Вирусты гепатит емі мен алдын алуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 19:54, реферат

Краткое описание

Вирустық гепатиттер дегеніміз – қоздырғышының әр түрлі беріліс механизмі бар облигатты гепатотропты вирустармен шақырылатын, гепатоциттердің зақымдалуымен, холестазбен, бауырдың қызметінің бұзылуымен, АлАТ, АсАТ ферменттерінің белсенділігінің артуымен, гипербилирубениямен, сарғаюдың пайда болуымен, жалпы токсикалық синдромның дамуымен; ал фульминантты түрлерінде – жедел бауыр энцефалопатиясына өтетін шұғыл бауыр жетіспеушілігімен, кейбір жағдайда циррозға немесе біріншілік бауыр гепатокарциномасына жалғасатын жедел және созылмалы антропонозды инфекциялық аурулардың тобы.

Содержание

I . Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Вирусты гепатиттер.
Вирусты гепатит А, емі және алдын алуы
Вирусты гепатит В, емі және алдын алуы
Вирусты гепатит С, Д, Е, G, емі мен алдын алуы
III. Қорытынды
IV. Тест тапсырмалары
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Вирусты гепатит кейс.docx

— 222.58 Кб (Скачать файл)

          Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

                             Терапия бакалавриат кафедрасы

 

 

 

       

            

 

       Тақырыбы: Вирусты гепатит емі мен алдын алуы.

 

 

 

 

                                                         Орындаған: Бакардинова А.

                                                         Тобы: 305 «Б» ҚДС

                                                          Қабылдаған: Қорғанбаева Х.Т.

 

 

 

 

                               Шымкент 2013 жыл

 

 

 

                                             Мазмұны

I . Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Вирусты гепатиттер.
  2. Вирусты гепатит А, емі және алдын алуы
  3. Вирусты гепатит В, емі және алдын алуы
  4. Вирусты гепатит С, Д, Е, G, емі мен алдын алуы

III. Қорытынды

IV. Тест тапсырмалары

V. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

                                                Кіріспе

        Вирустық гепатиттер дегеніміз – қоздырғышының әр түрлі беріліс механизмі бар облигатты гепатотропты вирустармен шақырылатын, гепатоциттердің зақымдалуымен, холестазбен, бауырдың қызметінің бұзылуымен, АлАТ, АсАТ ферменттерінің белсенділігінің артуымен, гипербилирубениямен, сарғаюдың пайда болуымен, жалпы токсикалық синдромның дамуымен; ал фульминантты түрлерінде – жедел бауыр энцефалопатиясына өтетін шұғыл бауыр жетіспеушілігімен, кейбір жағдайда циррозға немесе біріншілік бауыр гепатокарциномасына жалғасатын жедел және созылмалы антропонозды инфекциялық аурулардың тобы.

         Барлық жұқпалы аурулардың ішінде вирусты гепатиттер ең көп тараған ауруларға жатады. Жиілігі бойынша жедел респираторлы вирусты инфекциялар, жедел ішек жұқпалы ауруларынан кейінгі орын алады.

        Қазіргі кезде ИФА және ПЦР реакциялары арқылы анықталатын ВГ-тің 6 түрі белгілі: A, B, C, Д, Е,G тағы  F, TTV деген гепатиттер туралы мәліметтер бар.

  • С.П: Боткин гепатитпен ауыратындарың звалады екенін тұжырымдады, 1888ж. «Катаральдық сарғаюды» инфекциялық ауру деп тұжырымдап, оның циррозбен және «бауырдың жедел сары атрофиясымен» байланысты екенін көрсетті.
  • АҚШ-та 1937 ж. Дж. Финделяти, Ф. Маккалюм тапқан клиникалық – эпидемиологиялық дәлелдер және Ресейде 1940ж. П.П: Сергиев, Е. М. Тареев және т.б. сарғаюы аурудың инфекциялық табиғатының, әсіресе вирустық этиологиясынын дәлеледеді, гепатиттің эпидемиялық және сарысулық түрлерін айыра бастады.
  • В. Бламберт – «австралиялық антиген» - гепатит В вирусының беткі (HBsAg) антигені болып шықты.
  • 1970ж. Д. Дейн қаннан, бауыр клеткаларынан «Дейн түйіршігі» деп аталып кеткен, сол вирустарды бөлуі гепатит этиологиясын зерттеудегі үлкен бет бұрыс болуы деуге болады. Келесі жылдар әр түрлі гепатороптық вирустарды ашу жағынан табысты болды.
  • С. Феинстоун 1973ж. Нәжістен гепатиттің А вирусын бөліп алды.
  • 1977ж. Италия  ғалымы М. Ризетто гепатороптық Д /дельта/ вирусты ашты, ол организмде ауруду тек қана HbsAg болғанда өмір сүретін вирус-паразит болып шықты.
  • М. С. Балаян 1983ж. Өзін-өзі залалдаған тәжірибе барысында гепатит Е тудыратын тағыда бір гепатотроптық вирусты бөлді.
  • 1989ж. АҚШ-та М. Хаутан бастаған ғалымдар тобы гепатиттің С вирусын тапты.
  • Сонымен гепатиттің С және Е вирустары ашылғаннан кейін бұрын нақты себептері белгісіз А-да емес, В-де емес деп аталған, трансфузиядан кейінгі парентеральдық гепатит және су факторымен байланысты жедел энтеральдық гепатиттермен жағдай анықталды. Олар сәйкесті түрде гепатиттің С және Е вирустары деп аталды.
  • 34 жастағы дәрігер-хирург  қан сарысуында аминотрансфираның аздап көтерілуімен, сарғаюмен сипатталған жедел гепатитпен ауырған 1966 жылға гепатит G-ні  зерттеудің басы деуге болады. 1993ж. Хирургтың инициалымен аталған  GB – агент анықталды, ол А-да  В-да емес. Қазіргі кезде «А – да вирус, В-да емес гепатит» деген түсінік «А-да емес, G-да емес» деген терменге ауысып, ол этиологиясы белгісіз, бірақ  бірақ вирустық гепатит деген ұғымды береді. Бұл топқа кіретін ықтимал аурулар F,TTV, SENV және басқалары болып есептеледі.

Жер бетінде бірнеше миллион адамдар гепатиттің вирустарымен инфицирленген. Қазақстан республикасы бойынша 100000 адамға санағанда балалар арасында 939,34, ересектерде 407,74 кездеседі. 

         ВГ-ті ертерек анықтау басқа да жұқпалы аурулар сияқты приоритетті мәселе болып саналады.  Ерте диагноздың қойылуы клиникада да, эпидемиялық жағынан да өте маңызды және ерте ем жүргізіледі, ерте ауру басқалардан жекешелендіріледі.

         Барлық гепатиттерде ерекше тән клиникалық белгілер жоқ, сол үшін стационарға дейін тек қана синдром бойынша жедел гепатит деп айтуға болады, этиологиясыз. Көп жағдайда науқастар сарғаю кезеңі басталғанда барып келеді, ол өте кеш.  ВГ кездесетін белгілер: әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, жүректің айнуы, кейде құсу. Осы белгілермен бірге бауырдың ұлғайғаны анықталса, онда вирусты гепатит деп ерте диагноз қоюға болады. Сонымен қатар осы кезде лабораториялық зерттеуде трансаминазалардың өскені табылады. 20 ғасырдың 40 жылдарында гепатиттер энтеральды, парентеральды деп бөлінген. Энтеральды гепатиттерге А және Е гепатит жатады, ал басқа 4 гепатиттер – парентеральды деп саналады.   А және Е гепатиттер су, тағам және күнделікті қарым-қатынас арқылы жұқпалы. Қоздырғыштың сыртқы қоршаған ортада кең таралуы және тұрақтылығынан эпидемия тууы мүмкін.

В, С, Д, G гепатиттер парентеральды жолмен жұғады, ол қан және қаннан жасалған компоненттерді құйғанда, инвазивті диагностикалық және емдей процедураларын жасағанда, наркомандарда жұғады. Одан басқа жыныс-қатынас, анти-пери және постнатальды, гемоперкутанды жұғу жолдары бар.  Энтеральды гепатиттерге қарағанда парентеральды гепатиттердің жұғу жолдарының механизмдерінің белсенділігінің төмен болуына байлансыты компенсация ретінде вирусемия ұзақ сақталынады және аурудың белгілері айқын көрінбейді және жиі созылмалы түріне өтеді, осы жағдайлардың барлығы «вирус тасымалдаушыларды» көбейтеді.

Барлық вирусты гепатиттердің жіктелуі А. А. Колтыпин бойынша :

Этиологиясы

Типі

Клиникалық түрі

Ағымы

Ұзақтығына қарап

Өзгешелігі бойынша

А

В

С

Д

Е

G

1-типті

 

 

2 типсіз

А)сарғаюсыз

Б) көмескі

В)субклиник

Жеңіл

Орташа ауыр

 

Ауыр

Қатерлі түрі

(гепатодистрофия)

Жедел

Созылыңқы

 

Созылмалы

1.Тегіс,

Асқынусыз.

2.Асқынумен

3. Өт жолдарының асқынуымен

4. Интеркурренты аураулармен бірге.


 

Вирусты гепатит А

    

Гепатит А –жедел циклмен өтетін ауру, РНК-сы бар вируспен шақырылады. Интокцикациясы және бауыр функциясының бұзылуы қысқа уақыт сақталынуымен, толық сауығумен сипатталады. ВГА балалар арсында жиі кездесетін аурулар қатарына кіреді. ВГА ЖРВИ және ЖІИ –ларынан кейін 3-ші орныды алады. ВГА барлық дүние жүзінде кездеседі және санитарлы гигиеналы жағдайға және тұрғындарын мәдени деңнейіне байлансыты. ВГА – мен әдетте балалар ауырады. Антропоозды инфекцияға жатады. Аурудың көзі болып ауру адам саналады. Эпиемиологиялық қауіптілігі жасырын, сарғаюсыз және субклиникалық түрімен ауыратындар туғызады, ұйымда елеусіз қалған кезде олар нағыз жұқтырушылар көзі болып қалады. Атипті түрімен ауыратныдар өте көп, ВГА-ң сарғаю вариантына қарағанда балалар ұйымдағыларға тән болып келеді. Ауру инкубациялық кезеңінің соңы сен сарғаю алды кезеңінде жұқпалы болады. Сарғаю пайда болғанда қандағы вирустың крнцентрациясы тез төмендейді де ауру жұқпайды. Белсенді репликация фазасының ұзақтығы және вирустың бөлінуі 10-нан 45-50 күндей, жиі көбінесе 2-3 апта.

         Дүние жүзінде кең тараған инфекциялардың бірі. Бірақ та тарауы да әр жерде біркелкі емес. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесес 15-29 жастағылар ауырады. ВГА-ға маусымдық тән. Көбінесе ауру – сырқаттың деңгейі күз – қыс кезінде жоғарылайды. Мектептегі балалар арасында көбінесе қыркүйек – қазан, 3-6 жастағы балаларда қараша – желтоқсан айларында, ал 3 жасқа дейінгі балалар арасында жыл басы бірен – саран оқиғалар түрінде кездеседі. ВГА жедел циклдық түрде өтетін қысқа уақытта интоксикациямен бауыр әркеттерінің бұзылу әркетімен байқалатын фекальді – оральді жолмен тарайтын вирусты инфекция. Балалар инфекциясы болып есептелінеді, ауырғандардың ішінде балалар 80%-ға жетеді. Семей аймағында сырқаттану көрсеткіші 100 мың халыққа 200-400 аралығында.

        Тарау жолдары

        Таралуы өте кең типті инфекциялық ауру. Инфекция көзі болып, әр түрлі клиникалық түрімен ауыратындар табылады. Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді. Инкубациялық кезеңнің аяғынан бастап сырқаттың басталуына 7-10 күн қалғанда. Вирус сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінде 1 аптаға дейін нәжіспен сыртқа бөлінеді. Берілу механизмі 95% жағдайда фекальді – оральді.

       Тұрмыстық қатынас, алиментарлық, су арқылы, 5% жағдайда парентеральді, жыныстық жол арқылы тарауы мүмкін. Ана сүтінде вирус табылмаған. Жалпы планцентадан өте алмайды.

ВГА-ң вирусы ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Көбеюі ащы ішектің эпителийлерінде жасушаларымен мезинтеральді лимфа түйіндерінде өтеді. Одан әрі вирус қанға түсіп, гепатоциттерге жетіп, көбейіп, инкубациялық кезеңнің аяғында вирус қайтадан қанға түседі. Қайта гепатоцитттерге енеді, жасуша ішінің метаболитикалық процестердің бұзылуына әкеліп соқтырады. Лизосомальде мембрананың өтімділігі себебінен белсенді гидролазалар сыртқа шығып, жасушаны аутолизге ұшыратып, гепатоциттердің цитолизіне және некробиозына себепкер болады. Зат алмасу процестері бұзылып, иммунологиялық процестер (өзгерістер) пайда болады. Қабынудың салдарынан цитолитикалық, мезенхимальдық қабыну холистатикалық синдром пайда болады.

Клиникасы төмендегі кезеңдерге бөлінеді:

1. инкубациялық;

2. сарғаю  алдындағы;

3. сарғаю;

4. реконволистенция (жазылу).

Инкубациялық кезеңі 7-50 күнге дейін созылады. Орташа ұзақтығы 35 күн. Сарғаю алдындағы кезең белгілер жинағы былай реттелінеді.

1. гриб тәріздес  немесе катаральді (көбінесе ВГА-ға  тән);

2. диспепсиялық;

3. астеновегетативті;

4. артралгиялық;

5. аралас.

Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс. Орташа 5-7 күн. Сырқат жедел басталады, температурасы 38-390С, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу, тәбетінінң төмендеуі, 2-3 күні жүрек айну, құсу, кейде эпигастрий аймағында ауырсыну, жайсыздықты сезінеді. Сарғаю пайда болғаннан 2-3 күн бұрын зәрдің қою түске айналуы байқалады. Содан кейін ғана склералар сарғайып, көзге түсетін сарғаю кезеңі басталады. Сарғаю пайда бола салысымен интоксикация белгілері жойылады немесе олардың интенсивтілігі азаяды. Тері қабатының және склераның сарғаюының жылдам арада жоғарыдайды. Бірақ та интенсивтілігі шамалы мөлшерде болады. Сарғаю кезеңнің аяғында немесе басында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Зәрі одан сайын қоңырланып, нәжісі бозғылт түсті болады. Ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.

Диагностикасы

1. вирусологиялық;

2. серологиялық. Иммуноглобулин М тобына жататын  антиденелер процесінің жедел  екенін көрсетеді. Бұл антиденелерді  ИФА әдісімен анықтайды.

3. биохимиялық  реакциялар. Одар бауырдың функциясының  жағдайын көрсетеді. Оларға АСТ, АЛТ ферменттерінің белсенділігі  зақымдануынан 2-3 аптадаған кейін  және сарғаю пайда болған кезде  ең жоғарғы көрсеткішке жетеді.

4. Қанның  жалпы анализі. Лейкоппения, лимфацитоз, ЭТМ-ң жоғарылау байқалады.

Емдеу принциптері: Ауырлығына байланысты жүргізіледі. Жеңіл түрлерінде үйде, егер эпидемиологиялық қауіптілігі болмаса. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде ауруханада емделуі тиіс. Емі комплекті түрде:

1. режим;

2. диета №5;

3. патогенетикалық  ем (дезинтоксикация);

4. клиникалық  белгілеріне байланысты ем.

Этиотропты емі жоқ. Клиникалық сауығу кезінде биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпты жағдайда ауруханадан шығарылады.

       ВГ ауырған балар жұқпалы аурулар ауруханасына барлығы жатқызылмайды. Егреде ВГА қойылған болса, онда үй жағдайында да емдеуге болады. №404 бұйрық бойынша. ВГА-ң емі базисті терапия. ВГА жеңіл түрінде жартылай төсектік режим, орташа ауырлығында – жартылай төсектік режим одан ары сақталады. ВГА мен ауырған балалар дене шынықтыру сабағынан 3-6 айға, спорттан 6-12 айға дейін босатылады.

        Емдік тағам – ақ уыз, май, физиологиялық нормаға сәйкес, ақ уыз рационға – сүзбе, сүт, кефир, сүттің майлы емес сорты, майлы емес балықтар, сырдың майлы емес сорты. Майлар сары май және өсімдік майы түрінде беріледі. Көмірсулар-күріш, гречка, нан, макарондық заттар, қант, жемістер,картоп, т.б.  экстрактивті заттарды қолданбайды. Бал, варенье, кептірілген өрік, қызылшы салаты, жеміс-жидектер жеуге болады.

Медикаментозды терапия ВГА-мен ауыратындардың көбісі дәрілік препараттарды қажет етпейді. Жедел кезеңінде – магний-сульфат, фламин, брберин және т.б., ал сауығу кезеңінде – аллохол, холензим, никодин және т.б. патогенетикалық, витаминдер – В тобының, сонымен қатар Е вит, рутин беріледі 10-15 күндей.

ВГА-ның ауыр түрінде және кейбірде орташа ауыр түрінде инфузиялық терапия – көк тамырға –гемодез, реопоглюкин, 5 % ( глюкоза ерітіндісі, полиионды буферлі ерітінділер қолданылады). ВГА-ң созылыңқы ағымында ауруханадан шығару науқастардың жағдайына байланысты бауыры 2-3 см үлкен болып тұрса, ферменттердің активтілігі қалыпты деңгейден 2-4 рет доғары болғанда шығаруға болады.

Диспансерлік бақылауды стационарлы гепатологиялық кабинетте өткізу қажет. Осындай кабинетті ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда учаскелік дәрігер бақылау жүргізеді.

Алдын алу шаралары: Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Науқас жекеленгеннен кейін қарым-қатынаста болғандар 35 күн бақылауға алынады. Күнде тексеріп отырып ( дене қызуын, шағымдарын сұрап, бауырын, зәрі мен нәжісті қарап, теріні, склерасын) . ВГА – ң ошағында лабораториялық тексерулер жүргізіледі – қандағы ферменттердің активтілігін 10-15 күннен кейін анықтайды. ВГА-мен ауыратын науқасты тапқаннан кейін ошақта күнделікті және соңғы дезинфекция жүргізіледі.  Қазіргі кезде ВГА-ға қарсы рекомбинантты вакцинамен егіледі. Ең тиімді әдіс вакцинация. Келесі биопрепараттар қолданылады:

1. тірі аттенурленген (Қытайда сертифицирленген);

2. инактивирленген виросомды вакцина (Швейцарияды сертифицирленген).

Вакцинация тиімді әсер береді. 1 рет бұлшық етке салған кезде 90-100% тиімділікті көрсетеді, ал 6-12 айдан кейін қайталап салынған вакцина ұзақ уақыт 100%-ға дейін тиімді болып саналады. Орташа 10 жылға тиімді.

  Вирусты гепатит В

   

Вирусты гепатит В – жедел және созылмалы түрде өтетін, ДНК-лы вируспен шақырылатын , парентеральды жолмен жұғатын сау тасымалдаушыдан бастап қатерлі түрінде де өтетін, біртіндеп дамитын, ұзақ ағымды, созылмалы гепатитке және бауыр циррозына өтуімен сипатталатын жұқпалы ауру.

1967 жылы табылған. Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі – сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы.

ВГВ-ң таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам және созылмалы тасымалдаушылар болып табылады. Зақымдану механизмі:

Информация о работе Вирусты гепатит емі мен алдын алуы