Семей орманы Мемлекеттік орман табиғи резерваты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 13:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республика ауданы 2717,3 мың кв км2 алады. Оның ішінде, орманды жерлер 27 мың га алды. Оның 70% ШҚО-да орналасқан. Қазіргі уақытта Қ.Р флорасында ағаштың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, жартылай бұталардың 433 түрі, бұталардың және жартылай шөптердің, шөптердің 2598 түрі бар. Республика ландшафтының басым бөлігін шөл, жартылай шөл, далалық аймақ алып жатыр. Орман алқабының % үлесін 7,9% қарағай, 5,7% самырсын, 2,3% балқарағай, 1,8%шырша, 52,2% сексеуіл, 8,7% қайың, 3,4% көк терек, 1,3% теректің барлық түрлері, 12,2% бұталы ағаштар, 2,3% шоқталдар, аз аудандарында алма, арша, ильма, шегіршін, балқарағай, шабдалы, бадам, миндаль, фисташка және т.б.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................2
Негізгі бөлім .........................................................................................................5
Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері...............................................................5
Орман шаруашылығын басқару.......................................................................6
Шығыс Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері..............................................10
2.4 Қазақстан орман қорының қысқарылуы.......................................................17
3 «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты.......................19
3.1 Орман қорының құрылымы.....................................................................19
3.2 Территорияда орманды өсіру және экологиялық шарттары................20
3.3 МОТР «Семей орманы» филиалдары жайлы мәліметтер....................21
4 Қортынды...................................................................................................27
5 Тұжырымдама және ұсыныс.....................................................................28
6 Қолданылған әдебиеттер...........................................................................29
7 Қосымша.....................................................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

Шығыс Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері.doc

— 306.00 Кб (Скачать файл)

“Семей Орманы” ММ МОТР егулердің санитарлық жағдайы толық қанағаттанарлық. Өртпен зиян шеккен және бүлінген аумақтарда санитарлық – емдеу шаралары жүргізіледі. Санитарлық – емдеу шаралары Қазақстан Республикасының орман туралы заңына сәйкес белгіленеді. 2007 жылы 3480,9 гектар жерде санитарлық кесулер жүргізілді: соның ішінде толықтай 2380,7 гектар аумақта, таңдамалы 1100 гектар аумақта. 1672 гектар аумақта қоқыс жинау жүргізілді.

Зерттеу материалдары бойынша 2007 жылы Беген, Бөкебаев, Долон, Кононеров, Морозов филиалдарында 15689 гектар аумакта күрес жүргізу қажет болған,алайда құралдың жетіспеушілігіне байланысты 2007 жылы авиациялық шаралар кескіш- тоқымашы жұлдызқұртына қарсы Долон филиалында 6500 гектар аумақта жүргізілді. Ұшақтар арқылы 1 гектар аумаққа 25 литр жұмыс сұйықтығын пайдалану арқылы жұмыс жасалды. Препарат шығыны 1 гектар аумаққа 0,12 литрді құрайды. Өңдеу мерзімі өсімдіктерді қорғау институтының өкілдерінің қатысуымен анықталды.

Өңдеу 15-20 маусым аралығында 1 және2 жылдық  жұлдызқұрттарға жүргізілді. Өңдеудің әсерлілігі ошақтың 6 нүктесінде өсімдіктерді қорғау институты өкілдерінің қатысуымен модельді ағаштағы өлген личинкаларды пайыздық есептеу тәсілі бойынша жүргізілді. Орташа сынақ әсері 85 %-ды құрады. Алайда зиянкес личинкаларының 30%-ы диаүзілісте қалғандықтан, авиациялық шараларды әлі де бірнеше жыл жүргізу қажет.

Өсімдіктерді қорғау институты өкілдері мен ММ МОТР ''Семей орманы'' мамандары бірігіп кескіш- тоқымашы жұлдызқұртының таралуын анықтау мақсатында рекогностикалық және дотальді орман потологиямық зерттеулер жүргізілді.

21937,5 гектар аумақта орман зиянкестері ошақтары зерттелген, аумақтар өсуде. Күрес шараларын қажет ететін ошақтар ауданы 21749,5 гектар жерді құрайды.

 

 

 

 

 

 4. Қорытынды

Алғашқы ормандар бұдан 380 млн жылдар шамасында пайда болған. Содан бері жер бетінде орманның бірнеше түрі бар. Әр дәуірдің  ормандары әрқилы еді. Олардың түрі, қасиеті, құрамы жағынан да бір – біріне ұқсамайды. Алайда табиғатта ықылым замандарынан бері құрып кетпей, түрлі себептермен сақталып қалған өсімдік, ағаш хайуан түрлері де жоқ емес, ондай қалдық дүниелерді «реликт» деп атайды.

Күллі тіршілік иесі мен адамзат өзінің орманға қалай тәуелді екенін біле бермейді.Алайда, жер шарын орман –тоғайсыз бір күн елестетсек, ауадағы газдар балансының өзгеруі,оның салдарынан адамдар мен жануарларда түрлі аурулардың күрт көбеюі,бәрі-бәрі бірдей елестейді.Ешбір техника да,технология да орманның бізге берер пайдасын алмастыра алмайды.Орман адам үшін 20 мың атаудан астам өнім беретін ең кемел жүйе.Оның ішінде азық- түліктер,дәрумендер, құрылыс материялдары, химия үшін шикізат, мал үшін азық, емге лайық таза ауа, тағы да басқа қажеттіліктер бар.

Ағаштар өз тіршілігінің соңына дейін өзін қоршған ортамен тығыз байланыста болады.Тіршілік иесінің ,адамның экологиялық тұрғыда қауіпсіз өмір сүруі үшін орманға деген көзқарас, күтім жақсара түсуі тиіс.Орманның жаппай зардап шегуі мен жойылу себептерінің бірінші жағы-адам қолынан келсе,екінші-табиғи жағы –орман зиянкестерінен келеді.  

Бүгінгі орман құрамы аса бай. Орманның жағдайын, пайдалануын, өндіруін күзетуді және қорғауды мемілекет бақылау туралы қағидаға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңды бекітілуінде  инженер – лесопотологтары осы мәселелер бойынша мемілекеттік бақылаушылар болып табылады.

 

5. Тұжырымдама және ұсыныс

Осы курстық жобамды қорытындылай келе Қазақстан орманындағы ағаштарды қорғау әдістерін анықтап білдім. Олардың ішінде қарағай ағашының зиянкестерімен күресу әдістерін және оларға қарсы күрес шаралары кеңінен қолданылды.

Тұжырымдама:

1. Жапырақты орман ағаштарының зиянкестерінің түрлері және олардың тигізетін зияндары аз емес.

2. Зиянкес жәндіктермен күресудің түрлері:

а) Орманшаруашылық күрес;

б) Механикалық және физикалық;

в) Биологиялық;

г) Химиялық;

Бүгінгі күнгі күрес қазіргіден де нәтижелі бола түсуі үшін мынадай ұсыныстарым бар:

1)Ормандардағы күрес үшін мемлекеттік бюджеттен тұрақты түрде қомақты қаражат бөлінсе,және оның өз орнына дұрыс жұмсалып жатқанын қатаң қадағалап отыратын тәуелсіз ұйым қүрылса.

2)Өзге мемлекеттердің аталмыш саладағы кәсіпкерлерімен жүйелі түрде тәжірибе алмастырылып,жаңа заман технологияларының озық түрлерін қысқа мерзім ішінде қолданысқа енгізсе.

3)Орман,оның пайдаасы туралы;зиянкес жәндіктер мен олардан келетін зардаптар туралы ,олармен жай адам жүргізе алатын күрес шаралары туралы қарапайым халықты үнемі хабардар етіп отырса.

4) Барлық аймақтардағы ормандар қатаң түрде қорғауға алынып,зиянкестердің алдын алу шараларын жақсы жургізген орманды сақтау мекемелері мен мамандарға мемлекет тарпынан гранттар бөлініп,сыйақылар берілсе,ұмтылыс арта түсері анық.

 

 

6. Қолданылған әдебинттер тізімі

1. Балтабаев А.С.  Жасыл орман жайкалсын. -  Алматы: Қайнар, 1968.- 115 б

2. Собинов А.М.  Выращивание посадочного материала в лесных питомниках. - Москва 1968 г. – 148 бет

3. Воробьев Г.И. Лесная промышленность. - Алматы 1978 г – 125 бет

4. Дауренбеков Ж.С, Асқаров Ә.М. Жасыл әлемге саяхат. -  1955 ж – 135 бет

5. Письменный Н.Р. Лесовостановление  и лесоразведение. – 1990. – 320  бет 

6. Изюмский П.П. Выращивания высокопродуктивных лесных насаждений.- 1978.-18 бет

7. Толепбергенов Н.А. Жасыл орман ел дәулеті. – Алматы: Қайнар, 1984 ж-152 бет

8. Лесное хозяйство, журнал 2007-2008 г 20-25 бет

9. Годовые отчеты ГУ ГЛПР «Семей орманы» Тау-далинского филиала

10. Основные положения организации и развития лесного хозяйства (2001 г.)

11. Правила рубок главного пользование в равнинных лесах и лесах Казахского мелкосопочника Республики Казахстана (1995 г.)

12. Нормативы для таксации лесов Казахстана. Кайнар 1987 г

13. Инструкция по проведению лесоустройства в едином государственном лесном фонде СССР (1986 г.).

14. Правила защиты лесов от вредителей и болезней в Республике Казахстана (Астана, 1999 г.).

15. Нормативы материально-технического обеспечения на противопожарные мероприятия в республике Казахстана   (Алматы, 1993 г.).

 

 

 


Информация о работе Семей орманы Мемлекеттік орман табиғи резерваты