Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 19:47, курс лекций

Краткое описание

Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды.

Содержание

Лекция 9

1.Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері.

2. Аудиторлық дәлелдер алу көздері. Аудиторлық дәлелдеу олардың іс-әрекеттері.


Лекция 10

Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері.

Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.

Вложенные файлы: 1 файл

Тақырып 5.docx

— 99.30 Кб (Скачать файл)
  •  
    Нақты тексеріс, 
  •  
    растау, 
  •  
    құжаттық тексеріс, 
  •  
    қадағалау, сұрау, 
  •  
    механикалық дәлдікті тексеру, 
  •  
    талдау тестілері, 
  •  
    сканерлеу, 
  •  
    зерттеу, 
  •  
    арнайы тексеру, 
  •  
    сараптау,
  •  
    қарсы тексеру және басқалары.

 
Жинақталған аудиторлық дәлелдеулер  аудитордың жұмыс құжаттарында бейнеленеді.  
 
Аудиторлық дәлелдеулерді алу көздеріне мыналар жатады: 
 
1) қаржылық есептілік; 
 
2) бухгалтерлік тіркелімдер (есептік және бақылау);  
 
3) экономикалық субъектінің және үшінші жақтардың алғашқы құжаттары; 
 
4) статистикалық есептілік; 
 
5) салық салу бойынша есеп беру; 
 
6) жарғылық құжаттар, келісім-шарттар, бұйрықтар мен басқа да әкімшілік құжаттар; 
 
7) қаржылық- шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау; 
 
8) субъекті қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың ауызша берген деректері; 
 
9) субъектінің құжаттарын бір-бірімен салыстыру, және де ұшінші тұлғалардың құжаттарымен салыстыру; 
 
10) түгендеу нәтижелері; 
 
11) басқармаға жазбаша және ауызша түрде түсініктеме беруі туралы сұрау жазу.  
 
Қорытынды 
 
Сонымен, аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары, яғни аудиторлық дәлелдеулері жеткілікті, толық, анық және сенімді болуы қажет. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы, сенімділігі оларды алу көздеріне және ақпараттың сипатына байланысты. 
 
Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық: 
 
Аудиторлық дәлелдеулер мен аудиторлық процедуралар туралы түсінік алып, ұғым қалыптастыру үшін оның теориялық аспектілерін терең білу қажет. Сондықтан, дәріс материалымен жұмыс істеу барысында аудиторлық дәлеледеулер түрлеріне көңіл аударыңыздар. Ол үшін берілген әдебиеттер бойынша оқу материалына зер қойып оқып, бақылау сұрақтары мен тестілік тапсырмаларға жауап беріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.  
 
Ұсынылған әдебиеттер: 

        1.  
          ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы -20.11.98, 19.02.2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен;
        2.  
          Аудиттің халықаралық стандарттары: 500 «Аудиторлық дәлелдеулер», 520 «Талдау процедуралары»1-Т.- Алматы: Раритет, 2001 
        3.  
          Кодекс этики аудиторов РК. Казахстанские стандарты по аудиту (под ред. С.Х. Кошкимбаева. Алматы, Каржы-Каражат, 1995).
        4.  
          Абленов Д.О. “Аудит негіздері” Алматы, Экономика, 2005 ж 
        5.  
          Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы 2006 ж.
        6.  
          Аудит: Учебник для вузов/ В.И. Подольский, А.А. Савин и др.; Под ред. В.И. Подольского.-3-е изд. перераб. и доп.- М.: Аудит, ЮНИТИ-ДАНА, 2004.

 
 
 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 

  1.  
    Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз не?
  2.  
    Аудиторлық дәлелдеулер қандай белгілері бойынша жіктеледі?
  3.  
    Аудиторлық дәлелдеулер түрлерін атаңыз.
  4.  
    Ішкі аудиторлық дәлелдеу деген не?
  5.  
    Сыртқы аудиторлық дәлеледеу деген не?
  6.  
    Аралас аудиторлық дәлелдеу деген не?
  7.  
    Аудиторлық процедуралар түрі?
  8.  
    Талдамалық процедуралар қандай мақсатта құрылады?
  9.  
    Аудиторлық процедура ретінде сұрауға қаншалықты сенуге болады?
  10.  
    Растау дегеніміз не?
  11.  
    Сканерлеу деген не және ол қандай жағдайларда қолданылады?
  12.  
    Арифметикалық тексеріс қандай жағдайларда қолданылады?

 
 
Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар: 
 
1. Аудитор қандай ақпаратты сенімді деп санайды? 
 
а. Тексерілетін компанияның менеджерінен алынған жазбаша ақпарат 
 
в. Банк менеджерінен алынған ақпарат 
 
с. материалдардың нақты санын аудитордың өзі тексергеннен кейін алынған ақпарат. 
 
д. Қоймашыдан материалдардың нақты саны туралы алынған ауызша ақпарат 
 
е. Тексерілетін компанияның менеджерінен алынған ауызша ақпарат  
 
2. Түгендеуге анықтама беріңіз. 
 
3. Жабдықтың жасырын тұрып қалуын анықтау мақсатында аудитор қандай процедураны қабылдайды? 
 
а. Арифметикалық тексеріс  
 
в. Логикалық тексеріс 
 
с. Хронометраж 
 
д. Визуалды қадағалау 
 
е. Қарсы тексеру 
 
4. Құжаттардың дұрыстығын анықтау үшін келесі әдістемелік тәсіл қолданылады? 
 
а. Формальді тексеріс 
 
в. Қарсы тексеру  
 
с. Логикалық тексеріс 
 
д. Түгендеу 
 
е. Эксперттік бағалау 
 
5. Шығарылған өнім туралы мәліметтердің шынайылығын аудитор қандай әдістемелік тәсілмен анықтайды? 
 
а. Нормативті тексеру 
 
в. Түгендеу 
 
с. Арифметикалық тексеріс  
 
д. Қарсы тексеру  
 
е. Логикалық тексеріс 
 
6. Нақты аудит тәсілдеріне не жатады? 
 
а. Формальді тексеріс 
 
в. Логикалық тексеріс 
 
с. Эксперттік бағалау 
 
д. Арифметикалық тексеріс 
 
е. Қарсы тексеру 
 
7. Аудиторлық тәуекелділікті азайту үшін не қажет? 
 
а. Жеткілікті түрде аудиторлық дәлелдеулер жинау  
 
в. Сенімді ақпарат жинау 
 
с. Ішкі бақылау жүйесіне сену 
 
д. Анықталған заң бұзушылықтарды жою шараларының жоспарын құру 
 
е. Дұрыс жауап жоқ  
 
8. Қаржылық есептіліктен алынатын аудиторлық дәлелдеулерге төмендегілердің қайсысы жатпайды? 
 
а. Бухгалтерлік баланс 
 
в. Пайда мен зиян туралы есеп беру 
 
с. Ақша қозғалысы туралы есеп беру 
 
д. Бас журнал 
 
е. Меншікті капитал өзгерісі туралы есеп 
 
9. Төмендегілердің қайсысы аудиторлық дәлеледеу болып табылады? 
 
а. Аудитордың аудиторлық тексеріс кезінде жинаған ақпараты; 
 
в. Аудиторлық есеп; 
 
с. Аудиторлық бағдарлама. 
 
10. Қадағалау деген не? 
 
а. Қызмет нәтижесінің есепті көрсеткіштерін зерттеу; 
 
в. Құралдардың нақты барының бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. 
 
с. Есеп тіркелімдерінде мәліметтерді топтастыру әдісі; 
 
д. тәжірибелі мамандардың арнайы білім саласын зерттеуі; 
 
е. Аудитордың қатысуымен есеп процедураларының орындалуын бақылау әдісі.  
 
 
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулық 
 
СӨЖ мақсаты: тақырып бойынша берілген теориялық материалды толық меңгеру үшін аудиторлық дәлелдеулер мен оларды алу процедураларының әдістемелік тәсілдерін толықтырып, практикалық дағды қалыптастыру. 
 
1. Тапсырма. Ұсынылған және өз бетіңізше таңдап алынған ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып: 

    1.  
      Аудиторлық дәлелдеулердің мүмкін болатын түрлеріне сипаттама беріңіз;
    2.  
      Дәрісте берілген аудиторлық процедуралардың әрқайсысына сипаттама беріп, олардың құрамына кіретін әдістерін анықтаңыз.
  1.  
    Тапсырма. Келесі есептерді шығарыңыздар

 
1-оқиғалық есеп 
 
Құжаттар келесі көздерден алынған: 

  •  
    Үшінші жақтардан;
  •  
    Клиенттен өзінің мәліметтері негізінде;
  •  
    Клиенттің бухгалтерлік жазбаларының негізінде аудитордың жинақтаған құжаттары.

 
Талап етіледі: Берілген дәлелдеулерді сенімділігінің дәрежесіне қарай бағалаңыз. 
 
2-оқиғалық есеп 
 
Аудитор келесі процедураларды жүзеге асырған: 

  •  
    Көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттарды тексеру;
  •  
    Көлік құралдарын сатып алу құжаттарын тексеру;
  •  
    Көлік құралдарының нақты барын тексеру;
  •  
    Көлік құралдарын сатушының ауызша растап беруі.

 
Берілген аудиторлық процедуралардың  қайсысы компанияның көлік құралдарына меншік құқығын береді? 
 
17- тақырып: «Аудиторлық мәнділік және аудиторлық тәуекелдік» 
 
Сабақтың мақсаты: аудиторлық мәнділік туралы ұғым қалыптастыру және аудиторлық тәуекелділікті анықтаудың, олардың компоненттерінің аудит барысындағы маңызын түсіну. 
 
Дәріс сұрақтары: 

  1.  
    Мәнділік туралы түсінік және мәнділік деңгейін анықтау
  2.  
    Қателіктердің мәнділігін бағалау және оның аудиттегі маңызы
  3.  
    Аудиторлық тәуекелдік және оның компоненттері
  4.  
    Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы өзара байланыс

 
 
Негізгі түсініктер: мәнділік, мәнділік деңгейі, аудиторлық тәуекелділік, бөлінбейтін тәуекелдік, бақылау тәуекелдігі, айқындамау тәуекелдігі, маңыздылық  
 
Дәрістің мазмұны: 
 
Мәнділік деңгейі деп бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен жоғары ықтималдықпен айыратын қателіктің шекті шамасын айтады. 
 
Мәнділік деңгейінің абсалютті мәнін анықтағанда аудитор субъектінің есептілігінің шынайылығын сипаттайтын неғұрлым маңызды көрсеткіштерін негізге алуы керек. Олар бухгалтерлік есептіліктің базалық көрсеткіштері деп аталады. Кәсіпорын қызметінің салалық ерекшеліктеріне қарай базалық көрсеткіштер жиынтығы әр түрлі болып келеді. 
 
Аудиторлық ұйым базалық көрсеткіштерден ауытқу пайызын, яғни жіберілетін үлесін бекітеді (неғұрлым мәнділеріне – екі пайыз, мәнділігі аздарға – бес пайыз).  
 
Базалық көрсеткіштер жүйесі мен мәнділік деңгейін анықтау тәртібі құжатта көрініс тауып, тұрақты қабылданады. Кейбір жағдайларда олар өзгеріске ұшырауы мүмкін. 
 
Нақты тексеріс үшін мәнділік деңгейінің жалпы бір көрсеткішін, сонымен бірге, әрқайсысы бухгалтерлік есептің, баланс баптарының немесе есептілік көрсеткіштерінің белгілі бір тобын бағалауға арналған мәнділік деңгейінің әр түрлі мәндер жиынтығын есептеп шығаруға болады.  
 
Аудиторлық тексеріс жүргізу барысында аудитор қателіктерді анықтап, олардың қандай-да бір базалық көрсеткіштер шамасының сомасын анықтайды және бұл шаманы мәнділік деңгейінің тиісті көрсеткіштерімен салыстырып, табылған қателіктердің қаржылық еесптілікке әсері туралы қорытынды жасайды. Аудиторлық ұйымдар тексеріс жүргізу барысында есептіліктің шынайылығын абсалютті нақтылықпен анықтауға міндетті емес, алайда барлық маңызды жағдайларда олардың шынайылығын міндетті түрде анықтауы тиіс.  
 
Аудитор мәнділіктің сапалық және сандық жағына назар аударуы керек.  
 
Сапалық жағынан аудитор өзінің кәсіби пікірін тексеріс барысында айқындалған экономикалық субъект жүзеге асырған қаржылық және шаруашылық операцияларын орындау тәртібінің Қазақстан Республикасының нормативті актілерінің талаптарынан ауытқуы мәнді немесе мәнді емес екендігін анықтауға бағыттауы тиіс.  
 
Сандық жағынан аудитор табылған ауытқулардың әрқайсысы және олардың сомасы сандық өлшемнен-мәнділік деңгейінен басым түсуіне баға беруі қажет. Мәнділік деңгейін бекіту үшін аудитор бірнеше қадамдық процедураларды жүзеге асырады: 
 
1 қадам. Мәнділік туралы алдын-ала пайымдау 
 
2 қадам. Мәнділік туралы алдын-ала пайымдауды сегменттер бойынша қолдану 
 
3 қадам. Сегменттегі жалпы қателіктерді бағалау 
 
4 қадам. Сомалық қателіктерді бағалау 
 
5 қадам. Сомалық бағаны мәнділік туралы алдын-ала пайымдаумен салыстыру. 
 
Егер де бір уақытта біріншіден, аудит барысында белгіленген және болжанған қателердің жалпы сомасы мәнділік деңгейінен біршама аз болса және екіншіден, аудитордың кәсіби пайымдауы бойынша субъектінің есеп жүргізу және есептілік әзірлеу тәртібінің тиісті нормативті құжаттардың талаптарынан ауытқуларының сапалық айырмашылықтары елеусіз болса, онда аудитор тексерілетін субъектінің есептілігі барылық маңыздылығы жағынан шынайы болып табылады деген шешімге келе алады.  
 
Алайда жоғарыда аталған жағдайлардың тым болмаса біреуі орындалмаса, онда субъектінің қаржылық есептілігі сенімді болып табыла алмайды. 
 
Аудит барысында мынандай жағдайлар да туындауы мүмкін: 
 
1. қаржылық есептілікте анықталған және болжанған қателердің жалпы сомасы мәнділік деңгейінен басым немесе азырақ, бірақ жалпы алғанда мәнділік деңгейінің шамасына жақын болады. 
 
2. субъектінің есеп жүргізу және есептілік әзірлеу тәртібі мен тиісті нормативті құжаттардың талаптары арасында айырмашылықтар болса да, анықталған айырмашылықтар мәнді боп табылмайды. 
 
Мұндай жағдайда аудитор өзінің кәсіби пікіріне сүйене отырып, осы жағдай бойынша тексерілген қаржылық есептілікте мәнді заң бұзушылықтардың болуы туралы шешім қабылдау немесе қабылдамау жауапкершілігін алуға немесе аудиторлық есепке тиісті ескертулерді кіргізу туралы қорытынды жасауға міндетті. Бұл ретте оқиғаны дәл анықтау үшін қосымша аудиторлық процедуралар жүргізу қажет болуы мүмкін. 
 
Аудиторлық тәуекелділік және оның компоненттері 
 
Аудиттің мақсаты мен міндеттерін анықтағаннан кейін аудиторлық тәуекелділік деңгейін анықтау қажет.  
 
Аудиторлық тәуекелділік - бұл аудит аяқталғаннан кейін және оң аудиторлық қорытынды берілгеннен кейін аудитордың өз жауапкершілігіне алатын, қаржылық есептілікте мәнді қателіктер шығып қалу тәуекелділігінің субъективті түрде бекітілген деңгейі.  
 
Аудиторлық тәуекелділік субъектінің қаржылық есептілігінде оның шынайылығын растағаннан кейін анықталмай қалған мәнді қателіктердің болу ықтималдығын немесе іс жүзінде мұндай қателіктер болмаса да, есептілікте қателік бар деп тануды білдіреді. Аудитор жұмыс барысында осы тәуекелділіктерді максималды түрде анықтап, бағалауы тиіс және бағалау нәтижелерін құжатқа түсіруі керек. 
 
Тәуекелділікті бағалағанда аудитор тәуекелділіктің келесі шектерін пайдалана алады:  
 
а) жоғарғы;  
 
ә) орта; 
 
б) төменгі. 
 
