Вирусты гепатит емі мен алдын алуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 19:54, реферат

Краткое описание

Вирустық гепатиттер дегеніміз – қоздырғышының әр түрлі беріліс механизмі бар облигатты гепатотропты вирустармен шақырылатын, гепатоциттердің зақымдалуымен, холестазбен, бауырдың қызметінің бұзылуымен, АлАТ, АсАТ ферменттерінің белсенділігінің артуымен, гипербилирубениямен, сарғаюдың пайда болуымен, жалпы токсикалық синдромның дамуымен; ал фульминантты түрлерінде – жедел бауыр энцефалопатиясына өтетін шұғыл бауыр жетіспеушілігімен, кейбір жағдайда циррозға немесе біріншілік бауыр гепатокарциномасына жалғасатын жедел және созылмалы антропонозды инфекциялық аурулардың тобы.

Содержание

I . Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Вирусты гепатиттер.
Вирусты гепатит А, емі және алдын алуы
Вирусты гепатит В, емі және алдын алуы
Вирусты гепатит С, Д, Е, G, емі мен алдын алуы
III. Қорытынды
IV. Тест тапсырмалары
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Вирусты гепатит кейс.docx

— 222.58 Кб (Скачать файл)

1. парентеральді;

2. қан.

Антропонозды инфекция, ауру көзі адам, яғни «сау» тасымалдаушы және жедел және созылмалы аурулардың түрлерімен ауыратын адамдар. Қоздырғышының негізгі берілу механизмі – оның табиғи және жасанды тері сілемейлі қабықтарының жарақаттары арқылы қан арнасына түсуі.

Қоздырғышы – гепаднавирустар тұқымдастығы өкілі, оған жоғары жұғушылықжәне физикалық, химиялық факторлар әсеріне аса жоғары төзімділік тән. ВГВ вибрионы диаметрі – 42 нм ерекше бөлшек. Ішіндегі екі тінді ДНҚ, ақтық белок және ДНҚ-полимераза ферменті бар ядро – нуклеозидтен тұрады. Гепатит вирусының бауырлық жасушалар геномына кірігу қабілеті бар, сонда репродукциясы өтеді. Ол тікелей цитопатикалық әсер етпейді, бірақ әр түрлі иммунологиялық реакцияларды туындату қабілеті бар, олар қоздырғыштың өз қасеиттерімен қатар иенің иммунокомпоненті жасушаларының және организмнің қорғаныс күштері ерекшеліктеріне де тәуелді.

ВВГ вирустың тасымалдаушылар көп тіркелген елдерге тропикалық аралдар, Оңтүстік – Батыс Азия, Тайвань жатады, ал сирегірек – Японияда, Жерорта теңізінде, Оңтүстік – Батсы Африкада ал өте сирек – АқШ, Австралия орталық және Солтүстік Европада.

В гепатиті эпидемиологиясы ерекшеліктері – әр түрлі инфекция көзі және жасанды берілу жолдарының болуы;

Олар  HBV – инфекциясының барлық жерде кең таралуын қамтамасыз етеді, өз кезегінде ол жедел не созылмалы сырқаттылықтың әртүрлі деңгейін және бұдан да кеңірек, бірақ біркелкі емес симтопсыз вирус тасымалдаушылықты анықтайды. Инфекция әртүрлі клиникалық түрле өтеді, көбінесе жедел гепатит В сауығуымен аяқталады, 5-10% науқаста ауру созылыңқы болып өтеді, жалпы алғанда алыс болашақта дамттын сәтсіз клиникалық эпидемиологиялық салдармен сипатталады. Жедел В гепатитінде летальділік 04-1% құрайды.

Берілу жолдары: табиғи және жасанды.

Табиғи жолмен: жарақаттанған тері қабаттары арқылы. Берілу факторлары:

1. қан;

2. плазма;

3. эритроциттер;

4. фибриноген;

5. протромбин.

Жасанды жолдар: теріні және шырышты қабаттарды зақымдайтын манипуляциялар (операциялар, инъекциялар, эндоскопиялық тексерулер, манипуляциялар, педикюр, татуаж).

Тұрмыстық қатынас арқылы да беріледі:

тұрмыстық зат, тіс щеткасы, қырынатын заттар, т.б. ВГВ-ны қабылдау мүмкіндігі өте жоғары. Инфицирлену күші СПИД-ке қарағанда 100 есе көп. ВГВ-мен 12 жасқа дейінгі балалалар және 30 жастан асқан адамдар ауырады. Сырқаттанғаннан кейін ұзақ уақыт иммунитет түзіледі.

Клиникасы:

ВГВ вирус бауыр паренхиманы, яғни гепатоциттерге тробты болады.

1. сарғаю;

2. сарғаюсыз;

3. клиникалық көрініссіз: а) субклиникалық; б) вирус тасымалдаушылық. Ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр. Инкубациялық кезеңі 40-180 күнге дейін. Сарғаю алдындағы кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады. Кейде одан да ұзақ. Бұл кездерде мүмкін болу синдромдар:

- артралгиялық – көбінесе тән;

- диспепсиялық;

- астеновегетативті;

- гриб тәріздес;

- аралас;

- сирек түрде болатын латентті кезең.

Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Артралгиялық синдром: сүйек – буындары ауырып, мазалайды. Астеновегетативті синдром: әлсіздік, енжарлық, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық байқалады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Ұйқысының бұзылуы, эйфория, апатия, тітіркену байқалады. Брадикардия, гипотония, бауыр және көкбауырдың үлкеюі тән. Қанның жалпы анализінде: лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы байқалады. Жазылу кезеңі 12 ай бойы.

Асқынулары

1. Жедел бауыр энцефалопатия (бауыр комасы);

2. Ісікті – асциттік синдром.

Диагностикасы

1.сарысудағы арнайы маркерлерді анықтайтын арнайы тесттер қолданылады;

ВВГ клиник – лабораториялық мәліметтерге сүйене қойылады. Клиникалық белгілерден: аурудың біртіндеп басталуы, қалыпты немес субфебрилді дене қызуымен, астенизация симптомдары басым болады ( әлсіздік, енжар, бұлшық еттердің немесе буындардың ауруы, бөртпелердың шығуы ) , сарғаю пайда болғаннан кейін жағдайының  жақсармауы, керісінше нашарлауы тән. Тіректі диагностикалық белгілерге жататын белгілер: гепатолиенальды синдром, сарғаюдың өршуі, эпидемиологиялық мәліметтердің көмектесетін жайлар: операциялардың болуы, гемотрансфузия, инъекциялар алу, ауру басталғанға дейінгі 3-6 ай алдыңғы уақытта, сонымен қатар НВ – вирус тасымалдаушыларымен тығыз қатынаста болуы.

2. биохимиялық  тесттер бауырдың функциясының  жағдайын көрсетеді;

3. Hbs антигендерді  анықтау.

Емі

 Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі:

1. күн тәртібі;

2. диета №5;

3, парентеральді  түрде дезинстоксикациялық ем;

4. белгілеріне  байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар  преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс  балансын қалпына келтіру үшін  гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам. Спазмолитикалық препараттар: но-шпа, эуфиллин. Ішектің төменгі резорбциясы болған жағдайда антибиотик неомицин. Егер де холестаз белгілерінің айқын түрінде болған жағдайда урсодеоксихолий қышқылы (уросан, урсофальк) тағайындалады.

Алдын алуы

Иммунизация – ең тиімді профилактикалық әдіс. 1982 жылы билогиялық препараттар қатарына ВГВ-ге қарсы коммерциялық вакцинаның пайда болуы бұл инфекциямен тиімді күресудің мүмкіншілігін туғызады. Қазақстан Республикасында ВГВ-ға қарсы вакцина салу ұлттық егудің календарлық жоспарлану 1992 жылы енгізілді. ВГВ-ға қарсы вакциянация салынады.

1. жаңа туған нәрестелерге;

2. қанмен жұмыс істейтін медициналық жұмыскерлерге;

3. қан реципиенттерге (гемодиализ, гематология, бүйрек ауыстыру орталығында);

4. медициналық жоғарғы орталықтарында, студенттерге.

ВГВ-ң вакцина профилактикасы құрамында НВ антигені бар антиген вакцинамен жүргізіледі. Бұл вакцинанын бірнеше жерде плазмалы түрде шағырады. Солтүстік жәнк Оңтүстік Корея, Қытай, ал ДНК рекомбинатты вакцинаны Бельгия, Қытай, Куба, Франция, Япония, Швейцария, АҚШ шығарады. Вакцинация курсы 3 рет бұлшық етке егуден тұрады. Жаңа туған балаларда 1-сі перзентханада туғаннан кейінгі 24 сағат ішінде. 2-сі 8 аптадан кейін (2 айда) АКДС-пен бірге. 3-сі 16 аптадаан кейін (4 ай) АКДС-пен бірге. Жоғарғы жастағы балалар мен ересектерге егу жоспар:

1. алғашқы егу;

2. алғашқы егуден кейін 2 айдан соң;

3. алғашқы егуден кейін 6 айдан соң.

ВГВ-ға қарсы вакцинаны БЦЖ, АКДС, тірі және әсер еткен поливакциянациямен қызылша және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинамен қатар жасауға болады. Тек қана 1 шприцке басқа вакциналарды араластыруға болмайды.

Вирусты гепатит С . Вирустық гепатиттің ең ауыр түрі С гепатиті немесе посттрансфузиялық гепатит болып есептеледі. С гепатиті деп аталатын инфекция кез келген адамда дами алады және көбінесе жастарда кездеседі. Ауру өседі. Бұл ауру қан құйғанда немесе зарарсыздандырылмаған шприцтерді пайдаланғаннан көбінесе қан арқылы жұғатындықтан, посттрансфузиялық гепатит деп аталады. 
Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде С гепатитінің бар-жоқтығына тексеріледі. Кейде ауру жыныстық жолмен немесе анасынан баласына жұғуы мүмкін. 
        С гепатитімен ауыратын адамдардың шамамен 70–80 %-ында қауіпті болып табылатын созылмалы түрі болып табылады, ол бауырдың қатерлі ісігіне немесе бауыр циррозына алып келуі мүмкін. С гепатитті вирустың гепатиттің басқа түрлерімен қатар жүргенде, науқас адамның денсаулығы күрт төмендеуі мүмкін, аурудың өтуі қиындап арты жаман жағдайларға әкелуі мүмкін. С вирустық гепатитінің тағы бір қауіптілігі қазіргі кезде дені сау адамды осы гепатиттен қорғайтын тиімді вакцинаның жоқтығы болып табылады. 

        С вирусты гепатиті - ол негізінен бауырдың қабынуы. С вирусты гипатитінің вирусы өте өміршең. Себебі 60 градус температурада 30 минут ішінде өлмейді. Ал, құрғақ күйінде жылдар бойы сақталуы мүмкін. Бұл вирус медициналық және косметологиялық құрал-жабдықтарды сүртетін спирт ерітіндісінен де қорықпайды. С вирусты гепатитінің созылмалы және жіті формаларымен ауыратын науқастар жұқпаны негізгі таратушылар болып табылады. Көп жағдайда сырқат өзінің басқа адамдарға қауіп туғызатынын сезіп, білмейді. Өйткені, науқастардың көбінде жіті  вирустық «С» гепатиті “сары емес түрде” өтеді. Және де осы жағдайда дұрыс диагноз қою қиынға түседі, себебі созылмалы гепатитпен ауыратындар көп жылдар бойы өздерін мүлдем сау сезінеді. Вирус зәрде, терде, нәжісте болмайды. Вирус қан сарысуында, шәуітте, қынап секретінде айқындалады.

        Көп жағдайда жұқпаның жұғуы вирусты гепатит жұқтырған науқастың қаны дені сау адамның қанына немесе зақымданған шырышты қабыққа жанасуы кезінде беріледі. Төменде аталып өткен жағдайларда жұқпа сау адамға жұғады: есірткіні көктамыр арқылы қабылдайтын нашақорлар, жұқпа жұқтырған қанды құю кезінде, вирусты «С» гепатитімен ластанған стерильді емес материалдарды, аспаптарды және құралдарды пайдаланған жағдайда (тісті емдеу кезінде, хирургиялық ота жасау кезінде, татуаж, персинг, маникюр, педикюр жасатқан кезде), “С” вирусты гепатитін  жұқтырған адаммен жыныстық қатынасқа түскен кезде, жұқпа жұқтырған анадан туылған нәресте босану және емізу кезінде жұқпа жұқтыруы мүмкін.

Жұқтыру каупіне, әсіресе, көп ұшырайтындар (қауіптілік тобы), есірткіні ине арқылы қолданатын нашақорлар, қорғалмаған жыныстық қатынасқа барған тұлғалар, жұқпа жұқтырған анадан туылған нәрестелер, “С” гепатитінің созылмалы түрімен ауыратын науқастармен бірге тұратындар. Бейберекет жыныстық қатынастағы тұлғалар және венерологиялық ауруларға шалдыққан науқастар, бірнеше рет қан немесе гемодиализ құйған науқастар.

        С вирусты гепатиті науқастардың көбінде (60-85%) аурудың созылмалы түріне айналады. Себебі ауру уақытылы анықталмай, әбден асқынған жағдайда бауыр циррозы, созылмалы гепатит сатысында өткен кезде ғана анықталады. Бұл ауруды “тілсіз жау” деп бекерге айтпаса керек. Созылмалы вирусты «С» гепатитімен ауырған науқастың бауыры кейде “С” вирусты созылмалы гепатит адамның басқа ағзаларының ауруына себепші болуы мүмкін. С вирусты гепатит вирустарының биологиялық қасиеттерін және оның аса жұғымталдығын ескере отырып, аурудың алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажет. Дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгінбеудің және диагностика жасауды кешіктірудің салдарынан Сіздердің туған-туысқандарыңызға ауруды жұқтыру қаупінің жоғарылайтынын естен шығармаған жөн.

Д гепатиті 
D гепатиті немесе дельта-гепатит вирустық гепатиттің басқа түрлерінен вирустарының адам ағзасында нақты көбейе алмайтындығымен ерекшеленеді.  Ол үшін оған «көмекші вирус» қажет. Ол – В гепатитінің вирусы. Сондықтан дельта-гепатит жеке ауру ретінде емес, В гепатиітінің ауыр түрі ретінде қарастырылады. Осы екі вирус бір адамның ағзасында бір уақытта өмір сүрген уақытта аурудың дәрігерлердің тілімен суперинфекция деп аталатын ауыр түрі туындайды. Бұл аурудың белгісі В гепатитінің белгілеріне ұқсас, бірақ өте ауыр түрде жүреді. 

Алдын алуы. В вирусты гепатитін алдын-алумен тығыз байланысты.

Е гепатиті

Е гепатиті белгілеріне қарай А гепатитіне ұқсас. Алайда вирустық гепатиттердің басқа түрлеріне қарағанда Е гепатиітінің ауыр түрінде бауырдың ғана емес, сондай-ақ бүйректің де зақымдануы байқалады. Е гепатиті А гепатиіті сияқты фекальді-оральді жолмен жұғады, ыстық және сумен нашар қамтылған елдерде елдерде тараған.  
Е гепатиітін жұқтырудың арты жүктілігінің соңғы үш айында жүрген әйелдер үшін өте ауыр болады. Бұндай жағдайда адам өлімі 9–40 %-ға дейін жетуі мүмкін, ал бала Е гепатиітімен ауыратын барлық жүкті әйелдердің жағдайында тірі қалмайды.Аталмыш топ гепатитінің алдын алу А гепатитінің алдын алуға ұқсас.

 

 

Емдеу

Емдеу шаралары басқа вирусты гепатиттер негізіндегідей Интоксикация белгілер жоғалғанға дейін төсектік режим қажет. Витаминдерге бай, құрамында керекті мөлшерде ау уыз, көмірсулар және майлар бар диета сақталады. Көп сұйықтық ішу. Ауыр түрлері кезінде дезинтоксикациялық ем жүргізіледі және глюкокортикостероидтар қолданылады.

ВГЕ-нің ауыр және қатерлі түрлерінде преднизалон 2-5 мг/кг мөлшерде 5-7 күн аралығында қабылданады. Сонымен қатар протеолиз ингибиторлары қолданылады. Геморрагиялық синдром пайда болса аскорутин, викасол мұздатылған плазма ұсынылады.

Ауруханадан шығару ережелері ВГА кезіндегідей. Науқастар диспансерлік бақылауды болады 3-6 ай бойы. Балалар 6 айға дейін немесе 1 жылға дейін дене шынықтыру сабақтарынан және спорттын босатылады. Профилактикалық егулер 3-6 айға дейін жасалынбайды.

Алдын алуы 

СЭС-ке шұғыл хабар береді, науқасты жекелеу, соңғы дезинфекция. Контактта болған адамдарды 45 күнге ( науқасты жекелеген күннен бастап) карантинге отырғызу және бақылау (теріні, ауыз қуысының шырышты қабатының кноъктиваларды қарап тексеру) бауырды палпациялау, зәр мен нәжісті тексеру, термометрия. Арнайы профилактика өңделмеген.

 G гепатиті 
G гепатиті вирустық гепатиттер тобының соңғы өкілі десе де болады, ол өз белгілеріне қарай С гепатитіне ұқсас. 
Алайда ол С гепатиті сияқты қауіпті емес, себебі С гепатиітіне тән бауыр циррозы мен бауыр қатерлі ісігіне дейін жеткізетін белгі G гепатитіне тән емес. Дегенмен С және G гепатиттерінің бірге болуы циррозға алып келеді.

 

 

 

 

 

                                           

 

                                             

 

 

                                               Қорытынды

         Вирустық гепатиттер — бұл адам өміріне қауіпті кең таралған аурулар тобы, олар өзара бір-бірінен ажыратылады, әртүрлі вирустардың салдарынан туындайды, бірақ аталған аурудың бір ұқсастығы бар – ол бұл аурудың, ең алдымен, адамның бауырын зақымдап, оның қабынуына алып келеді. Сондықтан виустық гепатиттер «сары ауру» деген бір ғана атаумен аталады. Сары аура эпидемиясы б.з. V ғасырда-ақ белгілі болған. Оны Гиппократ ашқан, бірақ оның қоздырушысы өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. Сондай-ақ қазіргі заманғы медицинада гепаттит атауы өзіндік ауруды ғана емес, сондай-ақ бүкіл ағзаны зақымдайтын патологиялық үрдісті білдіре алатынын атап айтқан жөн.

         Гепатит (а, b, c, d), бауырдың қабынуы сары аурудың, қызылшаның, гепестің, СПИД-тің және кейбір басқа аурулардың белгісі ретінде мүмкін. Сондай-ақ улы гепатит бар, ол бауырдық алкоголизм кезінде зақымдануы. Біз өзіндік инфекциялар – вирустық гепаттиттер туалы әңгімелейтін боламыз. Олар шығуы және аурудың жүруі жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін, алайда кейбір белгілері өзара ұқсас. 
Виустық гпатиттер бірнеше белгілеріне қарай жіктелуі мүмкін: 
Ауру ұзақтығына қарай гепатиттер өткір, ерекше өткір және созылмалы түрлері  
        Ауру ауырлығына қарай ауыр, орта ауыр және жеңіл болуы мүмкін  
Зақымдану жеріне қарай гепатиттер ұялы, мезенхимальді, паренхиматозды болады 

Информация о работе Вирусты гепатит емі мен алдын алуы