Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 19:34, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3

І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық
ерекшеліктері.
Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның
Ерекшеліктері........................................................................................17

ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды
оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42

Қорытынды.......................................................................................................48

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Оңтүстік-Қазақстанда-аномальды-балаларды-оқыту-мен-тәрбиелеу-мәселелері.doc

— 264.50 Кб (Скачать файл)
  1. Тілінде кемістігі бар жандарға арналған арнайы мектеп-интернат. Бұл мектептер 1-12 сыныптан тұрады. 1-сыныпқа 7 жастан қабылдайды, дайындық сыныптарында 6 жастан оқытылады.

12-сыныптың түлектері емтихан тапсырады,  оларға «8жылдық» білім алды деген куәлік беріледі. Мұнда балалардың сөйлеу және           сөздік-логикалық ойлауының қалыптасып, дамуына ерекше назар аударылды. 1 сыныптан 7  сыныпқа дейін балалар арнайы оқу бағдарламасымен  және арнайы оқулықтармен оқытылады. Ал, 8-12 сыныпқа дейін жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқытылып отырады.  Сыныптың құрамы 12 адамнан тұрған. 12 жастан бастап  жұмысқа дайындық топтарында  5-7 адамнан оқытылды. Мектеп-интернаттағы  алдын алу және қалпына келтіру, гигиеналық және консультациялық жұмыстарды маман-дәрігерлер (оториноларинголог, психоневролог, педиатр)  жүргізді.

  1. Нашар көретіндер және зағип жандарға арналған мектеп-интернат. Зағип балалар оқу жұмысында тактильді-кинестикалық және есту құралдарымен оқу материалын қабылдайды. Оқушылар офтальмолог-дәрігер, психоневролог, педиатрдың тұрақты бақылауында болады. Мұндай мектеп-интернаттың екі типі бар:

1) он жылдық; 2) он екі жылдық. Сынып құрамы 12 адамнан тұрады. Зағиптарға  арналған мектептерде политехникалық білім  беріліп және кәсіби дайындық беріледі. Оқыту процесі жалпы білім беру жүйесіне сәйкес келеді. Оқыту «рельефтік-нүктелік»  шрифтке негізделген. Оқыту барысы  жоғары  деңгейде жарықтандырылған (500 мк жоғары емес), парталардың арнайы конструкциясы жылжымалы қақпағымен, оқулықтар үлкен шрифтпен жазылған, дәптерлері ерекше болады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелу арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл мекемелердің жұмысы: тәрбиелейді, емдейді, мүмкіндігі бойынша қалпына келтіреді және көру функциясының өзгерісін дамытуға тырысады.

  1. Тілінде кемістігі бар балаларға арналған логопедиялық мекеме. Арнайы сабақтарда әр түрлі тіл кемістіктерін жоюға байланысты жұмыстар енгізіледі. Бұнымен жоғары педагогикалық білімі бар мұғалім-логопед айналысады. Логопедиялық жұмыс психотерапиялық және физиотерапиялық түрде жүргізілген. Мұндай комплекстік-коррекциялық педагогикалық емдеу жұмыстары ұзақ уақыт өтеді, үш айдан бір жылға дейін созылады. Тілінде күрделі ауытқуы бар балалар мектеп-интернатта білім алады. Мәселен алалия, афазия, ауыр дизартрия және дислалия, алексия, аграфия, өткір білінетін дисграфия және ауыр формадағы тұтықпа ауруымен ауыратын балалар оқытылады. Мектеп-интернатта 1-11 сыныпта оқытады. Бірақ «8жылдық» білім алды деген куәлік  беріледі.
  2. Халықтық білім беру жүйесінде арнайы бала-бақшалар  және арнайы балалар үшін мектепке дейінгі топтар ақыл-есі кем балалар үшін қарастырылады. Мектепке дейінгі мекемелерде  келесі диагнозы бойынша балалар қабылданады: дебиль сатысындағы олигофрения. Олардың жастары 4-тен 8-ге дейін болуы қажет. Ақыл-есі кем «өте төмен дәрежедегі» балаларға (имбецил, идиот) әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде балалар үйі қарастырылады. Онда 4-18 жас аралығындағы балалар тұрады.. «Өте ауыр дәрежедегі» ақыл-есі кем балалар, яғни идиоттар психохроника колониясына жіберіледі. Емдеу, сауықтыру, қалпына келтіру жұмыстарын дәрігер-маман (ортопед, психоневролог, педиатр, физиотерапевт) және инструктор (әдіскер) емдеу физкультурасының әдістерін логопед жүргізеді. Дайындық топтарында сабақ уақыты 30-35 минутқа қарастырылған. Сынып құрамы 16 оқушыдан тұрады.
  3. Соқыр-мылқау балаларды оқыту арнайы мекеме – Загорск қаласындағы балалар үйінде қарастырылып, іске асырылды. Дүниежүзінде мұндай мекемелер көп емес. Мұнда 50 бала  оқытылады. Олар: соқыр-мылқаулар, нашар көретін керең-мылқаулар,  нашар еститін соқырлар (интелектісі  нормада) болып табылады. Бұл балаларды тифло-сурдопедагогтар және әр түрлі маман-педагогтар зерттейді. Балалар үйінде сабақ сыныпта 3-4 оқушымен өтеді. Әр топта үш педагог ауысып отырады, яғни әр оқушыға бір педагогтан болады. Тәрбиелеуші педагогтармен әрдайым тығыз байланыста болады. Сонымен қатар педиатр, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог жұмыс істейді. Оқуды балалар 3 жастан бастап 19-20 жаста аяқтап отырған. Себебі, олар 12 жылдық жүйе бойынша оқиды. Одан бөлек 16 жастан бастап балалар үйінде оқу-еңбек топтары жұмыс істейді. Мұндағы балалар оқып бітіргеннен кейін «Бүкілресейлік соқырлар қоғамы» мекемелерінде жұмыс істейді. Сол мекеменің жатақханасында өмір сүреді.

 

   Аномальды балаларды зерттеумен  медицина және биология ғылымының өкілдері де шұғылданады.

   Организмнің аномальды тұрғыдан бұзылу механизмі қандай деген мәселеге өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалалары өзара қандай қарым-қатынаста болады? Бала естімегенде оның көзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай мәселелермен Дарвин және жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айнлысты. Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге үлкен көңіл бөлінуде.

   Аномальды балаларды зерттеу  жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі  пайда болды. Оның көру мен  есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан және ақыл-ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттігінен дәрігерлер, физиологтар және медицина-биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жұмыс істеуде.

   Психологтарға келетін болсақ, олардың назары қашан да аномальды балаларға аударылып келгені мәлім. Ал педагогтарға келсек, олар керең баланы оқытуға бола ма, көзі көрмейтін балаға жазуды үйретуге бола ма деген мәселемен айналысты. Осыған байланысты бұлардың арасында прогрессивті және реакцияшыл көзқарастары бар көптеген теориялар да орын алды.

   Педагогтар аномальды балаларды  оқытудың әр түрлі жүйесін  қолданып, бар күш-жігерін жұмсап  бақты. Аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш – XVIII  ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында басталды.  Бұл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тәсілі орын алды. Бұлай оқытумен оны эксперимент түрінде жүргізген кейбір ғылымның өкілдері айналысты. Ал шет елдерде осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан міндетті түрде оқыту жоқ. Тек меншіктегі мектептер, шіркеулік және әлденеше мемлекеттік оқу орындары  ғана бар. Міндетті түрдегі жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ.

      Арнаулы мекемелердің  құрылуымен бірге кеңес дефектологиясы дами берді. Кеңес дефектологтары алдында аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? – деген басты проблема тұрды. Мұндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы қандай болуы тиіс?

   Шет елдердің өкілдері  аномальды балаларға кімдерді  жатқызуға болады деген мәселе төңірегінде әлденеше идеалистік  теориялар ұсынды. Шет елдік дефектология ғылыми өкілдеріне біріншіден мынадай пайымдаулар тән болатын: қайсыбір органның бұзылуы (кемістігі) қызметі бұзылған соның өзін ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы, дұрыс есітпеу тек кереңдікке ғана байланысты, соқырлық тек көздің зақымдануына ғана байланысты деді. Қайсыбір органның немесе жүйенің бұзылуы бала дамуының осы жағына ғана қатысы болады деп жорамалдады.             Шын мәнісінде мұның бәрі де әлдеқайда қиындығы мол мәселе болып шықты. Сондықтан кеңес дефектологтары алдында аномальды балалардың даму ерекшеліктерін ашу міндеті тұрды.

   Шет ел дефектологиясы өкілдеріне тән екінші бір ерекшелік болды. Олар мынадай, ақау-кемістіктің өзі (дефект) аномальды баланы оқытуды ұйымдастырудың бастамасы деп санады. Ақауды жойып, оған барлық     іс-әрекетті бағындырып, соның өзімен байланыстыру керек деп қарайды. Мұның мәнісі, егер бала көрмейтін болса, онда көздің көруі арқылы қабылданатын түйсіктерді, білімді оқытудан шығарып тастау негізінде құрылуы керек. Кемістікті жалпы дамудан тыс оқшау қарап түсіну және ақауға барлығын да бағындыру – буржуазиялық теорияның басты бағыты болды.

   Соңғы он жыл ішінде аномальды балалардың ақыл-ойы дамуын педагогикалық тұрғыдан анықтау өте қиын. Ақыл-ойы кем бала белгілі бір дәрежеге дейін ғана көтеріле алады, сондай-ақ мылқау-керең балалар да дамудың жоғарғы сатысына көтеріле алмайды, өйткені олардың сөйлеуге тілі болмайды дегенді жақтайтын неше түрлі  жорамалдар пайда болды.

   Шет ел ғалымдары қалыпты балалық шақты бірнеше кезеңге бөледі:

0-3 жасқа дейін – биологиялық  кезең,  3-7 жасқа дейін – алғашқы  дағдылар кезеңі, 7-12 жасқа дейін  – нақтылы көріп-білгенін көңілге  түйетін кезең. Ал адам баласының  нағыз даму кезеңі, дейді олар, 12 жастан кейін басталады. Осыған байланысты Пелле барлық аномальды балалар кереңдік, соқырлық және т.б. қандай кемістіктерге ұшыраса да 12 жастан жоғары олардың ақыл-ойы өспейді дейді, яғни оның пікірінше ондай балаларға ойлау жат.

   Кеңес дефектологтары аномальды балалар жөніндегі мұндай көзқарастарға үзілді-кесілді соққы берді. Бұл проблеманы шешуде белгілі психолог Л.С.Выготский үлкен үлес қосты. Аномальды балалардың дамуындағы кемістікті ол бірініші сатылы және екінші сатылы деп бөлді. Егер баланың естуі бұзылып, көзі көрмей қалса, биологиялық бірінші кемістік. Кеңес мамандары, бірінші кемістіктен кейін табиғи сипаты мүлдем өзгеше, екінші кемістік пайда болады, деп көрсетті. Керең баланың құлағы зақымданғаннан кейін  екінші кемістік пайда болып, ол бүкіл сөйлеу органдары дұрыс болғанына қарамастан, сөйлемей қалады. Баланың тілі болмағанына байланысты, оның ұғымы мен түсінігі де әлдеқайда төменгі дәрежеде дамиды. Егер адамның көзі көрмесе, ол өзін қоршаған тіршілікке, айналасына көз жібере алмайды. Сөйтіп онда дәл осы кеңістіктегі тіршілік жөніндегі ұғымның дамуы жеткіліксіз болады.

   Бірінші кемістіктің табиғаты  қандай? Бұл – организмнің белгілі  бір қолайсыз жағдайлармен ұштасуы. Ол жағдайлар іштен туа немесе тұқым қуа және туғаннан кейін пайда болуы мүмкін.

   Өмірде нағыз тұқым қуатын кемістіктер соншама көп те емес, демек, біз көбінесе туғаннан кейінгі кемістіктің дамуымен жұмыс істей аламыз. Ал туғаннан кейінгі кемістіктер  көптеген жағдайда бала өмірінің алғашқы жылында пайда болады. Энцефалит, менингит  т.с.с. көп жағдайда есту, интеллектуалдық ерекшеліктер және т.б. бұзады.

   Ауруларды болдырмау жолында ұшаң-теңіз жұмыстар істелді. Көп жағдайда адамның қорасаннан (оспадан) соқыр болып қалатыны да мәлім. Қорасанға қарсы алдын-ала егу адам баласын ондай қасіретті аурудан және оның зардабынан құтқарды.

   Екінші кемістіктің табиғаты қандай? Бұл – бірінші кемістіктен қалған организм ақауларының нәтижесі. Бала оларды өз өмірі ішінде, бірінші кемістік қалыптасқаннан кейін алады.

   Бірінші кемістік пен екінші кемістіктің алдын алуға бола ма?

   Қазіргі кезде біз кереңдік пен соқырлықтың азайғанын білеміз. Бұл кеңінен жүргізілген профилактикалық жұмыстың нәтижесі. Алайда кейбір жағдайда бірінші кемістікпен күресуге осы заманғы құрал әлі де дәрменсіздік көрсеткенімен, екінші кемістікпен күресте жағдай мүлдем басқаша. Мұнда аномальды баланы арнайы оқыту шарттары және тәрбиелеу арқылы екінші кемістіктің пайда болуына жол бермей, алдын алуға болады.

   Егер дер кезінде оқытып, үйретсе керең бала  ешнәрсе  есітпегенімен оның сөйлеу тілі  дамитын болады. Шынында мектеп жасына дейінгі керең баланың сөйлеу тілі қалыптасып, кәдімгі дені сау бала тәрізді өсіп-дамиды. Мұндай құрал педагогтың қолында. Біз, міне осы құрал  арқылы баланың дамуындағы кенжеліктің, кеш қалушылықтың алдын аламыз.

   Бірінші кемістік – аса  күрделі де ауыр кемістік, денедегі  бір мүшенің бұзылуы. Бірақ жеке  адамның дамуындағы одан да  ауыры – екінші кемістік. Екінші  кемістік баланың сан қырлы болып өсуіне әсер етеді, оның жалпы өсуіне, ой-өрісінің дамуына кедергі болады.

   Аномальды баланы оқытып, тәрбиелеу үшін, оның даму заңдарын  білу керек.  Сондықтан оны  оқытып, үйрету процесі бізде өзара байланысты екі жүйеден – ғылым негіздері ілімімен қаруландырудан, баланың өсіп-дамуын  толықтырудан тұрады.  Сондықтан да дефектологтар жасап, қарастырып жатқан екінші мәселе – «компенсация» (толықтыру) теориясы деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Аномальды балалардың  негізгі категориялары және оның              ерекшеліктері.

   Балалар дамуындағы аномальды  балаларды арнаулы мектептерге жібереді. Аномальды балалар – физикалық немесе психикалық дамуы ауытқыған балалар. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа  және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге байланысты:

  1. Тұқым қуалаушылық;
  2. Жаңа дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы ортадан химиялық, механикалық, температуралық  әсерлердің ықпал етуі;
  3. Тамақтанудың нашарлығы;
  4. Организмге суық тиюдің әсері.

   Жүре  пайда болған кемістік – бұл баланың нәресте кезінде  жұқпалы аурулармен  науқастануы. Мысалы: эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша, скарлатина, т.б. аурулар.

   «Аномальды балалар» - термині  бұл арнаулы мектептерде оқытылатын  балаларға арналған. Аномальды балалардың  негізгі топтары:

  1. есту мүшелері нашар дамыған балалар(кереңдер, нашар еститіндер).
  2. көру мүшелері нашар дамыған балалар (соқырлар, нашар көретіндер).
  3. күрделі құрылымды кемістігі бар балалар.
  4. ақыл-есі нашар дамыған балалар.
  5. сөйлеу қабілеті нашар дамыған балалар (алалия, тұтықпа, дислалия, дизартрия).

   Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Ал кейбіреулердің мүмкіндіктері шексіз болады. Әрбір категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу орындары белгіленген:

  1. Керең, нашар еститіндерге арналған мектептер;
  2. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер;
  3. Қосалқы мектептер (ақыл-есі нашар дамыған балаларға арналған);
  4. Логопед пунктері (тіл кемістіктері бар балаларға арналған);
  5. Сөйлеу қабілетін түзету мектептері (күрделі тіл кемістіктері бар балаларға арналған);
  6. Барлық топтағы балалар үшін бала-бақшалар;
  7. Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар.

Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық жұмыс болып есептелінеді.

 

Ақыл-ойы кем балалардың ерекшелігі

   Ақыл-ой кемістігін халықаралық  ғылыми тілде олигофрения деп атайды, грек сөзі, қазақша аудармасы «ақылы таяз» деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға Э.Кренлин енгізген.

   Олигофрения негізінен баланың орталық жүйке жүйесінің, әсіресе  бас миының  зақымдалуынан болатын кемістік. Бас миының зақымдалуына әр түрлі сыртқы және ішкі жағдайлар себеп болады. Сыртқы факторларға - ананың жүкті кезіндегі гриппке, сүзекке, қызылшаға, сары ауруға және басқа да әр түрлі жұқпалы дерттерге шалдығыуы, ананың организміне жайылған уытты заттардан құрсақтағы нәрестенің улануы және босану кезіндегі болатын әр түрлі зақымдар жатады.

Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері