Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 10:16, доклад
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бугхалтерлік есеп пәні боп саналады. Бугхалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақыты есепке алынып, бақылау жасау.
ЖШС «Жардем» 1999 жылы құрылды,басшысы Айтжанова Злиха Альмухамбет қызы. Негізгі қызмет атқаруы «Ветеринария саласы» ауыл шаруашылық мал шаруашылығында жұмыс атқарады. Жұмыс орнында бірнеше адам жұмыс атқарады мысалы ; Бас ветеринар, бас бугхалтер, юрист, хатшы, колік жүргізуші.
2-бөлім.Меншік капиталының есебі
Қазакстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге болінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «.негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.
Негізігі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының қүнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
бөлінбеген пайда.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлімінің:
«Жәй акциялар»;
«Артықшылығы бар акциялар»;
«Салымдар мен жарналар»
деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден ету үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
2.1. Қалыптасу тәртібін
зерттеу ,негізгі капиталдың өзгеруі.
1 Меншікті капитал және қаржылық нәтижелер есебі
1.1 Меншікті капитал
Меншікті капитал – корпорация капиталының меншікті қаржыландыру көзінің есебінен қалыптастырылған бөлігі.
Корпорацияның қаржы әлеуетінің негізін меншікті капитал құрайды. Меншікті капиталға мына элементтер кіреді:
Жарғылық капитал
Жай акция
Артықшылықты акция
Жарғылық капиталға салынатын салым мен жарна.
Алынатын капитал (акционрелік қоғам меншік иелерінен кейін жою немесе қайта сату үшін сатып алған меншікті акция (үлес)).
Үстеме капитал:
Акционерлік қоғамның эмиссиялық кірісі (орналастырылған акцияның атаулы құнынан тыс алынған сомадан акцияны сатуға жұмсалған шығыс шегерілген сома) (қосымша төленген капитал):;
Айналымнан тыс активті қосымша бағалаудан түсетін сома (қосымша төленбеген капитал);
Негізгі құрал жабдықты қайта бағалаудан;
Инвестицияны қайта бағалаудан;
Өзге активті қайта бағалаудан;
Басқа ұйымнан тегін алынған мүлік;
Мақсатты қаржыландыру қаражатының инвестициялық ресурс нысанындағы түсімі және басқа да түсім.
Резервтегі капитал.
Бөлінбеген кіріс (орны толтырылмаған залал):
Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (орны толтырылмаған залал);
Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (толтырылмаған залал).
Меншікті капитал айналымнан тыс активтің орны толтырылатын және қоғамның меншікті айналым қаражаты пайда болатын көз ретінде пайдаланылады. Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның жыл бойы тұрақты төлем қабілетін қолдау үшін қажет. Актив пен Пассив балансы (баланс парағы бойынша бюджет) бойынша алдағы кезеңнің (тоқсанның, жылдың) соңында меншікті айналым қаражатының жоспарлы мөлшері анқыталады, яғни акционерлік қоғамның келешектегі төлем қабілеттіліг, сондай-ақ осы қаражаттың өсімнің мөлшері болжанады.
Меншікті қаражаттың құрылымы оның жалпы мөлшеріндегі әрбір баптың, өзіндік салмағын сипаттайды. Меншікті капиталдың құрылымына ішкі де, сондай-ақ сыртқы да факторлар ықпал етеді. Корпорация басшылығы ішкі факторларды (менеджменттің, маркетингтің жай-күйі, қаржының тұрақтылығы) бақылайды.
Меншікті капитал қалыптастыру саясаты
Меншікті капитал қалыптастыру корпорацияның жалпы қаржы стратегиясының өндірістік-коммерциялық қызметін ақшалай ресурспен қамтамасыз ететін бөлігі болып таблады. Меншікті капитал:
Меншікті капитал есебінен айналымнан тыс активтің қажетті мөлшерін (негізгі меншікті капитал) құру;
Меншікті капитал есебінен айналым активінің (меншікті айналым капиталының) белгіленген үлесін құру мақсатында қалыптастырылады.
Меншікті капиталды басқару оныңжинақталған бөлігін ұтымды пайдаланумен ғана емес, сонымен бірге корпорацияның келешекте дамуын қамтамасыз ететін қаржы ресурсының меншік көзін құрумен де байланысты. Меншікті капиталды басқару процесінде оны қалыптастыратын көз ішкі және сыртқы көзге бөлінеді. Ішкі көздің құрамына:
Бөлінбеген кіріс;
Меншікті капиталға негізгі құрал-жабдықты қайта бағалау (қосымша бағалау) нәтижесінде қосылатын қаражат;
Өзге де ішкі көз (резервтегі қор) кіреді.
Амортизациялық аударымда меншікті ақша ресурсын қалыптастыратын ішкі көз болып табылады., алайда ол меншікті капиталдың мөлшерін ұлғайтпайды, тек оны қайта инвестициялау тәсілі ретінде қарастырылады.
Сыртқы қаражат көзіне:
Қосымша үлестік капиталды жұмылдыру (құрылтайшылардың қаражатын жарғылық немесе қойма капиталына салу арқылы);
Қосымша акционерлік капиталды тарту (қайталама эмиссия және акция сату арқылы);
Меншікті капиталдың жекелеген элементтерін бағалау
Меншікті капиталдың құнын элементке бөліп бағалау корпорация қаржысының тұрақтылығын капитал тартудың ең арзан көзін таңдау негізінде нығайтуға ықпал етеді.
Үлестiк қаржыландырудың сыртқы көзiмен салыстырғанда пайда корпорацияның iшкi көзi болып табылады. Алғашқыда бұл қаржы нарығымен байланысты емес тегiн көз деген ой туындайды. Бөлiнбеген пайда (сальм салудан және дивиденд төлеуден қалған) компания акционерлерiне тиесiлi болады. Акционерлер (менеджерлердiң катысуымен) ақшалай қаражатты өндiрiске салуды немесе оны дивиденд төлеуге жұмсау мәселесiн шешедi. Сондыкқтан акционерлер бөлiнбеген пайданы салым ретiнде салған жағдайда оның қосымша кiрiс (пайда) келетiн капитал ретiнде қарастыру қажет. Сол себептен бөлiнбеген капиталдың құны кәдуiлгi акция орналастырудан алынған капиталдың бағасымен тең болады. Корпорация жаңа акция орналастырумен байланысты қосымша шығым жұмсауға мәжбүр болады. Акция эмиссиясы есебiнен тартылған меншiктi капиталдың құнын басқару процесi эмитентке қиыншылық тудырады және жоғары тәуекелге ұрындырады. Сондықтан корпорацияның меншiктi капиталының бағасын (құнын) басқару үшiн эмиссиялық және дивидендтiк саясат әзiрлеп, оны iске асыру қажет.
Жарғылық капиталдың есебі
Ұйымның жарғылық капиталы қызметті бастауды
қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған
ұйымның жасаған қаражаттарының сомасы
болып саналады.
Өндіріс шығындарының
есебі
Ұйымдар — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан
(негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және
эксперименттік) түратын күрделі механизм.
Ұйымның жекелеген өндірістік буындары
бойынша жоспарлау және шығындарды есепке
алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын
қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі
жэне қосымша өндірістер болып екіге белінеді.
Негізгі ондіріске кәсіпорын шығаратын
өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және
зауыт ішінде тұтынуға (желілік, үсталық,
престеу — машина жасау зауыттарында)
арналған шалафабрикаттарды дайындайтын
ондірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің енімін
әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім ондіруге,
қызмет корсетуге, жұмыс жасауға тікелей
ықпал етеді (жөндеу-механикалық және
аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен
жабдықтау және т.б.).
Өндірістік есепті дұрыс үйымдастырдың
кез-келген ұйым үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін үйымдастыру
көбіне өндірістің тұрпатына (типіне)
байланысты болады. Өндіріс жеке-дара,
сериялық және жаппай өндіріс болып үш
топка (тұрпатқа) болінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс — өнім жекелеген
даналарымен немесе қайталанып отыратын
шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс.
Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды
есепке алу үшін және өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық
әдіс қолданылады, бүл орайда шығындар
әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке
алынады.
Қызмет көрсететін
цех жүмысшыларының еңбек ақысы тікелей
еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме
шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық
шығындардан тікелей шығындарды (тікелей
материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының
еңбекақысы) шегеріп тастағаннан шығады.
Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына:
амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру
жарнасы, түрғын-үй қызметі, жарықтандыру
және басқа да себептердің салдарынан
өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары
т.б. жатады.
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі
кезеңге белуге болады:
- өндіріс түрлері бойынша "транзиттік"
шоттарда ұйымның есепті кезеңнің барысында
тікелей шығыстар туралы ақпараттарға
шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері
бойынша).
- "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша
ұйымның үстеме шығыстары жинақталып,
олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар
беріледі;
- үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл
бойынша негізгі, көмекші өндірістерге
таратады;
- "Транзиттік" шоттардағы жинақталған
шығыстарды дайын өнім шотына есептен
шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік
құны калыптасады, сондай-ақ аяқталмаған
өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі
саласына жатқызылады.
Негізгі өндіріс шыгындарынын есебі.
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі
ондіріс" болімшесінің шоттары қолданылады,
олар түрлі мақсаттарға арналған.
2.2 Негізгі құралдау мен материалдық емес активтердің есебі
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады. Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытка — жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады. Өндірістік бағыты бойынша — жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.
Келесі топтарға бөлінеді:
а) ғимарат және құрылыс;
ә) компьютерлер;
б) көлік құралдары;
в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;
г) басқа да негізгі құралдар.
«Негізгі құралдар» бухгалтерлік есептің Халықаралық стандартына сәйкес (БЕХС) актив ретінде негізгі құралдар объектісін тануға болады егер төмендегі шарттар орындалса:
− берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса;
− активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде мүмкін.
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есептегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі құралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:
• бастапқы;
• ағымдағы;
• баланстық;
• өтімділік.
Негізгі құралдарды алу-Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі құралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рұқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың құнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды. Банк (бөлімшелер) фронт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нұсқауларымен қатар, негізгі құралдарды кірістеудің нұсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді: