Аудиторлық қызметтің этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 16:57, курсовая работа

Краткое описание

Берілген жұмыс бойынша зерттеулердің мақсаты –аудит этикасының әдістемесін зерттеу, аудиттің кәсіби этикасының іс жүргізінде жүргізілуінің аспектілерін зерттеу болып табылады. Берілген жұмыс шектерінде мынадай міндеттер қойылып шешілді:
Мамандық этикасының мазмұны мен классификациясын зерттеу;
Аудиттің кәсіби этикасының міндеттерін қарастыру;
Аудит этикасы кодексінің әдістемесін зерттеп, оның мәнін ашу.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
1 бөлім. Аудиторлық істің этикалық – құқықтық механизмдері.............5
1.1 Аудитті құқықтық реттеу.......................................................................5
1.2. Аудиторлардың кәсіби этикасының мәні мен маңызы......................8
2 бөлім. Аудитор этикасы кодексінің жалпықабылданған теориялары..................................................................................................12
2.1 Еуропалық аудит этикасының кодексі...............................................12
2.2 Американдық аудит этикасының кодексі...........................................15
2.3 Қазақстандық аудит этикасының кодексі...........................................25
Қорытынды..................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

аудит этика.doc

— 161.00 Кб (Скачать файл)

Кеңес беру көмегін көрсеткенде аудитор тапырыс берушінің мүддесін қорғауға талпынуы, оның коммерциялық немесе шаруашылық қызметін жеңілдетер заңды жолдарды іздестіріп, ұсынуы тиіс. Аудитор теріс факторларды жинаушыға, біреудің қарасын ақтарушы айыпкерге айналмауы керек. Алайда аудитор шын мәнінде оны тапсырыс берушінің қызметкеріне айналдыратын тапсырысшыға тым асыра қолдау көрсету оның тәуелсіз болуына теріс әсер еуі мүмкін екендігін де ескере жүргені дұрыс.

Тапсырысшыдан тауарларды не қызметтерді алу әуелсіздікке қауіп тудыруы мүмкін. Тауарлар мен  қызметтер аудитормен немесе оның жақын туыстарымен тегін я болмаса жеңілдетілген үрде алынбауы тиіс.

Аудитор банктен тапсырыс беруші кепілгер болатын займдарды  не тапсыры берушіден ссуданы  алмауы керек. Бұл несиелендірудің  қарапайым процедураларын орындау  кезіндегі банктер ссудасына қатысты емес. Тапсырыс берушімен қаржылық қатынас аудитордың тәуелсіздігіне теріс әсерін тигізеді.

Аудиорлық ұйымның жарғылық капиталына аудиторлар иелік етуі керек. жарғылық капиталдың 70 %-дан кем емес бөлігі мен дауыс беру құқығы аудиторларғатиесілі болатын шарттарда аудиторлық компанияның жарғылық капиталына бөгде тұлғалар да иелік ете алады.

Аудитор тәуелсіздігінің  көрсетілген этикалық нормаларынан басқа шетелдік тәжірибе көрсеткендей өзглері де болуы мүмкін. Мәселен, бір аудитор кәсіпорында тексеруді бірнеше жыл бойы (5 – 7 жылдан аса) жүргізе алмайды, осыған орай аудиторлардың ротациясы қарастырылған.

ІІІ ереже. Адалдық және объективтілік.

Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау-жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараттың барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

Жаңа немесе өзгеше операциялар  есебінің мәселері бойынша кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор  бірқатар проблемаларға килігеді. Аудиторлар операцияларының есебін дұрыс жеткізу  ісінде әртүрлі пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы ықтимал операциялардың есебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса, оған таңданудың қажеті жоқ. Осы заманғы қаржы рыногы күрделі әрі қитұрқы қаржы аспаптарын жасау барысында тапқырлық танытады, олардың есебі анық бола бермейді.

Кәсіпорын басшылары аудиторларды «сатып алатын» жағымсыз оқиғалар да болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық есепте ақпаратты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.

ІV ереже. Конфиденциалдық.

Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз  ешқандай мәліметті жария етуге  немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек. Атап айтқанда:

    • клиент талап етсе де, оған бухгалтерлік және бақа да құжаттарды қайтарып беруден бас тарту;
    • кәсіби қызмет барысында нәсілдік, жыныстық, ұлттық белгілері мен ұстанатын діни сенімдеріне қарай кемсітушілікті (дискриминация) жүзеге асыру;
    • тексеру барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стандарттарды және нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттің тілегіне қарсы мемлекеттік стандарттар нормаларды сақтамауы керек. себебі, нағыз шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дәрменсіздік танытуы ықтимал. Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс әдістермен ашуы мүмкін;
    • бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемесінің тіркеліміне жалған жазбаларды енгізуге келісімін бермеуі керек;
    • басқа тұлға туралы ақпаратты тапсырғаны үшін клиенттен комиссиялық алым алу немесе клиенттерді тартқаны үшін басқа біреуге төлеу.

Аудитор әрекет етуші  заңнама бойынша ақпаратты жеке мүддесіне пайдаланғаны үшін, қызметтік ақпаратты рұқсатсыз үшінші тұлғаларға жария еткені үшін жауапкершілікке ие.

Алынған ақпараттың құпипялығы аудитор мен тапсырысшы арасындағы қатынас мәресіне жеткен соң да онымен қатаң түрде сақталып отырады.

Аудитор аудитті жүргізу  барысында соның салдарында кәсіпорын  немесе мемлекет зиян шеккен немесе шегуі  мүмкін Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығын куәландыратын фактілер турады жазбша түрде хабар беруі керек.

V ереже. Бірлеспейтін, дискредитациялаушы әрекеттер

Аудитордың бірлеспейтін әрекеттері Қазақстан Республкасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңымен реттеледі.

Аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторға дәріс беру мен ғылыми қызмет етуден басқа кәсіпкерлік қызмет түрлерімен тікелей айналысуға, сонымен бірге оның мамандығын дискредитациялайтын әрекеттерді етуге тйым салынады, оның ішінде мыналарға:

  • тапсырыс берушіге, ол көрсетілген аудиторлық қызметке әлі ақы төлемесе де, құжатарды қайтарудан бас тартуға;
  • бухгалтерлік есеп берулерге жалған я анық емес жазбалар жасауға;
  • қабылданған аудиторлық нормалар мен стандарттарды сақтамауға;
  • тапсырыс берушілерді алдау, адастыру мен жалған тұжырымдар не әрекеттер жасау арқылы тартуға, өйкені бұл аудиттің тиімділігі мен сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін;
  • аудиторлық қорытыдыларды онда көрсетілген мәселелерді егжей-тегжейіне дейін тексересусіз беруге, және де нақты іске сәйекс келмейтін қорытынды беруге;

VІ ереже. Тапсырыс берушіге сыпайылық пен зейінмен қарау

Аудитор тапсырыс берушімен ашық шырайлы, сыпайы және зейінді қатынаста болуы керек. Аудитордың әрекеті мен сыртқы келбеті іскерлік этикет нормаларына сәйкес келіп, тапсырыс берушіде аудитор қызметіне сыйыластық сезім тудыруы қажет.

Тапсырыс берушімен  сыпайы және аңғарып сөйлеу аудиторлар үшін негізгі ережелердің біріне айналуы тиіс. Сыпайылық пен келісімдер жүргізе білу маңызды болғанымен, тапсырыс беруші негізгі сұрақтар бойынша аудитор позицясында толық анықтылыққа ие болуы керек. Ешқандай аудитор өзінің пікірі мен тұжырымдамасын сыпайылықтан бағыныра қоймайды және де өзінің объективті пікірін әдептіліктен өзгерте қоймайды.

Аудитордың тапсырыс берушіде жұмыс жасай отырып, өзінің артықшылығын жариялауға, өзі мен тапсырыс беруші арасында білім деңгейеріндегі айырмашылықтарды көрсетуге, селқос, зейінсіз және дөрекі болуға жол беруге хақы жоқ. Сыпайылық ережелері кез келген уақытта, егер тіпті тапсырыс беруші дұрыс емес болса да, сақталуы тиіс.

VІІ ереже. Салық қатынастары

Аудиторлар салық салу туралы заңнамалы барлық аспектілерде мүлтіксіз орындауға міндетті, олар өзінің және тапсырыс берушінің салық  салу базасын саналы түрде төмендетпеуі керек не болмаса салық салу заңнамасын өзінің я басқа да тұлғалардың мүддесінде бұзбауы тиіс.

Салық салу бойынша кәсіби қызмет көрсету кезінде аудитор  тапсырыс беруші мүдделерін алға қояды. Бұл жерде ол салық заңнамасын сақтауға міндетті және тапсырысшының  салық төлеуден жалтару және салық  қызметін алдау мақсатымен түрлі фальсификацияларға қосылмауы керек.

Аудитор міндетті аудитті  жүргізу барысында анықталған салық  заңнамасын бұзу фактілері, салықтарды есептеу мен төлеудегі қателер  туралы шаруашылық ету субъектісінің  басшылығына жазбаша түрде хабар  беріп, мүмкін салдарлар туралы және бұзушылықтар мен қателерді түзету жлдары туралы ескертуі тиіс.

Аудитор салық салу саласындағы  нұсқаулар мен кеңестерді тапсырс  берушіге тек жазбаша түрде тапсыруы тиіс. Бұл кезде тапсырыс берушіге аудитор берген нұсқаулар салық органдарымен туындауы мүмкін кез келген мәселелердің алдын алады деген сенімді ұялаудан аулақ болған дұрыс және салық декларациялары мен өзге де салықтық есеп берулерді құру мен оның мазмұны үшін шаруашылық ету субъектісінің өзі тікелей жауапта болатынын де ескеріп қойған дұрыс.

VІІІ ереже. Аудиторлар арасындағы қарым-қатынас

Аудитор жұмыстастарымен  достық, іскерлік қарым-қатынас орнатуға талпынуы тиіс, басқа аудиторлар мен аудиторлық ұйымдасдың қызметін негізсіз сынға алудан аулақ болуы, аудитор мамандығының ролін төмендетуі мүмкін құралдарды апсырысшының тартуына жол бермеуі тиіс.

Аудиторға ұжымдастар мен  қызметкерлермен қарым-қатынаста сыпайылық пен ікерлік ұстану қажет. Тапсырыс берушінің қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды жасаудың жауапкершілігін өзге біреудің мойнына іле салуына хақы жоқ.

Аудитор бірлесіп орындалатын  жұмыс бойынша ұжымдастардың  әрекетіне сыни пікірін объективті, тек олар орын алған барлық жағдайларды анықтағаннан кейін ғана білдіруі тиіс.

Егер тапсырыс берушіге аудитор түрлі себептермен орындай алмайтын қызметтер қажет болатын болса, онда ол (аудитор) тапсырыс беруші келсімімен басқа аудиторды шақыра алады.

Қызмет көрсетуге тартылатын аудиторлар тапсырыс берушілермен басқа  аудиорлардың іскерлік және кәсіби қаситтерін талқылаудан, ұжыдастарға лояльділік танытудан алшақ болғандары жөн.

Қызметкерлер мен аудиторлық ұйымның қарым-қатынастары кәсіби міндетерді орындауға өзара жауапкершілікке, аудиторлық қызметтерді ұйымдастыруды  үнемі жетілдіріп отыруға негізделуі тиіс.

Басқа аудиторлық ұйымға көшкен аудитор бұрынғы ұжымдастарын мақтаудан, өсектеуден, бұрынғы ұйымдағы жұмыс әдістерін талқылаудан аулақ болуы керек.

Аудиорлық ұйым басшылары  үшінші тұлғалармен бұрынғы қызмаеткерлерінің  кәсіби және жеке қасиеттері туралы сөз  қозғаудан аулақ болуы тиіс, әрине де бұ бұрынғы қызмекерлер әрекеттерімен аудитор мамандығы мен аудиторлық ұйы мүдделеріне нұқсан келтірген жағдайларды ескермегенде.

Аудито аудиторлық ұйыммен  еңбек қатынастарын тоқтан уақытта, қолындағы құжаттама мен басқа  да ақпарат көздерін өзінде аудиторлық тексерулермен байланысты көшірмелерін, ескі жазбаларын, жұмыс құжаттарын алып қалмай, толығымен қалдырып кетуі керек.

ІХ ереже. Жарнама

Аудиорлық қызметтердің жарнамасы аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар туралы шынайы, дәйекті ақпараттардан тұруы тиіс.

Аудитор артықшылыққа ие болуы үшін БАҚ-да жарнама арқылы шараларды қабылдау алады. Тапсырыс беруші мен қоғамды объективті түрде хабардар ету керек, ақпарат шынайы, дәйекті болып, онда лицензия реквизиттері көрсетілуі керек.

Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды  адастыруға, өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауы тиіс.

Аудиторлар нәтижелері жалпы қолданыста жарияланатын түрлі салыстыратын зерттеулер мен рейтингтерге қатысудан, немесе олар туралы жағымды ақпараттарды жазатын журналисттердің қызметіне ақы төлеуден аулақ болғаны дұрыс.

Х ереже. Аудиторлық қызметке ақы төлеу

Аудторлық қызметке ақы  төлеу жұмыс көлемі мен орындалу мерзіміне байланысты. Аудиторлар мен тапырыс берушілер арасындағы қатынас көрсетілген қызмет үшін төлем сомасы мен жақтардың жауапкершілігі көрсетілетін келісім шарт негізінде құрылады.

Егер жұмыстың құны белгілі  бір нәижеге қол жеткізуге  байланысты белгіленетін болса, аудиторлық тексеруді жүргізуге аудитор шарттаспауы керек.

Тексеріліп жатқан объектінің қызмет нәтижелеріне материалдық қызығушылық  пайда болған жағдайда, аудитор тексеру  жүргізуден бас тартуы тиіс.

Сәйкес бағамдарды анықтау  – жеке әр аудитордың ісі. Аудитор  еңбегіне ақы аудиторлық қызметтерді орындауға аудитор жұмсаған уақыт пен жұмыс көлемін ескере отырып, тапсырыс беруші үшін орындалған кәсіби сипаттағы қызметтердің құнын білдіруі керек.

Тапсырыс беруші мен  аудитор төлем бойынша келісімдер міндеттемелерді орындамас бұрын ресімделуіне мүдделі болғаны дұрыс, бұл төлем жөніндегі түсініспеушіліктердің алдын алады.

ХІ ереже. Жанжалды шешу

Белгілі бір жағдайлар  аудитор мен тапсырыс беруші, аудиор мен аудиторлық ұйым басшылығы, аудиторлар арасында жанжалдың пайда болуына  әкелуі мүмкін.

Жанжал пайда болған кезде аудитор мыналарды әрекет еткені дұрыс:

      • жанжал мәселесін тікелей басшымен талдау.

Егер мәселе шешілмесе, онда аудитор Қаржы министрлігіне  жолыға алады, ал қажет уақытта –  сот жүзінде де.

ХІІ ереже. Берілген Кодекстің  халықаралық нормаларға мәйкес келуі

Берілген Кодекспен анықталатын кәсіби әрекет етудің нормалары Бухгалтерлердің халықаралық федерациясымен (ІРА) жасақталған халықаралық этикалық нормаларға және ТМД елдерінің бухгалтерлік есеп әдістемесі бойынша Координациялаушы кеңестің аудит жөніндегі жұмысшы тобымен жасақталған Аудиторлардың кәсіби этикасы кодексі жобасына негізделеді.

 

2.3 Қазақстандық аудит  этикасының кодексі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттілік берілген лицензия беруші мемлекеттік орган қоғамдық аудиторлар ұйымымен бірлесіп осы кәсіп түрі бойынша лицензия алған тұлғаның аудиторлық қызметін реттейді. Лицензия беруші аудиторлық қызметтерді бақылап, аудиторлар мен аудиттенетін субъектілердің қатынасын қарастырып, лицензия ұстаушыға ескерту жасауына болады, тіпті болмаған жағдайда лицензияның іс-әрекетін тоқтатады. Бұл - өте қатаң жаза, өйткені лицензиясынан айырылған тұлға аудиторлық біліктіліктен және аудиторлық есептілігіне қол қою құқығынан қоса айырылады.

Информация о работе Аудиторлық қызметтің этикасы