Бизнес жоспар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 15:55, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде жоспарлау жетекші орынға ие болады. Әсіресе, қазіргі эконмоикалық жағдай фирма ішіндегі жоспарлаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Ал бизнес жоспар фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады және ол ағымдағы немесе болашақтағы жағдайды таладуға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарлау экономикада процестерді түбегейлі қалпына келтіреді. Қаржылық жоспарлау халыққа салынатын салықты, халыққа бөлінетін қаржыны жоспарлап, ретті де кезекті жерінде қалыптасуына әрекет етеді. Қаржылық жоспарлаудың қаржылық процестердегі ролі өте үлкен болып келеді.

Содержание

Кiрiспе...................................................................................................................3
1. Бизнес-жоспар оның мәні, қағидалары және элементтері......................4
1.1.Бизнес-жоспардын сипаты, қызмет ерекшелiктерi......................................4
1.2.Бизнес-жоспар, оны құрудағы мақсаты мен әдістері...................................5

2. Бизнес-жоспардың кәсiпорынды дамытудағы маңызы.........................10
2.1. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудың теориялық негіздері..............10
2.2. Кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігі және оны бағалау әдістері......14
3. Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы..................................................................................................................21
3.1. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның ұйымдастырылуы..................................................................................................21

Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

бизнес-жоспар.docx

— 63.87 Кб (Скачать файл)

 Тоталитарлық шаруашылық  билігін бастан кешірген елдердің  бәрінде дерлік жоспарлауға деген  жағымсыз көзқарастың үстем болғаны  шындық. Қазіргі таңда қаржылық  жоспарсыз кәсіпорындардың ішкі  тіршілігін қажетті арнаға түсіріп  отыру қиынға соғады. Жұмыстың  түрлі бағыттарын қатар алып  жүргенде қайсыбірінің ақсауы  ықтимал, істелетін істің барысын  бақылап отыру мүмкіндігі кемиді.            

 Кәсіпорын жұмысының  тиімділігін басқарудың бірден-бір  ұтымды құралы-стратегиялық жоспарлау  кәсіпорын қызметін стратегиялық  басқарудың құрамдас бөлігі болып  табылады. Ұзақ мерзімге бағытталған  мақсаттарды белгілеп, оларға қол  жеткізу жолдары көрсетілетін  ағымдағы қызмет қаржылық жоспарларын  жасау оның негізгі міндетіне  жатады. Әдетте шаруашылық субьектілердің  стратегиялық жоспарында мыналар  көрініс табады:

 

-бастапқы жағдай және  кәсіпорын жұмыс істейтін ортаға  баға беру;

-қаржының бөлінуіне әсер  ететін рыноктың басымдықтары;

-кәсіпорындардың күші  сондай-ақ әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері  мен тосын қауіптерді бағамдау;

-рыноктық мүмкіндіктерді  жүзеге асыру мақсатында стратегияға  өзгерістер енгізіп отыру;

-стратегиялық іс-әрекеттер  уақытын таңдап алу;

-күтіліп отырған нәтижелер.             

 

  Ұзақ мерзімді мақсаттарды  белгілеп, инвестициялау басымдықтарын  анықтау отырып, кәсіпорын іс-қимыл стратегиясын түзуді жүзеге асырады, оны орындауға қажет қаржы мөлшерін айқындау мұнымен бір мезгілде жүргізіледі. Стратегияны дамыта ұштай түсу үшін ағымдағы жоспарлар жасалады, олар ұдайы өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларға дер кезінде бейімделу мақсатын көздейді. Сөйтіп, кәсіпорын қызметінің кез-келген түрінде ойға алынып отырған стратегиялық нысаналарға қажетті алғышарт жасалады.

 Қаржылық жоспарлаудағы  атқарымдардың бірі болып табылатын  стратегиялық жоспарлау процесі  кәсіпорын міндетін белгілеуден  басталады. Жоспарлаудың бұл процесі  ұйымның миссиясын таңдаумен  сәйкес келеді, маркетингтік қызмет  те осыдан бастау алады.            

Қазіргі қалыптасқан  жағдайға сәйкес Қазақстанның  көптеген кәсіпорындары стратегиялық  жоспарлаумен көп айналыспайды.

Кәсіпорындардың миссиясын таңдау-стратегиялық жоспарлаудың өте жауапты кезеңі болып табылады. Кәсіпорындардың миссиясын белгілеу барысында клиенттерді және олардың сұраныстарын анықтау мәселелері туындайды. Тұтынушылардың ұтымды таңдап алынған сұраныстарын саналы түрде қанағаттандыру ғана кәсіпорындардың күткен нәтижелерге жетуіне жәрдемдеседі.            

Қаржылық жоспарлау  кәсіпорын мүмкіндігін байыпты  бағалауға, оның балансын нарықтық  сұранымдармен қамтамасыз етуге,  кәсіпорындардың тиянақталған даму  бағдарламасы мен рыноктағы іс-қимылын түзуге, байсалды басқару шешімдерін қабылдауға қажет негіз туғызуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын жұмыс істейтін  сыртқы жағдаяттар өрісі кең әрі мемлекеттік шаруашылық саясатының бағытымен, экономиканы басқару және реттеу шараларымен айқындалады. Кәсіпорын қызметінің  ішкі жағдаяттарын талдау оның қаржы-экономикалық жағдайын бағалауға, ұсынылатын қызмет түрлерін байыптауға, кәсіпорындардың рыноктағы стратегиялық әрекетін, жоспарлау жағдайын, техникалық жарақтандыру деңгейін, қызметкерлердің біліктілігін бағамдауға, ақпаратпен қамтылуын, қызмет сапасын зерттеуге, кәсіпорынның ұйымдық құрылымын сараптауға негізделеді.

Кәсіпорын өлшемі бойынша кіші, орташа және ірі болып бөлінеді. Әр елде кіші кәсіпорынға әрқалай анықтама береді. Қазақстанда шағын бизнеске аз адамды тиесілі етеді. ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 8 сәуірінен № 499 қаулысына сай шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына келесі сандағы жұмысшыларды енгіземіз: өнеркәсіпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында – 50 адам, сауда-саттықта және тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30 адам, көлік және байланыста – 25 адам, ғылым және инновациялық қызметте – 20  адам. 200 адамнан артық жұмыс істейтін кәсіпорын – орта бизнеске жатады.

Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы бойынша топтастыру (өндірістік және өндірістік емес) олардың бөлінулерін өндірілетін ізгі және игі қызмет көрсетулерде ұйғарылады. Берілген топтастыру кәсіпорынның бөлімше құралдары бойынша оларды өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, банктік, сақтандыру және тағы басқаша да топтастыруға жақын.

Кәсіпорынның өндірістік факторларының белгілері бойынша топтастыруы кәсіпорынның еңбек, капитал, материал, ғылыми сыйымдылықтарын қарастырады. Құқықтық мәртебе бойынша Қазақстан Ренспубликасында ең алғаш жауапкершілігі шектеулі кәсіпкерлерді, мемлекетті және муниципалды унитарлы мекемелерді ерекшелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Нарық жағдайында  бизнес-жоспар құру қажеттілігі  және  оның маңызы

3.1. Стратегиялық  жоспарлаудың ерекшеліктері мен  оның ұйымдастырылуы

 

Корпорацияның қаржылық жағдайы 2009 жылы мемлекеттік бюджет шығындары  құрылымында жалақы үлесі-5,8%-ды, қызмет көрсетулерді алу-10,4%-ды құрады. Өз кезегінде  мемлекеттік бюджет шығындарының 26,8% аймақтық трансферттер, күрделі шығындар 21,6%-ды құраған. 2007 жылы мемлекеттік  бюджеттен 369,0 млрд теңге сомасында қаржылық активтерді алуға қаржы бөлінді және ол 2006 жылмен салыстырғанда 3,6 есе артты. Осы ретте қаржының елеулі көлемі «Сарыарқа» корпорациясының жарғылық капиталын арттыруға бағытталған.

Қазіргі кезде корпоративті сыртқы қарыздарды басқару жөніндегі  жұмыстар әлсіз атқарылуда. Корпоративті қарыздың өсуі Қазақстанның халықаралық  инвестициялық позициясын әлсіретеді және трансшекаралық сипаттағы тәуекелдерді арттырады. Шикізаттық тауарлардың жоғарғы әлемдік бағалары төмендеуі мүмкін екендігін ұмытпаған жөн, ол теңгенің нығаю тенденциясының тоқтауына алып келеді, ал әдетте қарыз алынатын құбылмалы пайыздың ставкалары өсуі мүмкін және ұлттық компаниялар мен мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың сыртқы қарызына қызмет көрсетулеріне ықпал ете алады.

Өз кезегінде шикізаттық тауарлардың экспорты негізінен  шетелдіктер қатысқан кәсіпорындармен  жүзеге асырылады, сондықтан экспортық  кірістердің өсуімен тікелей шетелдік инвесторларға дивиденттер көлемі елеулі артты.

Бұл корпорация өз кезегінде 548,8 млн. АҚШ доллары Банктiң қатысуымен 1 396,8 млн. АҚШ доллары сомасына 37 инвестициялық жобаны, оның iшiнде 465,7 млн. АҚШ доллары Банктiң қатысуымен 1 282,8 млн. теңге АҚШ доллары сомаға Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде 26 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Банк қызметiнiң басынан бастап мақұлданған инвестициялық жобалар бойынша игеру 326,9 млн. АҚШ долларын, оның iшiнде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын бекiткен сәтiнен бастап 266,4 млн. АҚШ долларын немесе игерудiң жалпы көлемiнiң 81,5 %-ын құрады. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктің мақұлдауымен 442,6 млн. АҚШ доллары кредит беру көлемiмен жалпы сомасы 1 230,5 млн. АҚШ доллары 26 жоба iске асыру сатысында, 115 млн. АҚШ доллары сомасына инвестициялық жобалар бойынша 75,2 млн. АҚШ доллары сомасына 5 кредиттiк келiсiм қол қою сатысында. Банктiң қаржыландыруға мақұлданған инвестициялық жобаларға қатысуының салалық құрылымы: электр энергиясын, газ және су өндiру мен бөлу (22 %), көлiк және байланыс (жалпы көлемiнiң 17 %-ы), тоқыма және тiгiн өнеркәсiбi (15 %), химия (13%), өзге де металл емес минералдық өнiмдер өндiру, құрылыс материалдарын өндiру (12 %), машина және жабдықтар өндiру (9 %) және тамақ өнеркәсiбi (3 %) және экономиканың басқа да салалары (9%). Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы  жылдар ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі, сыйлайды, құрметтейді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны «Бизнестің жол картасы – 2020» деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі. Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады. Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап, кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі ерекше маңызға ие.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  Бизнес жоспарынсыз бірде-бір  өндіріс орындары жұмыс жасай  алмайды. Кез-келген кәсіпорынның  немесе өндіріс орындарының жоспары  мен өзіндік қаржысы болады. Міне, осыларға бақылау мен жоспарлаудың  жүруі қазіргі кезеңде қатты  назар аударуда.

Ғылыми негіздігін қаржы саясатын тиімді қаржы механизмін қалыптасытыруға  жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты  болып табылады. Қаржылық бақылау  мен қаржылық жоспарлауға баға беру саясаты Қазақстан Республикасы аумағында жүргізіледі. Бағаның қалыптасуы қаржылық басқарудың екі аспектісінің жүргізілген жұмыстарына сай келеді. Қаржылық жоспарлаудың жұмыстарын келесі бағыттарда жетілдірген жөн:            

 

-облыс және аудан аумағында  қалыптасатын қаржы ресурстарының  жалпы көлемін анықтау;            

 

-аймақтардың минималды  бюджеттік  қамтамасыздандыру нормативтерін  ары қарай жетілдіру;            

 

-жеке бюджеттік қаржылардың  төменгі шекті деңгейін анықтау;             

 

-аймақтардың құқықтары  мен  міндеттерін, соның ішінде  жергілікті  деңгейдегі сыртық  қаржылық бақлау  мәселелерін  реттейтін нормативтік  құжаттармен  жұмыс жасау.                     

 

Қаржы-ақша және қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану  үдерсіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың  маңызды бір бөлігі болып табылады.             

Бизнес жоспарлаудың қазіргі  кезеңде ерекше әдістер мен  тәсілдер, сондай-ақ оны ынталандыру  және санкциялар көмегімен арнайы  аппарат жүзеге асырады. Қаржы  қатынастарының сыныптамасына сәйкес  саласы бойынша екі обьектіні  жіктеуге болады: шаруашылық жүргізуші  субьектілердің қаржысы мен мемлекет  қаржысы. Сәйкесінше олардың басқару  обьектілеріне мыналар жатады: қаржылық  бақылау мен қаржылық жоспарлау.  Бақылау функциясы қоғамдық өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес бюджет қорларын сандық ара қатынаста бөлумен сипатталады. Негізінде қаржы жоспарын әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттейтін механизм ретінде де  қарастыруға болады. Мәселен, коммерциялық әрекеттің мақсаты табыс табу болып саналады. Оның жоспарлық принципі қаржылық қызметі, оның параметрін өндірістердің мақсаттары мен міндеттері көзделген тәртіптері, кезектілігі және орындалу мерзімі тұрғысынан есептеу арқылы алдын ала қаржысын білдіреді.             

Қорытындылай келе қаржылық  жоспарлау экономика үшін тиімді  элементтер екені анықталды. Мемлекеттің  қалыптасуы үшін қаржылық бақылау  мен жоспарлаудың қазіргі кезде  тиімділігі артып отыр. Қаржылық  жоспарлау маңызды орынға ие. Ол қаржы, еңбек, материалды  ресурстардың теңдігін, өндірістік  және қаржылық көрсеткіштердің  табыстар мен шығындардың ұлттық  шаруашылықтың барлық деңгейіндегі  қаржы жоспарларының өзара байланысын  қамтамасыз етеді. Қаржы жоспарларының  орындалуын бақылау қызметі кәсіпорын  немесе шаруашылық қызметінің  барлық кезеңінде жүргізіледі.            

 Жалпы қорытындылай  келе  бизнес жоспары болмаса  кәсіпорын  шаруашылығында айтарлықтай  даму  да болмас еді. Осыған  орай  кәсіпорынның шаруашылығындағы  бизнес жоспардың тиімділігін  арттыру негізінде мынандай ұсыныстар  ұсынылды:

 

-         бизнес жоспардың қажеттілігі  мен тиімділігін арттыру;

 

-         кәсіпорын шаруашылығындағы бизнес  жоспардың маңыздылығын көрсету;

 

-         бизнес жоспарды құру мен жүзеге асыру негіздері;

 

Нарықтың экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық сферасында қолданылатын негізгі жұмыс құралы болып табылады. Бизнес-жоспар фирманың қызмет процесін сипаттайды, кәсіпкердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын анықтап, оларға жетудің тактикасы мен стратегиясын көрсетеді. Жақсы әзірленген бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта жаңа позицияларды басуға, инвестициялық және несиелік ресурстарды алуға, өзіндік дамудың перспективалы жоспарын құруға, жаңа тауарлар мен қызмет өндірісінің және оларды тартудың рационалды әдicтepiн тандау концепцияларын құруға көмектеседі.

Информация о работе Бизнес жоспар