Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 16:37, реферат
Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әр түрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әр түрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айтылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып табылады.
Ес туралы соңғы кезде әр түрлі теориялар қалыптасты: олардың ішінде естің зерттеу амалдары мен заңдылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады.
Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған.
Естің түрлері
Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретінде анықтауға болады. Кейбір адамдар, мәселен, өте қиын есте қалдырады, бірақ оның орнына жақсы қайта жаңғыртады және есінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдардың ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісінше, тез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыған болады.
Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі:
1) іс - әрекетте үстемдік
ететін психикалық
2) іс-әрекеттің мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі;
3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.
Қозғалыс ес — бұл әр түрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жыңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әр түрлі практикалық және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі, "алтын қолдар" жатады.
Барлық адамдар қозғалыс есін меңгереді. Бірақ оның әрбір адамда байқалуы әр түрлі іске асады. Осы дара айырмашылықтар екі жағдайға байланысты: 1) ағзаның туа біткен дене ерекшеліктеріне байланысты; 2) қозғалыс дағдыларын қалыптастыруда дұрыс үйренудің, жаттығулардың дәрежесіне байланысты. Дара ерекшеліктерінің нәтижесінде (туа біткен және өмірде қалыптасқан) әрбір адам жүруде, жазуда, еңбекте, ойында, спортта және т.б. қозғалыстардың өзіндік қарқынын, стилін меңгереді.
Қозғалыс есі генетикалық тұрғыдан (өзінің пайда болу жағынан) естің басқа түрлерінен бұрын келеді. Балада қозғалыс есінің алғашқы байқалуы өмірінің алғашқы айына жатады. Алғашқыда балалар қарапайым қозғалыстардың тар шеңберін меңгереді. Содан кейін, қозғалыстарды есте қалдыру және қайта жаңғырту жағымды түрде кеңейе түседі, өте күрделі қозғалыстарды қамтиды.
Эмоциялық ес- бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.
Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Ол бұрын бастан кешкен сезімдерге байланысты адамға өз мінез-құлқын реттеп отыруға мүмкіншілік береді. Бастан кешкен және есте сақталған сезімдер қозғаушы күш ретінде белгілі бір әрекетті орындауға итермелейді. Қайта жаңғыртылған сезімдер алғашқы сезімдерден күші жағынан және сипатына, мазмұнына қарай айырмашылығы болуы мүмкін. Өмірлік деректерді мысал ретінде келтіруге болады. Мәселен, өте күшті және терең қайғы, күшті қуаныш біздің есімізде уақыт өте әлсіздене түседі.
Бұрын бастан кешкен сезімді қайта жаңғырту белгілі бір жағдайда мүмкін. Осындай жағдайлар қайталап қабылдау немесе өткенмен байланысты оқиғаны еске алу.
Бейнелік ес- бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларды немесе көру, есту орғандарынан айырылған адамдарда байқалады).
Бейнелік естің жоғары дамуы көркем өнер мамандықтарының адамдарында жиі кездеседі: суретшілерде, музыканттарда, жазушыларда.
Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді. Мұндай есті эйдетикалық ес деп атайды. (эйдос — грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді).
Сөздік— логикалық ес— ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік-логикалық деп аталады.
Сөздік-логикалық есте негізгі орынды екінші сигнал жүйесі атқарады. Естің осы түрі ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары оқушыларына тән болып табылады. Сөздік-логикалық есті меңгерген адам оқиғалардың мәнін, қандай да болсын дәлелдеудің логикасын, оқыған мәтіннің мәнін және т.б. тез және дәл есте қалдырады. Бұл мәнді ол өзінің сөзімен бере алады.
Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде, адам тарапынан ешқандай күш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру және қайта жаңғыртуды айтады.
Қысқа мерзімді ес— материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.
Ұзақ мерзімді ес салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.
Жедел ес дегеніміз қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген.
Адамның өмірі мен іс-әрекетінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді естің маңызы әр түрлі. Қысқа мерзімді ес іс-әрекеттің жекелеген түрлері мен әрекеттеріне қызмет етеді. Қысқа мерзімді естің ұқсас көріністері стенографистің, оператордың, тез іске асатын іс-әрекеттің басқа түрлері өкілдерінің жұмысында байқалады.
Ес үрдістері және оның түрлері
Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.
Есте қалдыру.Естің іс-әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта да белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқты қабылдаймыз жонс ойлаймыз.
Есте қалдыру үрдісі қабылданған заттардан бас ми қыртысында із қалудан тұрады, сонымен қатар есте қалдыратын материалдың адамның бұрыннан бар тәжірибесімен, білімімен, сонымен қатар есте қалдыратын материалдың бөлімдері мен элементтерінің арасындағы байланыстарды орнату.
"Уақытша жүйкелік байланыс,
— деп жазды И.П. Павлов, — жануарлар
дүниесі және біздің өзімізде
іске асатын әмбебап
Ассоциация заттардың екі немесе бірнеше бейнесі арасыеда ұйымдасуы мүмкін. Бұл көршілестік ассоциация деп аталады. Мысалы, біз әнді естиміз және бір уақытта сол өлең айтып тұрған адамды көреміз, онда оны қабылдау (оның әуені мен өлеңін) және ән айтушы адамды біздің қабылдауымыздың арасында көршілестік ассоциациясы қалыптасады. Көршілестік ассоциациясының қалыптасуын біз қайталап, екінші рет қабылдағанда немесе елестеткенде әннің әуенін еске түсіруіміз мүмкін. Бұл жерде әннің әуені мен әнші адамның арасында шартты байланыс, бірдейлік ассоциациясы қалыптасады.
Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің (мысалы, сөздермен) арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет бірінен соң бірін екі сөзді — балта, алма, бірнеше рет қайталасақ, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.
Механикалық есте қалдыру— бұл материалдың жекелеген бөліктерін олардың арасындағы мағыналық байланысқа сүйенбей бірізді есте қалдыру. Материалды механикалық есте қалдыру білімді формальді меңгеруге жиі әкеліп соқтырады. Сонымен қатар механикалық есте қалдыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, ол мағыналық есте қалдыруға қарағанда біршама көп уақытты қажет етеді. Бірақ механикалық есте қалдыруды мағыналық есте қалдырумен дұрыс ұштастыра білгенде пайдалы.
Мағыналық есте қалдыру ойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдың мазмұнын түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді.
Бір психологиялық зерттеуде мынадай тәжірибе жүргізілген еді. Шәкірттердің екі тобына есте қалдыру үшін мәтін ұсынылды. Бірінші топта бұл мәтінді қатарынан төрт рет оқу арқылы есте қалдыру қажет болса, екінші топта - екі рет оқуды қайта жаңғыртумен ауыстырып отыру, демек, бірінші оқудан кейін қайта жаңғырту, одан кейін — тағы да оқу және тағы да қайта жаңғырту. Зерттеудің нәтижесінде толық есте қалдыру оқу мен қайта жаңғыртуды ауыстырып отырған топта іске асқандығын аңғарамыз. Екінші тәсілмен меңгерілген материал бірінші тәсілге қарағанда есте толық және берік сақталған.
Мағыналық есте қалдырудың негізгі шарты — түсіну.Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Ырықсыз есте қалдыру — алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қалдырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады.
Мәселен, біз көшеде кездейсоқ кездескен адамдарды, кездейсоқ тыңдалған сөздер мен әуендерді де есте қалдырамыз, біздің есімізде ырықсыз есте қалатын өзінің әсемдігімен, анықтығымен ерекшеленетін заттар мен құбылыстар, күшті сезімдер, бұрынғы біздің тәжірибемізбен байланысты қызықты, маңызды оқиғалар есте қалады.
Қайта жаңғырту дегеніміз бұрынғы қабылдаулардың, сезімдердің, ойлардың, ұмтылыстар мен әрекеттердің адам санасында жандануы, қайта жаңғыртылуын жүйке-физиологиялық негіздері ұйымдасқан уақытқа байланыстар жүйесінің жандануы болып табылады. Бізде ең алдымен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың адам санасындағы бейнесі елестетулер деп аталады.
Қайта жаңғырту тану немесе еске түсіру түрінде, еріксіз және ерікті түрінде іске асуы мүмкін.
Тану- қайта жаңғырту бейнесі қайта жаңғыртылған нысанды қайталап қабылдағанда іске асады. Мысалы, жолдасымды, үйімді тыныдым деп айтқанымыз, мынаған байланысты: заттар мен құбылыстарды қайталап қабылдағанда біздің санамызда тағы да осы жолдасымыз немесе үйіміз бұрынғы қабылдаудан алынған бейнелер, сезімдер, ойлар пайда болады.
Тану толық емес немесе толық болып бөлінеді:
Толық емес тануда біздің санамызда белгілі нысанды қабылдаумен байланысты тек кейбір елестеулер, сезімдер мен ойлар қалыптасады, қабылданған нысан біз үшін жаңа еместігін білеміз. Бірақ бұл елестеулер мен осы нысандар бұрынғы қабылдауларда болған басқа елестеулермен және ойлармен байланыссыз қайта жаңғыртылады. Мысалы, қандай болсын адамның бет-пішінін танимыз, бірақ, көргенімізді еске түсіре алмаймыз.
Толық тануда біздің санамызда қазіргі заттар мен құбылыстарды қабылдауға қатысты бұрынғы өткен елестеулер мен ойлар басқа елестеулермен, ойлармен байланысты іске асады, толық тануда елестеулер мен ойларды бізге белгілі орнына, уақытына нақты жатқыза ойлаймыз.
Сонымен, біз кездестірген адамды тани білеміз, қайда және қашан кездескенімізді, қандай жағдайда, онымен не туралы айтқанымызды және т.б. еске түрсіреміз.Біз тек бұрын қабылданған заттар құбылыстарды ғана емес, сонымен қатар біз өз қиялымызда жасаған заттар мен бейнелерді, олар туралы кітапта оқыған немесе басқа адамдар туралы әңгімелерді тыңедай отырып, тани аламыз. Тану белгілі дәрежеде әрбір қабылдаудың құрамды бөлігі болып табылады.
Еске түсіру— нысанды қайта қабылдаусыз іске асатын қайта жаңғырту. Еске түсіруде бекітілген бейнелер, сезімдер мен ойлар сол кезде сезім органдарының қатысынсыз қайта жаңғыртылады. Мысалы, біз кешегі күннің оқиғасын қайта жаңғыртамыз, 30 жатталған өлеңді қайта жаңғыртамыз. Еске түсіру тану сияқты толықтығына және дәлдігіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Еске түсіру толық емес болғанда, біздің есте қалдырған заттарымыз бен құбылыстарымыздың кейбір бөліктері ғана қайта жаңғыртылады.
Толық еске түсіруде материалдың тек белгілі мазмұны қайта жаңғыртылып қоймайды, сонымен қатар оны еске түсіру іске асатын уақыты, жағдайы және шарттары қайта жаңғыртылады. Мысалы, өлеңді жатқа айта отырып, біз жол-жөнекей қашан, кім оны берді, қай жерде және қалай біз оны оқыдық, жаттауда қандай қиындықтар кездесті және т.б.
Еске түсіру танумен тығыз байланысты. Біздің қызметімізді, оның ішінде оқу жұмысында қайта жаңғырту танудан басталады, содан кейін еске түсіруге көшеді.