Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптеріндегі биотехнология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 00:10, методичка

Краткое описание

«Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптеріндегі биотехнология» пәні фармация және медицина саласында ғылыми-техникалық прогрестің өзекті бағытының қазіргі заманғы жағдайын зерттейді, яғни макро- және микроағзалардың және биокатализаторлардың (ферменттердің) көмегімен дәрілік заттарды алуды қарастырады. Биотехнолог маманы үшін бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты - биотехнология әдісі арқылы, қазіргі таңда кең қолданылатын дәрі- дәрмектерді, антибиотиктер, ферменттер, гормондар, витаминдер және т.б. алу негіздерін білу болып саналады. Биотехнологиялық өндіріс биологиялық объектілер ретінде ферменттер, микроорганизмдердің жасушалары, өсімдік және жануар тектес жасушалар мен ұлпаларды қолданылуына негізделген. Бағдарламада фармацевтикалық ғылым және дәрі-дәрмектердің технологиясының негізгі концепциялары көрсетілген.

Содержание

Кіріспе
Зертханада жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері
4

5
1. Өндіріс регламенті бойынша қоректік ортаны дайындау.
Қоректік ортаны және ыдыстарды зарарсыздау әдісі
6
2. Қоректік ортаның және ауаның зарарсыздығын бақылау әдісі
10
3. Антибиотиктің продуценті. Антибиотиктің активтілігін анықтау
16
4. Бастапқы культураның және продуценттің түріне байланысты егіс материялын дайындау және сипаттау
18
5. Микроорганизмдерді культивирлеу. Сандық сипаттамасы және негізгі әдісі
22
6. Ішек микрофлорасын тұрақтандыру препаратын алу
35
7. β-фруктофуранозидаза препаратын алу
39
8. Биомассаны бөліп алу. Биомассаны анықтау әдісі.
42
9. Құрғақ биомассадан күлдің және ылғалдың құрамын анықтау
45
Қолданылған әдебиеттер
47

Вложенные файлы: 1 файл

9 мет ук к лаб фарм.doc

— 551.00 Кб (Скачать файл)

Жанған жалында  күйдіріп зарарсыздау

Кішірек шыны (таяқша, шпатель) және металдан жасалған заттар (ине, ілмешек, қысқыш,  пышақ). Жалынның үстінен  бірнеше рет өткізеді. Ыдыстың  мойнын мақта тығынның жоғарғы бетін  жалында күйдірумен зарарсыздалады.

Қайнатумен  зарарсыздау

Металл құралдар және резина түтіктерді қайнатумен зарарсыздайды. Кейбір бактерияның спорасы бірнеше  сағат суда қайнатқанда өмір сүру қабілетін сақтайды. Сондықтан 10 минут 2% натрий карбонатта қайнатып зарарсыздау ұсынылады.

 Құрғақ  ыстықпен зарарсыздау

Құрғақ ыстықпен зарарсыздау  шыны ыдысты негізінде құрғақ ыстықпен зарарсыздайды. Бұл кезде пробирканы, колбаны алдын ала мақта тығынмен жабады. Зарарсызданған заттар ауадан бүлінбес үшін зарарсыздар алдын  ала қағазбен орап жұмыс істер алдында ғана ашады. Пипетканы ені 2,5-3 см қағазбен орайды. Алдын ала пипетканың соңына дейін қағазды 45° бұрышпен   спираль бойымен орайды.

Петри табақшасын 4 бұрышты  квадрат етіп орайды. Петри табақшасын парақтың ортасына орналастырады, екі жағынан қарама – қарсы жақа жоғары қарай орайды, шетін екі рет тігісімен майыстырады. Осылайша қағазбен орағаннан кейін табақтың қайсысы астыңғысы қайсысы үстіңгісі екенін оңай ажыратылады. Осылай дайындалған ыдысты кептіргіш шкафқа орналастырады, оны 160-170°С температураға 2 сағатқа қояды. Мұндай қыздыруда бактерия ғана емес оның спорасыда қырылады. Кептіргіш шкфата 175°С температурадан жоғары ұстауға болмайды, мұндайда мақта тығын қарайады, ол қағаз март сынғыш  болып келеді.

Ағып тұрған бумен зарарсыздау. Дробты зарарсыздау немесе тиндализация. Қоректік орта (сүт, солод, желатин) су, резина түтік және т.б. құрғақ ыстықта бүлінетін заттарды ағатын бумен зарарсыздау. Ағып тұратын бумен зарарсыздау. Коха кипятильнигінде жүргізеді немесе (вентилі) бұрандасы ашық автоклавта жүргізеді. Суды қайнағанға жеткізеді және пайда болған бу зарарсыздайтын аумақта ағады. Қоректік ортаны зарарсыздау температурасы 100°С жетеді. 30-45 минут қыздырғанда бактерияның вегетативті жасушасы өледі, бірақ оның спорасы өлмейді. Келесі күні қыздыруды қайталайды. Бұл кезде спорадан дамыған вегетативті жасуша өледі. Бұл кезде сұйықтықты толық зарарсыздау үшін тағы бір тәулікке қалдырады және қыздыруды қайталайды. Мұндай зарарсыздау дробты немесе тиндализация деп аталады.

Пастеризация

Пастеризация 100°С температурадан төмен сұйықтықта қыздыру негізінде  саналады. Мақсаты сұйықтықты қайнатқанда, қоректік сүті, сыраны, шарапты және тағы басқаларды қасиеті спора түзбейтін  бактерияны жою.

Пастеризация 60°С температурда 30 минут қыздырғанда немесе 75°С температурда 15 минут немесе 80°С температурда 10 минут сұйықтықты қыздырғанда іске асырылады.

Мұздай зарарсыздау

Қыздыруға жатпайтын  шектеулі сұйықтықты зарарсыздауда  майда саңылаулы сүзгіден өткізу арқылы бактериядан босатылады.

Бұл сүзгілер микроорганизмді  ұстайды, оны бактериялы сүзгі деп  атайды. Бактериялы сүзгінің әр түрлі  номері болады. №1  сүзгі  орташа саңылауы диаметрі 0,3 мкм, олар сенімділеу болып келеді. №5 сүзгі  ең үлкен саңылаулы диаметрі 1,2 мкм. Мембраналы сүзгіні 2-3 рет қолданар алдын қайнатып зарарсыздайды. Сүзгіні жылы дистилденген суға салады және 30 минутта 2-3 рет ауыстырып отырады .

Автоклавта  бу қысымымен зарарсыздау.

Қоректік ортаны және қаныққан бу қысымымен материалды зарарсыздау  әдісі сенімді және универсалды әдіс болып саналады. Ол автоклавта жүргізеді. Зарарсыздайтын аумақты таза қаныққан бумен атмосфералық қысымнан жоғарғы қысыммен қыздырып жүргізеді. Қаныққан бу мұздай аумақпен кездескенде ол конденсирленіп суға айналады. Конденсация кезінде үлкен мөлшерде жылу бөлінеді және зарарсыздаудағы аумақтың температурасы тез жоғарылайды.

Қоректік ортаны толық  зарарсыздау  120°С  температурада  және   1 атм қысымда 20 минут  қыздырумен қамтамасыз етіледі.

 

Жұмысты орындау  әдісі

Материалдар және құрал – жабдықтар

 

Эрленмейер колбасы, автоклав, мочевина, сахароза, КН2РО4 , NaCl, MgSO4, FeCl жүгері ұны (крахмалдығы 60%), жүгері экстракті, май (көбік сөндіргіш).

«Уробактерин» препараты өндірісінде қоректік ортаны дайындау.

Ферменттерде оптимизацияланған  жасанды ортаға әртүрлі көлемде  Bas. Serrulatus П2-128 құрамы өсіріледі,г/л:

Мочевина-7,26

Сахароза-9,82

КН2РО4-1,0

NaCl – 1,0

МgSО4 х 7Н2О-1,0

FeCI3 -ізі

Су(су құбырындағы) – 1 литрге дейін  рН-8,0-8,2.

 

 

 

Ферментерді толтыру  коэфиценті 50%.

Ортаны зарарсыздандыру 0,5 атм., 102-1050С температурада 40 минут жүргізіледі.

 

 Биовит

 Биовит  колибактериоздық, сальмонеллезалық, гастроэнтероколиттік, (бактериологиялық этиология) бұзаудың, шошқаның торайының, жануарлар мен шошқаның ісік ауруына және құсты колибактериозаға қарсы емдеуде қолданады.  Биовит өндірісінде биологиялық активтік зат антибиотик хлортетрациклин –Act. аureofaciеns штаммы ТБ 633  ФУ  және  ТБ 619  ФУ  культурасының спорасы қолданылады. Өнімділігі  6500 бір\мл болу керек.

 

Жұмыстың орындалуы

«Биовит» препарат өндірісі үшін қоректік ортаны дайындау.

Ортаның құрамы:

1. Жүгері ұны(крахмалдығы  60%)-6,0 г/л

2. Жүгері экстракті(  техникалық таразыда)-6 г/л

3. Май (көбік сөндіргіш)-1,0г/л

4. Су (су құбырындағы)-1 литрге дейін

        рН зарарсыздандырғанға дейін-9-7,2

        рН зарарсыздандырғаннан кейін  -6,3-6,6

Ферментерге құбырдағы  суды құяды және 40-500С температураға дейін қыздырады. Араластырғыш жұмыс істеп тұрғанда жүгері ұнын салады, 30 минут араластырып 85-900 С температураға дейін қыздырады және 45 минут ұстайды, содан соң жүгері экстрактін салады. Ортаның рН-6,6-6,8 дейін  кальцинирленген содамен  титрлейді ,көбігін сөндіреді.     Ортаны  1 сағат 1350С - 1400С температурада зарарсыздайды    ( 2,0 кгс/см).

 

Бақылау сұрақтар:

1. Табиғи ,жасанды, жартылай жасанды ортаны дайындау мысалдары.

2. «Уробактерин» препаратын қолданатын жер. Уробактерин  продуценті.

3. «Биовит» препаратын қолданатын жер.    Биовит  продуценті.

4. Жоғарыда келтірілген  биопрепаратқа қоректік ортаны  дайындау      техникасы.

5. Қоректік ортаны және ыдыстарды зарарсыздау әдісі.

 

№ 2 зертханалық  жұмыс

    Қоректік ортаның және ауаның зарарсыздығын бақылау  әдісі (6 сағат)

 

Жұмыстың мақсаты: қоректік ортаның және ауаның зарарсыздығын бақылау әдісін оқу және меңгеру.

 

 

 

 

Теориялық негіздері

       Асептикалық жағдайда культивирлеу процесін бөгде микрофлорасыз жүргізуге мүмкіндік жасайды. Ортаны сенімді қорғау талабы микроорганизм – продуцентінің өндірістік штаммын культивирлеу микробиологиялық синтездің негізгі технологиясының бірі болып саналады. Микробиологиялық синтез өндірісіндегі асептика әсіресе маңызды мәнге ие. Ірі өндіріс масштабында асептикалық жағдайда қамтамасыз ету – күрделі инженерлік проблеманың бірі. Жалпы екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі өндірістің технологиялық гигиенасын қамтамасыз ету. Мұнда қоректік ортадағы және өндірістң бөлмелеріндегі продуценттің ластануын төмендететін комплексті заттарды қолдану жатады.

Екіншісі технологияға қатысты комлпекс технологиялық  шешімдерді және әдісті қосады. Олар арнайы технологиялық құрал – жабдықтар (фильтр, зарарсызданғыш) болып табылады немесе негізгі технологиялық құрал – жабдықты (ферменттерді) бақылау - өлшегіш аспапты құруда, асептикалық арнайы талапты қолдану. Процестің соңғы мақсаты осы құрал – жабдықтың көмегімен іске асырылады демек, ферментерде барлық материалдың ағып өтетін барлығын (аэрирлеуші ауаны қоректік ортаны, көбік сөндіргішті т.б.) толығымен бөгде микрофлорадан босату. Культивирлеу процесін асептикалық жағдайда жүргізу үшін герметикалық нығыздалып жабылатын аппаратты және құбыр өтікзгішті, аэрирлеуші ауаның  зарарсыздығын, қоректік ортаның және көбік сөндіргіш заттардың және ферменттерге қосылатын басқада қоспаның зарарсыздығын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.

 

Жұмысты орындау әдісі

1 вариант. Суды  және қоректік ортаны зерттеудің        

                    микробиологиялық әдісі

        Судың экожүйесі болып ортада жүретін микроорганизмдер саналады. Бірінші продуценті болып бір жасушалы балдырлар атқарады. Қоректенуші тізбек болып бактерия мен қарапайымдар жатады.

          Судың микрофлорасы көбінесе су қоймасына жақын топырақтың микробты пейзажынан пайда болады, барлық уақытта ауыстырылып отырады және жаңартылып отырады, әр түрлі ағын судан, шіріген өсімдіктен, суда өмір сүретін балықтан, шаңнан бактериялармен бірге түскеннен тазартылады. Тұзды және тұрған су қоймасында мкрофлора әр түрлі. Тұрған су қоймада (көлде, өзенде) кокки (Micrococcus roseus және т.б.) және таяқша тәрізді бактерия (Pseudomonas luorescens) болады. Суда анаэробтылар аз, негізінде су қоймасының түбіндегі илде биохимиялық процесте тазаруының қатысуымен көбейеді. Сапрофитті микроорганизмдер органикалық қалдықтан ыдырату, қоқыс жинау қызметін атқарады, басқа да тіршілік ететіндерге өмір сүретін метаболиттік процеске жарайды. Мұхитта және теңізде микрофлораға бай емес және галофильді (тұзды ұнататын) микроорганизмдер болады. Артезиан скважина суында мкроорганизм болмайды, топырақтан фильтрлеуші қабілеті түсіндіріледі. Су тасқынынан және ағын судан өзенге және көлге микроорганизмдер, адамның және жануардың ішегін қалпына келтіретін

 

флорасының өкілдері, мысалға ішек таяқшасы, энтерококки, әр түрлі клост-ридин кездеседі. Солармен бірге улы патогенді микроорганизмдер (ішек сүзек, дизентерия бактериясы, холера вибрионды, гепатит, полиомиелит вирусы) түседі. Олар бірнеше күннен аптаға дейін сақталады. Сондықтан су жолымен ішек инфекциясы таралатыны белгілі.

 

Материалдар және құрал – жабдықтар 

       Құбырдан аққан судың сынамасы және зарарсызданған флакондар және шынылар,мақта-мата тығын, қоректік агар, ЕПА, Петри табақшасы.

 

Жұмыстың орындалуы 

        Судың сынамаларының жиынтығы. Сынаманы алған уақыты мен алынған орнын зерттеу мақсатына байланысты анықталады.         Ашық су қоймасынан алынған суды зерттеу, сондай-ақ құдықтың 10-15 см түбінен суды алып зарарсызданған флаконға сынаманы құяды. Сынамаларды жинауға сиымдылығы 500 мл мақта – марлі тығыны бар зарарсызданған шыны ыдыстар, құбыр судан сынама алу үшін қолданады. Бактериологиялық зерттеулер алған сынамадан 2 сағаттан артық болмауы керек немесе 6 сағаттан артық болмауы керек 1-5°С температурада сақталып жасалу керек.

 

Микроб санын  анықтау әдісі

         1 мл зерттелетін суды мезофильді аэробты және факультативті анаэробты ЕПА-да 37°С тепературада бір тәулік бойы  колонна пайда болғанша,  көзге көрінбейтін колоннаны 2-5 есе үлкейтіп құрамын анықтау. Әрбір сынамадан кемінде екі рет әр түрлі көлемде егеді, Петри табақшада өскен колоннадан 30-300 дейін аралықтағы есебін таңдайды. Құбырдағы суды зертегенде әрбір екі табақшадан 0,1-1 мл таза су және 0,01 және 0,001 мл ластанған су қосылады. Ағын судағы және ластанған судағы микроб санын есептегенде 0,0001 және 0,00001 мл қолданылады. 0,1 мл егіу үшін және одан да кем көлемде зерттелетін суға зарарсызданған дистилденген суды қосады. Араластырып қосуды 10 қайтара тізбектеле дайындалады. 1 мл-ден әрбір араластырғанды(разводка) 2 Петри табақшасына қосады, еріген және 45°С температураға дейін салқындатылған қоректік агарды (10-12 мл агар) жұқа қабатпен қосады. Жақсылап араластырғаннан кейін қатаң түрде қисық пробиркаға суытуға қояды. Егілген культура бір тәулікке 37°С температураға өсіруге қояды. Лупамен 3-5 есе үлкейтіп барлық өскен колоннаның санын санайды, нәтижесінде қай табақшада 30-300 аралықта өскен колоннаның санын санайды және 1 мл зерттелетін судағы бактерияның құрамын анықтайды.

         Жалпы санитарлы – микробиологиялық көрсеткіші зерттелетін судың коли - индекс көрсеткіші саналады, демек 1 л суда ішек таяқшасы тобының бактерия саны немесе коли – титрдің азырақ саны ішек таяқшасының азырақ саны табылады.

 

 

 

Тапсырма: Су құбырындағы су және ласталған суда микроорганизм санын (микроб санын) анықтау.

 

ІІ вариант. Зерттелетін ауаның микробиологиялық әдісі.

        Ауа микроорганизмінің өмір сүретін ортасы болып саналады, ол тасымалдағыш орта болып саналады. Ауа микрофлорасын жиі кездесетін және кезектесе кездесетін ауада қасиетті орныннан өмір сүретін өмір сүруі ұзақ сақталмайтындарды барлық уақытқа шарты бөлуге болады. Ауада барлық уақытта пигмент пайда болатын коккилер, таяқшалар, ашытқылар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, спора түзуші бациллалар, клостридиндер және т.б. кездеседі, демек жарыққа төзімді кеуіп кететін микроорганизмдер. Ірі қалалардағы ауада микроорганизмдер саны ауылды мекендерге қарағанда көп болады. Тоғайда теңіздегі ауада микробтар аз (1 м3 – микроб жасушасының бірлігі). Жауын және  қар ауаны микробтан тазартады.   Жабық бөлмеде әсіресе қыста, желдету мүмкін емес кезде микробтар көп болады ашық алаңға қарағанда болады. Микрофлора құрамы және микроорганизмдер саны 1м3 ауада (ауадағы микроб саны) табылады,  санитарлы – гигеналық режиміне  бөлмедегі адам саны байланысты, денсаулығының жағдайына және т.б. жағдайына байланысты болады. Ауаға адамдардан және жануарлардан науқастан, тасымалдағыштан, патогенді микроорганизмдер келіп түседі. Ауаны микробиологиялық зерттеуде негізінде тұну (седиментация) және аспирация жағдайының әдісі қолданылады. Седиментация әдісінің көмегімен ауада кездесетін микроорганизмдің жалпы түрін алуға болады. Аспирационды әдіс белгілі көлемдегі ауадағы бактерияның сандық емес сапалық құрамын анықтауға болады.

 

Материалдар және құрал – жабдықтар 

 

ЕПА мен Петри табақшасы, құбырдағы су немесе NaCl белгілі көлемдегі изотоникалық ертіндісі, ауа үрлегіш, мембраналы фильтр, Кротов аспабы.

 

Жұмыстың орындалуы 

 

Тұну әдісі: ауаны бактериялық  зерттеудің қарапайым әдісі –  тұну әдісі, ол ашық Петри табақшасындағы агар бетіне ауыр күштің әсерінен және  бактериялық бөлшектерідің тұнуына  негізделген. ЕПА табақша 5-10-15 минут  бактериялық ластануына байланысты экспонирленеді. Тұну әдісі ауа микрофлорасындағы құрамының санын бермейді, ашық табақшаға шаң бөлшектерін бактериялық тамшының жұқа дисперсті фракциясын нашар қондырады, негізінде ірі шаң бөлшектері жақсы ұсталып қонады, ортаның бетіне ауа тогымен қосылып ол қонады. Сондықтан Омелянский есебі бойынша (100 см2 агар бетіне 5 минутта 10 л ауадағы бактериялар саны қонады) бөлмедегі ауа микрофлораларының санын білуде жарамсыз қозғалу жылдамдығы үлкен ауытқуда болады. Одан басқада тұну әдісін жаңа заманғы аспаптар және әдістер немесе электр энергиясының көзі жоқ кезде қолданады. Ауадағы микроб санын есептеу үшін келесі формула қолданылады:

Информация о работе Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптеріндегі биотехнология