Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:51, курсовая работа
Сүт өнеркәсібі – агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Сүт өнеркәсібі өнімі – кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы нәтижесі. Сүт өнімдері – адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерінің бірі. Сүт – тағамдардың ішіндегі ең құнарлы, әрі таңдаулы түрі. Оның құрамында жүзден астам дәрумендер, қант, минералдық тұздар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам ағзасына өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар, әр түрлі сүт өнімдерін жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1 СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ...................................................................5
1.1. Сүт және сүт өнімдеріне жалпы сипаттама.........................................5
1.2. Еліміздегі сүтті ірі қара мал түрлері...................................................9
1.3. Ауыл шаруашылық өнімдер нарығының сипаттамасы.....................10
2 «МЕРКІ ІРІМШІК ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚАЛЫПТАСУЫ........................................................................................16
2.1. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-ның жалпы сипаттамасы.................16
2.2. Кәсіпорындағы цехтар мен негізгі процестер...................................19
2.3. «Меркі ірімшік зауытының» басқару-әкімшілік ұйымдастыру құрылымы.................................................................................................22
2.4. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау...................................................................................28
2.5. «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС – да өндірістік бағдарламаны жоспарлауын жақсарту жолдары..............................................................32
3 БИФИДОҚҰРАМДЫ ӨНІМДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.............33
3.1. Бифидобактериялар...........................................................................33
3.2.Сүтқышқылды өнімдер өндірісінде қолданылатын B.bifidium (бифидумбактерин)..................................................................................34
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ.........................36
4.1. Техника қауіпсіздігі...........................................................................36
4.2. Өрт қауіпсіздігі..................................................................................37
4.3. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария.......................................40
Қорытынды...............................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер.............
Латвиялық күрең тұқым бір асыл тұқымды табынның шеңберінде ғана ұсталады және тауарлы сүт өндірісінде ерекше орын алмайды.
Симментал, қара ала, әулиеата тұқымдарының сүттілігін ұлғайту үшін селекцияға қатысқан Айрышир тұқымы қазіргі уақытта жойылған.
Сүт бағытындағы өнімді малдардың арасында Оңтүстік Қазақстан және ішінара Жамбыл облыстарында кеңінен тараған отандық әулиеата қара-ала тұқымын бөліп көрсетуге болады.
Бұл тұқымның ерекшелігі Оңтүстік Қазақстанның ыстық ауа райына, таулы алқаптар мен таулы шалғындарда жайылымда ұстауға бейімділігі, сондай-ақ қан арқылы жұғатын ауруларға (тейлериоз, приоплазмоз) тұрақтылығы болып табылады. Осы тұқымның негізінде қара-ала тұқым мен Еуропадан, Солтүстік Америка мен Канададан әкелінген голштиндер генефондын пайдалана отырып ішкі сүтті қара-ала тұқымды алуға арналған селекция жүргізілуде.
Сүтті-етті тұқымдар отандық алатау және бейімделген симментал тұқымдары арқылы ұсынылады. Алатау тұқымы жергілікті қазақтың малын Еуропадан әкелінген швиц тұқымымен будандастыру арқылы алынды және 1950 жылы дербес тұқым ретінде танылды. Республиканың оңтүстік-шығысында кеңінен тараған. Көптеген асыл тұқымды шаруашылықтарда майлылығы 3,8-4,0% 4 000 – 5 500 мың кг сүт сауылады. Жас малдар денесінің ірілігімен ерекшеленеді және жақсы бордақыланған тайыншалар 18 айда 500 кг таза салмаққа жетеді, оның массасының 1 кг өсіміне 6,5-7,0 жемазық бірлігі жұмсалады.
Алатау тұқымында сауылымында 5,0 кг сүт, тұқымдық ядросында тиісінше 7,0-11,0 мың кг сүт беретін американыдық селекцияның швицтерін пайдалана отырып ішкі тұқымдық күрең «Ақ-Ырыс» түрі алынды.
Ірі қара малдың симментал тұқымы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кеңінен тараған елімізге бейімделген ертеден келе жатқан түрлерінің бірі. Симментал малының негізгі массиві қазақ, қалмық, қырдың күрең тұқымдарын Ресейден, Украинадан, Австриядан Швейцария мен Германиядан әкелінген бұқалармен будандастыру арқылы (1932-1950 жж.) алынды.
Қазіргі уақытта монбельярд, немістің ала, айыршир және қызыл-ала голштин тұқымдарымен күрделі будандастыру жолымен ішкі тұқымдық қызыл ала түрі алынды (2009ж.).
Әлемдік ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 40 % мал шаруашылығының үлесіне тиеді, әлем бойынша бұл салада миллиард адам жұмыс істейді. Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының барынша серпінді салаларының бірі болып табылады. Соңғы он жыл ішінде сала тез дамыды және халықтың ұлғаюынан, әл-ауқатының артуы мен урбанизация есебінен мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс белсенді түрде өсетін болады.
Республикада шамамен 6,2 млн. ірі қара мал басы бар.2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы республика бойынша мал басы ұлғайды: ірі қара мал –1,1%-ға 6 160,4 мың басқа дейін, оның ішінде сиыр –2,3%-ға 2 778,8 мың басқа дейін, құс – 1,1%-ға 33 036,3 мың басқа дейін.Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. 2012 жылы Қазақстанда ірі қара мал саны – 0,2%-ға өсті. 2013 жылы сиыр малының басы - 15,3 %-ға, қой - 2,7% -ға, жылқы - 2,5% -ға, құс 3,6%-ға артты. Жыл басына 94,4 мың тонна мал және құс еті, 436,1 мың тонна сүт, 430,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Бір сиырдан сауылған сүт 28 келіге, тауықтың жұмыртқалау көрсеткіші 20 данаға өсті.
1-кесте – 2011 жылғы 1 қаңтарға ҚР мал шаруашылығының негізгі даму көрсеткіштері (барлық санаттағы шаруашылықтарда)
2011 жыл |
2010 жыл |
2011 жылы 2010 жылға қарағанда | ||
± |
% | |||
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісі | ||||
сойылатын тірі салмақтағы мал мен құсты сату, мың т |
1 646,0 |
1 598,2 |
47,8 |
103,0 |
сиыр сүті, мың т |
5 341,2 |
5 269,0 |
72,2 |
101,4 |
тауық жұмыртқасы, млн. дана |
3 700,9 |
3 286,4 |
414,5 |
112,6 |
Мал мен құс саны, мың бас | ||||
ірі қара мал |
6 160,4 |
6 095,2 |
65,2 |
101,1 |
оның ішінде сиыр |
2 778,8 |
2 717,2 |
61,6 |
102,3 |
қой |
15 167,4 |
14 660,8 |
506,6 |
103,5 |
ешкі |
2 672,9 |
2 708,9 |
-36 |
98,7 |
құс |
33 036,3 |
32 686,4 |
349,9 |
101,1 |
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Асыл тұқымды құрылымдарда бір сиырдан сауылатын сүт республика бойынша 4,5 – 5,5 мың кг шегінде болуда.
Алатау тұқымында саны 2262 бас, асыл тұқымды табындардағы сауылымы 5,0 мың кг және одан жоғары, селекциялық ядросы бойынша сүті (n=200) 7,0-ден 11 тыс. кг дейінгі «Ақ-Ырыс» сүтті мал түрі алынды.
2-кесте – Сиырдың қажет етілетін түрі санының серпіні, бас
Түрі |
2009 жыл |
2010 жыл |
2009ж. қарағанда 2010 ж. % |
Қоңыр «Ақ-Ырыс» |
1 722 |
2 262 |
28,3 |
Қызыл-ала «Ертіс» |
2 434 |
2 729 |
12,1 |
Қара-ала «Сайрам» |
804 |
1 082 |
34,5 |
Түрлер бойынша барлығы |
4 960 |
6 073 |
22,4 (орташа) |
Симментал тұқымында табын бойынша жылына 4,4 мың кг сүт сауылатын малдың қызыл-ала сүтті «Ертіс» (2009 ж.) түрі алынды. Сиырдың қажет етілетін түрі (n=2 729) 4951 кг сүт береді, селекциялық ядросында (n=130) 5 888-ден 8 000 кг дейін.
Қара-ала тұқымында табын бойынша жылына 4812 кг сүт сауылатын, қажет етілетін түрі бойынша (n=1082) - 5005 кг және селекциялық ядросында сауылымында 6 800-ден 7 100 кг дейінгі қара-ала «Сайрам» малы түрін алу аяқталды.
1-сурет – Сауылатын табында, типті малда және базалық шаруашылықтардағы селекциялық ядрода 1 сиырдан орташа сауылатын сүт
Ақ-Ырыс Ертіс Сайрам
Ақпарат көзі: Мал шаруашылығындағы ірі көлемді селекцияның ақпараттық-талдамалық жүйесі
Қазақстандағы сүт және сүт өнімдері нарығының сыйымдылығы жылына 47 млрд. теңге сомасында 175 мың т. өнімді құрайды. Бұл ретте жалпы массадағы импорттың көлемі өнімнің түріне байланысты 401%-дан 80%-ға дейінгіні иеленеді.
Негізінен, Қазақстан қазір өзін сүтпен жақсы қамтамасыз етуде. Бірақ сиырлар өнімділігінің төмендігі мен фермалар тауарлылығының ұсақтығынан өнімділігі аз болуда және тиісінше сүт өнімдерін жеткізушілер бағаны көтеру арқылы орнын толтырғысы келетін табыс тіпті аз. Қорытындысында, олардың өнімдері халқының табысы мен зейнетақысы жоғары дамыған елдердеге қарағанда бірден қымбаттап шыға келеді. Мәселенің мәні осында жатыр. Оның үстіне нарықтың ашық болуы елімізге бәсекелі өнімдерді әкелуде, бұл отандық өндірушіні тұралатып кетеді.
Жалпы республика халқы тұтынудың ұлттық нормалары бойынша сүт және сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. 2010 жылы әрбір қазақстандық орташа шамамен 300 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынды (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібі және аграрлық азық-түлік нарықтары департаментінің деректері).
2010 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер зауыттарға 1,4 млн. тоннадан астам сүтті қпайта өңдеуге тапсырды. Өндірістің жалпы көлеміне қайта өңдеу үлесі 2010 жылы 30,4% құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 3,3% жоғары. Бұл ретте сүт өнімдерін өндіру көлемі ақшадай алғанда 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 23% ұлғайды. Ол 113,9 млрд. теңгені немесе шамамен 780 млн. долларды құрады.
Бүгінде 200 кәсіпорында сүт өнімдерін шығару жүзеге асырылады, қуаттылықты 71% пайдаланған кезде жылпы қуаттылығы жылына 2 млн. тоннадан астам сүт қайта өңделеді. Ақшадай алғанда сүт өнеркәсібінің үлесіне өндірілетін тамақ өнімдерінің жалпы көлемінің шамамен 17% келеді (Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің деректері бойынша).
Сонымен бірге былтыр Қазақстан 355 млн. АҚШ доллары сомасының сүт өнімдерін импортқа шығарды. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің деректері бойынша республикаға келетін тамақ өнімдері импортының жалпы көлемінің 15%. Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің деректері бойынша жақын шетелдерге сүт өнімдерінің барлық түрлерін жеткізудің өскені байқалады – атап айтқанда, Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға. Мысалы, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда қышқыл сүт өнімдерінің экспорты 29% ұлғайды. Бірақ бұл өнімдер сыртқы сауда айналымына аса әсер ете алмайды.
Отандық сүт өнімдері сапасы мен бағасы бойынша тіпті ішкі нарықтың өзінде Кеден одағы елдері тарапынан қысымға ұшырауда (ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуы бойынша).
Сүт саласы республиканың агроөнеркәсіп кешенінің жетекші саласы болды және болып қала береді, Қазақстанда өндірілетін тамақ өнімдерінің шамамен 20% астамы оның үлесіне тиеді. Бұдан басқа, бүгінде 43 әлеуметтік маңызды өнім түрінен тұратын Қазақстанның азық–түлік қоржынының 11% астамын сүт өнімдері құрайды. Республикада жан басына шаққанда сүт өнімдерін тұтынуы жыл сайын ұлғаюда, бізде және жалпы әлемде оған деген сұраныс артуда.
3-кесте – ҚР 2009-2010 жж. мал шаруашылығы өнімдері шикізатын қайта өңдеу өндірісі және импорты, тонна
Өнімнің атауы |
Өндіру |
Импорт |
Ішкі тұтынудағы мипорттың үлесі. % | |||||
2009 |
2010 |
% |
2009 |
2010 |
% |
2009 |
2010 | |
Шұжық тағамдары |
33 550 |
34 353 |
102,4 |
20 951,4 |
12 406,2 |
59,2 |
38,4 |
26,5 |
Ет және ет өсімдік консервілері |
4 511 |
7 467 |
165,5 |
3 329,6 |
1 699 |
51 |
42,9 |
19,3 |
Өңделген сұйық сүт және кілегей |
193 438 |
241 693 |
124,9 |
38 819,7 |
35 259,3 |
90,8 |
16,7 |
12,7 |
Құрғақ сүт |
2 769 |
2 294 |
82,8 |
10 028,6 |
11 434,7 |
114 |
89,1 |
83,3 |
Сары май |
13 048 |
10 514 |
80,6 |
8 825,5 |
4 578,9 |
51,9 |
40,4 |
30,4 |
Сыр және ірімшік |
11 446 |
12 536 |
109,5 |
20 201,3 |
17 533,2 |
86,8 |
66,5 |
59,5 |
Сүт және қоюлатылған кілегей |
7 978 |
7 590 |
95,1 |
36 132,8 |
18 645,9 |
51,6 |
82,9 |
72 |
Қышқыл сүт өнімдері |
80 432 |
93 236 |
115,9 |
29 346,8 |
21 503,2 |
73,3 |
26,8 |
18,8 |
Балмұздақ |
11 522 |
13 238 |
114,9 |
10 111,3 |
8 013,2 |
79,2 |
47,3 |
38 |
Информация о работе Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария