Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 10:37, реферат
Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:
Тұқым қуалайтын аурулар
Генетикалық жіктелуі
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері
Балалар ауруларын зерттеу әдістері
Тұқым қуалаитын ауруларды емдеу
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Биология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Тұқым қуалайтын аурулардың зертханалық-диагностикалық әдістері
Орындаған: Нұрсадықова
Қабылдаған:Қалбаева А.Е
Астана 2012ж
Жоспары
Тұқым қуалайтын аурулар
Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Генетикалық
жіктеу бойынша тұқым
моногендік;
хромосомалық;
мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.
Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т.б. дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.
Хромосомалық аурулар геномдық (хромосомалар санының өзгеруі) және хромосомалық (хромосомалар құрылысының өзгеруі) мутацияларға байланысты қалыптасады. Жиі кездесетін хромосома ауруларының қатарына трисомиялар жатады. Бұл кезде хромосома жұптарының бірінде қосымша 3-хросома пайда болады. Мысалы, Даун ауруында аутосом. 21-жұп бойынша трисомия болса, Патау синдромында 13-жұпта, Эдварс синдромында 18-жұбында болады. Гаметогенезде мейоздық бөлінудің бұзылуына байланысты әйелдерде жыныстық Х – хромосомалардың біреуі болмаса, Шерешевский-Тернер синдромы, керісінше бір хромосом артық болса – трипло-Х (ер адамдарда Клайнфельтер) синдромының қалыптасуына әкеледі. Жасы 35-тен асқан әйелдердің бала көтеруінде нәрестелердің хромосом. аурумен туу қауіптілігі жоғары болады.
Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды.
Мұндай ауруларға
подагра;
қант диабеті;
гипертония;
асқазан және ішектің ойық жарасы;
атеросклероз;
жүректің ишемия ауруы, т.б. жатады.
Тұқым қуалайтын аурулардың бұл түрінің пайда болу себебі әлі толықтай анықталған жоқ. Тұқым қуалайтын ауруларды клиникалық жіктеу патологиялық өзгерістерге ұшыраған органдар мен жүйелер бойынша жүргізіледі. Мысалы, жүйке және эндокриндік жүйенің, қан айналым жүйесінің, бауырдың, бүйректің, терінің, т.б. органдардың тұқым қуалайтын аурулары деп жіктеледі. Республикада тұқым қуалайтын ауруларды анықтау, емдеу жұмыстарымен неврология, терапия, хирургия клиникалар мен ауруханалар айналысады.
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық және биохимиялық әдістер.
Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге полидактилия (саусақтардың артық болуы), беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Генеологиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтардың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы — Абай (Ибраһим); немерелері — Шәкерім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т.б.
Генеологиялық әдіспен
көптеген аурулардың тұқым
Сонда Виктория мен оның зайыбы мұндай аурумен ауырмаған. Олардың арғы тегінде де ешкім гемофилиядан зардап шекпеген. Бірақ Викторияның ата-анасының біреуінің жыныс клеткасында мутация пайда болған болу керек. Соған байланысты королева Виктория гемофилияның генін тасымалдаушы болып, өзінің көптеген ұрпақтарына таратқан. Сөйтіп, Викториядан мутантты гені бар Х хромосоманы алған барлық ер жынысты ұрпақ гемофилиямен ауырған.
Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып тұңғыш рет 1956 жылы Дж.Тийо мен А.Леван қалыпты жағдайда адамның дене клеткаларында 22 жұп аутосомалар және бір жұп — жыныстық хромосомалар болатындығын анықтады. Бұрынғы жыныс генетикасы тақырыбында айтылғандай ер адамда жыныстық хромосома гетероморфты (ХУ), ал әйел адамда гомоморфты (ХХ) болып келетіндігі дәлелденді. Бұл әдісті қолдану адамның дене және жыныс клеткаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді байқауға мүмкіндік туғызады. Мұндай өзгерістер түрлі аурулардың тууына себепкер болады. Сондықтан цитогенетикалық әдісті медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.
Егіздік әдіс. Егіз болып туу адам баласында жиі кездесетін құбылыс. Олардың екі түрі болады: бір жұмыртқалық және әр жұмыртқалық. Бір жұмыртқалық егіздер дегеніміз — бір жұмыртқа клеткасының бір спермато-зоидпен ұрықтануынан екі зиготаның дамуы. Мұндай егіздер бір-біріне айнымастай ұқсас болады, себебі, олардың генотипі бір.
Ал әр жұмыртқа клеткаларының әр түрлі сперматозоидтармен бір мезгілде ұрықтануынан дамыған егіздер бір-біріне онша ұқсамауы мүмкін. Себебі әр түрлі жұмыртқа клеткалары мен сперматозоидтардағы гендердің үйлесімі түрліше болып келеді. Осының ішінде бір жұмыртқалық егіздер аса маңызды жалпы биологиялық проблеманы, атап айтқанда, белгі-қасиеттердің дамып қалыптасуы үшін тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеуде ыңғайлы материал болып табылады. Мысалы, адамның бойындағы туа біткен қабілетті дамытып, қалыптастыру үшін оқу мен тәрбиенің қандай маңызы бар екендігі анықталады.
Сонымен қатар, егіздік әдіс адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларға (шизофрения, эпилепсия, гемофилия және т.б.) бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі.
Онтогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен адамның онтогенезі (жеке дамуы) барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғы анықталады. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларды соған жауапты рецессивті гендерден тұратын гомозиготалы организмнен ғана емес, аз да болса гетерозиготалылардан да байқауға болады. Мысалы, шизофрения ауруын рецессивті ген анықтайды, және ол ауру адам ата-анасының екеуінен де сондай генді алса, яғни рецессивті гомозигота (аа) болса ғана білінеді. Ал, гетерозиготалы (Аа) болса, ол адам ауру болмауға тиіс. Бірақ, кейде онтогенез барысында ондай адам бір қайғылы жағдайға ұшырап, стресс болса ол аурудың шығуы мүмкін. Сонымен, онтогенетикалық әдістің маңызы — онтогенез барысында белгілі бір ауруды тасымалдайтын рецессивті гендерді анықтау арқылы болашақ ұрпақты ауыр зардаптардан алдын ала сақтандыру.
Популяциялық әдіс. Бұл әдіспен түрлі тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігі зерттеледі. Адамның әр түрлі популяцияларында тұқым қуалайтын генотиптік өзгерістердің таралуы түрлі мөлшерде болады. Мысалы, Мариан және Гуам аралдарындағы жергілікті тұрғындардың жұлын клеткасының склерозы ауруынан қаза болуы басқа елдермен салыстырғанда 100 есе көп. Сол сияқты Швейцарияда Роне өзенінің жағалауында орналасқан бір ауылдың 2000 тұрғынының ішінде 50 адам саңырау-мылқау, 200 адам саңырау болып шыққан. Себебі, көші-қонның болмауынан жекелеген отбасылар мен туыстар көп таралып көбейе алмайды. Сондықтан кейбір тұқым қуалайтын ауруларды тасымалдайтын ген мөлшері артып кетеді.
Биохимиялық әдіс. Бұл әдіс адам генетикасын зерттеуде соңғы кездері кеңінен қолданылып жүр. Жалпы адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын өзгерістер клеткадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты. Олар сол клетканың құрамына кіретін белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар, липидтер және т.б. екенін бұрынғы өткен сабақтардан білесіңдер. Айталық, ДНҚ молекуласында өзгеріс болса, онда ген өзгерді деген сөз. Себебі, геннің өзі сол ДНҚ-дан тұрады. Ал ондай өзгеріс тұқым қуалайды. Биохимиялық әдістің үлкен практикалық та маңызы бар. Мысалы, ДНҚ-ға талдау жасау арқылы баланың ата-анасын дәл анықтап табуға болады. Бұл әдіс қазір археологиялық зерттеулерде де қолданылып жүр. Соңғы кезде Шығыс Қазақстандағы Алтай тауынан табылған "Алтын Адамның” кейбір ұлпалары мәңгі мұздың астында жатқандықтан сақталған. Солардың құрамындағы ДНҚ-ны алып біздің (қазақтың) ДНҚ-мызбен салыстырып зерттегенде олар ұқсас болып шыққан. Бұл біздің арғы тегіміз сақтар, ғұндар екендігін дәлелдеп отыр.
Қорыта айтқанда, қазір адам генетикасын зерттеуде жоғарыда көрсетілгендей әр түрлі әдістер қолданылуда. Соған байланысты адамның генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілер қатарына қосылатыны сөзсіз.
2. Адамның тұқым қуалаушылығын
зерттеуде бірнеше әдістер
Балалар ауруларын зерттеу әдістері
Бала туралы ойлаған кезде барлығымыздың арманымыз дені сау бала, бақытты ұлымыз немесе қызымыз болса дейміз. Кей кездері бұл арманымыздан ештеңе де қалмай қалады, себебі бала дүниеге ауру болып келеді, бірақ та өзіңінің туған балаңды (ғылыми тілмен айтқанда биологиялық балаң) басқа балалардан кем көрмейсің, өз балаңды қандай болса да, жақсы көресің. Әрине, балаң ауру болып туса, ерекше күтім қажет болады, материалдық шығын, физикалық және моральді жүктеме де артады. Баладан қалай әкесі немесе шешесінің көптеген себептерімен бас тартса (әлеуметтік-тұрмыстық, қаражат, жас мөлшерлері), солай бала себептерімен де бас тартады (сырқаттың ауырлығы, емнің мүмкіндігі мен болашағы және т.б.). Асыранды балалар жас мөлшеріне байланысты емес: жаңа туған нәресте, емшектегі бала, ересектеу бала, ауру немесе сау болуы мүмкін.
Ерлі-зайыптылар әртүрлі жағдайларға байланысты отбасына баланы балалар үйінен немесе әйелдер босанатын үйден алады. Кейде бұндай адамгершілік батырлыққа жалғыз басты әйелдер де барады. Балалар үйінен асырап алушы ата-аналар саналы түрде мүгедек балаларды, Даун ауруымен немесе балалардың церебралдық сал болуы және басқа да аурулармен ауыратын балаларды асырап алатын кездер де болып тұрады.
Бұл ақпарат қазіргі және болашақ асырап алушы ата-аналарға балаларда туа салысымен пайда болатын және сол кездің өзінде аурудың клиникасы бойынша диагноз қойылатын немесе бірнеше жылдан кейін пайда болатын осы ауруға қатысты алғашқы симптомдардың пайда болған уақытына байланысты диагноз қойылатын кеңінен тараған тұқым қуалайтын аурулардың клиникалық-генетикалық ерекшеліктерін ашып беру үшін беріледі. Балалардың кейбір ауруларын клиникалық симптомдары пайда болғанға дейін зертханалық-биохимиялық, цитогенетикалық және молекулярлы-генетикалық зерттеулер арқылы анықтауға болады.
Баланың популяциалық немесе жалпы статикалық тәуекелділік деп аталатын туа біткен немесе тұқым қуалайтын ауруының болуы 3-5% тең, бұл әрбір аяғы ауыр әйелде болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда іштегі балада қандай дерт бар екенін болжап, диагнозын қоюға болады. Кейбір туа біткен кемістіктер мен дерттер зертханалық-биохимиялық, цитогенетикалық және молекулярлы-генетикалық әдістемелер, анықтап айтқанда – пренатальді (босанғанға дейінгі) диагностика әдістемелер кешені арқылы анықталады.
Асырап алуға ұсынылған балалардың барлығын медициналық мамандар, соның ішінде генетик мамандар тексеру керек. Тексеру барысында бала және оның әке-шешесі жөнінде қолда бар деректердің барлығы ескерілуі қажет.
Адам ағзасының әрбір жасушасының ядросында барлық тұқым қуалаушылық ақпараты бар 46 хромосома, яғни 23 жұп бар. 23 хромосоманы бала аналық жасушамен бірге анасынан алады және 23 хромосоманы шәуhеттермен бірге әкесінен алады. Осы екі жыныстық жасуша қосылған кезде пайда болған нәтижені айнаға қарасаң және айналаңа қарасаң көресің. Хромосомаларды зерттейтін маман – цитогенетик. Бұл мақсатта арнайы өңделетін лимфоцит деп аталатын қан жасушасын қолданады. Маманның жұп-жұбымен және реттік нөмірі бойынша тарататын хромосомалар жиынтығы – бірінші жұп және т.с.с., кариотип деп аталады. Адамның жынысы хромосомалардың соңғы жұбына байланысты. Қыздарда бұл XX хромосомалар, оның біреуі анасынан алынған, ал біреуі әкесінен алынған. Ұлдарда ХУ жыныстық хромосомалар. Оның біріншісі анасынан, ал екіншісі әкесінен алынған. Шәуhеттердің жартысында X хромосомалары, екінші жартысында У хромосомалары.
Хромосомалар жиынтығының өзгеруі білгілі бір аурулар тобының себебі болып табылады. Соның ішінде ең жиі кездесетін ауру – Даун ауруы (700 жаңа туған нәрестеден бір нәресте). Осындай дертке шалдыққан нәрестенің диагнозын бала туғаннан кейін 5-7 күн ішінде дәрігер-неонатолог қойып, бала кариотипін зерттеу арқылы растау керек. Даун ауруына шалдыққандардың кариотипінде 47 хромосома болады, үшінші хромосома 21-нші жұпта болады. Қыздар да, ұлдар да осындай хромосома дертімен бірдей ауырады.
Информация о работе Тұқым қуалайтын аурулардың зертханалық-диагностикалық әдістері