Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2015 в 08:47, курсовая работа

Краткое описание

Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................... 4


1.Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы............................................ 6


2. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері....................... 11
2.1 Топырақ бонитеті - Мемлекеттік жер кадастрының
маңызды бөлігі.......................................................................................21
2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен
негізгі принциптері................................................................................30


3. Топырақ бонитетінің балдарын шығару тәсілдері....................... 36
3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы
жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу..............................45
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі.......50
3.3 Топырақ бонитетінің (1979ж) Мемлекеттік
әдістемесі ..............................................................................................52


4. Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін)
бағалау.........................................................................................53
4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ
зерттеудегі материалдардың жағдайы................................................67
Топырақ бонитировкасын жүргізу жұмысындағы негізгі
көлемі, мерзімі және бағасы................................................................70

Қорытынды...........................................................................................72

Қолданылған әдебиеттер .....................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Топырақ-бонитетінің-балдары.doc

— 441.00 Кб (Скачать файл)

ҚР-ң жер қорын басқару Агенттігі ғылыми-өндірістік жерлік орталығының облыстық бөлімшелері жеке әкімшілік облыстық, аудандар мен ауыл шаруашылық қожалықтар (фермерлер, т.б.) жерлерінің топырақтарын бағалауда көп жұмыстар өтеді.

 

3 кест- ҚР-ң ауылшаруашылық қоныстар топырақтарының

орташа облыстық бағалаудың баллдары

 

 

N\N

Облыстар біріктірілмеу-ден бұрынғы

Баллдық бағалау

егістік

шабын- дық

жайы- лым

суармалы

суарыл- майтын

1

2

3

4

5

6

1

Ақтөбе

90

44

35

23

2

Алматы

116

49

50

31

3

Шығыс Қазақстан

136

68

62

59

4

Атырау

84

28

26

15

5

Жамбыл

126

54

33

27

6

Жезқазған

98

40

39

18

7

Қарағанды

95

44

41

24

8

Қызылорда

84

28

18

15

9

Көкшетау

134

67

45

35

10

Қостанай

120

60

45

39

11

Маңғыстау

-

-

-

14

12

Павлодар

90

45

53

28

           

1

2

3

4

5

6

13

Солтүстік Қазақстан

144

75

49

48

14

Семей

110

50

46

32

15

Талдықорған

114

57

53

22

16

Торғай

91

43

30

29

17

Батыс Қазақстан

101

46

45

25

18

Ақмола

104

52

43

21

19

Оңтүстік Қазақстан

125

56

49

23


 

           

 

2.Топырақ бонитетін анықтау  әдістетемелері мен тәсілдері

 

 Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В.Докучаев принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделген. Сондықтанг бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және қарашірінді жиегінің қалыңдығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.

            Агроклиматтық көрсеткіштер ішінде өнім мен тығыз байланыстыларға 100 С-тан жоғары температура қосындысы, ылғалдану коэффициенті (Высокий мен Ивановша), климат континенталдығы (ызғарлығы) жатады. Бірнеше топырақ қасиеттері мен агроклиматтық деректерін пайдаланудың себебі біріншілер мен көпжылдық өнім арасындағы тығыз коррелятивтік байланыс тек белгілі экология-тектік топырақ қатарында (аймақтық сап, батпақтану қатарлары,сортандану, т.б.) ғана байқалады, ал аймақтық басқа топырақтар үшін оны табуға болмайды. Мысалы, қара және күңгірт қарақоңыр топырақтарда өнім мен гумус мөлшері немесе оның қоры (т\га) арасында жақсы сәйкестік бар, бірақта бұл көрсеткіш солар арасындағы кебір топыраққа жарамсыз. Кебір сапасын кебірлі қабат тереңдігі мен кескінінің физика-химиялық қасиеттерін ескере бағалайды. Солтүстік Кавказда гумустік жиек қалындығы және қарашірінді қоры мен өнім сәйкес келсе, Еділ бойында олар нашар корреляцияда екен.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі топырақтардың мына физика-химиялық қасиеттері және морфологиялық (сыртқы) белгілерімен корреляциялық байланыста екені байқалады: ылғал мен қамтамасызданған егістік сұр ормандық топырақта жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, механикалық құрамдағы физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер мөлшері, тұз сүзіндісінің рН көрсеткіші, гидролитикалық қышқылдылық, сіңірілген негіздер қосындысы және негіздермен қанығу дәрежесі.

Ылғал мен жеткіліксіз қамтамасыз етілген орманды-дала, дала, құрғақ дала және шөл-дала аймақтарындағы егіншілікте пайдаланатын топырақтарды: жыртылатын қабаттағы гумус мөлшері, гумус жиегінің қалыңдығы және ондағы (0-20, 0-50, 0-100 см)  қарашірінді қоры (т\га), физикалық балшық пен тозаңды бөлшектер тобының мөлшері және сіңіру сыйымдылығы. Сұр ормандық және күлгінденген қара топырақтарда дақылдар өнімі гидролитикалық қышқылдылық және негіздермен қанығу дәрежесімен, ал кебірленген топырақтарда-сіңірілген натриймен, сортанданған топырақтарда-жеңіл еритін тұздар мөлшерімен корреляциялық байланыста болғаны байқалады. Ал топырақтың құнарлығын анықтайтын біраз маңызды қасиеттерін, айталық шабындылықты, саздылықты, сумен шайылу, желмен ұшырылу дәрежелерін, санды есептеу мүмкін емес. Сондықтан олар санды-сапалы әдіспен сәл, орташа, күшті атау жүйесі мен анықталады. Топырақты  бонитеттеуде аталған қасиеттердің өнімге әсерін (баллын) сәйкесті шығарылатын түзету коэффициенттері көмегімен есептейді.

Агроклиматтық көрсеткіштерді агроклиматтық картадан немесе деректі кітаптан (справочник) алуға болады. Табиғи шөптер өнімі (шабындық, жайылым) тиісті топырақ түріне сәйкес анықталады, ал бағалау баллдары - әлі шешілмеген мәселе. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі жайлы негізгі мәліметтерге жеке шаруашылықтар өнімі, тәжірибелік стансалар мен сорт учаскелерінің деректері, немесе егіс танаптарында тікелей есептелген сандар жатады. Осы мәліметтер әр 5,7,10 жылдарда анықталып жиналады.

Шаруашылықта егіс бір топырақты жерде орналасу сирек,  көбінесе жақын (70 процент) немесе бірнеше түршелерде орналасуы мүмкін. Сондықтан бірінші жағдайда өнім жыйынтығы бір топырақ түршесіне сәйкес келсе, екінші жағдайда алабы артық топырақтағы өнімге сәйкес келеді; ал бір біріне ұқсамайтын түрлі топырақтық жағдайда өнім мөлшерін арнаулы есеп жүйесімен шығарады. Сонымен әр топырақ түрлеріне сәйкес көпжылдық өнім деректері жыйылады. Олар қырқынды егіншілік деңгейіне және әр топырақ түріне сәйкес топталады. Әр деңгей келесі агротехникалық және агроэкономикалық орташа көрсеткіштермен сипатталады: нақтылы деңгейдегі шаруашылықта 1 га егістікке келетін ауылшаруашылық машиналар (жүк машиналарын қоса), сол алапқа берілетін тыңайтқыштар, тиімді заттарға шыққандағы 1га егіс бағасы және орташа жұмысшы күшімен қамтамасыздану. Барлық топырақ қасиеттері мен ауылшаруашылық дақылдар өнімінің деректері математикалық өңдеуге салынады. Алдағыда бонитеттеу шкаласын құрауға керек материалдар 3 әдіспен жөнделеді:

1) бонитеттеуге екі қатарлы шкалалар  құрады, оның біреуі өніммен корреляциядағы (сәйкес) топырақ қасиеттері, ал екіншісі  тікелей өнімге негізделген. Біріншісін негізгі, ал екіншісін бақылау үшін қабылдайды (Гаврилюк, Фатьянов, Тюменцев);

2) бір шкаланы топырақ қасиеттері  мен өнімді қоса құрады, бірақ  орташа бонитетті топырақтан  алынған өнім арқылы, бірақта  осы топтағы топырақтар бонитетін  ескере, анықтайды (Шувалов);

3) топырақтар бонитеттерін өнім  арқылы есептейді де, топыроақ  қасиеттерін шкаланы тексеруге, топырақтар жіктеуі мен топтауын  анықтауға, пайдаланады (Кузмичев). Осы  көрсетілген 3 әдіс бонитеттік шкала  құруға қолданылады, бірақта жинақты  боғандықтан екіншісі дұрыс келеді. Есеп жұмыстары ЭЕМ-де регрессия теңдеместігін пайдаланып шығырылады.

ТМД-да негізінен 100 баллды бағалау шкаласы қолданылады. Оны екі – «жабық» және «ашық» қайталамада құрады. Ашық шкалада ең көп тараған топыраққа 100 немесе 50 балл береді, қалған топырақтар сапасына қарай аталған баллдардан жоғары бағаланады немесе жабық шкалада ең жақсы топыраққа 100, жамандарына төмен балл береді. Бонитеттік шкалалар немесе бағалау кестелерін Мемлекеттік жерге орналастру – жобалау мен сондай ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындарының топырақтану  кафедралары жасаған. Ең көп тараған бонитеттік шкала  әдістерін Н.Благовидов, А.Фатьянов пен Ф. Гаврилюк түзген. Олардың мәні «Топырақтанудан практикум» атты нұсқауда келтірілген (Мәскеу, 1980), Өнделген шкалалар Башқұртстан, Балтық маңы елдері, Украина, Беларусь және Орта Азия республикалар мен ҚР-на арнап құрылған. Соңғы жылдары топырақтарды бонитеттеу жұмыстары Украина, Беларусь, Молдавия, Эстонияда, Латвия, Литвада аяқталған болса, Ресей Федерациясы, Қазақстан және Орталық Азия республикаларында әлі жүргізілуде. Кәзіргі кезде көптеген бонитеттерді есептеу технологиясы дамып, қайта өңделген санды-сапалы материалдар, топырақтар қасиеттері мен шаруашылықтық өнімге орай толықтырылып, бонитеттері математикалық әдіспен шығарылуда.

В.Докучаев атындағы Топырақ институты ТМД-лық негізгі топырақтарға арналған аймақтық бонитеттік шкала жасаған. Бұл шкаланың негізін С.Соболев, М.Малышкин, Н. Розов, С.Шувалов және И. Кармановтар салған. Кәзіргі кезде И.Карманов бір қатар негізгі ауылшаруашылық дақылдарына арналған жалпы ТМД-лық бонитет шкаласын құрған.

Бонитет баллдар мен жанамалы өнімділік, ТМД-ға дәнді дақылдар өсірілетін, ең жақсы топыраққа – сәл сілтілі Кавказ алдының қара топырағына қарасты есептелген. Осы топырақтың бонитет баллын шығарғанда 100 баллдан төмен және жоғары деңгей, ал өнімге 1-ден төмен деңгей коэффициенті алынған. Кәдімгі деңгей, ал өнімге 1-ден төмен деңгей коэффициенті алынған. Кәдімгі және оңтүстік қара топырақта өнім өсуі (құрғақ далада) нағыз қара топырақтан төмендеу: б. КСРО-ның Еуропа бөлігінде ол 2.4-2.1 есе болса, ал Сібір мен Қазақстан бөлігінде 2.1-1.8 есе (25-кесте) ғана болған. Ішкі аймақты топырақтарға арналған бонитеттер түзету коэффициенттер көмегімен шығарылады. Ең бірінші түзету коэффициенттерін Н. Качинский (механикалық құрамы -0,42-1,00) мен С. Соболев (эрозиялану дәрежесі -0,42-1,00) шығарған. Түзету коэффициенттерін кейін И. Курманов, С. Шувалов пен Д. Булгаков басты ауылшаруашылық дақылдары тілегіне сай жетілдірген.

Суармалы егіншілік топырақтарына бонитеттік шкала бөлек жасалынады, онда аталған топырақ қасиеттерімен қатар, мелиоративтік (суару мен құрғату) тәртібі ескеріледі, себебі олар климат жағдайларымен қосыла, өнім мөлшерін анықтайды. Ең маңызды қасиеттерге тұрақты су-физикалық көрсеткіштер жатады, ал  оңтүстік өңірде, азда болса, қайта сортандану мүмкіндігі есепке алынады.

Өнік пен топырақтағы қарашірінді қоры арасында тар байланысты П.Адерихин мен В. Попов Белгород облысы,  И. Крупников Молдавия, топырақтарын бонитеттегкенде тапқан (1968). Ф. Гаврилюк Ростов облысы топырақтарындағы қарашірінді қорының және дәнді дақылдардың көпжылдық өнігінің (1954-1964) салыстырмалы кестелерін (картаграммаларын) құрастырған. (1966). Олардың деректерін математикалық өңдеу арқылы А+В1 жиек қалыңдығы мен дәнді дақылдар өніктілігі, қарашірінді қоры мен өнік арасындағы кореляциялық  коэфициенттерін (сәйкес ч+0,96; ч+0,93) тапқан. Сондай-ақ биік кореляциялық коэфициенттер (тұрақты сандар) мына жерлерде табылған:

а) гумустық жиек қалыңдығы мен өніктілік арасында: Краснодар өлкесінде –ч=0,96/ 0,98 (Гаврилюк, 1970); оңтүстік Орал мен Еділден арғы өңірде –ч=0,80/0,96 (Тайчинов, 1971); Батыс Қазақстан –ч= 0,64/ 0,75 (Дәулятшин, 1969);

б) Қаратопырақтың тамыртараған қабатындағы гумус қоры мен өніктілік арасында: Краснодар мен Ставрополь өлкелерінде – сәйкес = 0,87 мен 0,98; Батыс Қазақстан = 0,83/0,90. Бұл жағдай В. Докучаевтың топырақ құнарлығы мен ондағы қарашірінді мөлшері жалпы топырақ құрайтын кешенді айқындайды деген пікіріне сай келеді.

Сонымен топырақтарды бонитеттеудің қазіргі әдістеме негізінен топырақтық, экологиялық немесе климаттық және экономикалық белгілер (критерилер) – факторлар салынған.

І. Топырақтың  белгі сапасында В. Докучаевше «топырақтардың табиғи қасиеттері» пайдаланады. Оларға топырақта немесе оның дақылдану (окультуривание) процесінде пайда болған өсімдіктердің өсіп-дамуына ең маңызды морфологиялық (сырт белгілік) және (агродақыл) мен фито-(табиғи өсімдік ценоздардың топтар)  көпжылдық өніктілігі мен тар байланысты көрсеткіштері жатады.

ІІ. Топырақтық қасиеттер өсімдіктер үшін өзара алмастырылмайды және әр қайсысы өзінің маңыздылығы тұрғысынан әр роль атқарады. Біреуі қасиеттерге жататындар: жоғарыда аталған қарашірінділік жиектің қалыңдығы және ондағы гумус мөлшері (қоры).

ІІІ. Қазақстандағы жыртылатын (игерілген) топырақтардың  бонитеттік шкаласын (бағалаулық цифрлар қатарын) құрастырғанда топырақтарды бонитеттеу критерилері  (белгілері) екі топқа бөлінген: негізгілер мен қосымшалар (Дэулэтшин И., 1990).

Топырақты бонитеттеу жұмысы дайындық –камералды кезең, далалық кезең және камералды-аналитикалық кезеңдерге бөлінеді.

Дайындық-камералды кезеңдегі негізгі мақсат облыс пен өлкеге алдын-ала бонитет шкаласын жасау болып табылады. Ол үшін көптеген облыстың табиғи-экономикалық сипаттамасын, топырақтың-картографиялық және агрохимиялық материалдарын, климаттық көрсеткіштерін, топырақ пен климаттық көрсеткіштерге арналған әдебиеттер, жер бағалау туралы мағлұматтар, шаруашылық пен тұқым және тәжірибе шаруашылықтарының көп жылдық өнімдерінің орташа көрсеткіштерін, мемлекеттік жерді тіркеу материалдарын топтастырады.

Осы жиналған материалдар негізінде, топырақтың қасиеті мен өнімдерінің бонитет көрсеткіш бойынша бонитет шкаласы құрастырылады.

Топырақ қасиеттері бойынша бонитет шкаласын құру үшін ең бірінші кезекте топырақ бонитетінің негізін қалайтын басты диагностикалық қасиет пен топырақ белгісін анықтауымыз керек. Осы мақсат үшін әрбір топырақ түршесіне арналған облыс топырақ тізімінен барлық шаруашылық топырақтарының морфологиялық, агрохимиялық және бонитеттің басқа диагностикалық белгілеріне керек болатын мағлұматтарын жинақтап жазып, олардың орталық көрсеткішін шығарады. Одан кейін әрбір топырақ түршесінің диагностикалық белгісі мен нышандарын бонитировкалауда мына формуламен есептейді.

 

           Б = 3н/3м * 100;     (І)

 

Мұнда  Б-топырақ баллы; 3н-әрбір  белгінің нақтылы көрсеткіші (Гумус қоры, гумус қабатының қалыңдығы, механикалық құрам  және т.б.); 3м-белгінің максимальды немесе оптимальды көрсеткіші, 100 баллға теңелген.

Информация о работе Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау