Бөлім Кәсіпорын қызметімен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 10:16, доклад

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бугхалтерлік есеп пәні боп саналады. Бугхалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақыты есепке алынып, бақылау жасау.
ЖШС «Жардем» 1999 жылы құрылды,басшысы Айтжанова Злиха Альмухамбет қызы. Негізгі қызмет атқаруы «Ветеринария саласы» ауыл шаруашылық мал шаруашылығында жұмыс атқарады. Жұмыс орнында бірнеше адам жұмыс атқарады мысалы ; Бас ветеринар, бас бугхалтер, юрист, хатшы, колік жүргізуші.

Вложенные файлы: 1 файл

ҚҰНДЫЗ ОСЫНЫ.docx

— 110.98 Кб (Скачать файл)

   Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен

мақсаты.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық қүндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге эртүрлі төлемдерді түлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

1)   ҚР   Әділет   министрлігінде   тіркеуден   өткен   заңды   тұлғаларға   есеп айырысу шоттарын;

2) Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) Бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

4) Республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;

5)     Ұлттық     банк     мекемелеріндегі     екінші     деңгейдегі     банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Есеп айырысу шоты операцияларының есебі.

Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма — қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма — қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім — шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім — шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып блінеді.

Корреспонденттік шоттар — (банктер мен ұйымдардың) банктік операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:

1)  шотты ашу жүніндегі өтініш;

2)  қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгісі бар карточка;

3)  субъектінің    салықтық    есепке    қойылу    фактісін    растайтын    салық органының анықтамасы;

4)  мемлекеттік тіркеу туралы кәэліктің көшірмесі;

5) жарғы мең құрылтай шартының күшірмесі (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса).

Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болыи табылады. Ол үзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:

1. Қолма-.қол ақшаларды;кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мэлімдемесі ресімделеді. Қолма — қол ақша салымының мэлімдемесі түскен түсімді, депоненттелген еңбек ақыны және қолма — қол ақшадағы басқа да сомаларды өз шотына қабылдау туралы шот иесінің банкке деген бұйрығы. Мәлімдемені сиямен бір данада  толтырады;   қабылданған   ақшаға  банк   квинтация   береді,   ол шығыс касса ордеріне тіркеледі.

2.   Әртүрлі   мақсаттар   үшін   кассаға   алынғанда-чек   ресімделеді.    Чек ресімделуі   — чек берушінің чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнің жүзеге асуын білдіреді.1[1]

3.  Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма — қызмет көрсететін банкке өз ақшасын тапсырмада күрсетілген сомада бенефициар пайдасына аудару жөнінде төлеушінің тапсырмасы.

4.   Субъект     босатылған     өнімдердің,      орындалған     жұмыстар     мен қызметтердің қүнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда — төлем    талап    тапсырмасы    жасалады.    Төлем    талап — тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін дәлелдеуші құжаттар негізінде ақша аударушыға төлем ақыны жүргізу туралы талабы.

5.  Шаруашылық істері жүніндегі комиссияның бұйрығы, сот органдарының атқарушы   қағаздары   есеп   айырысу   шотынан   қаражаттар   есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк түлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Төлем тапсырмалары арқылы есеп айырысулар.

Төлем тапсырмалар тауарлы материалдық қүлдылықтар, орындалған жұмыстар және күрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу кезінде және тауарлар мен қызметтердің алдын ала төлемін, келісім шартта немесе заңмен қарастырылған аванстық төлем жағдайжірында қолданылады.

Түлеуші белгіленген нысан бланкілерінде тапсырманы банкке үсынады. Тапсырмадан басқа банк талабы бойынша түлеуші келісім-шарттарды, шот фактураларды, төлемнің мақсаттылығын дэлелдейтін басқа да құжаттарды күрсетуі тиіс. Төлем тапсырмалар онда күрсетілген күннен бастап 10 күн ішінде банк-алушымен қабылданады. Олар түлеушінің шотында қажетті қаражаттар болған жағдайда ғана іске асады. Төлем құжаттары электронды да, қағаз бетінде де болуы мүмкін. Негізінен төлем тапсырмалар екі данада болу толтырылады: біріншісі — банкте қалады, екіншісі — ақша түлеушіге қабылданғаны жүнінде банктің мүр таңбасымен қайтарылады.

Төлем тапсырманы толтырған кезде келесі реквизиттері күрсетіледі:

-    төлем тапсырма номері;

-    төлем тапсырма күні;

-    жеке идентификациялық код (ИИК) — аударушы мен бенефициардың банктік шотының номері;

-    ақша аударушы коды (КОд) және бенефициар коды (Кбе) — ол екі символдан тұрады, біріншісі — резиденттік белгісі, екіншісі экономика секторы;

-    бенефициар — ақша қаражаттарды алушы;

ақша аудару жүнінде клиенттен тапсырма алатын банк аударушының атауы

-    банк бенефициар — ақша қаражаттарды келісім-шарт негізінде қабылдаушы банк;

-    аударушының банктік идентификациялық коды (БИК)9

-    филиалдар арасындағы айналымдар коды (МФО)

-    төлем мақсатының коды — ҚРҮБ нормативті — құқықтық актілерімен белгіленген үш символдан тұратын, жүзеге асатын төлемдердің кодтык белгісі;

-    бюджеттік сыныптау коды — салықтардың (төлемдердің) қайтарылуы жүзеге асатын коды;

-    валюталау күні — бенефициар банктік шотына ақша қаражаттардың кіріске алыну күні, оны төлемді жүргізуші субъект белгілейді.

Төлем құжатында еш бір түзетулерге жол берілмейді. Егер олар болатын болса, онда банк бүл тапсырманы орындаудан бас тартып, үш күн ішінде құжатты клиентке қайтарады.

Касса операцияларының есебі.

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мүрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс.  Бұл  сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мүрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мүр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқүрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бүйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы керек.

     Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол үкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері (ІПКО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның түл құжатын немесе үзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді.

       Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс.  Бұл  құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кэсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жэрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады.  Бұл  ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кэсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті.  Бұл  операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «төленді» жазуымен өтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.

Касалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген және мөрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен расталған болу керек. Кітаптың соңғы бетінде келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта барлығы … парақ номерленген». Және басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кірістелген немесе шығысталған сомалар касса кітабына жазылуы тиіс. Жүмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады.  Бұл  деректерге үзгеріс енгізуге, үшіруге, түзетуге жол берілмейді. Касса кітабындағы жазулар күшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Кассалық кітаптың әр бір беті екі бірдей бүліктен тұрады: біреуін (горизонталды сызығымен) кассир толтырады (бірінші дана ретінде ол кітапта қалады); екіншісін (горизонталды сызықсыз) беттік және теріс жағына күшірме қағазы арқылы толтырады (ол парақтың жыртпалы бүлігі). Кассалық операциялардың жазбалары парақтың жыртылмайтын бөлігінде («жұмыс күнінің басындағы қалдық» жолынан кейін) беттік жағына жазылады. Парақты алдын ала бөлу сызығы бойынша бүктейді, сонда жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігінің астында болу керек. Жазбаларды парақтың жыртпалы емес бөлігінің келесі теріс жағына жалғастыру үшін жыртпалы бөлігін беттік жағына қарай қайта бүктеп, горизонталды сызықтар бойымен жаза береді. Есеп беру бланкілері күннің соңғы операциясына дейін жыртылмайды.

Информация о работе Бөлім Кәсіпорын қызметімен танысу