықтималы дағыстандық
әдіс екен. Дағыстандық түрінің әрекет
ету әдісіне күштік құрылым қызметкерлері
мен шенеуніктерді нысанаға алу тән. Дағыстандық
лаңкестіктің мақсаты – мемлекеттік аппаратты
«матап тастау». Оған дайындығымыз нөл.
Полицейлеріміз бен шенеуніктеріміз бұған
сақтық шараларын жасамаған. Ал лаңкестіктің
шешендік типі бойынша тұрғын үйлерге
жарылыс жасалады, қоғамдық мекемелерге
шабуыл жасалып, адамдар кепілге алынады.
Олардың мақсаты – халық арасында үрей
туғызу. Құдай сақтасын, ал бұған біздің
қоғамдық мекемелеріміздің қауіпсіздігі
қаншалықты деңгейде? Жауап беру қиын.
Тұрғын үйлерге тақап салынған жанар-жағармай
бекеттері нысанаға алынса, күніміз не
болмақ? Ал ирактік лаңкестік түрі бойынша
жанкешті шахидтер әкімшілік ғимараттарды,
шетелдік елшіліктерді немесе шетелдік
компания кеңсесін жарып жібереді. Ондағы
мақсаттары — мемлекеттік аппараттың
есін шығару, инвесторларды шошытып, халықаралық
жанжал шығару екен.
Латынамерикалық лаңкестік типі бойынша
саясаткерлер мен балаларды ұрлап, мерт
қылады. Жұртты жаппай қырып-жояды. Ондай
лаңкестіктің мақсаты — элитаға қатты
қысым жасау болып табылады.
2011 жылғы елдегі лаңкестік
• Лаңкестер – Тәуелсіздік кезеңінде
ер жеткен өрімдей жас жігіттер;
• Асқынған діни фактор;
• Лаңкестердің бәрі дерлік қазақтар;
• Техникалық дайындықтың әлсіздігі;
• Тактикалық дайындығы жоғары.