Биосфера және адам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 05:07, реферат

Краткое описание

Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды.

Содержание

1. Биосфера туралы түсінік.

2. Табиғатты қорғау.

3. Биосфера және адам

4. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.

Вложенные файлы: 1 файл

Биосфера және адам.docx

— 58.43 Кб (Скачать файл)

                           Биосфера және адам 

 

Жоспары:

 
       1. Биосфера туралы түсінік.

 

2. Табиғатты қорғау.

 

3. Биосфера және адам

 

4. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам және биосфера (The Man and the Biosphere Programme (MAB)) - 1978 жылы ЮНЕСКО-ның 16-Бас сессиясының конференциясында қабылданған халық  -

аралық ғылыми-зерттеу бағдарламасы.

Бұл бағдарламаға 100-ден аса мемлекет қолдау көрсетеді.

Дүние жүзі биосфера қорықтарының картасы

Негізгі мақсаты – жер шарындағы барлық құрлықтарда адам   баласының   биосфераға

әсерін, ықпалын, табиғаттағы күрделі өзгерістердің адам денсаулығына тигізетін зиянын зерттеу,    бақылау   және  оған  дұрыс   баға  беру. Сондай-ақ  оған  адамзаттың  табиғатқа

тигізетін сан қырлы іс-әрекеттері  (жерді пайдалану,  инженерлі  техникалық  жұмыстар, 

энергия көздерін пайдалану, т.б.), жер шарының биомдарына (орман, тундра, саванналар, 

дала, шөл-шөлейттер, т.б.) әсері және қоршаған ортаға ғылыми-техникалық жетістіктердің тигізетін теріс ықпалы туралы сияқты мәселелерді зерттеу де енеді. 
Ірі жобалармен қатар 1000-нан астам «аймақтық, жергілікті» мәселелерді шешуді де (қ. Биологиялық алуантүрлілік конвенциясы) қамтиды.

       Оның ішінде ауа бассейнінің ластануына байланысты орман, тоғай экожүйелеріндегі өзгерістер, табиғаттағы ауытқулар, табиғи қорлардың (ресурстар) сарқылуы, жер қорларының құнсыздануы (қ. Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенция),шөлге айналу фактілері және таулы өлкелердегі туризмнің дамуына байланысты туындап отырған мәселелер жан-жақты қарастырылған.

«Адам және биосфера» жобасында жер шарында ұлттық саябақтар мен биосфералық қорықтар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінген.

Қазақстанда «Адам және биосфера.» шеңберіндегі шараларды жүзеге асыруға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі,Ғылым министрлігі, ҒА-ның ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары қатысады.

Биосфера туралы түсінік

Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.

Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.

Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.

Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайда көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі

Фактор болып есептелінеді. В. И. Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік берді. Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы биосфераны жасампаздықпен өзгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер бетіндегі халықтарды толғандырып отырған мәселе – биосфераның тепе-теңдігін сақтай отырып, оны көркейту болып отыр.

Ол үшін бүкіл адамзат бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеуі шарт. Сонымен бірге, тығыз байланыс жасай отырып, өзара үнемі пікір алысып, биосферадағы тіршілікке зиянды әсері жоқ энергия көздерін тауып пайдалану қажет. Бұл арада күн, жел және теңіздердің қайтуы мен тасуы кезіндегі, энергияларды пайдалану тиімді.

Қазіргі кезде көп мемлекеттерде Күн энергиясын пайдалвну арқылы теңіз суын тұщыландыру, ауруларды емдеу және басқа да шаруашылық салаларында пайдалану жұмыстары қолға алынған. Ғалымдардың деректері бойынша қазіргі кездегі қоры белгілі дүние жүзіндегі жылу және электр энергиясымен 80 жылға және әлі ашылмаған жер қойнауындағы қорларды есептегенде 140 – 160 жыл мөлшерінде қамтамасыз етуге ғана жетеді екен. Олай болса келешекте әрі арзан, әрі табиғатты ластамайтын энергия көздерін пайдаға асыру мәселесі тұр. Мұндай табиғи энергия қорлары Қазақстанда да кездеседі. Тек қана Алматы мен Талдықорған облыстарында техника жағынан игеруге ыңғайлы, әрі арзан табиғи энергия көздері баршылық.

Бұл арада Іле және Жоңғар Алатауынан Басталатын үлкенді-кішілі жүздеген өзендерді атауға болады. Олардың жыл сайын 8 млрд. Киловатт-сағат энергия беретіні есептеліп шығарылған. Сондай-ақ бұл өңірде жел энергиясын да игеруге мүмкіншіліктер бар екені анықталды. Оған Алакөл ауданындағы Жоңғар қақпасын, Шелек аңғарын атауға болады.

Қазіргі кезде адамзат тек Жерді ғана игеріп қойған жоқ, сондай-ақ ғарыш кеңістігін, Айды, Шолпанды және басқа ғаламшарларды игеруге қадам жасап отыр.

       Табиғатты қорғау

Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.

Жер спутнигін, космос корабльдерін ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау, мәуелі бау-бақша, саялы ну орман – тоғай өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасыры дейді. Мұның бәрі адамзат баласының зор қарқыны, қызу жарысы деген сөз.

Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді.

Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мыс, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкінде емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді.

Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан өзенсіз- жайқалып өскен шекарай шалғын шөпсіз, бітік шыққан егінсіз адамзат қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес. Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен орынды пайдалану маңызды проблемаларға айналып отыр. Биосфераны «бағындыру» ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда биосферамен «достасу», оның заңдарымен келісу, санасы керек болады.

Демек, бұл адамға қажетті барлық заттардың бәрі де биосферадан алынады деген сөз. 
       Биосфера және адамзат

Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері дүние жүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану болып отыр. Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты.

Қазақстанда табиғат байлықтарын қорғауға байланысты арнайы заңдар қабылданған. 1991 жылы 18 маусымда “Қазақстан Республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заңы, ал 1992 жылы қаңтардың 18-інде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Арал өңірі халқының

Тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” арнайы қаулысы қабылданды. 
Ірі өнеркәсіп орындарда қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мерзімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.

Қазақстандық өнертапқыш ғалым Ғ. Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын “Бетон-20”-дан 100 – 1000 есе сапалы болып шықты. Ал Қазақстандық орман шаруашылығы саласындағы ғалымдар терек ағашының әрі өсімтал, әрі құрғақшылыққа төзімді іріктемесін шығарып, оны Арал теңізінің суы тартылған сортаңды жерлерін бекіту үшін өсіруді ұсынып отыр. Сонымен бірге, “Қазақстан орманы” деген бағдарлама бойынша да 2010 жылға дейін республикадағы жасыл желекті алқапты 4,6 процентке жеткізу көзделуде, ал қазіргі кездегі орман алқабы республика жерінің 3,7 процентіне ғана тең. 1992 жылдан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына толық мүше болып кірді. Оған мүше 175 мемлекеттің ішінде жер ауқымы жөнінен Қазақстан 9-орында, халқының саны жөнінен 41-орында, ал ядролық қару-жараққа ие әлемдегі 8 елдің бірі болып отыр. Тіпті Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту БҰҰ-ның жанындағы айналадағы ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасына да енгізілді.

Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарып қалу жолында Орталық Азия, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында халықаралық қор құрылып, игілікті істерді қолға алып отыр.

Халықаралық деңгейде жүргізіліп отырған БҰҰ-ның басшылығымен жүргізілетін “Адам және биосфера” бағдарламасының жұмыстарына да Қазақстан ғалымдары белсене атсалысуда. Қазақстандағы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын қорықтарының ғылыми қызметкерлері де бұл салада өз үлестерін қосуда. Қазақстанда қорғалатын территориялар жүйесін дамыту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 1991 жылы Талдықорған облысында табиғаты өте ерекше “Алтынемел” ұлттық-мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.

1993 жылы Көкшетау  облысында әйгілі Бурабай ұлттық  тынымбағы, ал сол жылы Оңтүстік  Қазақстан облысында атақты “Ордабасы”  тарихи, әрі табиғи қорығы да  ұйымдастырылды. Алдағы уақыттарда  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Ғылым академиасының ұсынысы  бойынша 2000-жылға дейін Қазақстанда 21 мемлекеттік қорықтар ұйымдастыру  көзделіп отыр. Оның әрқайсысы  Қазақстанның әр түрлі табиғи  жағдайларының ерекшелігін ескере  отырып ұйымдастырылады. 1994 жылы  Қаратау және Торғай қорықтарын  ұйымдастыру жұмыстарын аяқтау  көзделіп, алдағы уақытта Алакөл  қорығын ұйымдастыру жоспарда  тұр.

Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару

       Биосферадағы биомасса мөлшерін арттыру үшін, оның құрамды бөліктерінің тіршілігіне, оларда жүретін қоректік тізбекке қолдан қолайлы жағдай жасап отыру керек. Адамның тікелей іс-әрекеті арқылы жасалған биоценоздар агроценоз деп аталады. Оған егістік алқаптар, қолдан жасалған жайылымдықтар мен шабындықтар жатады. Егістік алқаптардың маңына қорғаныштық мәні бар жасыл желекті бұталар ағаштар отырғызу агроценоздың түсімділігінің артуына септігін тигізетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр. Сондай-ақ эрозияға ұшыраған алқаптарда агротехникалық шараларды жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Бұл салада Ақмола облысындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол институтты дүниежүзіне белгілі ғалым Мехлис Сүлейменов игілікті істерімен басқарып келеді.

Агроценоздардың түсімділігін арттыру жолында ауыспалы егіс жүйесін ғылыми негізде жүргізе білудің де маңызы зор. Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жүргізгенде биологиялық әдістерге ерекше мән беру қажет. Әсіресе саңырауқұлақтардан, вирустардан басқа да ұсақ ағзалардан дайындалған биологиялық препараттарды және тікелей пайдалы жәндіктерді пайдаланған тиімді болады. Бунақденелілерге жататын жарғақ қанаттылар отрядының өкілі трихограмма деген жәндік өз жұмыртқасын 16 түрлі зиянкес жәндіктердің денесіне салып, оларды жойып жібереді, оны орамжапырақ, мақта көбелектеріне де қарсы пайдалануға болады.

Информация о работе Биосфера және адам