Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 17:38, реферат
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік кұн есебі ғана қолданылды.
Кәсіпорынның шаруашылық тетігі бөлімшелердегі және олардың ішіндегі оралымды басқару қажеттіліктеріне бейімделуге тиісті.
Алғашкы мәліметтерді жинау, өндеу және тарату процесінде сабақтастық пен көп қолданыс принциптерін сақтау есеп жүйесін қарапайымдандырады және оны тиімді етеді, аз шамадағы мәліметтерден басқару шешімдеріне арналған ақпараттың ең көп қажетті санын (аз шығын - бухгалтер-талдаушының алдына қойылған мақсатты шешуде атқаратын зор маңызы) алуға мүмкіндік береді
Басқару есебі алғашқы бастапкы есеп мәліметтері бойынша ішкі есеп берудің көрсеткіштерін соншалықты қалыптастыру мүмкіндіктерін ие болғандықтан, олар кәсіпорын іиііндегі қатынас жүйесіне айналады.
1.4 Басқару есебінің пәні
Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде каржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақты басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдальшығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептің
ақпаратты өзгерту қажеттілігін
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорыннын шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:
Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы - шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизиестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтын бөлімшесі үшін анықталады.
Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежесіне байланысты кәсіпорының ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырылған немесе ортлықтандырылмаған болып сипатталуы мүмкін.
Орталықтанған ұйымдар функционалді принциптер бойынша (әкімшілік, қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с.) құрылған және олардың басқару есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын мәнісінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.
Орталықтапдырылмаған құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттері бар, кәсіпорын әкімшілігінің алдынала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай алады.
Дегенмен орталықтандырылмаған жүйенің табысты жұмыс істеуі тым болмағанда, екі шартты сақтағанда болуы мүмкін:
- жоғары мамандандырылған басқару кұрамының бар болуы;
- тұтастай ұйымның және оның жеке кұрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен мүдделерінің үндесуі.
Таңдалған ұйымдастырулық құрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте жоғары басшылықта болады.
1.5 Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Бұрын атап көрсетілгендей, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өз бетінше жоспарлар, өндірістік бағдарламалар жасайды, өндіріс пен өнімді өткізу, баға саясаты саласында стратегияны белгілейді. Көрсетілген және ұқсас міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ басшы тиімді басқару шешімдерді қабылдауы үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ең анық жедел ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік басқару есебі жүйесі ұсынады, және де олардың міндеттері күрделенеді.
Күнделікті жұмыс процесінде ұйымда қаржылық және басқару есебінде көрсетілетін қорытынды ақпарат үшін негізгі материалдар болып қызмет ететін оперативті ақпараттың біразы пайда болады. Менеджерлер үшін кез келген ақпарат ол есеп объектісі болу-болмауына, сандық бағалауға келу-келмейтіндігіне қарамастан, маңызды. Ірі тапсырыс берушіні ұйымның өнім сапасына көңілі толмайды және ол басқа жабдықтаушыны іздеуге әзір деген қауесет есегі пен бақылаудың объектісі болмаса да, сандық бағалауға келмесе де бұл өте маңызды ақпарат. Басқару есебіне қажетті, ақпараттың басқа типті ақпараттан, оның ішінде, қаржылық есепте пайдаланылатын ақпараттан негізгі айырмашылығын анықтау қажет.
Басшылық пайдалануы үшін жасалған және дайындалған бухгалтерлік басқару ақпаратына сыртқы пайдаланушыларға арналтан ақпаратқа қарағанда, басқаша талаптар қойылады. Басқару есебінде сандық емес ақпаратта (қауесет, әлеуметтік пікір-сұрау және т.с.с. нәтижелері) есептік және есептік емес болып бөлінетін сандықта да қолданылуы мүмкін. Есептік ақпараттың құжаттық негізділік принципі басқару есебінде ескерілмеуі мүмкін, сондықтан нақты және болжамдық бағалар да қолданылады.
Шұғыл басқару шешімдерін қабылдау үшін зерттеу объектісі туралы толық немесе толық емес ақпаратты қолдануға болады. Сонымен бірге кейбір жағдайларда тез өңделетін, толық емес ақпарат та жеткілікті болады. Бұдан басқа, жедел басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткілікті болатын жуық ақпарат та қолданылуына болады және мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде де, оның сыртында да пайда болатын ақпарат көлемін едәуір ұлғайтуды ұйымнан талап етеді.
Шығарылатын өнімге сұраныс,
белгілі бір жагдайлар мен тала
1.6 Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Басқару есебі қаржылык бухгалтерлік есептің жалғасы болып, онымен тығыз өзара байланыстары және белгілі бір айырмашылықтары бар. Есептің екі түрі де біртұтас бухгалтерлік есептің өзара тәуелді және өзара шарттасқан бөліктері болып табылады.
Есептің екі түрін біріктіретін ең маңызды белгі - олардың ақпараты шешім қабылдау үшін қажет екендігін атап айтқан жөн. Сонымен, қаржылық есептің мәліметтері инвесторларға кәсіпорынның даму келешегін бағалауда жәрдемдеседі. Басқару есебінің мәліметтері баға белгілеу, шығындарды азайту және т.б. мәселелерді шешуге қолданылады.
Сонымен қатар қаржылық есеп пен басқару есебі арасында негізгі айырмашылықтар бар. Олардың ең маңыздыларын қарастырайық.
1. Есептің мақсаты
Қаржылық есептің мақсаты - ақпаратты сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есеп беруді жасау.
Басқару есебінің мақсаты - ағымдағы өндірістік-шаруашылық қызметті басқару мен бақылау, жоспарлауға арналған ақпаратты жинау және өндеуді шұғыл қамтамысыз ету.
2. Ақпарат көздері
Қаржылық есеп үшін - ұйымның қаржылық акпарат жинақтайтын есептік жүйесі, сонымен қатар салық салу жүйесінің элементтері.
Басқару есебі үшін – кәсіпорынның
есеп жүйесінің мәліметтерінен басқалары,
материалдық ресурстар
Есеп қорытындыларын пайдаланушылар.
Қаржылық есеп - ең бастысы, сыртқы пайдаланушылар.
Есеп жүргізу тәсілдері
Қаржылық есеп - шоттар мен екі жақты жазу, кұжаттама мен түгендеу негізгі элементтер болып қызмет етеді.
Есептің екі түрін біріктіретін ең маңызды белгі - олардың ақпараты шешім қабылдау үшы қажет екендігін атап айтқан жөн. Сонымен, қаржылық есептің мәліметтері инвесторларға кәсіпорынның даму келешегін бағалауда жәрдемдеседі. Басқару есебінің мәліметтері баға белгілеу, шығындарды азайту және т.б.
Басқару есебі бұл әдістерді қолданады, бірақ үнемі емес. Ақпарат жазу міндетті түрде қосарлы жүйе бойынша жүргізілмейді, яғни кез келген пайдалы жүйе қолданылады.
5. Есеп жүргізу тәсілдерін еркін тандау
Қаржылық есеп қаржылық ақпараттың жазылуын, бағалауын және берілуін реттейтік бухгалтерлік есепті жүргізудің жалпыға бірдей принциптерімен есептелген, яғни ол белгілі бір дәрежеде орталықтандырылған. Көпшілікке арналған қаржылық есептілік міндетті аудиторлық тексеруге жатады.
Басқару есебі басқарушылардың мақсаттары мен міндеттеріне орай ұйымдастырылады мемлекет ешқандай реттемейді, ең тиімді басқару шешімдерін қабылдауға байланысты табыстармен салыстыруға болатын қүннан басқа ешқандай шектер жоқ, кәсіпорын мүддесіне қызмет етеді, оның қаржылық есептен артықшылығы да осында. Басқару есебі көбіне қисынға (логикаға) және тәжірибеге немесе жалпы қолайлылығына негізделген. Бұл орайда басқару есебінің орталықтандырылмауы туралы да айтуға болады.
6. Есеп ақпаратын ұсыну түрлері
Қаржылық ақпарат ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне қарамастан, барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай, ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік салық қызметі және басқа орталық ведомостволар бекіткен формалар бойынша салық инспекциясы органдарына ұсынылады.
Басқару есебінің қорытындылары еркін формада ұсынылады; міндетті формалар, бланктер жоқ. Оның үстіне, басқару есебін жүргізу немесе жүргізбеуді ұйымның өз басшысы шешеді.
7. Есеп ақпаратының өлшеуіштері
Шаруашылык процестерін жинақтап қорыту үшін қаржылық есепте ақшалай бірліктер қолданылады.
Басқару есебі жөніндегі мамандар жұмыстарында өлшеуіштердің барлық түрлерін: заттық, еңбек, ақшалай, яғни келгенін пайдаланады.
8. Ақпараттың ашық көрсетілу дәрежесі
Қаржылық есепте - коммерциялық құпия емес, ашық деп саналады, кейбір жағдайларда тәуелсіз аудиторлар растайды.
Басқару есебінде коммерциялық құпия болып табылады, жариялауға болмайды және кұпия сипатта.
9. Шығындарды топтастыру
Қаржылық есепте шығындар өндіріске шығатын шығыстардың біртекті түрі деп түсінілетін экономикалық элементтері бойынша топтастырылады. Элементтер бойынша шығындарды, топтастыру мынадай сұраққа жауап береді: есептік кезеңде өндірісте не жұмсалады? Қаржылық есепті жүргізу мақсатымен экономикалық элементтердің мынадай тізбесі белгіленген: