Аудиторлық қызметтің этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 16:57, курсовая работа

Краткое описание

Берілген жұмыс бойынша зерттеулердің мақсаты –аудит этикасының әдістемесін зерттеу, аудиттің кәсіби этикасының іс жүргізінде жүргізілуінің аспектілерін зерттеу болып табылады. Берілген жұмыс шектерінде мынадай міндеттер қойылып шешілді:
Мамандық этикасының мазмұны мен классификациясын зерттеу;
Аудиттің кәсіби этикасының міндеттерін қарастыру;
Аудит этикасы кодексінің әдістемесін зерттеп, оның мәнін ашу.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
1 бөлім. Аудиторлық істің этикалық – құқықтық механизмдері.............5
1.1 Аудитті құқықтық реттеу.......................................................................5
1.2. Аудиторлардың кәсіби этикасының мәні мен маңызы......................8
2 бөлім. Аудитор этикасы кодексінің жалпықабылданған теориялары..................................................................................................12
2.1 Еуропалық аудит этикасының кодексі...............................................12
2.2 Американдық аудит этикасының кодексі...........................................15
2.3 Қазақстандық аудит этикасының кодексі...........................................25
Қорытынды..................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

аудит этика.doc

— 161.00 Кб (Скачать файл)


Жоспар

Кіріспе ...........................................................................................................3

1 бөлім. Аудиторлық  істің этикалық – құқықтық  механизмдері.............5

1.1 Аудитті құқықтық реттеу.......................................................................5

1.2. Аудиторлардың кәсіби этикасының  мәні мен маңызы......................8

2 бөлім. Аудитор этикасы  кодексінің жалпықабылданған                         теориялары..................................................................................................12

2.1 Еуропалық аудит этикасының кодексі...............................................12

2.2 Американдық аудит этикасының кодексі...........................................15

2.3 Қазақстандық аудит этикасының кодексі...........................................25

Қорытынды..................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................31

 

Кіріспе

Аудит нарықтық экономика  жағдайында барлық шаруашылық процесіне  қатысушылардың қызметінде маңызды  роль атқарады. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы  басқару шешімдерін іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының  заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс  және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды  тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

Қазіргі кездегі қоғамда  аудиторлар қызметіне маңызды роль берілетіндіктен, қоғамдық пікірде  аудитор мамандығына құрмет пен  сенімділікті ұстап тұрудың объективті тиімділігі бар. Кәсіби аудиторлық ұйымдар  аудиторлардың жоғары моральді қасиеттері мен кәсіби жауапкершілігін сақтап тұру үшін аудиторлардың этикалық кодексін жасақтайды.

Берілген курстық жұмыстың тақырыбы – Аудит этикасы.

Берілген жұмыс бойынша  зерттеулердің мақсаты –аудит этикасының әдістемесін зерттеу, аудиттің кәсіби этикасының іс жүргізінде жүргізілуінің аспектілерін зерттеу болып табылады.

Берілген жұмыс шектерінде мынадай міндеттер қойылып шешілді:

    • Мамандық этикасының мазмұны мен классификациясын зерттеу;
    • Аудиттің кәсіби этикасының міндеттерін қарастыру;
    • Аудит этикасы кодексінің әдістемесін зерттеп, оның мәнін ашу.

Берілген жұмыста аудиттің кәсіби этикасының халықаралық және отандық кодексінің талаптары, мазмұны мен қолданылу аясы қарастырылады..

Берілген курстық жұмыс  екі бөлімнен тұрады. 1 бөлім аудиторлық істің этикалық – құқықтық механизмдерінің мәнін, арналымын ашады. 2 бөлім аудитор этикасы кодексінің жалпықабылданған теорияларын ашуға, ерекшеліктерін көрсетуге арналған.

 

1 бөлім. Аудиторлық істің этикалық  – құқықтық механизмдері

    1. Аудитті құқықтық реттеу

Аудиттік қызметтерді  жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара  қарым – қатынасын мемлекеттік  және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау  органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативтік – құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

  • ҚР Конституциясы
  • ҚР Азаматтық кодексі
  • ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы 1998 ж. 20 қазан
  • ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы 1995 ж. 26 желтоқсан
  • ҚР қылмыстық кодексі
  • «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі
  • ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі
  • ҚР бюджет кодексі
  • ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы»; «Банкроттық туралы»; «Шетелдік инвестиция туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестер туралы», «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдар

Жоғарыда аталған заңды  құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей  қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативтік – құқықық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отру керек.

Белгілі болғандай, 1993 жылы 18 қазанда «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» заңы алғаш рет қабылданғаннан кейін еліміздің экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде елеуліөзгерістер болып өтті. Экономиканы, қаржынесие жүйесн басқару және оларды нормативті – құқықтық реттеу салаларында реформалар болды. Өнееркәсіптерде, саудада, құрылыста, ауыл шаруашылығында және көлік саласында нарықтық қатынастарды одан әрі тереңдету бойынша шаралар қабылданды. Кәсіпкерлікті дамытуға және меншіктерді мемлекетендіру мен ұлттық экономиканың көптеген салаларындағы жекешелендіруге экономикалық жағдай жасалып, құқықтық негіздері қаланды.

Бухгалтерлік есеп пен  аудит бойынша халықаралық стандарттарға  көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылық – несиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады.

Мұның бәрі 1998 жылдың 20 қазанында забылданған ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. «Ескі» заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызетті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі. Сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырақ айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелінетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген.

Аудит туралы екінші заңның уақытылы қабылдануы республикадағы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың нақты  тәуелсіздігін нығайтуға ықпал  етті, өйткені үкіметік және басқа  да атқарушы органдар оларды дербестігінен  айырып, министрліктер мен ведомстволардың нұсқауы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай қайталанды.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына  сәйкес аудиторлардың территориялық  палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестаиядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 1998 жылы 22-23 желтоқсанда Алматыда елдегі аудиорлардың төртінші Республикалық коференциясы болып, оның қоырытындылары бойынша ынадай маңызды қаулылар қабылданды:

    1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңын іс жүзіне асыру бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндеттері туралы;
    2. Аудиторлардың Республикалық палатасын қалыптастыру туралы;
    3. «Аудиторларды аттестацялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы» ережені бекіт туралы;
    4. Республикалық палатаның Кеңесін сайлау туралы;
    5. Аудиторлар Республикалық палатасының тексеру комиссиясын сайлау туралы;
    6. Аумақтық аудитор палаталары төрағаларының Кеңесін сайлау туралы;
    7. Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының ревизиялық комиссиясын салау туралы.

Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген аудиторлық ұйымдарында көрнекті нормативті базалар бар, бұл олардың  аудиторлық тексерулерді сәтті жүргізуіне ғана емес, сондай-ақ кеңес беру және басқа да кәсіби қызетерде жетіктікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Осындай қызметтердің арасында айтарлықтай салмағы басымдары мыналар: қаржылық – шаруашылық қызметтерді талдау, кәсіпорындар мен банкердің өлем қабілеттілігін, кредиттік қабілеттіліктерін, өтелімділіктерін бағалау, бухгалтерлік есеп, есептеме жасау, құқық, салық салу, жекешелендіру, мүлікті бағалау, маркетинг, менеджмент мәселелері бойынша кеңес берулер, т.б.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудитті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды, әрі  меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақсан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісім шарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісім шарттармен және келісімдердің ережелері қолданылады.

Қарастырылып отырған  нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды анықтамаы берілген, оны  өткізу және клиентке басқа да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторлардың функциялары мен міндттері, талаптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен қызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты республикамыздың барлы территориясында қолданылады. Онда келісім шарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым қатынас, сондай-ақ аудитордың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық тәуелсіздіі жеткілікті түрде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге аудиторларды қалауына қарай еркін таңдауына құқық берілген. Ол сонымен қатар, қаржылық – шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен құжаттмалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердң басшылары жауап береді.

 

1.2. Аудиторлардың кәсіби  этикасының мәні мен маңызы

Қазіргі кездегі қоғамда аудиторлар қызметіне маңызды роль берілетіндіктен, қоғамдық пікірде аудитор мамандығына құрмет пен сенімділікті ұстап тұрудың объективті тиімділігі бар. Кәсіби аудиторлық ұйымдар аудиторлардың жоғары моральді қасиеттері мен кәсіби жауапкершілігін сақтап тұру үшін аудиторлардың этикалық кодексін жасақтайды.

Аудитордың халықаралық этикалық кодексі бар, оның негізінде Қазақстанның аудиторлар палатасымен расталған Қазақстан Республикасы аудиторларының кәсіби этикалық кодексі жасақталған.

Аудиторлардың кәсіби әрекет ету этикасы аудиторлық бірлестік өзінің ортасында бекітетін моральдік, сыпайылық құндылықтарын анықтайды, ал олар барлық мүмкін бұзушылықтар мен асыра сілтеулерден қорғауға дайын болады.

Жалпы адамдық және кәсіби этикалық нормаларды сақтау – аудиторлық фирманың әр аудиторының, басшысы мен қызметерінің тікелей міндеті мен жоғарғы парызы.

Кәсіби әрекет етудің этикалық нормаларын бұзушылар барлық аудиторлық бірлестікке дөрекілігін  көрсетіп, оған моральді және материалдық  зиян әкеледі.

Сыртқы аудитор аудиторлық қызметке тапсырыс беруші тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге барлық қоғамның, бухгалтерлік есептің барлық пайдаланушыларының мүддесінен әрекет етуге міндетті.

Белгілі бір клиенттің  тапсырысы бойынша аудитті орындай  отырып, аудитор олардың арасында туындайтын объетивті қарама қайшылықтарды қоғамдық мүдде тұрғысынан шешуі керек.

Аудит қызметінің негізгі  мақсаты – ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этика деген грек сөзі, оның мағынасы – нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. Өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке тұратындай адам болуы керек. этикада мамандардың әлеуметтік көзқарасы да ерекше орын алады.

 Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың өз теориясы бар. Онда әртүрлі мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік көрсету жолының құрамы анықталған.

Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол – жалпы жан дүние этикасы және мамандық этикасы. Қандай мамандық болса да, олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұрғыдан анықталған. Профессор Дж. Робертсонның айтуынша: «мамандық этикасының кодексінің жалпы этика теориясынан айырмашылығы - онда нақты мамандық проблемелерына жауап анықталған. Мамандық этикасының кодексіне нақты мамандарға қойылатын талаптар анықталған. Онда мамандарға қойылатын этикалық талаптармен қатар әдептілік, ізеттілік түсініктері де анықталған. Ал мамандар өз кезегінде сол көрсетілген этика талаптарын орындауға міндетті болған. Оны орындамаған жағдайда мамандық саласында тәртіп болмайды.» Осы келтірілген мамандар этикасы аудит қызметкерлеріне де тән. [1]

Р.К. Маутц және Х.А. Шараф жалпы кәсіби этика мәселелерін зерттей келе, аудиторлар мен кез келген кәсіп иелерінің өзін өзі ұстау әдебі философтардың барлық адам баласына ортақ әзірлеген өзін өзі ұстау әдебінің жалпы ұғымын тар мағынада түсініп, қолдаудан басқа ештеңені білдірмейді деп атап кеткен болатын.

Осыған байланысты «әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдік таңдау саласын  зерделеумен жүйелі түрде аыналысатын  белгілі бір философия саласын  ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешуші элемент  бар;

Информация о работе Аудиторлық қызметтің этикасы