Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 19:36, реферат
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.
І. Кіріспе
Еңбек құқығы түсінігі, пәні
ІІ. Негізгі бөлім
Еңбек құқығының жүйесі
ІІІ. Қорытынды
Жоспар:
І. Кіріспе
Еңбек құқығы түсінігі, пәні
ІІ. Негізгі бөлім
Еңбек құқығының жүйесі
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.
Еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбеқ. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбекте болады. Еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді.
Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.
Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады:
1) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар.
2) еңбек қатынастары – бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар.
3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. тандай алады.
4) қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті.
5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты.
6) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты.
7) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рәсімделеді және қызметкерді кәсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады.
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттейді.
Еңбек құқының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың шеңбері кең және неғұрлым күрделі.
Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің өз еңбек қызметін іске асыру кезінде пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі жұмыс, яғни азаматтың еңбекке деген мүмкіндігін іске асырудан басталады.
Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:
Ø қарым қатынастар ішкі еңбек қатынасы жағдайында жұмыскерді белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;
Ø жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына енгізіледі;
Ø еңбек қатынастары – жұмыскерді жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;
Ø еңбек қатынасының мазұмыны жұмыскердің қатаң түрде белгіленген, кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға негізделген жұмысты атқаруымен байланысты.
Еңбек құқының пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа қатынас шеңберіне еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;
Ø ұйымдастыру-басқару қатынасы;
Ø жұмысқа алу бойынша қатынастар;
Ø жұмыс барысындағы кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыру қатынастары;
Ø еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;
Ø еңбек заңдылығын сақтау мен оны бақылауға байланысты қатынастар.
Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері төрт негізгі белгілермен сипатталады:
1. Еңбек қатынастарының
орталықтанған және
2. Келісімдік, ұсынылған
және императивтік реттеу әдістерінің
бірлесуі. Келісімдік реттеулер
еңбек қатынастарында
3. Кәсіподақтық мекемелердің еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық негізгі екі функцияны жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында және ұжымдық еңбек келіспеушілігі кезінде жұмыскердің мүддесін қорғайды.
4. Жұмыскерлердің еңбек
құқығын қорғау әдістерінің өзіндігі.
Ол ерекшелік ең бірінші еңбек
құқы- ол кәсіподақтық мекемелердің
әрекет ету негізінен көрінеді.
Сонымен қатар арнайы мекемелер
мен еңек келіспеушілік жағдайларын
қарастаратын әдістер бар- ол
мекемелер келісім коимссиясы, немесе
көтеріліс жасау сияқты
ҚР еңбек құқының жүйесі - ол бір тұтас (сала) негіз құрайтын, неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да одан да құрылымдық бөлшекті норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты жалпылығы.
Еңбек құқының барлық жүйесі құралым бойынша екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.
Еңбек құқына ұқсас құқық салалары болып азаматтық құқық, әкімшілік құқы қоғамдық қамтамасыз ету құқықтары саналады.
Азаматтық құқық пәніне еңбекке қатысты қоғамдық қатынастар кіреді, олар орнын толтыру түрінде болады, келісім шартқа негізделген. Оған жалға алу келісімі, тапсыру, авторлық келісу т. б. шарттарын орындаулар жатады. Алайда бұл қатынастар мен еңбек құқы пәніне кіретін қатынастар арасында олардың әр салаларға жататынын көрсететін біраз ерекшеліктері болады. Еңбек қатынасының пәні мен оның мазұмыны еңбек процессінің өзі болады және соның өзі құқықтық реттеуге жатады. Азаматтық құқықта пәні ретінде соңғы қорытынды болады.
Еңбек құқына әкімшілік құқығының белгілері ұқсас болады, оның ішінде мемеклеттік қызмет институттары, оның пәні ретінде мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік-басқару қатынастарын жүргізу болып табылады. Оның еңбек құқығынан негізгі ерекшелігі еңбек қатынасы екі жақтың тең құқылығын көрсететін жеке еңбек келісім шартына отырудан басталса, мемлекеттік қызмет сферасында әкімшілік акті негізінде және лауазымға тағайындау негізіндегі қатынастардан көрінеді, бұл жерде қатаң түрде билік ету бағындыру жүиесінде көрінеді.
