Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 06:13, дипломная работа
Саңырауқұлақтар әлемі жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдердің ерекше бір түрі. Саңырауқұлақтар өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің арасындағы аралық жеке әлем болып саналады. Олардың өсімдіктерге де, жануарларға да ұқсастығымен қатар көптеген айырмашылық белгілері бар кең тараған гетеротрофты организмдер.
Кіріспе
І. Әдебиеттерге шолу
Саңырауқұлақтардың зерттелу тарихы 6
Саңырақұлақтардың морфологиялық- анатомиялық құрлысы 13
Базидиомиңеттер класына жалпы сипаттама 16
ІІ. Көкшетау аймағының физика-географиялық жағдайы
Аймақтың қысқаша тарихы мен жер бедері 20
Климаты 20
Топырақ жамылғысы 22
Өсімдік және жануарлар дүниесі 23
ІІІ. Зерттеу объектілері мен әдістері
Жинау әдістері 25
Анықтау әдістері 26
ІV. Зерттеу нәтижесі және оған талдау
Анықталып, зерттелген базидиомицеттерге талдау жасау 28
Зерттелген базидиомицеттердің систематикалық түр құрамы 47
Қорытынды 49
Әдебиеттер тізімі 50
Оңтүстік және батыс жағының (Сарыарқа биіктігі 200-400м) орта бөлігінде Көкшетау қыраты ( батыстан шығысқа қарай 450км-ге, оңтүстіктен солтүстікке қарай 200-км-ге созылып жатыр, ең биік жері Кокше, 947м.) жайғасқан. Гранитік таулы, қайыңды - қарағайлы орманды, жүздеген колді келген Көкшетау қыраты - Қазақстандағы табиғаты көргем оңірлердің бірі. Мүнда қымызбен таза ауамен емдейтін санаториялар бар. Олардың ішінде әсіресе Бурабай курорттың комплексінің маңызы зор. Сарыарқа аймақтың солтүстігінде және шығысында Есіл жазығына (биіктігі-70-200м) үласып жатыр.
Климаты. Климаты тым континентті, қысы суық, қары қалың, жазы қоңыр жай. Қыстан жазға өту кезеңі өте тез. Қаңтар айындағы температура ауытқуы -5-30 С-қа дейін,маусым айы +27-ден +3 градусқа дейін. Абсолютті ауаның максимальді температурасы +37-градусқа, минимумы -39 градусқа дейін жетеді. Алғашқы суық қырқүйек айының басында, соңғы суық мамыр айының аяғы мен маусым айының басында байқалады. Жылы күннің ауытқу кезеңі 111-күннен 130-күнге дейін созылады
Жылдық жауын - шашын мөлшері жазық жерде 250-310 мм, биік жерде, 441 мм-ге дейін болады.
Жылдың жылы уақытында (сәуір-қыркүйек) жауын-шашын түрінде 212- 254 мм болады, яғни жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-85 % қүрайды. Қыста қар түрінде 93-137 мм түседі, яғни 15-30%-ін қүрайды. Жаз айындағы жауын - шашынның көп мөлшері маусым-шілде айында, ал қыста қараша- желтоқсан айында түседі. әрбір жаз айындағы жауын - шашынды көктеммен салыстырғанда 2 есе артық түседі. Оңтүстік батыстан соғатын қүрғақ күшті жел жазда қүмды дауылға, қыста қарлы боранға айналдырып отырады.
Жылдық жауын - шашынның мөлшері оңтүстік шығысында өңірлерінде. Солтүстік жағында 280-300мм және 400мм тау алып жатыр. Өсімдіктің осіп-ону кезеңі 165-175 күнге созылады.
Қар жамылғысының таралуы бірдей емес. Тегіс және далалы жермен салыстырғанда неғүрлым биік және орманды жерлерінде қар қоры мол түседі. Алғашқы қар қазан айының соңғы ширегінде түседі, бірақ оның көп бөлігі еріп кетеді. Қар жамылғысының түрақтануы 5-10 қарашада болады. Қар қорының максимальді түсуінің орташа айы, наурыз айының екінші ширегі. Осы уақыттағы қар жамылғысының биміктігі 25-35 см-ге жетеді. Қары аз қыста қар жамылғысы 20-25 см-ден жоғарламайды. Қар жамылғысының орташа түрақтануы 10-15 сәуір айының қарсаңында. Көктем ерте келетін жылдары наурыз айының соңында ал көктем жай келетін жылдары сәуір айының екінші жартысында ериді.
Қардың желмен үшуы боранға әкеп соғады, қыстың 25-45 күні боранды болады.
Аяз қазаннан сәуірге дейін байқалады және жылына 10-50 күнге дейін ауытқиды.
Түман жыл сайын байқалады. Түрақты емес, жылына 10-30 күнге дейін ауытқиды.
Көктем- қысқа (20-30 күн) сәуір айының екінші жартысынан басталады, қүрғақ және салқын болады. Анда-санда суық соғады. Кейде мамырда тіпті маусымның басында да байқалады. Маусымда кенет жылынады.
Жаз- ыстық және жаңбырдың көп жаууына қарамастан қүрғақ. Орташа температурасында 18-20 градус, максимум 38-40 градус. Ашық аспан, ауа таза, ылғалдылық аз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел ылғи болады.
Күз- дымқыл, сирек жаңбырлы, қыркүйектің екінші жартысынан суық түседі, қазанның бірінші ширегінде ауаның температурасы +5 градусқа төмендейді. Алғашқы қар әдетте қазан айының соңында түседі.
Қыс- қатты, суык. Қаңтардың температурасы -17-18 традус, бірақ ашык, тынық күндері ауа райы, осы айда -30 градусқа дейін болады.
2.3 Топырақ жамылғысы
Көкшетау аймағы көлемі 7,8 млн. гектар үш далалық аймаққа орналасқан. Территориясы бір қалыпты ылғалды әр алуан дәнді шөптермен және қалыпты орта шірінділі қара топырақты шоқ талды даламен
сипатталады.
Қалыпты орта шірінділі қара топырақтың тереңдігі 57-65 см-ге дейін барады. Жоғарғы қабаты сүр қара реңді, қатты түйіршіктелген, кесекті, тереңдігі 15-28 см. Бүл қабаттың шіріндісінің түзілуі және жынысының бірігуі жағынан біртектес емес, тығыз, кесекті, 84-104 см тереңдікте сары қоңыр балшық жатады. Қара шірігінің мөлшері-9-7 %.
Қара топырағының шіріндісі аз, қою сүр түсті, тереңдігі 50-см-ге дейін барады. Жоғарғы қабатының тереңдігі 20-см, қүрлымы жүмсақ кесек, қара шірігінің мөлшері
-6,5-5,0 %. Ортанғы қабаты (15-30 см) қоңырлау сүр, түсі бір тектес емес, шірінді жыныстың ашық түсімен алмасып отырады. Томенгі қабаты қызғылт қоңыр тығыз ауыр саздақ. Көптен жыртылып келе жатқан карбонатты қара топырақ - үгітілгіш және жел эрозиясына бейім келеді.
Қою қошқыл топырақ тереңдігінің 30-38 см-ге дейін баратындығымен сипатталады, топырақ 20-38 см тереңдіктен бастап қайнайды. Беткі қабаты (0-18 см) қошқыл, тозаңды-кесекті. Қара шіріндісінің мөлшері -4,5-4,9%.
Бір қалыпты далалық аймақта ортасындагы Көкшетау жотасының көлемінде екі биік алқап байқалады: таулы-орманды күлгін топырақты алқап теңіз деңгейінен 400-780 метр биіктікте орналасқан және орманда далалық сүр топырақты алқап теңіз деңгейінен 280-400 метр биіктікте орналасқан. Осы сипатталған аймақтағы топырақтардың ара-арасында араласқан және комплексті жағдайда 1,4 млн. гектардан астам сор және сортаң, 0,5 млн. гектар шалғынды топырақ кездеседі.
Көшетау аймағының топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар иүниесі жөнінен далалық зонаға жатады. Копшілік жері, қара топырақты;
оңтүстік-шығыс жағы қызыл қоңыр, солтүстік - батысы алювилік шөгінді топырақты келеді. Егістікке жарамды жері түгел жыртылған; бозды бетегелі, шалғынды шөп өсетін тың жерлері шабындық және жайлым ретінде пайдаланылады. 320 мың гектар жерді орман алып жатыр. Солтүстік жағында төбелі-белесті өңірінде қарағай мен қайың аралас өседі, орталық бөлігіндегі граниттік тау массивтерінде қарағай орманы өседі.
2.4 Өсімдіктер мен жануарлар дүние
Көкшетау аймағы өсімдігі жағынан өте бай елді мекен. Эндемдік, дәрілік, сонымен қатар сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер өте көп. Бір орманды жердің өзінде осімдіктері сан алуан өте көп. Атап айтсақ қырықбуын, қазтамақ, меңдуана, шаңжапырақ, қойбүлдірген, итмүрын т.б.
Сирек кездесесетін және жойылып бара жатқан түрлері: Бүғы кладониясы, қаратүмар, таға, солтүстік сабақ жапырағы, еркек усасыр, усасыр, жалаңтүқым, батпақ аратісі, солтүстік қалампыр шобі т.б.
Дипломдық жүмыстың тақырыбына сай саңырауқүлақтарына тоқталсақ: ақсаңырауқүлақ, майқүлақ, қайыңқүлақ, сазқатпа, қозықарын, мүкқүлақ, терекқүлақ, түлкіжем, қозықүйрық, сарықүлақ, қабанқүлақ, шыбынжүттың көп түрі бар.
Көкшетау аймағындағы фаунада омыртқалы жануарлардың 283 түрі бар. Олар келесі кластар бойынша жіктеледі: Сүтқоректілердің 47 түрі, қүстардың 216 түрі, қосмекенділердің 7 түрі, балықтардың- 12 түрі кіреді.
Қазіргі уақытта Көкшетау аймағының үлттық саябағына қүстардың 216 түрінің үшып келетіні белгілі. Олардың 148 түрі үя салады. Қазіргі уақытта осыдан 50-100 жыл бүрын үя салатын қүстардың 9 түрініің үя салуы жоғалған. Фаунаның систематикалық қүрамына талдау жасағанда, торғайтәрізділер басым болған, олардың 61 түрі бар, барлық орнитафаунаның 39% қүрайды.
Аймақтың далалы жерлерінде дала суыры, түлкі, сүр қоян, кәдімгі хомяк т.б.
Орман жерінде ақ қоян, елік, бұғы, қасқыр, борсық, орман тышқаны, т.б. Өзен, көл және батпақты жерлерінде су егеуқұйрығы мен ондатра бар. Қосмекенділер мен бауырменжорғалаушылардың не бәрі 7 түрі бар. Олар: бақа, секіргіш кесіртке, жасыл кесіртке, баласын тірі туатын кесіртке, жылан, су жыланы, кәдімгі гадюка.
Ихтиофаунасының қүрасына сазан, алабүға карп, т.б. балықтар бар.
Объектіні зерттеуге керек кұрал-жабдықтар: Микроскоп , лупа, өлшеуіш сызығы бар окуляр, сызғыш, ине, пипетка, петри тостағаншасы, заттық шыны және жабын әйнек, фотоаппарат, 200 жарық сезгіш Кodak пленкасы, анықтауыш әдебиеттер.
4.1 Жинау әдісі
Жинау методикасы өте үқыптылықты қажет етеді. Әрбір жиналган саңырауқүлақтарды кептірілісімен жеке-жеке пакеттерге саламыз. Пакетті үзындыгы 20-25 см, ені 14-15 см болатын арнайы су тартатын, жақсы қагаздардан жасау керек. Сол пакеттерге жиналған саңырауқүлақтар салынады. Әрбір гербарийге міндетті түрде далалық этикетка жазылады. Далалық этикетка саңырауқүлақтарды жинаған жерде жазылып, алынған үлгімен қоса пакетке салынады. Далалық этикеткада саңырауқүлақтың алынған жері, айы-күні, жазылады. Кейіннен анықталғаннан кейін систематикалық орыны жазылады. Ол қазақ, латын, орыс тілінде толтырылады.
Этикетка үлгісі:
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Биология-география факультеті
Ботаника кафедрасы
Үлгі № 3
Қатар: Агарикалықтар Аgaricales Агариковые
Тұқ. Ақ саңырауқүлақтар Boletacea Болетовые
Туыс: Майқүлақ Suillus Масленок
Түр: Бұдырлы, жазғы майқұлақ S.granutas М. летный, зернистый
Табылған орыны: Қайыңды орманның шетіндегі шөптің арасынан
Жинаған күні: «21»шілде 2005ж. Айят Ц.
Анықтаған: Айят Ц
4.2 Анықтау әдісі
Әр саңырауқүлақты анықтау үшін әрбіріне жеке-жеке инелер, пииеткалар, петри тостағаншасы, заттық шыны және жабын әйнектер керек. Себебі кейін анықтаған кезде споралары бір-бірімен алмасып кетпеу үшін. Етер бірінің спорасы екіншісінікіне түсіп кетсе, анықтау қиынға соғады. Етер морфологиясы бойынша анықтау қиындыққа түссе, спораның маңызы зор.
Саңырауқүлақтарды анықтау үшін алдымен морфологиясына көңіл бөлеміз. Яғни қалпағына, гименофорына, табанына, сақинасына, астаушасының бар жоқтығына коңіл аударамыз.
Саңырауқүлақтардың қалпағының пішіні әртүрлі, жастық тәрізді, воронка тәрізді, ойысты төмпешігі бар, дөңес жазыңқы, шеті ішке қайырылған, бүйректәрізіді, қүлақтәрізді, қоңыраутәрізді, конустәрізді, т.б. болады.
Гименофоры түтікті және пластинкалы т.б. болады.
Табаны түзу, аяқ жағы қайырылған, ңиллиндртәрізді, талшықты, тегіс, т.б. болады.
Сақинасы пайда болуына қарай сақталатын, жоғалатын, қозғалмалы, шеткі жиегі ойысты, тегіс, ирек, санына қарай қарапайым және қос, орналасуына қарай табанның ортасына, жоғарға және төменгі жағында болады.
Осы айтылған морфологиялық белгілерге қарағаннан кейін, спораны байқаймыз.
Спора- көбеюге арналған бір клеткалы қүрлым. Спораның пішіні ңиллиндр тәрізді, эллипс тәрізді, сфера тәрізді, бүрышты, тамшы, бүйрек, жүлдыз тәрізді т.б. болады. Споралардың түсі агарикалық саңырауқүлақтардың систематикалық орынын беруге маңызы зор. Споралардың түсі ақ, күлгін, қоңыр, таттәрізді, қара т.б. болады.
Анықтау барысында микроскоптық препарат дайындау әдісін колдандық. Иненің үшымен саңырауқүлақтың гименофорынан спорасын алып, заттық шыныға саламыз да бетіне бір тамшы су тамызып, ақырын жабын әйнегін жабамыз. Дайын микоскоптық препаратты микроскоптың ең алдымен кіші көрсеткішімен (х8), содан соң үлкен көрсеткішімен (х40) кореміз. Препараттан табылган спораны арнайы анықтауыш әдебиеттердегі берілген сипаттамамен салыстырамыз. Әрбір саңырауқүлақтардан дайындалған препараттардың саны бойынша жазу дәптеріне спораның пішіні, түсі, молшері жазылады. Алынған спораның үзындығын, енін өлшеуіш окуляр арқылы олшедік. Бірнеше спораны өлшеп, ортақ мәнін таптық. Оны 15*40-пен коріп, 1 мм-лік шкаланы 2,5-ке кобейтіп, микронға айналдырдық. Сонымен қатар спорадағы май тамшыларының бар-жоғына көңіл аударып, бар болған жағдайда неше май тамшысының бар екенін санадық.
Дайындалған препараттарды көру үшін оқу микроскопы «Биолам-70» микроскопын пайдаландық. Препаратты микрофотосуретке түсіру үшін микроскоптың тубусын шешіп алып, фотоаппаратты қондырғыға орналастырдық. Микрофотосуреттер Кеңес Үкіметі кезінде шығарылған ФЭД-5В фотоаппараты арқылы түсірілді. Микрофотосуретке түсіру үшін «микрат» фотопленкасы пайдаланылады. Бірақ қазіргі фотоательелерде ондай пленкалар болмағандықтан, қазіргі кездегі «Коdак», «Коnіса» пленкаларымен түсірдік. Бүл пленкалардың сезімталдығы 200 болатын пленкалар.
Саңырауқүлақтарды анықтау үшін көптеген әдебиеттер қолданылды. Соның ішінде өте көп қолданылған әдебиеттер: Самгина Д. И. " Флора споровых растений Казахстана" XIII том. Книга №1,2. Алма- ата 1985 г. Шварцман С.Р. " Флора споровых растений Казахстана" Алма-Ата 1964г. Шварцман С.Р. " Флора споровых растений Казахстана" Алма-Ата 1970г.
Морфологиясы мен спорасы арқылы саңырауқүлақтарды анықтағаннан кейін, систематикалық орынын бердік.
Систематика жүйелі түрде жоғарыдан томен қарай; бөлім-класс-класс тармағы-түқымдас-туыстас-түр деп беріледі.
5.1 Зерттелген базидиомицеттерге т
1.Гастремицеттер қатары Сastremecites
Туыс: Жаңбыршылар Lecoperdon
Тур: І.Шартәрізді жаңбыршы L.Sferia
Сипаттамасы: Жемісті денесінің мөлшері 8 см (Н.Н.Галахов бойынша 5-8 см). ІНар пішінді, көзге көрінер көрінбес табаны бар, тіпті табаны жоқ деуге де болады. Қабығы жұқа, тегіс, түсі ақ, кейін сарғыш түске ауысады. Етжіні ақ, сосын сары түске енеді. Піскен кезде әрбір жерінен жыртылып, ішінен жасыл-қоңыр шаң тәрізді зат ұшады. Бүл жетілген спроалар массасы. Спорасы 12,5-12,4 ц, жасыл түсті, бүдырлы. Жарық микроскопы арқылы көзге анық, жақсы көрінеді.
Орман алқабында, шөбі бар жерде, далада оседі. Пайда болу уақыты мамыр айынан қыркүйек айының соңына дейін.
Жеуге жарамды. Тек жас түрлері ғана.
2. Тікенекті жаңбыршы L. Perlatum
Сипаттамасы: Жемісті денесінің ұзындығы 2,5 см, ені 2 см (Н.Н.Галахов бойынша үзындығы 3-8 см, ені 3-5 см). Жоғарғы бөлігі шар тәріздес, төменгі жағы кішірейіп, ңилиндр тәрізді табан болады. Оның ұзындығы 3 см. Жоғарғы бөлімінің бетінде тікенектері бар. Олар тез үзіледі. Етжінінің басында түсі ақ, борпылдақ, жағымды саңырауқүлаққа тән иісі болады, кейін ескерген соң сарғыштанады. Спорасы 8,2-8,4 µ. домалдақ бір бүйірінде өсіндісі бар,жасылтым, тегіс.
Барлық жерде кездеседі: орманда, алқапта, топтасып, кейде жалғыз өседі.
Пайда болу уақыты мамыр айының соңынан күз айларының соңына дейін.
Жеуге жарамды. Тек жас түрлерін, қайнатып пайдаланады.
Табылған орыны: Ашық дала жер. 14.ҮІІ.2004ж
Информация о работе Кокшетау аймагында таралган саныраукулактар