Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 19:34, реферат
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Кіріспе.................................................................................................................3
І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық
ерекшеліктері.
Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның
Ерекшеліктері........................................................................................17
ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды
оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42
Қорытынды.......................................................................................................48
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50
Жасы жетпеген балаға
кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе
түнге қарай қорқынышты
Баланы жазалау мақсатында
қорқыту әдісі де көп
Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек.
Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.
Дисфония – дауыс шығаратын аппараттың патологиялық кінәратқа шалдығуынан дыбыстың мүлдем болмай қалуын немесе әуезділік үннің бұзылуын сипаттайды.
Брадилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық сылбырынан дыбыстар созылып шұбалаңқы айтылады.
Тахилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының патологиялық ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып, быдықтанып айтылуы.
Афазия – мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін-ара жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі.
Афазия екіге бөлінеді: моторлы және сенсорлы.
Моторлы афазия – ауру тек қана ымдау арқылы түсінеді. Кейде, бұндай ауруларда 1-2 сөз қалып, осы арқылы қарым-қатынас жасайды. Жеңіл түрінде ауруда 10 шақты сөз қалып, сол арқылы қысқа сөйлемдер құрайды. Сөйлемде сөздердің не әріптердің түсіп қалуы мүмкін немесе орындарын ауыстырып айтуы мүмкін (қала – лақа, стол – скол) . Сөйлемдері телеграфтық стилде болады, тек қана зат есім мен етістіктен тұрады. (Мысалы, Папа барды завод). Оқыған кезде, сөйлемдері түсініксіз, түрлі қателер кездеседі.
Сенсорлық афазия – біреудің айтқанын түсінбейді. Есту органы қалпында. Айтқанды естісе де, оны дұрыс орындамайды. Мысалы, «Орындықты алып, бері әкел, сөйтіп үстелге отырып, оң қолыңды көтер» деген тапсырманы алып, оның тек кейбіреуін ғана түсінеді. Ал, кейбіреуін түсінбей бірден екі қолын көтеріп тұра береді. Өздерінің айтқан сөздерін- де, сөйлемдерінде де түрлі кемістіктер болады. Контаминация – екі сөзді біріктіріп, бір сөз етіп оқу (мысалы, мектепке бару – мекбар).
Дислексия – оқу процесінің ішін-ара бұзылуының өзіне тән ерекшелігін сипаттайды.
Дисграфия – жазу процесінің ішін-ара бұзылуының өзіне тән ерекшелігін сипаттайды.
Есту қабілеті нашар дамыған балалардың ерекшелігі
Есту органы адам организмінде өте үлкен рөл атқарады. Адамның есту органы үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Іштен туа біткен сыртқы құлақтың зақымдануы сирек кездеседі. Сыртқы құлақтың толық бітеліп қалуын «атрезия» дейді. Атрезия сыртқы дыбыс тесігінің қабынуынан болады. Сыртқы құлақтың зақымдануына сыртқы дыбыс тесігінде жиналып қалған құлық та жатады. Егер адамның құлағына құлық жиналып қалса, ол маман дәрігерге баруы тиіс.
Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда ортаңғы құлақ қабынады. Ол әр түрлі себептерден болады, мысалы, ангина, грипп аурулары.
Ішкі құлақтың зақымдалуы мына себептерге байланысты: қабыну процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа енуі, инфекциялық аурулардың асқынуы, ми қабынуының құлаққа таралуы.
Есту органының күшті
бұзылуы бұл – өздігінен
Жүре пайда болған себептер:
ортаңғы құлақтың күшті
Есту функциясының бұзылу
дәрежесіне қарай есту
Кереңдік – есту қабілетінің толық жойылуы.
Құлағының мүкісі бар адамдар – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу).
Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды екі топқа бөледі: кереңдер және нашар еститіндер.
Кереңдердің өзі екі түрге бөлінеді:
Көру қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Оқу процесіндегі қиындықтар
кейде көру қабілетінің
Зат анық және нақты
қабылданған кезде дұрыс
Көрудің жақыннан және алыстан көргіштік түрлері жиі кездеседі.
Жақыннан көргіштік күшті рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе жатқан сәулелер тор қабықшасының алдында шағылысады, содан алыстағы заттардың бейнесі анық көрінбейді.
Алыстан көргіштік әлсіз рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе жатқан сәулелер тор қабықшасының артында шағылысады, содан заттардың бейнесі жақыннан бұлыңғыр болып қабылданады. Сондықтан жақыннан орналасқан заттарды қабылдау үшін ынталы зейін қажет. Балаларда алыстан көргіштік жақыннан көргіштікке қарағанда сирек кездеседі.
Астигматизм – заттардың бейнесі тор қабықшада бір нүктеде шағылыспайды, керісінше тор қабықшадан әртүрлі қашықтықта орналасқан бірнеше нүктеде шағылысады, содан заттардың бейнесі қате қабылданады.
Көру қабілеті бұзылуының бұл түрлері рефракцияның ауытқуларымен байланысты, бірақ бұл жағдай көзілдірік кию арқылы орнына келе алады. Мұндай балаларға мектепте және отбасында дұрыс санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалуы қажет. Таблица, карта, кесте, тақтадағы оқу материалдарын балалар дұрыс қабылдай алулары қажет.
Соқырлар – бұл жарықты түйсіне алмайтын балалар. Егер қалыпты жағдайда біздің көруімізді 1-ге тең деп алсақ, онда қараңғы мен жарықты ажырата алатын адамның көруі 0,03-0,04-ке тең болады. Соқырлар өте әлсіз жарықты түйсіне алады, яғни, жарық пен қараңғыны ажыратады.
Осындай көру қалдықтары соқырларды айналадағы өмірге бейімделуге көмектеседі.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 11 арнайы коррекциялық мектеп-интернаты бар. Бұл мекемелерде жалпы саны 1958 оқушы оқиды. Ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернаттар Шымкент, Жетісай, Түркістан, Сайрам және Ленгір қалаларында орналасқан. Шымкент қаласында ақыл-есі кем балаларға арналған қосалқы мектеп және құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат бар. Ленгір қаласында тіл кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернат, қосалқы мектеп-интернат және құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп интернат орналасқан. Түркістан қаласында қосалқы мектеп және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат орналасқан.
Аномальды балаларға арналған
арнайы оқулықтар бар. Бұл оқулықтардың
ерекшелігі осы мектептердегі
мақсат-міндеттерге негізделген
Нашар көретін балалар үшін, оқулықтар, олардың ерекшеліктерін ескере отырып ірі шрифтпен басылады. Оқулықтарға қосымша ретінде рельефті суреттер, сызбалар, географиялық карталар қолданылады. Нашар көретін балалар – бұл біраз көру қалдықтары сақталған балалар. Бұл балалар көзілдірікті қолданған уақытта олардың көруі 0,04-0,2 аралығында болуы керек.
Жақыннан көргіштік, алыстан
көргіштік және астигматизм
Нашар еститін және керең балалар үшін жоғары сыныптарда жалпы білім беретін мектептің оқулықтары қолданылады. Бұл балалар үшін оқу, оқу-әдістемелік құралдар көру қабылдауына бейімделген. Нашар еститін балалар үшін арнаулы мектепке, кәдімгі сөйлемді 2 метр аралығында, ал сыбырлап сөйлегенді 0,5 метр аралығында ести алатын балалар қабылданады. Нашар еститін балалардың сөйлемінде өзіндік ерекшеліктер болады. Олар естімеудің нәтижесінде айтылған сөйлемнің мағынасын толық түсінбейді. Дауысы қатаң, ашық емес, сөздері анық шықпайды.
Нашар еститін балалар
үшін түрлі күшейткіш
Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде тәрбиеленді. Бастауыш сыныптарда ерекше назар сөз-сөйлемді қалыптастыру ерекшелігіне аударылады, яғни сөз-сөйлемді дұрыс түсініп қабылдау, сұрақты дұрыс түсіну, дұрыс сұрақ бере алу, өзінің іс-әрекеті туралы ойын дұрыс жеткізе білу, тапсыраны дұрыс орындау т.б. Сурет салу, пластилинмен жұмыс орындау, дене шынықтыру, өлең айту сабақтары ақыл - есі кем балаларды дамытуда, олармен коррекциялық жұмыстар өткізуде ерекше рөль атқарады.
Жоғары сыныптарда (5-8 сынып) ақыл есі кем балаларды арнайы мамандықтарға үйрету, оқыту жұмыстары басталады. Оқу шеберханаларында оқушылар жүйелі дайындық арқылы арнайы мамандықтарды игере бастайды (ағаш өңдеу, темір өңдеу, тігін шебері, қағаз-картонды түптеу жұмыстары, ауыл шаруашылық мамандықтардың кейбір түрлері т.б.).
Еңбек тәрбиесі ақыл-ойы
кем балалардың жан-жақты, интеллектуалдық
жағынан дамуына, сонымен қатар
баланың бойында өнегелі
Қосалқы мектептерде
2.2. Аномальды балаларға көрсетілетін
психологиялық-медициналық-
Психикалық және физикалық кемістігі
бар балаларға түрлі коррекциялық жұмыстар
ұйымдастырылады. Оларға психологиялық,
медициналық және педагогикалық тұрғыдан
кеңестер беріледі. Осы кеңес қызметін
ұйымдастыруда арнайы ереже бар. Бұл ережелер
психологиялық-медициналық-
Ереженің негізгі міндеттері:
а) Туылғаннан 18-ге дейінгі балалар мен
жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін
анықтау, диагнозын белгілеу және оларды
емдеу, оқыту мен тәрбиелеудің лайықты
жағдайларын анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-
б) Балаларға психологиялық-медициналық-
Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері