Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің есеп саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 18:58, курсовая работа

Краткое описание

Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
• тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;
• бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын нақтылауға қатысу;
• мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже
1.1 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жалпы сипаттамасы
1.2 Мемлекеттік органның миссиясы, негізі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1.3 Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

ІІ. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің есеп саясаты
2.1 Бюджеттің шығыстар есебі

Қорытынды........................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

Отчет - Экономика жане бюджетти жоспарлау Министрлиги.doc

— 106.50 Кб (Скачать файл)

32) бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік  өтінімдерін қарау және оларға  қорытындылар дайындау;

33) стратегиялық  жоспарлар жобаларының немесе  стратегиялық жоспарларға өзгерістер  мен толықтырулар жобаларының  құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттар міндеттерімен өзара байланысы мәніне қарау;

34) стратегиялық  жоспарлар әзірлемейтін республикалық  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіліктеріне, бағыттарына сәйкестігі мәніне қарау;

35) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлеу;

36) төтенше мемлекеттік  бюджетті әзірлеу;

37) республикалық  бюджетті нақтылау (түзету) және  секвестрлеу бойынша ұсыныстар  енгізу;

 

1.3 Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

 Министрлікке  басшылықты Министрлікке жүктелген  мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының  Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.

Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының  міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңнамаға  сәйкес Министрлік қызметкерлерін  қызметке тағайындайды және қызметтен  босатады, өз құзыретіне жататын  еңбек қатынастарының мәселелерін  шешеді;

3) ведомстволардың  құзыретін және өзге де мемлекеттік  органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;

4) қызметінде  өзінің бақылауындағы ведомстволардың  басшыларын қызметке тағайындайды  және қызметтен босатады;

5) жауапты хатшының  келісімі бойынша ведомстволар  басшыларының орынбасарларын қызметке  тағайындайды және қызметтен босатады;

6) заңнамада  белгіленген тәртіппен еңбек  қатынастарының мәселелері өз  құзыретіне жататын Министрліктің  қызметкерлеріне тәртіптік жаза  мен көтермелеу шараларын қолданады;

7) ведомстволардың  актілерінің әрекетін толық немесе  бір бөлігін тоқтатады немесе тоқтата тұрады;

8) Министрдің  бұйрықтарына қол қояды.

Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде  оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

Бірінші басшы  өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн  қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын  жауапты хатшы басқарады.

Мемлекеттік органның мүлкi

Министрлікте  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

Министрлік  мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып  алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

Министрлікте  бекітілген мүлік республикалық  меншiкке жатады.

Егер заңнамада  өзгеше көзделмесе, Министрлік, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша  өзіне бөлiнген қаражат есебiнен  сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

Мемлекеттік органды  қайта ұйымдастыру және тарату

Министрлікті  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

1. «Экономикалық  зерттеулер институты» акционерлiк  қоғамы.

2. «Қазақстандық  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» акционерлік қоғамы.

3. «Сауда саясатын  дамыту орталығы» акционерлік  қоғамы.

4. «Стресті активтер  қоры» акционерлік қоғамы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстан  Республикасы Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрлігінің есеп саясаты

 

2.1 Бюджеттің   шығыстар есебі

 

Мекемеде бюджет бойынша шығыстарды есепке алу мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама және бюджеттік сыныптау ерекшелігі бойынша жүргізіледі. Нақты шығыстарды есепке алу 20 "Бюджет бойынша шығыстар" және 21 "Басқа да шығыстар" шоттарында жүргізіледі.

Смета бойынша  көзделген шараларға арналған ұйымдардың жұмсалған нақтылы шығындары, сондай-ақ басқа бюджеттерден алынған шығындар есепке алынады.

Нақтылы шығындар деп, тиісті құжаттар мен ресімделген  ұйымдардың іс жүзіндегі шығындары, оның ішінде есептелген жалақы және шәкіртақы  бойынша кредиторлардың төленбеген шоттары жөніндегі шығыстары саналады.

20 "Бюджет  бойынша шығыстар" шоты

195. Бұл шот  мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

200 "Ұйымдарды  ұстауға және басқа да шараларға  арналған бюджет бойынша шығыстар";

202 "Басқа  бюджеттер есебінен шығыстар";

203 "Күрделі  қаржыларға арналған бюджеттер бойынша есеп айырылысу";

204 "Сыртқы  заемдар есебінен қаржыландырылатын  жобалар бойынша шығыстар";

206 "Әлеуметтік  сақтандыру қоры қаражаттары  есебінен жәрдемақы төлеуге арналған  шығыстар".

200 "Ұйымдарды  ұстауға және басқа да шараларға  арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотында ұйымдарды ұстауға және басқа да шараларға жұмсалатын нақты шығыстар есепке алынады.

Өздеріне бөлінген лимиттер шегінде бюджеттік қаражаттарды жұмсауға рұқсат алған бюджеттік  ұйымдар оларды бекітілген шығыстар сметасында көзделген мөлшерде және арнаулы мақсаттарға сәйкес жұмсауға міндетті.

Жыл аяқталғаннан кейін лимиттерге басты иелік  етушілердің 200 қосалқы шоты 230 қосалқы  шотының дебетіне жыл бойы жұмсалған  шығындары есептен шығару арқылы жабылады. Лимиттердің төмен тұрған иеленушілері шығыстарын 140 қосалқы шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер ұйымдар сметасында тек бюджеттен ғана емес, сондай-ақ басқа да көздерден қаржы бөлу ескерілмесе, онда шығыстар ең алдымен басқа көздерден алынған қаржылар есебінен, ал қалған сома — бюджеттік қаражаттар есебінен есептен шығарылады.

Бюджеттік ұйымдарда  нақты шығыстардың талдау есебі  н.294 кітапта жүргізіледі.

  202 "Басқада  бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шотында осы ұйымның  сметасында ескерілмеген шараларды  орындауға арналған басқа бюджеттерден алынған қаражаттардың есебінен жұмсалған шығыстар есепке алынады.

Жыл аяқталғаннан кейін шығыстар 202 қосалқы шоттан лимиттердің негізгі иеленушілері 232 қосалқы шоттың дебетінде, ал лимиттердің  төмен тұрған иеленушілері 142 қосалқы шоттың дебетінде есептен шығарылады.

Шығыстардың талдау есебі әрбір шара және шығыстар ерекшелігі бойынша 294 үлгідегі кітапта жүргізіледі.

203 "Күрделі  қаржыларға арналған бюджет бойынша  есеп айырысу" қосалқы шотында  шығыстардың экономикалық сыныптамасында 420 "Негізгі капиталды құру" ішкі сыныбы бойынша бюджеттен бөлінетін, құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргізу әдісіне қарамастан бюджет қаражаттары есебінен жаңа құрылысқа және үйлер мен ғимараттарды қайта салуға жұмсалатын шығындар есепке алынады.

Егер құрылыс  шаруашылық әдіспен жүргізілсе, жұмсалған  шығындардың сомасы 203 қосалқы шотында  дебеттеледі және тиісінше ақшалай  қаражаттардың, есеп айырысулардың, құрылыс  матеиалдарының және қондыруға арналған жабдықтардың, жеткізушілермен және мердігерлермен жасасқан есеп айырысулар қосалқы шоттарында кредиттеледі.

Егер құрылыс  мердігерлік әдіспен жүргізілсе, орындалған жұмыстардың шоттарын төлеуге  қабылданған сома мөлшерінде мердігермен  есеп айырысқан жағдайда 203 қосалқы  шот дебеттеледі, бұл ретте 150 қосалқы шоты кредиттеледі.

Аяқталған және пайдалануға берілген объектілер бойынша  шығындар жыл бойында 203 қосалқы  шотында есептеледі. Жыл аяғында  бұл шығындар лимиттердің негізгі  иелік етушілерінің 231 қосалқы шотының  немесе лимиттердің төмен тұрған иеленушілерінің 143 қосалқы шотының дебетінде есептен шығарылады.

Аяқталған және пайдаланылуға берілген құрылыс  объектілері қабылдау актілерінің  негізінде 01 шотының тиісті қосалқы  шоттарының дебеті және 250 қосалқы шоттың кредиті бойынша жазылады.

Аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға берілмеген құрылыс және қайта салынған объектілер бойынша шығындар 203 қосалқы шоты бойынша келесі жылдың балансына көшіріледі.

Шаруашылық  әдісімен жүзеге асырылатын құрылыстың 203 қосалқы шоты бойыынша шығындардың  талдау есебі н.294 кітапта жүргізіледі.

Құрылыс жұмыстарын есепке алу және монтаждау бойынша  жұмыстарды есепке алу бөлек жүргізіледі.

     204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын  жобалар бойынша шығыстар" қосалқы  шотында сыртқы заемдар есебінен  жобаларды жүзеге асыру барысында жасалған нақтылы шығындар ескеріледі.

Заем қаражаттары  Заем туралы келісімде көзделген  нысаналы мақсаттарға сәйкес қатаң  жұмсалады.

Жалақы төлеу  және консулътант қызметкерлерге қосымша  ақы төлеу сыртқы заем қаражаттарынан сыйықыларды (гонорарларды) төлеу жолымен жүргізіледі. Есептелген сыйақылардың (гонорарлардың) сомасына 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есептесулер" қосалқы шотының кредитіне және 204 қосалқы шот дебетіне жазба жасалады. Қолданылып жүрген заңдармен белгіленген міндетті жарналарға есептелген сомалар 159, 171, 198/1, 199 тиісті қосалқы шоттардың кредиті және 204 қосалқы шоттың дебеті бойынша көрініс табады. Төленген сыйақылардың (гонорарлардың) белгіленген тәртіпте ұсталған сомалары қосалқы шот дебеті және 120 "Касса", 113 "Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шот" қосалқы шоттарының кредиті және 17 "Түрлі дебиторлармен кредиторлар мен есептесулер" шотының тиісті шоттарында көрсетіледі.

      Сыртқы заемдар бойынша арнаулы  шоттар операцияларының банктік  қызметтеріне төлем жасау 204 қосалқы шот дебеті және 113 қосалқы шот кредиті бойынша көрініс табады.

Есеп беретін  адамның жұмсаған авансының есептен  шығарылған сомасына 160 "Есеп беретін  адамның есептесулері" қосалқы  шотының кредитіне және 113 қосалқы  шоттың дебеті жазба жасалады.

Қаржы жылының  соңында 204 қосалқы шот 239 "Сыртқы заем қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шот дебетіне нақтылы  жасалған шығындарды есептен шығару жолымен жабылады.

Сыртқы заемдар  есебінен жасалған нақтылы шығындардың  талдау есебі н.294-а карточкасында жүргізіледі.

206 "Әлеуметтік  сақтандыру қоры қаражаттар есебінен  жәрдемақы тәлеуге арналған шығыстар" қосалқы шотында әлеуметтік сақтандыру  қоры қаражаттары есебінен жәрдемақы  төлеуге жұмсалатын шығындар есепке алынады.

Мекеменің бюджетінің шығындары келесі бағыттармен жүзеге    асырылады:

1) жалпы мінезді  мемлекеттік қызметтер;

2) қорғаныс, қоғамдық  тәртіп, қауіпсіздік;

3) білім;

4) әлеуметтік  жәрдем және әлеуметтік қамсыздандыру;

5) тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық;

6) мәдениет және  спорт;

7) жер қатынастары;

8) көлік және  коммуникация;

9) сәулеттік,  қала құрылысы және құрылыстық  қызмет;

10) экономикалық  қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті  қолдау);

11) басқа бағыттар.

 

 Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіндегі Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде өндірістік практикамды өткіздім.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әкімшілік аппараты экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім) бюджеттік жоспарлауды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын ведомствоаралық және салааралық әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыруға, оның басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал етуге уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.

Бөлім заңды  тұлға болып табылады, мемлекеттік  тілде атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгімен жасалған бланктері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан  Республикасы қаржы министрлігінің қазынашылық органында шоттары  бар.

Өндірістік  практика арқылы тәжірибе жинақтау мақсаты:

Информация о работе Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің есеп саясаты