Әлеуметтік қамтамасыз ету
құқынан еңбек құқы келесі белгілері
бойынша ажыратылады- қоғамдық қатынастар
әлеуметтік қамтамасыз ету құқын реттеудің
пәні болып табылады, олар азаматтардың
еңбекке емес материалдық жағдайын
қамтамасыз ету құқын талап ету кезінде
туандайды, әлеуметтік қамтамсыз ету
құқы азаматтарға еңбекті төлеу қаржысынан
емес әрбір жұмыс берушіде болатын
бюджет қаржысы есебінен ақша бөлуді қарастырады.
«Еңбек көздері» түсінігі екі өзара байланысты аспектімен беріледі. Біріншіден оған әлеуметтік құбылыс ретінде құқық туғызатын обьективті факторлар жатады. Бұндай фактор ретінде қоғамның материалдық жағдайындағы өмір сүруі, экономикалық, саяси және құқық негіздері нақты түрде мемлекеттің құқықты қалыптастыру, оған нормативтік-құқықтық акті түрін беру жұмыстарымен байланыстырады.
Еңбек құқының көздері көп және әр түрлі және де олар әр түрлі негізде бөлінеді.
Құқық көздерді заңдық күші бойынша классификациялалау дәстүрлі болып саналады.
1. Халықаралық
келісімдер мен келісім
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның 24 бабында келесі ережелер бекітілген:
3. Әркім еңбекті, кәсіпті және мамандықты таңдап алуға ерікті. Мәжбүрлі еңбекке әскери немесе төтенше жағдайларда ғана сот шешімімен жол беріледі.
4. Әркім қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына құқылы, ешқандай кемсітушіліксіз еңбек марапатын алуға сондай-ақ жұмыссыздықтын әлеуметтік қорғалуға құқылы.
5. Заңмен белгіленген әдістер арқылы шешу белгіленген жекеленген және ұжымдық еңбек келіспеушіліктер, көтеріліске шығу құқығы мойындалады.
6. Әркім дем алуға құқылы. Еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақыты, демалыс күндері жыл сайынға ақылы демалыстар кепілденеді.
7. Қазақстан Республикасының Заңы. Еңбек құқының негіздері болып табылатын заңға мыналар жатады: 10.12.99 ж. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 12.07.93 ж. «Кәсіби бірлестіктер туралы» заңдары т. б. жатады.
8.Қазақстан Республикасының
Қаулысы. Оған жататындар: 29.12.00 ж. «
Жұмыскерлердің еңбек ақысын
төлеудің инструкциясы мен тәртібін
бекіту туралы», 25.06.99 ж. «Екі
айдан астам уақытқа еңбекке
жарамсыздығын белгілеуге болатын
аурулардың түрлерін бекіту
9. Министрліктердің, комиттетердің және ведомствалардың актісі. Оларға жататындар: халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек Министрінің 21.04.00 ж. «Тегін емдеу-алдын алу тамақтану мен витаминдік препараттарды берудің ережесін бекіту туралы», 22.07.00ж. «Еңбекті нормаландыруды ұйымдастыру бойынша Әдістемелік рекомендацияларды бекіту туралы», ҚР денсаулық сақтау ісі бойынша Агенттігінің 22.05.00 ж. « Медициналық аптекалық жұмыскерлерді қосымша демалысқа шығару туралы» Бұйрығы.
Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеттері адамның уақыты, аумағы мен шеңбері бойынша қаралады.
Еңбек құқығының негізі болып табылатын нормативтік-құқықтық актілер үшін әрекеттерінің басталуы мен аяқталуын бекіту нақты практикалық маңызға ие.
Нормативтік құқықты әрекетке енгізудің тәртібі болып, нормативтік құқықтың өзі табылуы мүмкін. Заңдарды әрекетке енгізу тәртібі болып, оның ішінде кодекстерді әрекетке енгізу, заңдардың (кодекстер) өзі немесе кейбір заңдар болып табылады. Мысалы, «ҚР еңбек туралы» заңы 01.01.00 ж. « ҚР еңбек туралы» заңды ҚР қолданысқа енгізу турал» заңымен 10.12.99 ж. қолданысқа енгізілді. Егер нормативтік құқықтық актінің көлемінің көп болуына байланысты оның мәтіні периодикалық басылымдардың бірнеше бетіне басылатын болса, онда ресми басылған күн нормативтік құқықтық актінің мәтіннің соңғы бөлігінің басылған күні болып саналады. Азаматтардың міндеттері мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілуінің міндетті жағдайы оның ақпараттық құралдар бетіне ресіми басылуы болып табылады.