Биосфера және адам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2014 в 05:07, реферат

Краткое описание

Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды.

Содержание

1. Биосфера туралы түсінік.

2. Табиғатты қорғау.

3. Биосфера және адам

4. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.

Вложенные файлы: 1 файл

Биосфера және адам.docx

— 58.43 Кб (Скачать файл)

Ғалымдардың зерттеулері бойынша жыртқыш құстар мен аңдардың табиғаттағы қоректік тізбекте елеулі орын алатындығы, табиғатты тазартушы екендігі анықталып, қазіргі кезде оларды ретсіз атуға тиым салынды. Кейбір жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруіне де жол бермеу жағына басты назар аударылады.

Табиғат қорғау шараларын нәтижелі жүргізіп және биосферадағы заңдылықтарды бұзбау үшін биология ғылымдарын жан-жақты әрі мұқият түрде дамытуға жол ашу қажет. Қорыта айтқанда, ноосфера ғылыми ой-сананың және әлеуметтік қатынастардың бір мақсатқа негізделген қорытындысын көрсетуі тиіс. Ол адамдардың бойындағы шығармашылық күш-қуатын және бар қабілетін барынша аша түсуіне жағдай жасау болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 "Қазақ Энциклопедиясы"

 

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғатты қорғау. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001 

 

  1. Жалпы білім беретін орта мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған оқулық. Т. Қасымбаева, Л. Аманжолова, Ж. Әкімов, Р. Сәтімбекұлы

 


Информация о работе Биосфера және адам