Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 21:56, доклад

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Вложенные файлы: 1 файл

Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары.docx

— 45.18 Кб (Скачать файл)

 

5. «Ұзақ мерзімді активтер» 2 бөлімінің шоттары

 

15. «Ұзақ мерзімді  активтер» 2 бөлімінің шоттары,  ұйымның ұзақ мерзімді ретінде  топтастырылатын активтерін есепке  алуға арналған.

«Ұзақ мерзімді активтер» 2 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

2000 – «Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар»;

2100 – «Ұзақ  мерзімді дебиторлық берешек»;

2200 – «Үлестік  қатысу әдісімен есепке алынатын  инвестициялар»;

2300 – «Инвестициялық  жылжымайтын мүлік»;

2400 – «Негізгі  құралдар»;

2500 – «Биологиялық  активтер»;

2600 – «Барлау  және бағалау активтері»;

2700 – «Материалдық  емес активтер»;

2800 – «Кейінге  қалдырылған салықтық активтер»;

2900 – «Өзге  ұзақ мерзімді активтер».

16. 2000 «Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестициялар» кіші  бөлімі үлестік қатысу әдісімен  есепке алынатын инвестицияларды,  ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті  қоспағанда ұзақ мерзімді активтерді  қаржылық инвестициялар есепке  алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2010 – «Ұзақ  мерзімді берілген қарыздар»,  онда ұйым бір жылдан асатын  мерзімге берген қарыздар есепке  алынады;

2020 – «Өтеуге  дейін ұсталатын ұзақ мерзімді  инвестициялар», онда ұйым берген  қарыздар мен дебиторлық берешекті  қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі  жеткенге дейін иелік етуге  берік ниетті және қабілетті,  бекітілген немесе анықталатын  төлемдері және тіркелген өтеу  мерзімі бар қаржы активтері  есепке алынады;

2030 – «Сатуға  арналған қолда бар ұзақ мерзімді  қаржылық инвестициялар», онда мынадай  санаттарға кірмеген қаржы активтері  есепке алынады:

ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек,

өтеуге дейін  ұсталатын инвестициялар;

2040 – «Өзге  ұзақ мерзімді қаржылық активтер»,  онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген  ұзақ мерзімді қаржы активтері  есепке алынады, мысалы өзіндік  құны бойынша есепке алынатын  еншілес ұйымдарға берілетін  инвестициялар, үйлесімді шоғырланым  әдісімен есепке алынатын бірлесіп  бақыланатын ұйымдарға берілетін  инвестициялар.

17. 2100 «Ұзақ мерзімді  дебиторлық берешек» кіші бөлімі  ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті  есепке алуға арналған.Осы кіші  бөлім мынадай шоттардың топтарын  қамтиды:

2110 – «Сатып  алушылар мен тапсырысшылардың  ұзақ мерзімді берешегі», онда  сатылған активтер мен бір  жылдан асатын мерзімде көрсетілген  қызметтер үшін сатып алушылармен  және тапсырысшылармен есеп айырысу  бойынша операциялар көрсетіледі;

2120 – «Еншілес  ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық  берешегі», онда сатылған активтер  мен бір жылдан асатын мерзімде  көрсетілген қызметтер үшін еншілес  ұйымдармен есеп айырысу бойынша  операциялар және еншілес ұйымдардың  өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық  берешектері көрсетіледі;

2130 – «Қауымдастырылған  және бірлескен ұйымдардың ұзақ  мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда сатылған активтер мен  бір жылдан асатын мерзімде  көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған  және бірлескен ұйымдармен есеп  айырысу бойынша операциялар  және бірлескен ұйымдардың өзге  де ұзақ мерзімді дебиторлық  берешектері көрсетіледі;

2140 – «Филиалдар  мен құрылымдық бөлімшелердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда филиалдар мен құрылымдық  бөлімшелердің ұзақ мерзімді  дебиторлық берешегі есепке алынады;

2150 – «Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда қызметкерлерге берілген  ұзақ мерзімді қарыздар бойынша  қызметкерлердің дебиторлық берешегінің  қозғалысымен байланысты операциялар,  сондай-ақ қызметкердің ұйымға  бір жылдан асатын мерзімде  келтірген материалдық зиянды (кемшін  шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу  көрсетіледі;

2160 – «Жалдау  бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық  берешек», онда алдағы кезеңдер  үшін операциялық және қаржылық  жалдау бойынша жалдау төлемдерін  жүзеге асыру жөніндегі шығыстар  және жалдау бойынша өзге де  ұзақ мерзімді дебиторлық берешек  есепке алынады;

2170 – «Алуға  арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», онда қаржылық жалдау, берілген  қарыздар, сатып алынған қаржылық  инвестициялар, сенімгерлік басқару  бойынша есептелген сыйақылар  бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық  берешектің қозғалысымен байланысты  операциялар және өзге де алуға  арналған ұзақ мерзімді сыйақылар  көрсетіледі;

2180 – «Өзге  ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген  өзге ұзақ мерзімді дебиторлық  берешек бойынша операциялар  көрсетіледі, мысалы сақтандыру  ұйымдарына сақтандыру төлемдерін  жүзеге асыру бойынша алынған  вексельдер бойынша берешек.

18. 2200 «Үлестік  қатысу әдісімен есепке алынатын  инвестициялар» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды есепке алуға арналған.

2210 – «Үлестік  қатысу әдісімен есепке алынатын  инвестициялар», онда үлестік қатысу  әдісімен есепке алынатын қауымдастырылған  және тәуелді ұйымдарға берілетін  инвестициялар бойынша операциялар  көрсетіледі.

19. 2300 «Жылжымайтын  мүлікке инвестициялар» кіші  бөлімі инвестициялық жылжымайтын  мүлікті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2320 – «Жылжымайтын  мүлікке инвестициялардың амортизациясы», онда инвестициялық жылжымайтын мүлік амортизациясының сомасы шоғырландырылады.

2330 – «Жылжымайтын  мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан  шығын» - онда егер ұйым инвестициялық  жылжымайтын мүлікті бастапқы  танығаннан кейін жылжымайтын  мүліктің барлық объектілері  іс жүзіндегі шығындардан жинақталған  амортизацияны және құнсызданған  активтердің жинақталған шығындарын  қоспай өлшенетін іс жүзіндегі  шығындар бойынша есепке алудың  моделін таңдаған жағдайда құнсызданудан  болған сома  шоғырландырылады.

20. 2400 «Негізгі  құралдар» кіші бөлімі негізгі  құралдарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2410 – «Негізгі  құралдар»;

2420 – «Негізгі  құралдардың амортизациясы»;

2430 – «Негізгі  құралдардың құнсыздануынан болатын  шығындар».

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді  беру үшін, басқа тұлғаларға жалға  беру немесе әкімшілік мақсаттар  үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.

Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі  құралдардың түрі – бұл ұйымның  қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары  мыналар болып табылады:

жер;

жер және ғимараттар;

машина жабдығы;

кемелер;

ұшақтар;

автокөліктік  құралдары;

жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы  мүлік;

кеңсе жабдығы.

Негізгі құралдардың  түрлері бойынша бөлшеутеуге  байланысты синтетикалық шоттар ашылады.

Актив ретінде  бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын  мүлік барлық жинақталған амортизацияны  және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны  және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс  құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Негізгі құралдардың  амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған.

Негізгі құралдардың  құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың  құнсыздануынан болатын шығындар»  шоттар тобына арналған.

21. 2500 «Биологиялық  активтер» кіші бөлімі ауыл  шаруашылық қызметімен байланысты  биологиялық активтерді есепке  алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2510 – «Өсімдіктер»;

2520 – «Жануарлар».

22. 2600 «Барлау  және бағалау активтері» кіші  бөлімі минералдық ресурстарды  барлау мен бағалауға дейінгі  қызмет барысында, сондай-ақ минералдық  ресурстарды өндірудің техникалық  жағынан жүзеге асушылығы және  коммерциялық орындылығы айқын  болғаннан кейін шеккен шығыстарды  қоспағанда минералдық ресурстарды  барлау мен бағалауға арналған  шығыстарды есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2610 – «Барлау  және бағалау активтері», онда  шығыстарды барлау және бағалау  активтері ретінде танумен байланысты  операциялар көрсетіледі.

2620 – «Барлау  және бағалау активтерінің амортизациясы», онда барлау және бағалау активтері  амортизациясының сомасы шоғырландырылады.

2630 – «Барлау  және бағалау активтерінің құнсыздануынан  болатын шығындар», онда барлау  және бағалау активтерінің құнсыздануынан  болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.

23. 2700 «Материалдық  емес активтер» кіші бөлімі  материалдық емес активтерді  есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2710 – «Гудвилл»,  онда гудвиллдің болуымен және  қозғалысымен байланысты операциялар  көрсетіледі;

2720 – «Гудвиллдің  құнсыздануы», онда құнсызданудан  болуы мүмкін залалдар тұрғысынан  жүйелі жүргізілетін тестілеу  қорытындылары бойынша гудвиллдің  құнсыздануын көрсету жөніндегі  операциялар ескеріледі;

2730 – «Өзге  материалдық емес активтер», онда  сипаты және ұйымның қызметінде  қолданылу жағынан ұқсас активтер  тобы есепке алынады, мысалы:

тауарлық белгілер;

титулдық және баспа құқықтары;

компьютерлік  бағдарламалық қамсыздандыру;

лицензиялар мен  франшизалар;

өнеркәсіптік  меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;

рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік  үлгілер; және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.

2740 – «Өзге  материалдық емес активтердің  амортизациясы», онда материалдық  емес активтердің амортизациясы сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;

2750 – «Өзге  материалдық емес активтердің  құнсыздануынан болатын шығындар»,  онда өзге материалдық емес  активтердің құнсыздануынан болатын  шығындар сомасы шоғырландырылады.

24. 2800 «Кейінге  қалдырылған салықтық активтер»  кіші бөлімі қалдырылған корпорациялық  табыс салығын есепке алуға  арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2810 «Корпоративтік  табыс салығы бойынша кейінге  қалдырылған салықтық активтер»,  онда мыналарға:

шегерілетін мезгілдік  айырмаға,

алдағы кезеңге  пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге;

алдағы кезеңге  пайдаланылмаған салық кредиттерін  көшіруге.

25. 2900 «Өзге ұзақ  мерзімді активтер» кіші бөлімі  алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген  өзге ұзақ мерзімді активтерді  есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

2910 – «Берілген  ұзақ мерзімді аванстар», онда  активтерді беруге берілген, сондай-ақ  тапсырысшылардан ішінара дайын  өнімге, көрсетілетін қызметтерге  мерзімі бір жылдан асатын  аванстар және өзге берілген  ұзақ мерзімді аванстар есепке  алынады;

2920 – «Алдағы  кезеңдердің шығыстары», онда қазіргі  есепті кезеңде жүргізілген, бірақ  алдағы есепті кезеңдерге жататын  шығыстар есепке алынады;

2930 – «Аяқталмаған  құрылыс», онда аяқталмаған құрылыс  бойынша шығындар есепке алынады,  мысалы:

негізгі құралдарды салуға байланысты;

Информация о работе Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары