Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 19:47, курс лекций
Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды.
Лекция 9
1.Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері.
2. Аудиторлық дәлелдер алу көздері. Аудиторлық дәлелдеу олардың іс-әрекеттері.
Лекция 10
Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері.
Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.
2. Жұмыс құжаттарына қойылатын
талаптар
Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды
растауға (дәлелдеуге) тиісті:
Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын
аудиторлық қорытынды жасау үшін
аға аудитор немесе аудиторлық фирманың
жетекшісі мұқият қайта қараған кезде
ол құжаттардың мазмұнында сәйкессіздік
немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін
екендігін мойыңдауға тиісті. Бұл жерде
кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын
айта кету керек. Клиентті кеңсе жұмыстарына
жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды
аудитордың өзі тексеруіне тура келеді.
Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін:
- Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың,
материалдық емес активтердің және т.б.
тізімі.
Тексеруші балансты жұмыс құжаттарының
«жон арқасы» деп жиі атайды. Себебі ол
қаржылық қорытынды есепті құру мақсатында
Бас кітаптағы шоттар бойынша қалдықтарды
жазу құралы ретінде және баланстың жекелеген
шоттары бойынша жұмыс құжаттарының көрсетушісі
ретіңде қызмет атқарады.
Жұмыс құжаттарының толық саны (тізімі)
әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирмаішілік
стандарттарымен анықталуға тиісті.
Тестілер жазылған барлық жұмыс
құжаттарында тест жүргізгендердің
аты-жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің
қысқаша мазмұны және оның тиімділігі
туралы қорытынды болуға тиісті.
Баланстағы немесе табыстар мен шығыстар
жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды
растаушы кестелерде:
Аудитті өткізу үшін аудиторға қажет кестелерді
клиенттің өзі алдын-ала дайындап қоюы
мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын
үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін
пайдалану жөнінде келісім жасалынуы
керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне
көз жеткізуге тиісті. Егер клиентте дайын
кесте болмаса, онда аудитор кестені дайындауды
одан сұрауына болады.