Аудиторлық ұйымдар өз қызметінде тәуекелділіктерді бағалау барысында шектеулердің жоғарыда аталған түрлерінен басқа да көптеген шектеулерді қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін. Немесе тәуекелділіктерді бағалауға сандық көрсеткіштерді (пайыздар немесе бірлік үлестерін) пайдалана алады. Яғни аудиторлық тәуекелділік приоритеттер шектері бойынша өлшенуі не болмаса, 0-ден 1-ге дейін ықтималдықты есептеп шығарылуы мүмкін. Аудиттің шетелдік тәжірибесі бойынша бұл тәуекелділік минималды болуы керек және 0,01 немесе 1 пайыз болуы тиіс. Аудитор тексеріс барысында аудиторлық тәуекелділікті минималды деңгейіне дейін жеткізуге ұмтылуы керек және ол үшін тиісті шаралар қолданады. Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады. № 400 «Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау» ХАС- ында тәуекелдікке анықтама берілген(2). «Аудиторлық тәуекелдік- қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сай келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді». Аудиторлық тәуекелділіктің үш компоненті бар:  
 
а) бөлінбейтін немесе ішкі шаруашылық тәуекелділік; 
 
б) бақылау құралы тәуекелділігі; 
 
в) айқындамау тәуекелділігі. 
 
Ішкі шаруашылық тәуекелділігі 
 
Ішкі шаруашылық тәуекелділік – бұл ішкі шаруашылық аудит іске асырылмайды деген ұйғарыммен қаржылық есептіліктің мәнді қателіктерге бейім болуы. Егер де аудитор ішкі шаруашлық аудит факторын ескермей жоғарғы ықтималдықпен қателердің болуы туралы қорытынды жасаса, онда ол дәл солай жоғарғы ықтималдықта ішкі шаруашылық тәуекелділігі бар деген қорытындыға келеді. Ішкі шаруашылық тәуекелділік деңгейін бекіту кезінде ішкі шаруашылық аудитке назар аударылмайды. Өйткені, ол аудиторлық тәуекелділіктің моделіне бақылау тәуекелділігі деп аталатын жеке элемент ретінде кіреді.  
 
Бақылау тәуекелділігі 
 
Бақылау тәуекелдігі- бухгалтерлік есеп процесінде клиент байқамаған қателердің болу ықтималдығын білдіреді. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100 %- ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады: тиімді құрылымдар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады.  
 
Бақылау құралдарының тәуекелділігі кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды.  
 
Бақылау құралдарының сенімділігі мен бақылау құралдарының тәуекелдігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады: 

  •  
    Сенімділіктің жоғары дәрежесіне төмен тәуекелдік сай келеді;
  •  
    Сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелділік сай болады;
  •  
    Сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелділік сай болады.

 
Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде үлкен сенімділік дәрежесіне сүйенуге қаншалықты ұмтылса., аудитор олардың сенімділігі мен тиімділігін соншалықты мұқият дайындауы керек. 
 
Айқындамау тәуекелдігі 
 
Айқындамау (қателерді) тәуекелдігі- бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір- бірін толықтыратындықтан, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдемесінің қажеттілігін пропорционалды азайтады. Аудиторлық тәуекелдік пен айқындамау тәуекелдігі арасында тікелей тәуекелдік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелдік пен жинақталуы қажет дәлелдердің жоспарланған саны арасында кері тәуекелділік бар.  
 
Аудиторлық тәуекелдікті төмендету үшін келесідей пікір әрекет етеді: аудитор толық зерттеуге арналған элементтері қанша көбірек тексерсе, іріктеме көлемі сонша көп болады. Мысалы, егер аудитор талдамалық рәсімдерді тексеру мен елеулі элементтерді толық тексеруге акцент жасағысы келсе, іріктеме көлемі төмен болады және керісінше.  
 
Кез келген аудиторлық тексерудің басты міндеті- аудитті аяқтаған кезде жиынтық аудиторлық тәуекелдік минималды төмен деңгейге жеткізілетіндей немесе керісінше, сенімділік деңгейі аудиторға қаржылық есептеме нақтылығы бойынша пікір білдіру үшін жоғары болатындай сенімділік деңгейіне дейін жететіндей етіп жекелеген шоттар немесе шаруашылық операциялар бойынша аудиторлық тәуекелділікті шектеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кейбір мемлекеттерде  ХАС ты өз стандарттарын әзірлеу  үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекетер ХАС ты ұлттық ретінде қабылдайды.

2000 жылдың  16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен  ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында  ҚХАС қарастырылып қабылданды.

“Қазақстандағы ХАС ”  атты біздің нұсқамызды Халықаралық  аймақтық бухгалтерлер федерациясымен Евразия аудиторлары барлық  ТМД елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудитор палатасының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен  аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай  Аудиторлық қызмет туралы  заңның бухгалтерлік есеппен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық  аудиторлар палатасы  ХАС қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ тың қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.

Аудиторық іс - тәжірибе жөніндегі  Халықаралық комитет аудитті  өткізудің халықаралық стандарттары ілеспе қызметті көрету бойынша стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарады. 1994 жылдың шілдесінен бастап ХАС аудит стандарттарының кодификациясында 29 ХАС пен 4  ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жыл басында 50 - ге жетті, оның ішінде олардың 38 - і ХАС қа , ал 12 - сі халықаралық аудиторлық іс тәжірибе бойынша ережеге негізделді.

ХАС ның негізгі бөлімдерінің  құрылымы мен мазмұнын қарастырайық.

Бірінші бөлім  “Кіріспе аспектілері” № 100-199 құжаттарына қосылады.

ХАС 100 Сенімділікті қалыптастыратын  тапсырмалар – бұл әр үрлі жұмыс  түрлерінің орындалу нәтижелері бойына қалыптасқан қорытындыларман аудиторларды қамтамасыз ететін сенімділік деңгейі.

ХАС 110 Терминдерінің глоссариі  ХАС -та және оның заңдастырылған анықтамаларында  қолданылатын терминдердің тізбесін қамтиды.

ХАС  120 Халықаралық аудит стандарттарының тұжырымдамалық негізі.                                   

Екінші бөлім Жауапкершілікке   200-299 стандарттары кіреді.

ХАС  200 Қаржылық есеп берудің аудитін реттеуші мақсатпен жалпы принциптер – тәуелсіз аудитор жүргізетін тексерулердің көлемі және негізгі мақсаттары мен принциптерін, сондайақ кәсіпорын басшылығының қаржылық есеп берудегі жауапкершілігін анықтайды.

ХАС  210 Аудиторлық тапсырманың шарты. Білдірген ұсынысқа аудиттің келіскенін қаржылық растауға қызмет ететін, аудитті өткізу туралы келісім хаттың мазмыны мен формасы келтірлген. Ол жұмыс мөлшерімен жауапкершілік шараларын,есеп беретін аудиторларға ұсынылатын форманы наутылайды.

ХАС 220 Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру  ретіндегі сапасының  және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы анықталып, осы екі бақылау түрінің өзара байланысы мен айырмашылығы келтіріледі.

ХАС 230 Құжаттау – аудитор  жасайтын немесе алатын жұмыс қаражаттарының типтік формалары мен мазмұны  туралы мәлімет келтірілген. Жұмыс  қаражаттарының тиістілігімен сақталу  мәселелері ашып көрсетілген.

ХАС 240 қаржылық есеп беру аудитінің  барысында алаяқтықпен қателіктерді қарастыруға аудиторлардың жауапкершілігі – өтiрік және қате ұғымдарын  анықтайды, кәсіпорын басшысының өтірік пен қатені ескертудегі жауапкершілігін  белгілейді. Аудитор өтіріктің немесе қателіктердің нәтижесінде пайда  болатын материалдық үнемдеуді  анықтау мүмкіндіктерін ескеріп, аудитті  жоспарлау керек. өтіріктер немесе қателіктер туралы куәландыратын мәліметтерді алған жағдайда аудиторға әрекет ету ұсынылады.

ХАС  250 Қаржылық есеп берулердің аудитіндегі заңдар мен нормативті актілер есебі. Заң шығарушы және нормативтік актілердің талаптарынан аутқымау мен бұлжытпай сақтаудғы аудитордың және тексерілетін  ұйымдардың жауапкершілік деңгейлері анықталған.

Информация о работе Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау