Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 10:37, реферат
Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:
Тұқым қуалайтын аурулар
Генетикалық жіктелуі
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері
Балалар ауруларын зерттеу әдістері
Тұқым қуалаитын ауруларды емдеу
Шерешевский-Тернер ауруымен тек қана қыздар ауырады. Бұл аурудың бірінші белгілері 10-12 жаста байқалады: қыздардың бойлары кішкентай болады, шашы төмен желкесіне дейін өседі, 13-14 жасқа келсе де етеккірі келмеген. Ақыл-ойының жетілуінде аздаған ауытқулар байқалады. Шерешевский-Тернер ауруымен ауырған ересек адамдарда аурудың ең негізгі әйгіленісі болып бедеулік саналады. Бұндай дертке шалдыққандардың кариотипін 45 хромосома құрайды. Бір Х-хромосома жоқ. Бұл аурумен 3000 қыздың ішінде 1 қыз, бойы 130-145 см болатын 1000 қыздың ішінде 73 қыз ауырады.
Клейнфелтер ауруы тек қана ұл балаларда кездеседі, бұл дерттің диагнозы жиі 16-18 жаста қойылады. Бұл дертке шалдыққан ұлдардың бойы биік (190 см и выше) болады, ақыл-ойының жетілуінде аздаған ауытқулар байқалады, кеудесін орап алатындай қолдары бойына сәйкес емес өте ұзын болатыны байқалады. Кариотипін зерттеген кезінде 47 хромосома болады – 47, ХХУ. Клейнфелтер ауруымен ауырған ересек адамдарда аурудың ең негізгі әйгіленісі болып ұрықсыздығы саналады. Аурудың тарауы 1:18000 тең, 95 ұлдың 1-нің ақыл-ойы дұрыс жетілмеген, 9 еркектің 1-уі ұрықсыз.
Жоғарыда біз өте жиі кездесетін хромосома ауруларын сипаттадық. Тұқым қуалайтын аурулардың 5000-нан астамы адам жасушасы ядросының 30000 генінің біреуінде өзгерулер, тектің өзгеруі болатын моногенді ауруларға жатады.
Белгілі бір гендердің жұмысы осы генге сәйкес келетін нәруыз немесе жасушалардың, органдардың және жүйелердің жұмысына жауапты нәруыздардың түзілуіне (қалыптасуына) мүмкіндік жасайды. Геннің бұзылуы (тектің өзгеруі) нәруыздың түзілуінің бұзылуына, содан кейін жасушалардың, органдардың және жүйелердің физиологиялық жұмысының бұзылуына әкеп соқтырады.
2-3 айға дейінгі барлық балаларда
фенилкетонурия немесе
Бұндай жағдайлар туыс адамдар үйленген кезде жиі болып тұрады. Фенилкетонурия – тұқым қуалайтын аурулардың бірі. Бұл аурудың нәрестелер арасында кездесу жиілігі 1:10000. Фенилкетонурия ауруы дегеніміз – адам ағзасы фенилаланин амин қышқылын сіңіре алмауы және оның уытты концентрациясы ми және басқа да органдар мен жүйелердің функционалдық қызметіне теріс ықпал етуі.
Психикалық және қимылдық дамудың артта қалуы, эпилепсиялық сияқты ұстамалар, диспепсиялық әйгіленістер (асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы) және дермиттер (терінің қабынуы) – осы аурудың негізгі клиникалық белгілері.
Емінің ең бастысы арнайы емдәм және фенилаланин амин қышқылынан ажыратылған амин қышқылды қоспаларды ішу.
1-1,5 жастағы балаларда ауыр тұқым
қуалайтын ауру –
Бір жастан асқан балалар арасында кең тараған және жиі кездесетін аурулардың бірі гемофилия ауруы. Бұл дертке көбінесе ұл балалар шалдығады. Осы ауруға шалдыққан балалардың аналары тек өзгеруін тасымалдағыш болып саналады. Кей кездері баланың медициналық картасында шешесі және туыстары жөнінде ештеңе жазылмайды. Гемофилиеге шалдыққанда пайда болатын қанның ұюуы буындардың қатты зақымданыуына (буынның қанап қабынуы) және ағзаның басқа да зақымдануына әкеп соқтырады, кез келген жерін кесіп алса, көпке дейін қан тоқтамай қояды да, адам өміріне қауіп түсіреді.
4-5 жастағы ұл балаларда Дюшенн
миодистрофия ауруының
Молекулярлы диагностикалық әдістеме арқылы клиникалық белгілері пайда болғанға дейін айқындалатын кең тараған тұқым қуалайтын ауруларды көрсеттік. Бала денсаулығының қазіргі уақыттағы жағдайы және болашақта жиі кездесетін тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу мүмкіндігін сипаттайтын кариотип және молекулярлы-текті зерттеулер деректері көрсетілетін кариотипті зерттеумен, сонымен бірге балада кең тараған тек өзгеруі бар-жоғын мекемелер тексеру керек деп санаймыз. Әрине, бұндай зерттеулер балаға да, баланы өз отбасына алғысы келетіндерге де көптеген ауқымды проблемаларды шешуге ықпал ететіні сөзсіз.
Биотехнологияның дамуы
Молекулярлы технологиялар мен биоинформатика қосылып, ауруға шалдығуға бейімділігін жеке-дара болжауды, қиын жағдайларда диагноз қоюды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жекелеген пациенттердің ауруы сипаты мен оның ауырлығын алдын ала болжауға жұмылдырылған.
Тұқым қуалайтын аурулардың көпшілігі ауыр, әрі созылмалы болып келеді. Бұл ауруларға шалдыққан науқастарға қызметтер көрсетуге мемлекет едәуір қаржы жұмсайды. Жатырда тұқым дамуындағы кемістіктерді, моноген және хромосома ауруларын ерте кезден болжап білу, тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан балалардың туылуын алдын ала ескерту ана мен бала денсаулығын қорғау саласының өзекті мәселесі.
Молекулярлы биологияның: геномика, протеомика, метаболомика және биоинформатика дамуының геном дәуірі кезеңіне сай келетін биотехнологияның озық үлгілі бағыттарын дамыту мақсатында және ғылыми орталықтардың ғылыми-өндірістік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы жанынан Ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасы ашылды.
Алға қойылған міндеттерге сай зертхана жоғары білікті кадрлар мен қызмет көрсететін персоналдан құралған, халықаралық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жабдықталған. Зертхана штаты геномика, биотехнология, молекулалық биология, молекулалық генетика, биомедицина, биоинформатика саласындағы жоғары білікті мамандардан тұрады. Зертхана қызметкерлері АҚШ, Жапония, Франция, Израиль, Швейцария мен Ресей Федерациясының алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өтті. Қазірдің өзінде аталмыш зертхана адам асқазанында қатерлі ісіктің пайда болуын алдын-ала болжау үшін кешенді тест-жүйе әзірлеуге, онкологиялық зақымданулардың өршуі – генетикалық маркерлеріне кешенді талдау жасау жүйесін құруға, тұқым қуалайтын аурулардың скринингі үшін тест-жүйе, Қазақстан аумағында тараған туберкулез қоздырғышының мультирезистенттігін анықтау үшін тест-жүйе жасап шығаруға бағытталған перспективалы 8 жобаны іске асыруға кірісіп кетті.
ҰБО-ның қосқан зор үлесі адам папилломасы вирустарын, В, С және G вирусты гепатиттерін, цитомегаловирусты инфекцияларды, 1 үлгілі және 2 үлгілі қарапайым ұшық вирусын, желшешек вирусын – белдемшелік ұшықты, адамның ұшық вирусын диагностикалау үшін, бұған дейін шетелден сатып алынып келген алғаш рет отандық диагностикалық тест-жүйе әзірлеп шығару болуға тиіс.
Қазір Ұлыбританияда адамның ДНК деректер қоры жинақталған, әлемдегі осыған ұқсас мекемелердің ішінде аса ірі ерекше банк – UK Biobank ашылуда. Мұнда жарты миллион адамның гені сақталады, оларды гендер мен аурулардың өзара байланысын зерттеп-білу мақсатында адам өмірінің соңына дейін жіті қадағалап отырады. Озық үлгілі зерттеулердің қорытындылары ДНК талдауына UK Biobank арқылы неліктен кейбір адамдарда қатерлі аурулар пайда болатынына кең көлемде көз жеткізуге арналған. Мұндай зерттеулер әлемнің барлық дамыған елдерінде қолданылып келеді.
Бүгінгі таңда генетиктер адамның жеке генетикалық паспортының көмегімен адам шалдығуы мүмкін аурулар туралы білуге қол жеткізді. Нақты бір адамның геномын зерттеу арқылы гендерінің бірізділігін және бар болуын толық көруге болады. Адам генінің оның мінез-құлқымен байланысты екені бәрімізге бұрыннан белгілі. Мәселен, ол арқылы біз қан тобын анықтай аламыз, белгілі бір заңдылықтарға сәйкес ол ата-анамыздан бізге мирас болып қалады. Жақында ғалымдар адамның гені оның ауруларымен тығыз байланысты екенін тапты, гендер гипертоникалық аурулардың, жүрек ауруларының, миокард инфаркты, асқазан жарасы ауруының, атеросклероздың пайда болу мүмкіндігін анықтайды.
Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу.
Медициналық генетиканың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі — тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдерін анықтап, соның негізінде оларды емдеудің жолдарын іздестіру. Мысалыға, қантты диабет ауруын алайық. Бұл ауру ұйқы безінің гормоны — инсулиннің түзілмеуіне байланысты болады, оны рецессивті ген анықтайды. Қантты диабетті организмге инсулин енгізу арқылы ғана емдейді. Бұл жағдайда тек ауру ғана, яғни “зиянды” геннің фенотиптік көрінісі емделеді. Емделіп жазылған адам ол генді өзінде сақтап, келесі ұрпағына береді. Қазіргі кезде көптеген тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдері анықталған. Соның бірі шизофрения ауруының бір түрі — фенилкетонурия. Бұл аурудың биохимиялық негізін зерттегенде белок құрамына кіретін фенилаланин аминқышқылы триптофанға айналуы керек. Оған арнайы фермент қатысады. Ал ол ферменттің қызметін белгілі бір ген бақылайды. Егер ол ген өзгеріске ұшыраса, аталған биохимиялық алмасулар дұрыс жүрмейді, яғни фенилаланин триптофанға айналмайды. Сондықтан оның концентрациясы артып кетеді. Мұндай жағдайда адамның миы мен жұлыны зақымдалып, психикалық ауруға ұшырайды. Осындай механизмдері анықталғаннан кейін фенилкетонурияны емдеудің де жолдары табылды. Ол үшін құрамында фенилаланин аминқышқылы аз тағамдармен тамақтану керек немесе қажетті ферментті организмге егу қажет. Адамда жақсы зерттелген мәселелердің бірі — қан топтарының тұқым қуалауы. Соның ішінде резус-факторды алайық. Резус-фактордың қанның құрамында болуын анықтайтын ген екі түрлі жағдайда болады: біреуі оң резус “+”, екіншісі теріс резус “—”. Резусы “теріс” әйел, резусы “оң” ер адаммен некелескенде оң резус болуды анықтайтын геннің доминантты болуына байланысты ұрық әкесінен осы қасиетті алады. Сөйтіп анасының қанына ерекше зат — антиген жасап шығарады. Ал анасының организмінде оған қарсы антиденелер түзіледі. Олар ұрықтың қан жасалу жүйесін бұзады. Нәтижесінде ана организмі мен ұрық уланады. Бұл ұрықтың өліміне апарып соғады.
Туыстық некенің тиімсіздігі. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың (немере, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. Себебі, ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Ал тұқым қуалайтын аурулар мен түрлі кемістіктерді көбінесе рецессивті гендер анықтайтындығы белгілі. Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында ғана білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады. Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше, туыс емес ерлі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және ұрпақтың тіршілік қабілеті жоғары болады. Себебі, олар көбінесе гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доминантты ген жеңіп кетеді. Біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қалыптасқан дәстүр бойынша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі. Бұл біздің гендік қорымыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді. Сондықтан мұндай дәстүрді сақтап отыруымыз қажет.
Кейбір географиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. себептерге байланысты тұрғын халықтың саны кеміп, оқшауланып қалады. Адамдардың ондай шағын популяциясында амалсыздан туыстық неке көбейеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын кемістіктер мен сәбилердің өлімі артады. Тіпті ондай халық жер бетінен жойылып кетуі де мүмкін.
Медициналық-генетикалық кеңес. Болашақ ұрпақты тұқым қуалайтын түрлі ауыр зардаптардан сақтандыру үшін адам генетикасы мен медициналық генетикада жүргізілген зерттеулер қолданылады. Дүниеге ауру ұрпақты келтірмеу үшін ата-ананың екеуінің де дендері сау болу керек. Кейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау болғанымен, олардың тегінде тұқым қуалайтын ауру болса ол келесі ұрпаққа беріледі. Мысалы, жігіттің шешесі эпилепсия (қояншық) ауруымен ауырса, ал әкесі сау болса, ол жігіт эпилепсик болмайды. Себебі оның әкесінен алған доминантты гені эпилепсияны анықтайтын шешесінен алған рецессивті генді жеңіп шығады. Егер дәл осындай жағдайдағы қыз жоғарыда келтірілген жігітке тұрмысқа шықса, өздері ауру болмағанымен, олардан ауру балалар дүниеге келуі мүмкін. Себебі оларда эпилепсияның гені бар.
Жалпы ауру немесе кеміс ұрпақтың дүниеге келуі отбасы мен ата-ана үшін үлкен қайғы-қасірет. Сондықтан отбасын құратын, әсіресе, тегінде тұқым қуалайтын кемістіктер бар адамдар медициналық-генетикалық кеңес алғаны жөн. Мұндай кеңес беретін орталықтар қазір Қазақстанның көптеген қалаларында бар.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе, судың, ауаның және азық-түліктің мутагендік және канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына соңғы кездері көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың “генетикалық залалсыздығы” мұқият тексеріледі. Сайып келгенде, мұның барлығы адамда тұқым қуалайтын кемістіктердің мөлшерін азайту мақсатында жасалады.
Информация о работе Тұқым қуалайтын аурулардың зертханалық-диагностикалық әдістері