Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:38, реферат
«Kaz Global Travel» туризм индустриясында жақсы дамыған туристік фирма болып табылады. «Kaz Global Travel» 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Турфирманың реквизиттері: ЖШС «Гелиос», ТҰ №41 лицензия Қ. Р., Қарағанды қ., Бейбітшілік даңғылы д., 3 үйде орналасқан, тел\факс:. +7 (87212) 42-64-95. Ген. Директор: Баедилова А.С. Офис қызметкерлері мен тұтынушылары үшін ыңғайлы демалатын орын жасалған, сонымен қатар қысқаша мәліметтер алу үшін брошюралар, видеолар ұсынылады.Кеңседе сонымен қатар авиабилеттерді онлайн брондау жүйесі бар,осы жүйе арқылы авиабилеттерді сатуға болады.Билеттерді брондау AMADEUS жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
-пайдаланушыға фирма және оның тауары туралы есіне түсіру;
Жарнама практикада бір мақсатты анда-санда қолға алады ереже бойынша бір жарнама мерекесінде мақсаттар қиылысады.
Жарнама міндеттері келесілер: тауар клиенттеріне жарнама жаңа; жарнама таныс клиенттерге тауар және қызметке «қолдаушы» жарнама ретінде; жарнама мықты (мысалы, банк резиденті); бәсекелестерден аластату; жарнама берушінің шеберлігі;
Жарнама қызметі оның мақсаты мен міндетінен анықталады. Оның түрлері келесілер:
1.Тауарды және оны өндірушіні немесе сатып алушыны теңестіру;
2.Күтім немесе идеяның тауарлардың жылжуы;
3.Сатып алушыға ақпарат беру;
4.Сұранысты қалыптастыру;
Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан.
Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:
Тiкелей жарнама:
а) Пошта хаттары, баспа материалдары
б) Пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
Баспа жарнамасы:
Баспасөз жарнамасы: Газеталар мен журналдар
Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама
Сыртқы жарнама:
Экран жарнамасы: Кино және видеофильмдер мен слайд – фильмдер
Транспорт жарнамасы:Транспорт сыртындағы жарнама және транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар
Сату орынындағы жарнама: Витрина, тауар қорабы , зат таңбасы, назар аударуға арналған жазулар, таңбалар (“ай - стоппер”)
Жарнаманың басқа түрлерi:
Көрме және жәрмеңке және компьютер жарнамасы, кәдесый және купон, лотерея (кесте 1).
Кесте 1- Туристік жарнаманы шығындары бойынша бөлу
Жарнаманы тарату құралы |
Жалпы шығын, пайызбен |
Пресса: - туризм бойынша арнайы пресса - қоғамдық – жарнама - Ақпаратты – серпілту - Қоғамдық – саяси - әлеуметтік - іскерлік - элиталық |
17,2 9,5 9,4 9,3 8,2 4,1 |
Радио |
11,2 |
Телевидение |
10,3 |
Наружная реклама |
8,9 |
Басқа да шаралар |
12,0 |
Осы кестеден ең қымбат немесе шығыны көп жарнама құралы басқа да шаралар, оған дегустация, презентация, жәрмеңке және көрме жатады.
Туризмдегі маркетинг — әлемдік туристік нарықтағы үдерістерді есепке алу мен туристік өнімнің сапасын арттыру негізінде пайда табу мақсатында туристік-экскурсиялық қызметтің жаңа тиімді түрлерін дайындау, оларды өндіру мен өткізу бойынша туристік компаниялардың қызметін ұйымдастыру және басқару жүйесі болып табылады.
Турфирманың жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі бағыттары болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ – да жарнаманы ұйымдастыру, каталогтар жасау, пресс – конференцияларды жүргізу және т.б. жарнамалық әрекеттер.Бұл бағыттар туристік фирма үшін маңызды рөл атқарады.
2. 3 «Kaz Global Travel» туристік фирмасының қызмет көрсету түрлері
«Kaz Global Travel» туристік фирмасы қазіргі таңда барлық туризм саласымен жұмыс істейді.«Kaz Global Travel» туристік фирма туризмнің танымды түрлерімен айналысады. Жалпы алғанда туристік фирма визалық жолдамаларды дайындаумен жүйелі түрде қызмет атқарады.
Турфирма ыңғайлы шарттарда, ерекше ықыласымен,
адамдардың билеттерді кезексiз алуға
деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік
беретін қызмет түрлерін көрсетеді. Көрсетілетін
қызметтер жеке жолаушыларға, сондай-ақ
бiрлескен тұтынушыларға да бірдей бағытталған.
Ендi тұтынушы әуежайға баруға міндетті
емес. Жолдаманы туристік фирмадан дереу
сатып алу құқығына иеленген. «Kaz Global Travel» туристік фирмасы Испания, Италия,
Түркия, Қазақстан Республикасының қалаларына
және Қытай, Германия, Тайланд, Египет
мемлекеттері туристік жолдаманы жасай
алады. Қытай мемлекетіне жолдама ( жекелеген
визалар - 10000 тг, жылдық - 20500 тг) құрайды.
Еуропа елшілігіне экскурсиялық турлар
(Германия,Италия,Испания,
Кесте 2 - Көрсетілетін қызметтер үшін тарифтер
Қызметтердің атауы |
Қызметтердің құны теңге |
Авиа билеттерді және теміржол билеттерін броньға қою, рәсімдеу және жеткізу |
Билеттен 1000 |
Қарағанды қаласының шегінен аса билеттерді жеткізу |
800 бастап |
ТМД бойынша қонақ үйлерді броньға қою |
2500 -4500 |
ҚР бойынша қонақ үйлерді броньға қою |
1600-3200 |
Турпакеттерді рәсімдеу |
Туроператорлардың бағасы бойынша |
Шекарадан шығу құжаттарын рәсімдеу |
Ресми алымдар 5000 |
Сақтандыру қызметтері |
Сақтандыру компанияларының тарифтері бойынша |
Виза алу үшін қызметтер |
Консулдық алым 1500 |
Кәсіпорындағы ұйымдастырылатын туристік бағыттарішкі және сыртқы болып келеді.Оның ішіндегі ішкі бағыттарға: Қарқаралы, Бурабай, Мангент және Балқаш.Сыртқы бағыттары: Оңтүстік – Шығыс Азия, Қытай, Түркия, Европа елдері. Енді кейбір ішкі және сыртқы бағыттарына тоқталып өтсем.
Қарқаралы.Мұнда 10-нан астам демалыс үйлері мен демалыс аймақтары бар, олардың ішінде АО «Арселор Миттал Темиртау» көмір департаментінің «Шахтер» демалыс үйі, «Сосновый бор», «Тас бұлақ» тау отелі, сауықтыру лагерлері. Аудан аумағында Қарқаралы МҰТП орналасқан. Паркте 7 табиғи ескерткіш бар: алғашқы адам үңгірі, Шайтанкөл көлі (сурет 4), Бассейн көлі және т.бҚарқаралы тауларының ерекшелігінің бірі – бұлақ көздерінің молдылығы. Ондағы су мөп-мөлдір. Қарқаралылықтар әсіресе Суықбұлақты ерекше атайды. Ондағы су сәл газдалған және секундіне жарты метр күшпен бүлкілдеп тұрады. Қарқаралының таулы өзендері Үлкен және Кіші Қарқаралы Құрөзек арнасына құйылады. Қарқаралы таулары өздерінің далалық және таулық деп аталатын көлдерімен де аты шыққан. Олардың қатарына Жартас, Ащыкөл, Бастыбай, Таскөл, Қойтас және басқалары.
Сурет 4 – Шайтанкөл
Бурабай – сансыз көп көлдердің мекені. Ең терең көл Жеке-Батыр жотасының шығыс баурайында орналасқан – Щучье көлі, оның ені 3 км-ден артық, ал тереңдігі 18 метрге дейін жетеді. Көлде алабұға, шортан, шабақ балықтары бар. Аталған көл Бурабай курортының темір жол станциясы орналасқан аудан орталығы, Щучинск қаласының жанында орналасқан.
Бурабай – демалатын, қайықпен, катамаранмен жүретін сүйікті орын. Егер көлдің айналасынан өтсең (ол 12 км) Громовой көлінің бастауында иілген ағаштар атауын айтып тұрғандай «билеп тұрған» шоқ қайың табиғат ескерткішін көруге болады. Көлдің шығыс жағасы құмды жаға, шомылуға, демалуға арналған жайлы орын.
Әртүрлі класстық нөмірлері бар Бурабайдағы «Алтын үй» жайлы қонақ үйі (Сурет 5). Отельде сонымен қатар хайыз бен мейрамхана бар. Кешеннің аймағында балалар алаңы, балалар бассейні, спорт алаңдары бар. Бағаның ішіне таңғы ас та қосылған. Қосымша орынның бағасы тәулігіне 2000 теңге. Қонақ үйдің нөмірлер бағасы бөлмелер деңгейіне байланысты.
Сурет 5 - Бурабай
Түркия - миллиондаған туристер бұл елдің көз тартар әдемілігін де, таңғажайып келбетін де, Жерорта және Эгей теңіздері жағасындағы саф ауасын да ертеден мойындаған. Түркияға саяхат жасап, ондағы демалыс орындарында болу - демалыс уақытын ең жоғарғы деңгейде өткізу деген сөз.(сурет 6) Тіпті 4-5 жұлдызды қонақ үйлерге бір көз салудың өзі неге тұрарлық десеңізші!
Бұл жердегі туристерге қызмет көрсету сапасын «All Inclusive» (барлығы қамтылған) атты жұмыс істеу ұстанымынан-ақ байқауға болады. Сізге бұл жерде толықпансионды қызмет түрі көрсетіледі, олардың арасынан спиртті ішімдікті де, жай сусындарды да тәулік бойы таба аласыз. Түрік моншасы да сіздің қасыңыздан табылады. Ал көңіл көтерудің бильярд, гольф, тағы сол сияқты түрлерімен қиналмай-ақ айналысуыңызға әбден болады. Ал демалушылардың бала-шағасы үшін де барлығы қарастырылған. Балалар үнемі ата-аналардың және тәрбиешілердің көз алдында болуы үшін арнайы балалар клубтары бар. Осының барлығына сіз туристік фирмаға бір реттік төлем жасау арқылы қол жеткізуге болады.
Ең ерекшелігі сол-бұл жерде балалар түрлі жағдайда тегін демалады. Түркия мемлекетінде жастар демалатын орынды – Бодрум деп тануға болады.. Европада көлемінің үлкендігі жағынан екінші орын алатын көбікті шоумен көркемделген дискотека «Геликарнас» немесе кемедегі «Катамаран» би кеші кез келген туристің көңілін көтеріп қана қоймай, жастық лебін сыйлайды.
Тағы да тиімділіктер жайына келсек, түрік курорттарына бару визасыз жолмен рәсімделеді. Демалудың тиімді жолдары нағыз Түркия мемлекетінде жатыр. Анталияда жүрсеңіз, қалаған уақыттабір күнге Иерусалимге ұшып кетуге мүмкіндік көп (ұшу уақыты-1сағ), ал Бодрум мен Мармариста жүріп 2 сағаттың ішінде пароммен грек аралдарына аттана аласыз. Осы үшін де виза рәсімдеп әуре болмайсыз.
Сурет 6 - Түркия
Испанияда демалу ерекшеліктері өте көп (сурет 7).Испания мемлекетінің ең маңызды туристік жерлеріне тоқтала кетсек.
Сурет 7 - Испания
Қытай армандардың тоғысқан елі, сондықтан бірден таң қаларлық ғажайыптарға жетелейді. Конфуциан даналықтары әлемдік туризмде жетекші орын алады. Туристерді тек осы ғана емес, басқа да өзіндік ерекшеліктермен тарихи құндылықтар тартады. Ұлы Қытай қамалдары, Мин сағанасы, Пекин операсы, Император қамалы, Неба ғибадатханасы тағы да сол сияқтылар. Туристерді бұл елдің көз жауын алатын табиғи әсемдігі де таң-тамаша қалдырады. Соңғы кезде әсіресе Хайнань аралымен аты әлемге әйгілі Орхидея бағы көпшіліктің ең көп баратын орнына айналған (Сурет 8).
Сонымен қатар, ел ауызынан естіген қытай медицинасының кереметіне де сіз осы елге келу арқылы көз жеткізе аласыз: акупунктура, ароматерапия, бальнеотерапия, гидроколонотерапия, саз-балшықпен емдеу, ингаляция, емдік шомылулар және орап емдеу. Осы емдеу шараларының барлығы да келген қонақтардың көңілінен шығып жатады. Ал осының барлығын қытай елінің атақты термальды және қайнар сулары тіпті толықтыра түседі. Осы сулар радикулит, ревматизм және гинекологиялық сырқаттарға бірден-бір шипа.
Сурет 8 - Ұлы Қытай қорғаны
Туристік бизнестің дамуы үшін туристерді орналастырудың инфрақұрылымы өсуінде маңызды орын алады. 2012 жылы тұрғын үйді ұсыну бойынша кәсіпорындардың көрсеткен қызметтері 2011 жылмен салыстырғанда 10-ға өсіп, 139 бірлікті құрады. 2012 жылы 95 қонақ үйі және 44 өзге де тұрғылықты орындар өз қызметтерін көрсетті (демалыс аймақтары және балалар сауықтыру лагерлері).
2012 жылғы орналастыру объектілері көрсеткен қызметтердің жалпы номерлер саны 3335 бірлікті құрады. 2011 жылмен салыстырғанда олардың саны 3,5%-ға өсті, сонымен қатар жайлылықтары жоқ орындар 2,8%-ға және «люкс» орындар 4,3%-ға өсті.
2012 жылы келушілерге 175,5 мың орын ұсынылды, тәуілік – төсектің орташа құны 4349,4 теңгені құрады. Салыстыру үшін: 2011 жылы 157,7 мың орын ұсынылды, тәуілік – төсектің орташа құны - 4171,9 теңге.
Өткен жыл бойы тұруды ұсынатын қызметтер объектілері 222,4 мың адамға қызмет көрсетті (2011 жылға қарағанда 10,8%-ға көп).
Келуші резиденттердің 66%-ы үшін негізгі мақсат іскерлік және кәсіби сапарлар болса, 32%-ы үшін - бос уақыт және демалыс болды. Резидент емес келушілер негізінен іскерлік және кәсіби мақсаттармен тоқталды.
2012 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда елдегі ішкі туристердің саны 47%-ға өсті.
2012 жылы Қарағанды облысында 113 туристік фирма қызмет көрсеткен, бұл 2011 жылға қарағанда 19 турфирмаға өсті. Өткен жылы турфирмалармен 25,3 мың келушілерге қызмет көрсетілді, 1766 млн.теңгеге жолдама сатылды. 2011 жылмен салыстырғанда туристерге қызмет көрсету бойынша көрсеткіш 34,7%-ға, сатылған жолдаманың құны бойынша 23,7%-ға өсті.