Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2015 в 08:47, курсовая работа

Краткое описание

Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................... 4


1.Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы............................................ 6


2. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері....................... 11
2.1 Топырақ бонитеті - Мемлекеттік жер кадастрының
маңызды бөлігі.......................................................................................21
2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен
негізгі принциптері................................................................................30


3. Топырақ бонитетінің балдарын шығару тәсілдері....................... 36
3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы
жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу..............................45
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі.......50
3.3 Топырақ бонитетінің (1979ж) Мемлекеттік
әдістемесі ..............................................................................................52


4. Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін)
бағалау.........................................................................................53
4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ
зерттеудегі материалдардың жағдайы................................................67
Топырақ бонитировкасын жүргізу жұмысындағы негізгі
көлемі, мерзімі және бағасы................................................................70

Қорытынды...........................................................................................72

Қолданылған әдебиеттер .....................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Топырақ-бонитетінің-балдары.doc

— 441.00 Кб (Скачать файл)

Соңғы реттегі бөлу топырақтардың түрлік айырмашылығына,  тектік жиектердің қарашірінділігіне, кебір үстіндегі қабық қалыңдығына, олардың химиялық ерекшелігіне (жылжымалы азот, фосфор, калий т.с.) негізделеді.

Арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілейтін топырақтарды топтағанда әдеттегіде оларды кескін құрлысына, шаралар қарқыны (интенсивтік) және қаржылық шығын көлеміне байланысты келесі 4 топқа біріктіру орынды: шаралар қарқынына және оларды жүргізу үшін арнаулы агротехника арқылы жақсартылатын; жеңіл (ғаныштау, әктеу т. б.) және ауыр мелиорациялар (топрырақты, құрғату, тұшылау, кебірсіздендіру, тастарды жию, т.б.) арқылы жақсартылатын және практикада жақсартуға келмейтін топырақтар. Бір агроөндірістік топқа біріктірілген топырақтардың ауылшаруашылығында пайдалану бағыты (мысалы көкөністік ауыспалы егіс және басқа үдемелі дақылдарға ) ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы (жасыл тыңайту, әктеу), эрозияға қарсы немесе мелиоративтік шаралар кешенін қолдану жолы бір болады.

Агрономиялық жұмыстар практикасында жеке топырақтарды бағалауда өндірістік учаскелердегі топырақ жамылғысының алалығын (комплекстігін) ескерген өте қажет, ол топырақ жамылғысының құрылымын (ТЖҚ) талдау негізінде жүргізіледі. ТЖҚ-на  агрономиялық баға беру бір жағынан көрсеткіштер кешенінің, кескін құрылысы мен құрамын, қасиеттерін, құбылымын,екінші жағынан алалық тобын талдай (комбинация түрлері, арасалмағы, элементарлық топырақ алаңы) бағалауға негізделген. Осындай бағалау жұмыстары агрономиялық тұрғысынан топырақтардың біртектілігі мен үйлесімділігі туралы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Агрономиялық  көзқарастар бойынша топырақтар жамылғысы құрылымының негізгі үш типін боледі: агрономиялық біртекті типтес учаскелерде (ауыспалы егіс танаптары, т.б.) осы ТЖҚ-ң комбинациясына кіретін топырақты, біркелкі агротехникалық және  мелиоративтік әдістер қолданып, егіс егу мен өнім жинау жұмыстарын бір оптималды мезгілде жүргізіп, жақын мөлшерде өнім алуға болады; агрономиялық бір тектес ТЖҚ әрқашан бір танап құрамына жатқызылады. Бұндай құрылым түрлі варияциялар, алаңдар мен дақтардан тұрады; агрономиялық үйлесімді, бірақ біртекті емес  құрылымға, пайдаланғанда аз ғана агромелиоративтік шаралар (жалпы  бір типті) тілейтін территориялар жатады. Бұнда далалық жұмыстар мезгілі жақындау болса да, алынатын өнімде аздап айырмашылық болуы мүмкін. Осында»й ТЖҚ-ы бір өндірістік массивке, мысалы, дақты және кешенді ала құрылымды шайылмаған немесе сәл шайылған, топырақтар жатады. Агрономиялық үйлесімсіз ТЖҚ-ы сапалы түрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілейді және де онда далалық жұмыстарды бір мезгілде жүргізбейді. Мұндай жерлерді біртұтас танапқа кіргізбей, бөлшектеп арнаулы ауыспалы егістік және т.б.(қопыраққорғайтын, мал жайылымы т.б.) жерлерге жатқызады. Топырақты тиімді пайдалану үшін, агроөндірістік топтаумен қатар жерді кластарға бөлу жұмыстарын жүргізеді (Федорин 1976, 1981). Жерге белгілі территорияның топырағы мен табиғи жағдайлар кешені жатады.

Жерлерді жіктеу деп, оларды ауылшаруашылығына жарамдылығы тұрғысынан бөлуді айтады.Ол үшін жерлерді кешенді зерттеу яғни жер бедерін, топыраққұраушы жыныстарды, топырақтық құрамы мен ылғалдану жағдайын білу керек. Жиналған мәліметтерге сүйеніп жерлерді категориялар мен кластарға бөледі. Жер класына табиғи және шаруашылық қасиеттері бір-біріне жақын, біркелкі өңдеуді тілейтін және топырақты бұзылудан қорғау талабы бір жерлер (алаң, талап) тобы жатады.

Жалпы жерлер төмендегі сипатталған 7 категория мен 37 класқа бөлінеді. I категория – егістікке жарамды, 14 класқа бөлінген топырағы мәдениеленген жерлер; 2-дренделген-су (ағынды) айрықтар мен сәл білінген беткейлі жерлер (20 градусқа дейін), карбонатсыз құмбалшық және жеңіл құмбалшық топырақты; 3-дренделген –су ағынды айрықтар мен сәл айқындалған беткейлер, топырағы құмбалшықты және жеңіл құмбалшықты карбонатты; 4-дренделген су айрықпен сәл ылдыйлау беткейдің (20-ке дейінгі) топырағы құмды және құмайтты; 5-дренді су аймақтармен сәл ылдыйлау беткейлердегі топырағы балшықты және тұтасқан; 6-дренді су айрықтармен сәл айқындалған беткейлердің қатты жыныстары мен қойтасы, малта тасты салындылары бар, құмбалшық топырақты, 7-сәл дренді қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықты, құмбалшықты, карбонатсыз топырақты; 8-солар, бірақ карбонат топырақты; 9-сәл дренді қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықтар мен құмбалшықты, құмайтты және құмды топырақты; 10-сәл эрозиялық қауіпті ылдыйлы (2-50) беткейлердің қопсынды жыныстарында қалыптасқан балшықты және құмбалшықты, аздап шайылған, топырақты; 11-сол топырақтар, тек құмдақ түрше топырағы бар; 12-эрозиялық  қауыпты ылдый (5-100) беткейлердің балшықты, құмбалшықты, қопсынды жыныстарда қалыптасып шайылған топырақты; 12-солар тек құмайт түршелі топырағы бар; 14-эрозиялық көтеріңкі қауіпті, тік ылдый (2-100) беткейлерде, қатты жыныстарда қалыптасып шайылған топырақты;

II категория-  басым шабындыққа  жарамды жерлер 4 класқа бөлінген: 1-жайылмалық шабынды-балшықты және  құмбалшықты топырақты; 2-сондай, бірақ  құмайт және құм топырақты; 3- жайылмадан  тыс шабынды-балшық және құмбалшық топырақты; 4-солар, бірақ құмайт және құм топырақты.

III категория- жайылымдық, бірақ жақсарту  арқылы басқа ауылшаруашылық  қоныстарға пайдалануға болатын  жерлер, оның кластары: 1-батпақтанған, мол ылғалданған топырақты; 2-кебір  және тұтасқан автоморфты топырақты, оның жамылғысы-орташа және тым алаланған; 3-кебір және тұтасқан жартылай гидроморфты топырағы бар, оның жамылғысы орташа және көп алаланған; 4-кебір және гидроморфты топырағы бар, жамылғысы орташа және көп алаланған; 5-эрозиялық аса қауіпті тік беткейде (100) орналасқан, топырағы шайылған; 6-жұқа қабатты топырағы бар, тым тасты және қиыршықтасты; 7-шымданған құмдар.

IY категория-  ауылшаруашылығына  күрделі жақсартудан кейін жарамды  жерлер -6кластан тұрады: 1-ойпанды (низинное) және өтпелі (переходное) шымтезекті батпақтар; 2-ойпанды және өтпелі минералдық батпақтар; 3-күшті және тым сортанданған жерлер; 4-тақырлар; 5-сай-жыралы алаланған жерлер; 6-өсімдіксіз (жылжымалы) құмдар.

Y категория – ауылшаруашылығына  шамалы жарамды қоныстағы жерлер екі класқа бөлінеді : 1- жоғары (верховое) батпақтар; 2-малта тасты, шашыранды, қырлы тасты жерлер.

YI категория- ауылшаруашылығына жарамсыз  тік, тас жынысты жерлер.

YII категория- бұзылған жерлер: екі  класқа бөлінеді: шымтезекті (торф) және тау-кен өндірісі дамыған және терриконды (сатылы төбелі) жерлер. Сонымен жерлерді жіктеу нақтылы табиғи – ауылшаруашылықтық аудандау болып саналады.

ТМД мемлекеттерінде жер қорларын тиімді пайдалану үшін жер кадастры жүргізіледі, оған әрбір мемлекеттік жер иеленушілердің өз жерін тіркеуі, жердің сандық есебін,сапалық бағасын, жерді бонитеттеу және жерге экономикалық баға беру жұмыстары жатады.

Мемлекеттік жер иеленушілердің жерлерін тіркеуді, ауылшаруашылық министрлігі мен департаментіне қарайтын жерге орналастру мекемелері атқарады, онда жерді пайдалану құқығы заң жүзінде тіркеліп, арнайы құжаттармен қамтамасыз етіледі.

Жердің сандық есебінде жерді пайдаланушылар мен жерді иеленушілердің жер көлемі есебі мен жіктеуін қарастырады. Бұл мағлұматтар шаруашылық пен әкімшіліктің (ұжым шаруашылығы, аудан) жерді – есептеп тіркеу құжатына жазылады.

Жердің сапалық есебінде пайдаланатын  жерлердің түрлерін (егістік, тыңайған жер, шабындық, жайылым, көп жылдық ағаштар)  қамтиды. Мұнда ерекше суғару жүйесі дұрыс немесе жөндеуді керек ететін суармалы жерлерді бөледі. Жердің сапалық бағасында оның өндірістік маңызын анықтайтын белгілеріне, яғни топырақ жамылғысына, өсімдігіне, бедеріне, эрозияға бейімділігіне, нұсқасына,  батпақтануына және т.б. қасиеттеріне сипаттама береді.  Бұл жер кадастрының маңызды құрылымдары  мемлекеттік жерге орналастыру мекемесінің тіркеуінен өтеді.

Топырақты бонитеттеу жер кадастрының маңызды бір бөлігі болып саналады және өсімдіктер өмір сүретін орта ретінде топыраққа салыстырмалы түрде сапалық баға береді. Бұл жұмыс топырақтанушылар арқылы агроном мен экономистердің қатысуымен жерге орналастыру мекемелері арқылы жүргізіледі.

Жерге экономикалық баға беру дегеніміз ол жерді ауылшаруашылық өндіріс құралы ретінде бағалау болып саналады. Оны топырақтардың қасиеттері (бонитеті бойынша) мен экономикалық көрсеткіштері арқылы жүргізеді. Экономикалық бағалау жердің пайдалану деңгейі анықталып, абсолютті (теңгемен)  немесе салыстырмалы (балмен)  көрсеткіштермен белгіленеді. Экономикалық бағалауда сапалық жағынан әртүрлі жер бөлімшелеріндегі негізгі қорлардың тиімділігін және нақтылы жоспарлауға ауылшаруашылық өндірісінің шаруашылық ұйымдастыру мен талдау мағлұматтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл көрсеткіш арқылы талғамды нарық пен рентілі өтем және ауылшаруашылық өнімдерінің талғамды сатып алу құнына пайдалануға болады.

Жер кадастрының негізгі құжаты болып жерді иеленуге құқық беретін акт, яғни кадастрлы жер картасы мен кадастрлы қатталған жер кітапшасы саналады.Кадастрлы жер картасы – жер бөлімшесінің негізгі жоспары – картографиялық құжаты, мұнда жер кадастры туралы жерді пайдалану шекарасы, гидрографиясы, бедері, топырағы, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлері, ел мекендері, жол тораптары мағлұматтары жинақталған. Кадастрлы қатталған жер кітапшасында пайдаланып жатқан жердің барлық жазбалары, яғни жалпы және әрбір игерілген жер көлемі, одан басқа әрбір ауылшаруашылық жерлерінің сапасы туралы анықтамалар беріледі.

 

 

2.2 Топырақ бонитетінің  критерилері мен негізгі принциптері

 

Топырақ бонитеті деп топырақ құнарлылығының үйлесімді агротехникалық деңгейі мен қарқынды егіншіліктегі салыстырмалы бағасын айтамыз. Топырақ  бонитетінде сандық көрсеткіштер бағасы-баллмен есептелінеді, олар нақтылы мағлұматтар-топырақтың қасиеті, осы топырақтағы өскен дақылдардың көп жылдық өнімі (жыртылған жерлер үшін) немесе биологиялық өнімділігі беріледі (жем-шөп пен орманға пайдаланатын жерлер үшін). Міне сондықтан бонитеттеу кезінде топырақтың салыстырмалы құндылығы, оның табиғи және тиімді құнарлығы бағаланады.

Бонитеттеудің негізгі принциптерін В.В.Докучаев қалаған, мұнда әр уақытта және топырақтың кейбір жан-жақты қасиеттері мен көпжылдық өнімі немесе биологиялық өнімділігі алынады, олар бір-бірімен коррелятивті байланысты болуы керек. Топырақ бонитировкасында екі параллельді бонитеттеу шекарасын балл бойынша салыстыру керек, яғни топырақ қасиеті (негізгі шкала)  және ауылшаруашылық  дақылдарының салыстырмалы өнімі, одан кейін жалпы шкала анықталған баллдармен тексеріліп келтірілген.

Негізгі шкалаға пайдаланатын топырақтың диагностикалық белгілері, табиғат аймағына байланысты әр түрлі болады, ол міндетті түрде ауылшаруашылық дақылдар өнімі мен биологиялық өнімділікпен коррелятивті байланыста болуы керек. Келісілген көрсеткіштер егіншіліктің құрғақшылық аймақтарда (орманды-дала, дала, құрғақ дала, шөлейт), топырақтың негізгі бонитеті көрсеткіштері болып: жыртылған қабаттағы гумус мөлшері, гумус қабатындағы жалпы гумус пен азот қоры (т/га) және 0-20,0-50,0-100см қабаттардың механикалық құрамы, сіңіру сиымдылығы, кейбір жағдайларда шайылу және кебірлену деңгейі, жалпы фосфор мен калий мөлшері келтіріледі. Бұл көрсеткіштерді негізгі бонитет шкаласына енгізу үшін түзету коэффициенті беріледі. Одан басқа климаттық көрсеткіштер: ылғалдану коэффициенті, оң температура жиынтығы, аязсыз күндер саны т.б. қолданылады.

Орташа көп жылдық өнім шаруашылықтағы өнімділіктің және тәжірибе станциясы мен тұқымды шаруашылықтарының біртектес топырақ түрлерінің арнайы өнімді есептейтін алаңдарында жүргізіледі. Ең соңында қарқынды егіншіліктің үш деңгейі бойынша бұл мағлұматтар топталып, одан кейін математикалық өңдеуден өтіп, өнімділік бойынша бонитет баллы есептелінеді.

Бағалау шкаласы екі вариантта құрылады: ашық (жайылған) және жабық (тұйық) шкала түрінде. Ашық шкалада ең кең тараған орта топыраққа 100 немесе 50 балл беріледі, ал қалған топырақтар өздерінің сапасы жағынан жоғары немесе төмен бағалануы мүмкін, бұл жағдайда бағалау шкаласы 1-5 тен 180-700 балл аралығында ауытқиды. Жабық шкалада 100 балл ең жақсы топыраққа беріледі, қалған топырақтар көрсеткіші бұдан төмен, мұнда бағалау шкаласы 1-5 тен 100 балл аралығында болады.

Табиғи жағдайлар мен топырақ жамылғының ТМД жерінде әртүрлі болуына байланысты бонитет шкаласы мен бағалау кестесінің әртүрлі аймақтар үшін бірнеше түрлері жасалған.

Негізгі критерилер тобына жататындар: қарашірінді мен азот қоры, негіздер жұтылусыйымы және бір пайызбен шектелген қарашірінділік жиектің қалыңдығы.

Қосымша критерилердің негізгілерден айырмасы топырақтық аймақтар мен аймақшаларға сәйкес заңды таралмауы. Сондықтан олардың параметрлері (тұрақты мөлшері) типшелер ішінде анық бөлшектенеді (диференділенген). Топырақтар таксондық (жүйелеу) біріншілігіне тәуелділігіне қарай туысқа, түрге және түршеге жатқызылады.Қосымша белгілер топырақтың деңгейін дұрыс анықтауға қажет. Сондай-ақ олар аздап қоршаған ортаның күйі мен жайын білдіреді. Мұндай критерилерге механикалық (түйірлік) құрам, кебірлік, сортаңдылық, бұзулылық, тасты жыныстар жатқан тереңдік, қыйыршық тастылық, т.б. жатқызылған. Түгел алғанда мұндай топырақтық қасиеттер ауылшаруашылық дақылдар өніктілігін шектейтін болғандықтан, тәртіпті бағалаулық шкалада түзетулік коэффициент түрінде немесе бонитеттің орташа баллына түзету сапасында қатысады .

Қазіргі көзқарастарға сәйкес топырақтарды бағалау критерилері топырақ – географиялық аймақтарға және соларға сәйкес топырақтар типтеріне қарай анық бөлшектенеді. Қара және қарақоңыр топырақты далалық аймақта бонитеттеу белгілері көп және кәзіргі уақытта олардың тобы мыс, Қазақстанда анық анықталған.

Бонитеттің негізгі принципі -  ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне байланысы топырақ қасиеттеріне балл беру. Сондықтан топырақ бонтетін жасау үшін өнімділік пен байланысы бар топырақ қасиеттерін таңдау және осы қасиеттерді нақтылы сипаттайтын объективті мағлұматтарды жинау керек. Анықтаулар бойынша әртүрлі аймақтарда, әртүрлі топырақ типтерінде өнімділік пен топырақтың кешенді қасиеттері бір-біріне сәйкес келе бермейді екен.

Ылғалмен қамтамасыз етілген егіншілікке бұл қасиетке топырақтың жыртылған қабатындағы гумус, физикалық балшық пен тұнба фракциялар мөлшері, рН тұзды ертіндісі, гидролитикалық қышқылдық, сіңірілген негіздер жиынтығы, негіздермен қанаыққан деңгейі жатады.

Информация о работе Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау