Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 15:55, курсовая работа
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді.
Кiрiспе...................................................................................................................3
1. Бизнес-жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері......................4
1.1.Бизнес-жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi......................................4
1.2.Бизнес-жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері...................................5
2. Бизнес-жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы.........................10
2.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері..............10
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігі және оны бағалау әдістері......14
3. Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы..................................................................................................................21
3.1. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы..................................................................................................21
Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................25
-Бизнес (фирма, қызмет ету саласы, мақсаттары)
-Нарық (тұтынушылар, тауар/қызмет, нарық сегменті, бәсекелестер)
-Басшылық (құрылымы, басшылық, қызметтер)
-Қаржылар (кірістер, шығыстар, қайнар көздер және қорларды пайдалану, қаржылық болжамдар).
Бірнеше сұраққа жауап беру бизнес-жоспарды жасаудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бизнес-жоспардың әрбір бөлімі қамтуы тиіс және жауабы табылуы қажет детальдардың анықтап алайық.
Бизнес-жоспардың маңызды элементтері:
Бизнес-жоспар Сізге де, Сіздің бизнес бойынша потенциалды серіктестеріңізге де, Сіздің өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған банкіңізге де қажет.
Жоспарлау кәсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға және қате әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше әртүрлі себептер бар:
Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:
* Істі ашу үшін не қажет?
* Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дәрежеде ақиқатқа сай ма?
Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Әдетте, банктер кәсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес-жоспарды талап етеді.
Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар. Инвесторлар ретінде жеке тұлғалар (соның ішінде достары немесе туыстары) немесе әртүрлі бизнестер шығуы мүмкін. Оларға сіздің бизнесіңізге ақша салымдаудың тиімді екендігін дәлелдеу үшін бизнес-жоспар үлкен себін тигізуі мүмкін.
Жергілікті немесе шетелдік
серіктеспен біріккен кәсіпорын
құруға арналған бизнес-жоспар.Сауатты
түрде жасалған бизнес-
Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Қазіргі кезде өзге фирмалардың кәсіби шеберлерін оларға тіпті жоғары еңбекақы беремін деп уәде берумен өзіңізге тартудың өзі қиынға түсуде. Фирманың келешек қызметін сипаттау потенциалды қызметкерге ұсынылып отырған жұмыстың келешектігі мен тұрақтылығы жайлы ақпарат береді.
Өзге компаниямен бірігуге арналған бизнес-жоспар. Ол мәміленің тиімділігін: біріккен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге себін тигізеді.
Бизнес-жоспар – бұл Сіздің келешек бизнесіңізді жан-жақты толық сипаттау. Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, макетингілік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет. Сол кезде жекеменшік кәсіпкерліктің картинасы айқындала бастайды.Бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде келешек кәсіпкердің өзі үшін көп нәрсені ашып және анықтауы да үлкен мәнге ие болады.
2. Бизнес - жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы
2.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері
Бизнес жоспар бұл жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін эконмоикалық негізделген аналитикалық құжат. Оны бизнестің жаңа сферасын құруға немесе кәсіпорын қызметінің жаңа сферасын меңгеруге қажетті кәсіпорынның даму жоспары деп те атауға болады. тәжірибеде бизнес жоспардың мынандай түрлері едәуір жиі қолданылады: ұйымның бизнес жоспары, несие алуға арналған бизнес жоспар, инвестициялық жобаның бизнес жоспары, құрылымдық бөлімшенің бизнес жоспары, грантқа арналған бизнес жоспар, аймақты дамытудың бизнес жоспары, мекеменің бизнес жоспарлары тағы да басқалар.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік тәжірибеде және ғылыми әдебиеттерде бизнес жоспардың мазмұны мен құрылымына қатысты ғылыми негізделген нақты тәсіл жоқ. Бизнес жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі, оның мақсатына кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Алайда бизнес жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады. Мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі, кәсіпорын мен қажет болған жағдайда сала кәсіпорында өндірілетін өнімдердің өзгешеліктері, нарықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншіліктері сипатталады, сондай-ақ кәсіпорын персоналдары мен басқару жүйесі, өндірістік, қаржылық жоспарлары қарастырылады.
Бизнес жоспардың құрылымы
шартты түрде келесі
1. Резюме.
2. Кәсіпорынынң сипаттамасы
3. Өнімнің сипаттамасы
4. Нарықты талдау
5. Ұйымдастырушылық жоспар. Персонал және басқару
6. Өндірістік жоспар
7. Маркетинг жоспары
8. Тәуекелді бағалау
9. Қаржылық жоспар
10. Қосымшалар
Қаржылық жоспарлаудың обьектісі шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен
(әлеуметтік-саяси және
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен
(қорытындысында қаржыны
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері) келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нольдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктермен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспар кәсіпорын қызметіне кешенді сипат беретін ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Балансты талдау өтімділік, табыстылық жағдайын, сондай-ақ жекелеген кәсіпорын операцияларын жүргізу кезіндегі тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындардың көпшілігі реттеуші баптарды баса қолданады, сөйтіп баланстың жалпы сомасы әлдеқайда артады, ал бұл кәсіпорындардың мүмкіндігін обьективті түрде бағалауға бөгет жасайды.
Кәсіпорын баланстары тұтас алғанда, сондай-ақ жеке бөліктерге бөлініп талданады. Бұл ретте тұтас талдау кәсіпорын қызметінің барлық қырларын көрсетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын тиімділігін зерттеуде жиі қолданылатын әдістің бірі баланс құрылымын талдау әдісі, сондай-ақ банктің кіріс, шығыс және пайда құрылымын талдауда қолданылады.
Жаңа шаруашылық субьектідегі қаржылық жоспардың орнығуы ол кәсіпорынның барлық мүмкіндіктеріне негізделеді. Кәсіпорындағы қаржылық жоспар егер ұтымды да, соны құрылған болса, кәсіпорындардың түрлі мекемелермен жең ұшынан жалғасып жұмыс жасауға жағдайы жетеді.
Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құны кәсіпорын қызметі өнімділігінің көрсеткіші болып табылады. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттырудың алғышарттары болып табылатын оның ішкі мүмкіндіктерін талдау мен сараптаудан өткізуде сапалық өлшем болуына байланысты ынталандыру жүйесі болып табылады. Кәсіпорындардағы қаржылық жоспардың орнығуына қосымша ақпарат беру, кәсіпорынның немесе оның өнімінің имиджін қалпына келтіру қажет.
Кәсіпорынды және ол
ұсынып отырған өнімдерге
Кәсіпорындағы қаржылық жоспардың орнығуы аудиторлық бақылауға да байланысты болады.
Реформалар жағдайында кәсіпорынға ұзақ мерзімді стратегия – бизнес жоспарды жасақтауға негізделген қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесі талап етіледі. Бизнес-жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақ мерзімді келешекке айналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет. Бизнес жоспарда кәсіпорын жуық және ұзақмерзімді келешекке аналысуды жоспарлайтын қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда кәсіпорын әсер ете алмайтын сыртқы факторлардың әсерін ескеру қажет.
Бұдан басқа, бизнес жоспар кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіштерінің бөлімінен; кәсіпорынның мақсаттары туралы ақпараттарды құратын бөлімнен тұруға тйіс, патенттік құқұқ, экспорт көрсеткіштері және оның мүмкіндіктері, кәсіпорын шығаратын өнімнің тұтыну қасиеттерін жетілдіру негізгі бағыттары, өнімнің ассортиментік құрамы туралы берілгендер келтіріледі.
Бизнес – жоспардың маңызды бөлімі кәсіпорын өнімнің өткізілім нарығын сипаттауы болып табылады, ол нарықтық зерттеуді, тұтынушыларды және олардың сурамыс деңгейін, тұтынушылар ынталануын, кәсіпорынның нарықтағы жағдаиын, негізгі көрсеткіштерін талдаудан тұруға тиіс. Будан басқа, кәсіпорынның талдау – бәсекелестер қызметін зерттеу, бәсекелестер өнімін бағалау, салыстырмалы бағалау қажет. Сондай-ақ маркетингтік зерттеулерде қажет өған мыналар кірістіріледі: бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге маркетинг стратегиясын анықтау тауар саясаты, баға саясаты, сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру.
Кәсіпорынның өндірістік-технологиалық және инновациялық саясатын сипаттайтын және келесі ақпараттардан тұратын бөлім қажет:
кәсіпорынның орналасқан жері туралы; өндіріс қуаттылығы туралы;
ұзақ мерзімді активтер туралы; өндірістің технологиялық денгейі, оның қазіргі заман талаптарына сәйкес келуі; өндірістік процесті бақылау туралы, өнім сапасына кепілдік себептерді талдау; өндірістік кооперациялау және өндірісті материалдық қамтамасыз ету туралы; қоршаған ортаны қорғау туралы; өндіріс өрісінде мемлекеттік және құқұқтық реттеу туралы.
Бизнес жоспардың құрамды бөлімі кадрлық саясатқа және қызметкерлерді басқаруға арналған, кәсіпорынның ұйымдық құрылымы болып табылады. Ол кәсіпорын алдында тұрған міндеттермен мақсаттарға сәйкес келуі керек.
Кәсіпорын бизнес жоспарды жасақтауда тәуекелмен сақтандыру ескерілуі тиіс. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларында қызмет етуі кәсіпорын басшылығы қателесіпқабылдайтын шешімдермен байланысты. Себебі кәсіпорын қызметіндегі мәселелер кәсіпорынның барлық жұмысшыларын, акционерлерді, инвесторларды, тұтынушыларды қызықтыратын болғандықтан мүмкін болатын тәуекелдерді талдау керек. Бұл тәуекел мәні мәселелері, тәуекел себептері, тәуекел факторлары, өтеумен тәуекелді азайту әдістері болуы мүмкін.
Тәукелдерді сақтандырудың қазіргі бар жұмысы сақтандыру, мүлікті сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру, несиелерді сақтандыру туралы келісім шарттарды қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдаиын талдауды ескеру мен қабылданған бизнес жоспар негізінде қаржылық ресурстарды басқарушешімдер жасақталынады.